Жаңалықтар

20 тамыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қаратөбе ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен орталық алаңда «Адал жол — честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өткізілді. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан бастаған топ Сырым ауданынан келген делегаттарды ауданның кіреберісінде көк туды желбірете көтерген авто және велошерушілермен қарсылап, ақ дәм ұсынды.

Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында Қаратөбе ауданында «Туған жерге бір себің тисе, сен де бақыттысың!» атты жерлестер форумы өтті.

Қаратөбеде өткен жерлестер форумы барысында аудан әкімі Жанат Асантаев Қаратөбе өңіріне сүйіспеншіліктерін танытып, туған жердің өркендеуіне қол ұшын беріп жүрген бір топ ел азаматын Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Қаратөбе ауылының орталық алаңында жерлес белгілі жазушы Құрманғазы Қараманұлының қызы, елімізге белгілі иллюстратор Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты сурет көрмесі мен Қалдығайты ауылында туып өскен фотограф Рафхат Халеловтың фотокөрмесі қойылды.

Қаратөбе ауданының 90 жылдығына орай қос кітап, «Құлпытас сырын ашайық» атты жинақ пен «Қасиетті Қаратөбем» фотоальбомы жарық көрді.