Дін саласы бойынша ақпараттық насихатшы топ Жусандой елді мекенінде болды. Топтың құрамында аудандық мешіт имамы Әділбек Бекқазиев, аудандық маслихат депутаты Нұрлан Мендешов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы, «Ізгілік» ҚБ-нің төрағасы Әмірбек Жәнібеков болды. Тағылымды кездесуде ислам дініндегі ілім білімнің орны, діннің ағарту жұмыстары, Қазақстандық білім жүйесі сөз болды. Сондай-ақ мектеп бітіруші түлектерге дін саласындағы діни оқу орындарына түсу, грант иегері болу, сұраныстағы мамандыққа түсу бағытында дайындалған арнайы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалған «теологиялық білім» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Шара соңында округ тұрғындары ой пікірлерімен бөлісті. Шараға 80 адам қатысты.