Бүгін Қаратөбе ауданында тазалық айлығы аясында екінші рет сенбілік өтті. Аталмыш сенбілікте аудан орталығындағы 56 мекеменің қызметкерлері 9 бағыт бойынша тазылық жұмыстарын жүргізді.

Аудан орталығындағы орталық саябақ және өрт сөндіру бөлімі маңындағы саябақты тазарту жұмыстарымен қатар ауыл шетінде орналасқан ветеринариялық зертханадан бастап Қалдығайты өзеніне дейінгі жолдың екі жағы қоқыс қалдықтарынан (пластмасса ыдыстар мен полиэтилен пакеттерден, шыны ыдыстардан) тазартылды. Жалпы ауыл ішіне тазалық жұмыстары жүрді.

Сенбіліктер ауылдық округтерде де өтуде.