Қоғам алдындағы өзекті мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мақсатында «Парасыз болашаққа. Біргемобильдік топ мүшелері 25 шілде күні Қаракөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа түсіндіру, ақпараттық насихат жұмысын жүргізуді мақсат еткен топ мүшелері өзекті мәселе төңірегінде сөз қозғады. Ауылдық мәдениет үйінде өткен жиында сөз сөйлеген Қаракөл ауылдық округі әкімі Нұржан Сахипов сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресу қажет екендігіне тоқталып, ауылдық округте атқарылған жұмыстарын атап өтті. Кездесу барысында тұрғындар алдында сөз сөйлеген мобильдік топ мүшесі, «Нұр Отан» париясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов: – Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауының 10 негізгі міндеттің басым бағытының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі екендігін айтқан болатын. Қоғамда орын алып жатқан жегі құрттай құртатын кеселге жол бермеуіміз керек, — деді.

Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы Серікбай Хасанов сыбайлас жемқорлықпен күресте жоғары нәтижеге жеткен әлем елдерінің озық тәжірибесіне тоқталды. Басқосу соңы ауыл тұрғындарының жеке мәселелері бойынша жолығуға мүмкіндік алған «Ашық әкімдік күні» шарасымен жалғасты. Ауыл тұрғындары халықпен кездесуге арнайы келген аудандық бөлім басшыларына көкейіндегі сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды


Ауылдық округтердегі халықпен жүздесу

Қоғам алдындағы өзекті мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік топ мүшелері Саралжын, Аққозы ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

 

Мобилдік топтың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа түсіндіру, ақпараттық насихат жұмысын жүргізу болып табылады. Саралжын ауылдық округі әкмінінің міндетін уақытша атқарушы Есқабыл Сафин өз сөзінде ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға арналған дөңгелек үстелдер, семинар кеңестер сынды біркелкі жұмыстар атқарылғандығын, пара беру де, пара алу да пайдалы іс еместігін тілге тиек етті. Қос ауылдық округтің мәдениет үйіне жиналған тұрғындар алдында сөз сөйлеген мобильдік топ мүшесі, «Нұр Отан» париясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов:

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауының 10 негізгі міндеттің басым бағытының бірі  сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі екендігін айтқан болатын. Қоғамда орын алып жатқан кеселмен күресу – барша адамның міндеті.  Тәуелсіз ел болып, әлемдегі еңсесі биік 30 елдің қатарына енуді көздеген шақта баршамыз бірлесе отырып, қоғамды жегі құрттай құртатын кеселге жол бермеуіміз керек, — деді.

Түстен кейінгі жиында Аққозы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанат Бердіғалиева күн тәртібіндегі мәселе бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселе екендігіне тоқталып, ауылдық округте атқарылған жұмыстарын атап өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамгүл Кенжеғалиева сыбайлас жемқорлықпен күресу қоғам міндеті екендігін, аудандық баспасөз беттерінде мақалалар тұрақты жарияланып келетіндігін айты. Қос ауылдық округтің мәдениет үйлерінде ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша «Ашық әкімдік күні» шарасымен жалғасты. Ауыл тұрғындары халықпен кездесуге арнайы келген аудандық бөлім басшыларына көкейіндегі сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды.


Скачать: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА


 

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты бекітілсін.
  2. Осы стандарттың сақталуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Н.Тоғызбаев

 

Қаратөбе ауданы әкімі
аппараты басшысының
2017 жылғы «__» _______ №___ бұйрығымен бекітілген

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты

  1. Қоғамдық қарым-қатынастардың шеңберінің атауы

 

1.1. «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты (әрі қарай - Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10 тармағына сәйкес жасалған.
Әкімдіктің қызметін информациялық – аналитикалық, ұйымдастырушылық – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз етуде пайда болатын жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару шеңберіндегі қарым-қатынасты реттейтін стандарт.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты жасаушының атауы

