Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жанат Асантаев аудан тұрғындарын қабылдады.

Бұл жолы   аудан басшысының қабылдауында  болған тұрғындар өтініштерінің дені  жұмысқа орналасу мәселесі болды. Аудан орталығы Қаратөбе ауылының екі тұрғыны жаңадан салып жатырған тұрғын үйлеріне қатысты шешімін таппаған  мәселелерге байланысты көмек беруді өтінді.

Аудан басшысы Жанат Асылханұлы қабылдауға қатысқан аудандағы тиісті орындар басшыларына қазіргі күннің өзекті мәселесі болып отырған жұмысқа орналасу жөніндегі тұрғындар өтініштеріне байыппен қарап, мәселені өз деңгейінде шешуді, әсіресе көп балалы отбасынан жұмысқа орналасуға өтініш білдірген адамдарға баса көңіл бөліп, мүмкіндігіне қарай жұмыспен қамтуды тапсырды.