2018 жылдың 5 ақпаны күні Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаевтың қатысуымен «АШЫҚ ӘКІМДІК» атта ашық есік күні өтті.

Оған аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Тоғызбаев және аудан орталығындағы мекемелер басшылары қатысып, аудан тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауда болған аудан тұрғындары көкейінде жүрген өтініштерін айтып, мекемелер басшыларынан тиісті жауаптарын алды.
Қабылдауда болғандардың негізі жұмысқа орналасу, кәсіптік білім алу, тұрғын үйіне көгілдір отын кіргізуге ықпал ету, шағын кәсіпкерлікті дамыту аясында қайтарымсыз несие алу бойынша өтініштерін айтты.
«Ашық әкімдік» халыққа есеп беретін ашық үкіметті құру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Осы тапсырманы жүзеге асыру үшін қабылданған іс-шараларға сәйкес мемлекеттік мекемелер айлық, жылдық есептерін, түрлі құжаттарды ресми вебсайттарына орналастырып, немесе әлеуметтік желілер арқылы халық назарына ұсынуда. Осы арқылы халық мекемелер жұмысына бақылау жасап отыра алады.