Жаңалықтар

17 қазан күні Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округінде «Ашық әкімдік» шарасы және Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Аталмыш шараға аудан әкімі Жанат Асантаев, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

16 қазан күні Қаратөбе аудандық «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы. Әйел және бизнес» тақырыбында  аудандық IV әйелдер форумы өтті.

10 қазан күні Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер туралы, факторлық-балдық шкала бойынша еңбекақы төлеу жүйесі жөнінде жиын өтті.

9 қазан күні  Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың  алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс ХХІІ сессиясы оздырылды. Сессия жұмысына  аудандық мәслихат хатшысы,  №11 Шөптікөл сайлау округінен депутат Қадыржан Сүйеуғалиев төрағалық етті.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев мәлімдеді. Қаратөбеде  «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүйелі түрде іске асуда.