2018 жылдың 9 қаңтары күні Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың аудан жұртшылығы алдында дәстүрлі жылдық есеп беру кездесуі болып өтті.

Есепті кездесуге өңір басшысының орынбасарлары Ғ.Оспанқұлов және Б.Қонысбаева, облысытық деңгейдегі бірқатар басқарма басшылары,  еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдар, жастар бірлестіктерінің жетекшілері мен мекеме басшылары, сондай-ақ, жергілікті және атқарушы органдардың, орталық органдар аумақтық бөлімшелерінің, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 
Есептік кездесуге дейін облыс әкімінің орынбасарлары Ғ.Оспанқұлов және Б.Қонысбаева аудан орталығындағы бір пәтерлі 14 тұрғын үйдің құрылысы жұмыстарымен танысты. Осыдан кейін мәртебелі меймандар облыстағы іргелі білім ордаларының бірі боп саналатын Қаратөбе мектеп-гимназиясының тыныс-тіршілігімен танысты. Жақын арада «Қаратөбе» спорт клубы жанынан ашылғалы отырған фитнес орталығында болып жұмысына оң бағаларын берді. Келген қонақтардың келесі аялдаған жері Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде орналасқан Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асыру бағытында атқарылатын жұмыстар жөніндегі жобалар көрмесі болды.
Жобалар көрмесімен танысқан облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловқа аудандағы 8 ауылдық округ әкімдері жыл ішінде атқарылмақ жоба-жұмыстар жөнінде түсінік берді.
Сонымен қатар Қаратөбе аудандық балалар шығармашылық үйі шәкірттерінің қол өнер туындыларымен танысты. 
Есепті кездесу барысында аудан басшысы Ж.Асантаев 2017 жылғы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар алдағы атқарылатын жұмыстарды назардан тыс қалдырмады.
Аудан әкімінің есеп беру баяндамасынан кейін Қаратөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер М.Қожахметов аудан әкімінің атқарған жұмыстарына оң бағасын бере отырып, облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың атына аудан орталығымен ауылдық округтер арасындағы жолдарды жөндеуге қаражат бөлу жөнінде ұсынысын жолдады. Сондай ақ өз кезегінде облыстық мәслихаттың депутаты Қ.Мұқановта ауданы әкімінің өткен жылы атқарған жұымыстарына оң бағасын берді, сонымен бірге аудан орталығында «Халық банкі» АҚ –ның филиалын ашу және банкоматын қондырғысын орнатуға ықпал етуін сұрады. Облыс әкімінің орынбасарына өз ұсынысын жолдаған жас маман М.Шайжанов аудан орталығынан жүзу бассейнінің ғимаратын салуға қаражат қарастыруды сұрады. 
Облыс әкімінің орынбасры Ғ.Оспанқұлов өз кезегінде тұрғындар сауалдарына өз жауаптарын бере отырып, аталған мәселелер алдағы уақытта кезең-кезеңмен жүзеге асырылатындығын тілге тиек етті. Сондай ақ аудан әкімінің өткен жылғы атқарған жұымстарына оң бағасын берді.
Қаратөбе ауданындағы есепті кездесуден соң облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов «Рухани жаңғыру» аудандық кеңсесіне арнайы соғып Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің шешімімен 2017 жылдың қараша айынан бастап жұмыс жасап келе жатқан «Рухани жаңғыру» аудандық кеңсесінің тыныс-тіршілігімен танысты.