Үстіміздегі жылдың 7 наурызы күні Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімі Жанат Асантаев ардақты әжелер, аяулы аналар мен қыз-келіншектерді қабылдап, мерекемен құттықтады.
Мерекелік шарада сөз сөйлеген аудан басшысы Жанат Асылханұлы:
– Біздің қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. 
Сіздерді көктемнің ең жарқын шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, отбасыңызға мол береке, бақыт, шаттық, зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! - деді аудан басшысы.
Қабылдауда аудан әкімі нәзік жандыларға естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.
Шынайы құрметке разы болған Жансая Назашқызы, Әсима Шүйіншалиева, Айгөлек Әділханқызы т.б. сөз алып, аудан әкіміне алғыстарын жеткізді.
Басқосуда аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері әсем әндер шырқады.