Стандартты жасаушы «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің мінез – құлық (іс-қимыл) Қағидалары
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қозғайтын шеңберде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын жүзеге асыру кезінде Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері міндетті:
1) әдептілік, заңдылық принциптерін, Конституцияның талаптарын, Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу:
2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауын қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңдылығымен орнатылған тәртіпте және мерзімде қарастыру және сол бойынша қажетті шаралар қолдануға;
3) лауазымдық өкілеттікті орындау кезінде азаматтардың жеке өміріне, ар-намысына және абыройына тиетін ақпаратты жаймауға, және олардан осындай ақпаратты талап етпеуге, Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылатын жағдайларды қоспағанда;
3.1) қызметтік міндеттерді орындау нәтижесінде алынған ақпаратты және коммерциялық, салықтық және заңмен қорғалатын басқа құпияларды таратпауға және жаймауға, Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылатын жағдайларды қоспағанда;
4) туындаған мүдделер қақтығысы  немесе оның туындау мүмкіндігі туралы мәлім болған жағдайда жазбаша түрде өзі жұмыс істейтін ұйымның тікелей басшысына хабарлауға;
4.1) мүдделердің қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша тиісті іс шаралар қабылдауға;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы мәлім болған кезде басшылығына және (немесе) құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
6) қызмет бабын теріс пайдалануға, қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде негізсіз бюрократизм мен әуре-сарсаң көріністеріне, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық көріністеріне жол бермеуге;
7) жеке мүліктік және мүліктік емесе пайдаларды алу үшін лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдаланбауға;
8) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдардың жұмысына кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін, мемлекет мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекеттерге іс-қимылды жүзеге асыруға;
9) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін салуға, алға қойылған тапсырмаларды оңтайлы, тиімді және құзыретті шешудің тәсілдерін қолдануға;
10) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге.
3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері міндетті:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытуға;
2) кәсіби (қызметтік) этиканы сақтауға;
2.1) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауға, дөрекілік фактілеріне, адамның қадір-қасиетін қорлауға, жөнсіздікке, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуге;
2.2) бағынысты қызметкерлерге олардың қызметтеріне ықпал ету үшін қызметтік жағдайды пайдалануға, сондай-ақ құқыққа қарсы əрекеттер жасауға мәжбүрлеуге жол бермеуге;
2.3) адал, әділ, сыпайы болуға, жалпы жұрт қабылдаған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға міндетті, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
2.4) өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам жағынан сынға себеп бермеуге, сын үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және өзінің қызметін жақсарту үшін сындарлы сын пайдалануға;
2.5) іскерлік этикет ережелері мен ресми мінез-құлықты сақтауға;
3) қызметтік міндеттерін атқару кезінде құпиялылығын сақтау, қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз етуге;
4) жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болуға; 
5) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
6) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, берілген өкілеттіктерге сәйкес тиімді билік етуге; өз қызметтік міндеттерін адал, бейтарапты және сапалы орындауға; жұмыс уақытын тиімді пайдалануға
7) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және анық мәліметтер ұсынуға.
3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері міндетті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы бейім құқық нормаларын, сондай-ақ салалық заңнамада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды (сыбайлас жемқорлық тәуекелдері) жасауға ықпал ететін себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге;
3) қолданыстағы салалық заңнаманы жетілдіру бойынша мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын ескеруге;
4) қоғамдық кеңестердің қарастыруына азаматтар мүдделерін қозғайтын, олардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жолдауға;
5) халықтың тарапынан негізделген сынға жол бермеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қарау кезінде жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етуге;
6) мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрауларына толық сүйене отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауға.
3.4. Тіршілік ету саласының ерекшелігіне байланысты, өзге де өзара қарым-қатынас туындаған кезде Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері міндетті:
1) мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, автокөлік құралдарын қоса алғанда, меншікті ұтымды әрі тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
2) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауға;
3) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін үнемі өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетілген тәртіппен және белгіленген мерзімде табыстары және мүлкі туралы декларацияны нысан бойынша беруге;
5) елдегі ұлтаралық келісімді және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
6) заңда белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтардың  жасалуына жол бермеуге;  
7) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылығын қорлайтын мас күйінде болуға жол бермеуге.  
4. Басқа шектеулер мен тыйым салулар:
Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне тыйым салынады:
1) мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға үйлесімді емес қызметті орындауға;   
1.1) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде оның ұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруда қатысуға, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кірмесе;
1.2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға;
1.3) өкілді органның депутаты болуға;
1.4) өзі қызметте тұрған, не өзіне тікелей бағынысты немесе бақылаудағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкілі болуға; 
2) оның қызметтік қызметінің материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
3) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымды міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;
4) өз тарапынан қоғамдық имандылыққа қол сұғумен ұштасқан, заңнама талаптарын, тәртіпті және қауіпсіздікті бұзуға және басқа да азаматтарды құқыққа қайшы және қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартуға;
5) қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүддесінде қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдалануға, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттауға;
6) оның еңбек қызметіне байланысты іс-әрекеттері үшін заңды және жеке тұлғалармен қызметкерге берілетін сый ретінде  кез келген сыйлықтарды, ақшалай сыйақыны, қызметтерді, несиелерді, демалыс шығыстарын төлеу, көлік шығыстарын төлеу, ұялы байланысын төлеу және басқа да сыйақы алуға;
7) жақын туыстармен, ерлі-зайыптылармен және жекжаттарымен бірлескен қызмет (жұмыс);  
8) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында ресми жариялауға жатпайтын, қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға.  



«АҚҚОЗЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ЖУСАНДОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚОСКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«САРАЛЖЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«СУЛЫКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІІНҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ » МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ,ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ » МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ

«ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТЫ


Скачать: Қоскөл ауылдық округінің географиялық сипаттамасы


№ исх: 02/2775   от: 21.09.2017

http://www.kyzmet.gov.kz/kk/news/ozinnin-belsendi-azamattyk-ustanymyndy-bildir

Өзіңнің белсенді азаматтық ұстанымыңды білдір!

Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) негізгі басымдығы.
Қазіргі уақытта Агенттікпен аталған Стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды орындау жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.
Аталған жоспардың маңыздылығы алдағы үш жылда іске асырылатын елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты оған қосылған іс-шараларғанегізделетінболады.
Аталған құжатты талқылауда азаматтардың белсенді қатысуына (сілтеме: https://drive.google.com/file/d/0B1wB55uxyZ-wcm5XM0ZqQWdFMWs/view?usp=sh...) және өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін келесі мекенжай бойынша ((r.shakratova@kyzmet.gov.kzhttps://www.facebook.com/ADGSPK/)) жолдауға шақырамыз.


Қаратөбе ауданының әкімі Асантаев Жанат Асылханович

 Асантаев Жанат Асылхановичтің 2016 жыл бойынша жылдық табысы.

Уақыты

Атқарған қызметі

Жалпы табыс көлемі

01.01.2016-05.07.2016

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы

1426974тг

05.07.2016-31.12.2016

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

2043921тг

Жыл бойынша барлығы

 

3470895тг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асантаев Жанат Асылхановичтің бір айлық табысы.

Лауазымы

Бір айлық табысы

Қаратөбе ауданының әкімі

379574тг

 

Парасыз болашаққа. Бірге!

Жемқорлықсыз қоғам үшін...


Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

http://anticorruption.gov.kz

 

Бейнеролик

 

рисунок

рисунок