Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге
мәлімет үшін

 

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет), Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабының 1-тармағы 13)-16)-тармақшаларына сәйкес,
лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
ломбардтар;
бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қаржы мониторингі субъектілеріне жатады деп білдіреді.
Қаржы мониторингі субъектілерімен міндетті түрде орындау үшін КЖ/ТҚҚ туралы Заңымен рәсімдер көзделген.
КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Комитетке, қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорлар» ақпараттық жүйесінде (www.elicense.kz) («Қаржы» бөлігі – «Хабарлама жасау тәртібі») автоматтандырылған.
Қызметті бастағаны туралы хабарламаны қағаз жүзіндегі жіберген тұлғаларға, осы жүйе арқылы хабарламаны қайта жіберу талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.
КЖ/ТҚҚ заңнаманың орындау үшін қаржы мониторингі субъектілері, КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 4-бабымен көзделген, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты жіберуге міндетті.
КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері мәліметтер мен ақпаратты бөлiнген байланыс арналары арқылы ұсынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 Қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын 3-тармағы 1-бөлігіне сәйкес, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 6), 8) - 17) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi ұсынатын ақпарат операция жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері (АРМ-СФМ) немесе XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы (Web-СФМ) арқылы жіберіледі.
Комитеттін ресми интернет-ресурсында (kfm.gov.kz) «ҚМСК» - «ҚОМЖЖ» бөлігінде жүйелерінде тіркеу туралы ақпарат орналасқан.
Web-СФМ жүйесі жеңілдетілген тіркеу болғаны және операциялардың үлкен емес саны бар қаржы мониторингі субъектілеріне арналған атап көрсетеміз.
Осыған байланысты КЖ/ТҚҚ және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаларын бұзу жол бермеу мақсатында, КЖ/ТҚҚ туралы заңымен көзделген қажетті шараларды қабылдау, қызметті басталуы туралы хабарламаны жіберу және жоғарыда көрсетілген жүйелерінде тіркеу міндетті түрде ұсынамыз.

 

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Қаржы мониторингі комитеті


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін
беру бойынша конкурс

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-ІІ Жер кодексінің 48 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығы негізінде Қаратөбе ауданының әкімдігі ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалға беру бойынша конкурс өткізеді, конкурс 2017 жылы 29 желтоқсан сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы,  Құрманғалиев көшесі №19  мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурстарға түсетін ауыл шаруашылығына тағайындалған жер учаскелерінің
тізімі

№ р/н

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы ауданы, га

 

Соның ішінде:

Бонитет
балы

Жалға беру мерзімі
(жыл)

жайылым

шыбындық

басқа жерлер

1

Аққозы а/о

500,0

499,0

0

1,0

6

10

2

Егіндікөл а/о

1000,0

998,0

0

2,0

16

10

3

Қаракөл а/о

500,0

499,0

0

1,0

17

10

4

Қаратөбе а/о

500,0

498,0

0

2,0

8

10

 

Барлығы:

2500,0

2494,0

 

6,0

 

 

    Заңды тұлға болып табылатын жер учаскелерін беру туралы конкурсқа қатысушы келесі құжаттарды ұсынады:

  1. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі.

2) түпкілікті немесе белгiленген нысандағы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі, соңғы үш айдағы мемлекеттік кірістер органына салық берешегі жөнінде және зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнетақы жарналарына берешегi жөнінде анықтама, алдыңғы күні конкурстық өтінімдер салынған коверттерді ашу, төлеу мерзімін кейінге қалдырылған жағдайларын қоспағанда Қазақстан Республикасның  заңнамасына сәйкес салық органының бірінші басшысы немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолымен мөрі шадырылған анықтама.

