13 сәуір күні Қаратөбе ауданына қарасты Жусандыой ауылдық округінің Ханкөл ауылында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ​ қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс өтті.

Шара салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды құралы ретінде, халық арасында ұлттық және халықтық ат спорт түрлерін кеңінен насихаттау және дәріптеу, патриоттық тәрбие және спорттық шеберлігін арттыру мақсатын көздеді.

Шара барысында​ «Тай жарысы», «Арқан тартыс», «Қазақша күрес», «Гір тасын көтеру», «Аударыспақ», «Қой көтеру» сынды қазақтың ұлттық спорт түрлері дәрітеліп,​ халықтың байырғы салтын қайта жаңғыртты. Көнерген дәстүр – қалың көпшілікке кеңінен насихатталып, көне ойын түрлері қызықты әрі тартысқа толы болды. Сондай-ақ аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қазақтың ұлттық ойындарынан сайыстар және "Қозы Көрпеш – Баян сұлу"​ күніне орай аудан бойынша алғаш рет өте ертеден келе жатқан ұлттық ойын түрі «Қыз қуу» ойының ұйымдастырса, «Мұхит жастары» ЖҚБ «Бағана өрмелеу» ойынын өткізуге мұрындық болды.

Шара соңында лотериялық ұтыс ойыны ойнатылды.