Бүгін Қаратөбе ауданында «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс ХХІІІ конференциясы өтті. Конференция жүмысына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен қатысты.

Алқалы жиынның күн тәртібіне сай сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алтай Көлгіновтің ұсынысы және орталық аппараттың келісімі бойынша партияның аудандық филиалының төрағалығына аудан әкімі Жанат Асантаевты ұсынды. Ұсыныс делегаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Филиал төрағалығына сайланған Жанат Асылханұлы өзіне жүктелген зор міндетті абыроймен алып жүруге, Елбасы саясаты мен «Нұр Отан» партиясының басым бағыттары бойынша жұмыстанатындығын жеткізіп, алғыс білдірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша партия филиалының саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

Серікбай ХАСАНОВ, Қаратөбе ауданы