Жаңалықтар

Егіндікөл десе, көз алдыңызға аты аңызға айналған Аққұм, даңқты Құныскерей үңгірі, сылдырлап аққан мөлдір бұлақ пен көл бетіне қонған аққу-құстар келері хақ.
Бүгін Қаратөбе ауданында өткен өлкетанушы-журналист Нұртас Набиоллаұлының «Егіндікөл тарихы» атты тарихи кітабының таныстырылымы өлке тарихы жөнінде тереңнен сыр шертті.

Тауық жылының алғашқы он күндігі спорт саласында жағымды жаңалықтармен бастау алды. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері алғашқы медальдарды қоржынға салды.

Бүгін Сулыкөл ауылдық округінде жеке қосалқы шаруашылықтарда мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру және ауылшаруашылығын қолдау мақсатында берілетін субсидиялар ережелерін түсіндіру мақсатында Қаратөбе аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраштың, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозовтың, Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе ауданындағы филиалының кеңесші маманы Асхат Тойшыбаевтың, аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Қанат Мұқановтың, ауыл әкімінің, округтегі шаруа қожалықтары жетекшілерінің, ауыл тұрғындарының қатысуымен алқалы жиын өтті.

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің тапсырмасына сай Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ауданда келеңсіз жағдайлар мен аутокөлікте қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында аудан аумағында «Қауіпсіз көлік» акциясын өткізді.

Жуырда облыс орталығы Орал қаласында өткен «Танылмаған талант - 2016» байқауы өткізілген болатын.