Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Ж.А.Асантаевтың 2017 жылғы 2 қазандағы №163 өкімімен Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Армат Самиғоллаұлы тағайындалды.

Бөлім ұжымына жаңа басшыны таныстырған аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов А.Самиғоллаұлының еңбек жолдарына тоқталып, жаңа қызметіне табыстар тіледі.

Кезегінде сөз алған бөлімнің жаңа басшысы А.Самиғоллаұлы ауданның ішкі саяси ахуалының тұрақты болуына әріптестерімен бірлесе қызмет атқаратындығын жеткізіп, білдірген сенімдеріне алғыс айтты. 

Айта кету керек, бұған дейін А. Самиғоллаұлы білім саласында және аудан әкімі аппаратында түрлі қызметтерде болды.

Райымбек АБАЕВ, Қаратөбе ауданы