Тамыз айыныңың 7-сі күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VI шақырылымдағы кезекті ХХI сессиясы оздырылды.

Сессия жұмысының күн тәртібіне сай аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев, Қоскөл ауылдық округі әкімі Қанат Мұқанов, Қаратөбе колледжі директорының міндетін атқарушы Әсел Есеналықызы салалалар бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы хабарлама жасады. Сондай-ақ Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №16-1 «2018-2020 жылдарға арналған Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов, «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-13 «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы шешім жобаларын халық қалаулыларының назарына ұсынды.

Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Гүлжайна Ермұханбетова, «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №16-3 «Қаратөбе бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы» аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жора Жанғазиев, «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы» сессия төрайымы Самал Жумина хабарлама жасады. Келесі сессия төрайымы болып аудандық мәслихат депутаты Гүлмира Тілеуғалиева сайланғандығы хабардар етілді. Сессияда қорытынды сөз сөйлеген аудан әкімі Жанат Асантаев  сессияның күн тәртібіне сай хабарламашылардың салалар бойынша атқарған жұмыстарына байланысты пікірін білдірді.