2 қазан күні аудан әкімі Жанат Асантаев 1 қазан – Халықаралық қариялар күні мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қаратөбе ауылының тұрғыны Құрманғали Ысқақов пен Жусандыой ауылының тұрғыны Фазыл Ықсановтың шаңырақтарында болып, ардагерлерді мерекемен құттықтап, сыйлық табыстады.

Кездесу барысында аудан әкімі Жанат Асылханұлы:

– Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, сіздердің ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, жас ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған Сіздерге алғысым шексіз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді.

Арнайы құттықтап келген аудан басшысына ардагер ақсақалдар алғысын жеткізіп, ел аман, жұрт тыныштығын тіледі.
Ардагер ақсақалдарды құттықтау кезінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали бірге жүрді.

Райымбек АБАЕВ, Қаратөбе ауданы