Жаңалықтар

21 желтоқсан күні  Қаратөбе ауданында қосымша білім беру ұйымдарына 100 жыл толуына орай «Талант. Шабыт. Талап» атты аудандық форум өтті.

14 желтоқсан күні  Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында баяндама жасаған аудан әкімі Жанат Асантаев  тәуелсіздік жылдарында ауданымызда атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Заңының 19 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабының 11-тармағына және 2018 жылғы 7 желтоқсандағы  Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес, аудан әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №185 өкімімен  Әмірғали Айдос Орынбайұлы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі қызметіне кірісті.

30 қараша күні Қаратөбе ауданының мәдениет үйінде  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара оздырылды.