  1. Қатысушының ұсынған бизнес-жоспары немесе жер учаскесін ерікті түрде пайдалану бойынша өндірістік бағдарлама;
  2. Ауыл шаруашылығы саласына сәйкес келетін кәсiпорында кемінде екі маманнан кем емес штат саны туралы және олардың біліктілігімен еңбек өтілі туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолымен және заңды мөрімен шадырылған анықманың түпнұсқасы; 
  3. ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру мақсатында қолда бар ауылшаруашылық техникалары жөнінде анықтамалардың түпнұсқасы немесе шарттың көшірмесін ұсыну, немесе (ниет хаттамасыны) оларды алу туралы (жалға алу, сатып алу қызметі, және басқалар),

        6) Қатысушы конкурстық комиссия жеңімпазды анықтар кезде ескере алатын өзі туралы басқа сенімді ақпарат ұсына алады, егерде қатысушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда және де Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, аталған резидент салықта есепте тұрмағандығы жөнінде Қазақстан Республикасы салық органыны берген анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариалды шандырылған көшірмесі болған жағдайда;

Жеке тұлғалар үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың және төлқұжаттың көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру туралы ішкі істер органдарының анықтамасы
2) жер учаскелерін пайдалану үшін қатысушымен ерікті нысанда ұсынған бизнес-жоспар немесе өндірістік бағдарлама) ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін қолда бар ауылшаруашылық техникалары жөнінде еркін нысанда көрсету немесе шарттың көшірмесін ұсыну, немесе (ниет хаттамасыны) оларды алу туралы (жалға алу, сатып алу қызметі, және басқалар),
3) білім туралы дипломның көшірмесі және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс тәжірибесі мен еңбек өтілі туралы ақпараты қамтитын бар өмірбаян,
4) Қатысушы конкурстың жеңімпазын анықтаған кезде конкурстық комиссия ескере алатын, өзі туралы және өзге де сенімді ақпарат бере алады.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі №19 ғимарат, индекс: 090800 мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Өтінімдер 2017 жылдың  30 қарашадан бастап қабылданады. Конкурстық өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі-2017 жылы  26 желтоқсан, сағат 18.00-дейін.
Анықтама үшін телефон-(8-71145) 31424.
Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімі ММ-сі.

                                                                                                                                                

                                                                                         Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
                                                                                        үшін жер учаскелерін жалға беру

                                                                                         конкурсқа қатысу үшін өтінім нысаны
                                                                                        (заңды тұлғалар үшін)
     (Кімге)
____________________________________________________________________
                   (конкурсты ұйымдастырушының атауы)
     (Кімнен)
____________________________________________________________________
                          (қатысушының атауы)
                 Конкурсқа қатысу үшін өтінім
                    (заңды тұлғалар үшін)
     Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерін жалға берген кезде конкурсты жүргізу
туралы Конкурстық құжаттаманы қарастырып, __________________________
____________________________________________________________________
                        (қатысушының атауы)
     арқылы алынғандығы осы құжатпен куәландырылып, келесі лоттар
бойынша конкурсқа қатысады:_________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                   (лоттардың толық сипаттамасы)
              Осы конкурстық құжаттама мыналардан тұрады:
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________
4. _________________________________________________________________
5. _________________________________________________________________
     Біз сіздің Конкурстық құжатта көрсетілген конкурстық
шарттарыңызбен келісеміз.
     Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдері бар конверттерді
ашқан күннен бастап ________________ күн ішінде күші бар.
                       (жазбаша)
     Жер учаскесін жалға беру туралы шартты жасағанға дейін,
бұл конкурстық өтінім, Сіздің оны жеңгендігін растайтын хабарламамен
бірге міндетті келісім-шарт рөлін атқаратын болады.
     Конкурстық өтінімге___________________________________________
                                  (қатысушының атауы)
     атынан және оның тапсырмасымен қол қоюға барлық күші бар.
     __________________               ____________________________
         (қолы)                                              (қызметі, аты-жөні)
             М.О.

