Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Ж.А.Асантаевтың 2017 жылғы 18 қыркүйектегі №156 өкімімен Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы болып Жұмағалиева Назира Ермекқызы тағайындалды.

Орталық ұжымына жаңа басшыны таныстырған аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов Н.Жұмағалиеваның еңбек жолдарына тоқталып, жаңа қызметіне табыстар тіледі.

Өз кезегінде сөз алған орталықтың жаңа басшысы Назира Жұмағалиева жұмыспен қамту саласы бойынша елмен бірлесе етене қызмет атқаратындығына сенім білдірді. 

Айта кету керек, бұған дейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған Н.Жұмағалиеваның аталмыш салада жұмыс тәжірибесі мол.

Ертай БИМҰХАНОВ, Қаратөбе ауданы