Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының мәжіліс залында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына орай бойынша мемлекеттік қолдауды алу мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күні акциясы өтті.

Алдымен, сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов күн тәртібімен таныстырды.

Кезегінде сөз сөйлеген аудандық кәсіпкерлер бөлімінің бас маманы Ермек Сайынов:
– «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ауданымызда нәтижелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама арқылы аудан бойынша 8 жеке кәсіпкер 135,4 млн. теңге алса, бағдарлама шеңберінде 5 жеке кәсіпкер 7,0 млн. теңге көлемінде өз жобаларымен грант ұтып алып, нәтижелі жұмыс жүргізілуде, - деді.

Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Жақанұлы кәсіпкерлерге партия тарапынан да қолдау бар екендігін жеткізіп, олардың сауалдары мен пікірлерін тыңдады.

Райымбек АБАЕВ, Қаратөбе ауданы