 

 

 

                                                                                         Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
                                                                                        үшін жер учаскелерін жалға беру
                                                                                         конкурсқа қатысу үшін өтінім нысаны
                                                                                        (жеке тұлғалар үшін)
     (Кімге)
____________________________________________________________________
                   (конкурсты ұйымдастырушының атауы)
     (Кімнен)
____________________________________________________________________
                          (қатысушының атауы)
                 Конкурсқа қатысу үшін өтінім
                     (жеке тұлғалар үшін)
     Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурсты жүргізу
туралы Конкурстық құжаттаманы қарастырып,
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                         (қатысушының атауы)
     арқылы алынғандығы осы құжатпен куәландырылып, келесі лоттар
бойынша конкурсқа қатысады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                    (лоттардың толық сипаттамасы)
            Бұл конкурстық құжаттама мыналардан тұрады:
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________
4. _________________________________________________________________
5. _________________________________________________________________
6. _________________________________________________________________
     Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдері бар конверттерді
ашқан күннен бастап ________________ күн ішінде күші бар.
                                          (жазбаша)
     Жер учаскесін жалға беру туралы шартты жасағанға дейін, осы
конкурстық өтінім, Сіздің оны жеңгендігін растайтын хабарламамен
бірге біздің арамыздағы  міндетті келісім-шарт рөлін атқаратын болады.
     Конкурстық өтінімге
____________________________________________
          (қатысушының атауы)
     атынан және оның тапсырмасымен қол қоюға барлық күші бар.
     __________________               ____________________________
         (қолы)                                             (қызметі, аты-жөні)
                             


29.12.2017 жыл. Сағат 10:00 де Батыс Қазақстан облысы, Қартөбе ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізіледі. (ауыл шаруашылғы өндірісін жүргізу үшін)


«Қаратөбе аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылы  «БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылының С.Датұлы және №3-ші көшелерінің  автомобиль жолдарын  қайта жаңарту»,  «БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылының Ы.Алтынсарин, Ә.Молдағұлова көшелерінің автомобиль жолдарын  қайта жаңарту», «БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылының Бекимов,Аубакиров, Жангиров, Даулетова, Ә.Молдағұлова, Ғ.Құрманғалиев,   көшелерінің автомобиль жолдарын қайта жаңарту», «БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылының Ә.Тоққожин, Ә.Айтқожин   көшелерінің  автомобиль жолдарын С.Датұлы және М.Нысанов көше жолдарына тоғысуымен қайта жаңарту» нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттарының дайындалуына байланысты экологиялық сараптамадан өткізілетіндігін хабарлайды.
Барлық ұсыныстар мен пікірлеріңізді төмендегі мекенжайға жіберулеріңіз сұралады.
090000 БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауыл, Құрманғалиев 19,  Қаратөбе аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.   тел 31-1-84, факс 31-6-74.


