Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты жалпы бөлім «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), сондай-ақ осы мәселені реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізеді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі аудан әкімі аппаратында құжаттама жасау және құжаттарды басқару қағидаларымен реттеледі.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс-қағаздарды жүргізу заңнамада белгіленген тәртіппен іс-қағаздарын жүргізудің басқа түрлерінен бөлек жүргізіледі.

Өтініштер иелеріне жіберу үшін өтініштерге жауаптар сағат 17.00-ге дейін қабылданады.

Аппаратқа келіп түсетін өтініштер барлық жұмыс күні бойы қабылданады, өңделеді (карточкалар, бұрыштамалар), басшылықпен қаралады, орындаушыларға жіберіледі.

Жұмыстану сатысындағы өтініштерді өңдеу, орындалған өтініштерді бақылаудан алу, орындаушылармен істегі өтініштерді карточкалар бойынша салыстыра тексеру  үшін жалпы бөлімде  жұма мұрағат күні болып саналады.

Азаматтардың өтініштері мазмұнына қарай  аудан әкімінің, оның орынбасарлары мен аппарат басшысының (аудан әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы арасындағы міндеттер бөлінісіне сәйкес) қарауына жолданады.

Өтініште қойылған мәселелерді шешу аппараттың құзырына кірмейтін болса, онда үш жұмыс күнінен кешіктірілмей  аталған өтініш тиісті субьектілерге жіберіледі, бұл жөнінде өтініш иесіне хабарланады.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды аудан әкімі және оның орынбасарлары жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі аудан әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау бөлмесінің ақпараттық стендісіне ілінеді.

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау туралы ақпаратты 8(71145)31155, 8(71145)31210  телефондарына  хабарласып, білуге болады.