Қылмыстық процестерді реформалау бойынша


Елбасының тапсырмасына сәйкес елімізде Қазақстан Республикасының  қылмыстық және іс жүргізу процестері заңдылықтарын жаңғырту бойынша көптеген іс шаралар жүргізілуде.
Жаңғыртудың жаңа кезеңі қылмыстық қудалау процестерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, азаматтардың құқықтарын сақталуына және қылмыстық процестің шынайылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған өзгерістер бірінші кезекте азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімділігін арттыруға бағытталған. 
Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік негіздерін жаңарту заңнамалық актілеріне енгізілетін қосымшалармен толықтырулар келесі 5 негізгі бағытты қамтиды:
- адам құқығын қорғауды нығайту;
- тараптардың жарыспалылығын арттыру, қорғаушылардың құқықтарын арттыру;
- тергеу процессін жеңілдету және оны үнемділігін қамтамасыз ету,
- соттық бақылауды кеңейту;
- сондай-ақ тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасында құзыреттілікті нақты бөліп оның қайталануын болдырмауға бағытталған.
Заң жобасы азаматтар үшін маңызды мәселелерді реттейді. 
Олардың ең бас згерістерін атап өтсек: 
1. Азаматтарды сот санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту ұсынылып отыр. Ал кәмелетке толмағандарды 24 сағаттан артық ұстауға болмайды. 
48 сағат сот сакциясынсыз ұстау–бұл әлемдік тәжірибеде қолданылып келеді.
72 сағат ұстау тек қана келесі қылмыстар бойынша қолданылады:
- аса ауыр қылмыстар;
- террористік немесе экстремистік қылмыстар;
- қоғамдық ретсіздік;
- ұйымдасқан топтар;
- есірткі заттарының айналымы, өлімге алып келетін қылмыстар. 
2. Экономикалық қылмыстар бойынша «қамауда ұстау» шарасы қолданылмайды. 
Аталған қылмыстар адамдардың өміріне қауіп төндірмейді. Сонымен бірге, жалған ақша жасау, контрабанда, қаржылық пирамидалар және ұйымдасқан қылмыстық топтар, рейдерлік қылмыстары бойынша «қамауда ұстау» шарасы қолданылады.
Бұдан бөлек, салықтық тексеру актісі немесе ревизия қорытындысы, жасалған мәміленің жалған екендігін растайтын сот шешімі болмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға болмайтындығы туралы норманы заңнамалық актіден Кодекске енгізіледі. 
3. Қылмыстық істерді тергеудің электронды форматқа көшуі.
Бағдарлама қылмыстық процестің барлық сатысын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкім орындалғанға дейін.
Бұл өзгеріс тергеушілердің жұмысын жеңілдететіні белгілі. Бұрын соттың санкциясын 3 тәулік күтсе, енді бірнеше сағатта алуға болады.
Әр жүйеге кіру, тергеушінің әрбір әрекеті компьютермен қадағаланады. Жаңа жүйе өзгерістер мен жалған мәліметтерді енгізуге жол бермейді. 
2018 жылы барлық құқық қорғау органдарының аталған жобаға көшуі жоспарланған. Экономикалық тергеу қызметімен бүгінгі таңда аталған жобаға өту бойынша техникалық жұмыстар ұйымдастырылды. Жаңа өзгерістер прокуратура органдарының бастамасымен іске асырылуда, біз бұл жобаны толық қолдаймыз және прокуратурамен бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз.
Жалпы, электронды қылмыстық іс Елбасының цифрлық жүйеге өту тапсырмасына сәйкес келеді.

 

Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы


Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !!!

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру (оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтер)мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті  қызмет көрсетуші мүдделі ұйымдармен \бірлесе 2017 жылдың 26 қазаны сағат 10.00-13.00 аралығында Қазақ драма театры ғимараты фойесінде«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесін» өткізеді.
Сондай-ақ, Жәрмеңкеге қатысты сұрақтар бойынша Департаменттің +7/7112/504118 телефонына хабарласу қажеттігін қаперлеріңізге беремін.


Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !!!
Ауданымыздағы мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен «Арыз-шағымдарды тиімді қарастыру» жобасы аясында бекітілген кестеге сай, ауылдық округтерді аралай отырып, арыз-шағымдарды қарау тәртібін түсіндіріп, жеке қабылдаулар жасайды.


Ауылдық округ атауы

Қабылдау уақыты

Өтетін орыны

1

Қаратөбе

25 қазан 2017 жыл сағат 1000-1300

«Нұр Отан» партиясының Қаратөбе аудандың филиалы ғимараты

2

Аққозы

8 қараша 2017 жыл сағат 1000-1200

Мәдени демалыс орталығы

Саралжын

8 қараша 2017 жыл сағат 1500-1700

Мәдени демалыс орталығы

3

Қоскөл

22 қараша 2017 жыл сағат 1000-1200

Қоскөл ауылдық округінің аппараты

Егіндікөл

22 қараша 2017 жыл сағат 1500-1700

Мәдени демалыс орталығы

4

Қаракөл

6 желтоқсан 2017 жыл сағат 1000-1200

Мәдени демалыс орталығы

5

Сулыкөл

21 желтоқсан 2017 жыл сағат 1000-1200

Мәдени демалыс орталығы

Жусандыой

21 желтоқсан 2017 жыл сағат 1500-1700

Жусандыой ауылдық округі әкімінің аппараты


Блиц – сауалнама сұрақтары

 

  1. Латын графикасы жөнінде ақпараттармен таныссыз ба?
  2. Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен қажеттілігі жөнінде ақпаратыңыз бар ма?
  3. Осы мәселеге қатысты көзқарасыңыз қандай?

Байланыс телефондары: 8/71145/31178; 8/71145/31273


Жүктеу: Қаратөбе ауданы бойынша мобильдік ХҚКО шұғуының 2017 жылғы 4 тоқсанға арналған кестесі


Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады.
Әзірше 66 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тіркеу, баланың туылуы мен күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттің орнына уақытша куәліктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.
«Азаматтар арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттік корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді еркін алуына ерекше назар аударылып келеді. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша 70 мобильдік ХҚКО жұмыс істейді, олар әкімдіктердің өтінімдері бойынша елді мекендерге шығып, қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.
Қазпочта бөлімшелері арқылы танымал мемлекеттік қызметтерді көрсетудің пилоттық жобасы - азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін ыңғайлылыққа арналған тағы бір қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екі ай бойы тестілеуден өтті, нәтижесінде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешім қабылданды. «Пилоттық жобаны тестілеуде ШҚО почта байланысы бөлімшелерінде 233 құжат берілген. Одан бөлек, біздің жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пікірлер айтылып, оң бағалар берілгендіктен, біз оны еліміздің барлық аумағында жүргізуді шештік. Қазіргі таңда шалғай елді мекендердің тұрғындары почта байланысы бөлімшелері арқылы 1656 корпорация қызметін ала алады. Демек, енді бұл қызметтерді алу үшін, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», – деді Оспанов.
«Біз ауыл тұрғындарын тек почта қызметімен емес, сонымен қатар әр түрлі банк қызметтерімен, әрине, оның ішінде ХҚКО қызметімен де қамтамасыз ететін боламыз. Өйткені ауылда көбіне почта байланысы бөлімшелері ғана жұмыс істейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді почта арқылы алу үшін, ауыл тұрғындары құжаттар пакетін ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтініш берулері және қажет болған жағдайда, мемлекеттік баж салығын төлеулері тиіс. Қазпочта операторы өтініштерді қабылдап, құжаттар пакетін қалыптастырады және оны жақын жердегі халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтеді. Онда ХҚКО инспекторы қызметті ресімдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жібереді», – деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.

«Азаматтарға арналған үкімет»
коммерциялық емесакционерлік
қоғамының баспасөз қызметі

 


Құрметті салық төлеушілер! 

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2017 жылдың 13 қазаны күні Ақтөбе қаласында жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау бойынша көшпелі семинар өткізілетінін хабарлайды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының өкілдері қатысады.
Семинардың негізгі тақырыбы:

1. Салық кодексінің жобасындағы жаңа тәсілдер;
2. Жаңа Салық кодексіндегі салықтық әкімшілендіру;
3. Өңірлік ерекшеліктерге байланысты қосымша баяндамалар (агроөнеркәсіп кешені, шағын бизнес субъектілерін әкімшіліктендіру, жер қойнауын пайдалану);
4. Сұрақтар-жауаптар.

         Салық төлеушілерді семинарға қатысуға шақырамыз. Өтетін орны: Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова көш.34, А.Жұбанов университетінің студенттер сарайы, басталу уақыты сағ. 10:00.
Барлық сұрақтар бойынша Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жолығуыңыз керек.


Жүктеу: Қаратөбе ауданының 2017-2018 жылдарға арналғанжайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары


Құрметті ауыл тұрғындары!

ШЖҚ «Қаратөбе аудандық ауруханасы» МКК базасында «Мемлекеттік қызмет көрсету  саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында «Ашық есік күні» өтетіндігін хабарлаймыз. Келіп қатысуларыңызды сұраймыз.
Өтетін күні, уақыты: 2017 жылғы 13 қыркүйек сағ.11.00-де


 Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтарды қабылдау кестесі

Лауазымы

Аты-жөні

Қабылдау күні

Орналасқан жері

Қызметтік телефон

1

2

3

4

5

Басқарма басшысы

Тажкенов Абылай Нигметкалиевич

Бейсенбі сағат 1600 -1800 шалғай елді мекендерден келгендерді күнделікті   900-1800

Қаратөбе ауылы Ғ.Құрманғалиев көшесі 19 үй

31-4-90

Бөлім басшысы

Мусагалиева Рая Тынысқызы

Сәрсенбі сағат 1600 -1800 шалғай елді мекендерден келгендерді күнделікті   900-1800

Қаратөбе ауылы Ғ.Құрманғалиев көшесі 19 үй

31-2-83

Бөлім басшысы

Бисембай Асыланбек Серікұлы

Сәрсенбі сағат 1600 -1800 шалғай елді мекендерден келгендерді күнделікті   900-1800

Қаратөбе ауылы Ғ.Құрманғалиев көшесі 19 үй

31-8-08


8 (71145) 31283,31803  телефондары арқылы қабылдауға жазылуға болады


 

Қаратөбе ауданы бойынша мемелекеттік кірістер басқармасыкелесіні хабарлайды.

Есепке алу-бақылау таңбасының белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбасы бар алкоголь өнімінің айналымын әшкерелеу, сондай-ақ жасырын алкоголь өнімдерін сатуды барынша азайту мақсатында «Вайпойнг» ЖШС-мен алкоголь өнімдерін көтерме және жеке саудада өткізетіндер үшін  «Wipon Pro» жетілдірілген жүйесі өңделіп, келесі модульден тұрады:

  1. Есепке алу-бақылау таңбасындағы (бұдан әрі – ЕБТ) штрих-кодын сканерлеу арқылы жасырын алкоголь өнімінің айналымын анықтау үшін «WiponPro» мобильді қосымшасы. Apple App Store мен GooglePlayMarket-те жүктеу үшін қосымша қолжетімді;
  2. «Wipon Pro Scan» мобильді қосымшасы, Android негізінде лазерлі сканер орнатылғанөнеркәсіптік мобильді компьютерлерменүйлесімді. Google Play Market-те қосымшаны жүктеу 2017 жылдың тамызынан бастап  қолжетімді;
  3. Windows операциалық жүйесі бар дербес компьютерлер мен ноутбуктер үшін «Wipon Pro» бағдарламалық жасақтама. Бағдарламалық жасақтаманы жүктеу 2017 жылдың тамызынан бастап  www.wipon.pro ресми сайтында қолжетімді.
  4. Комитетпен оның аумақтық бөлімшелеріне, жасырын алкоголь өнімінің айналымы орынын анықтайтын  талдамалы центр мына сілтеме арқылыhttp://cabinet.wiponapp.com/ (авторизациялау: логин и пароль) қолжетімді.

Жүктеу: 2017 жылдың шілде-желтоқсан айларында шет елдерде жоспарланған ірі халықаралық көрмелер мен инвестициялық іс-шаралар күнтізбесі


Жүктеу: Қаратөбе ауданы бойынша мобильдік ХҚКО іссапарының 2017жылдың 3 тоқсанына арналған кестесі


Мемлекеттік гранттарды ұсыну үшін конкурсты өткізу туралы  хабарландыру

 

Конкурс ұйымдастырушысы:
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы
Мекен-жайы және пошталық мекенжай: 090006; Орал қаласы, Х.Чурин көш., 116, каб. 108;
Байланыс телефоны: 506436.

Конкурс тақырыбы: ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге (29 жасқа дейін), әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік гранттар беру
Конкурс түрі: Ашық конкурс
Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілері, жас кәсіпкерлер (29 жасқа дейін), әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім тапсыру орны:
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы
Конкурстық құжаттарды тапсыру тәртібі:
конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері:
2017 жылдың наурыз айының 15 жұлдызынан 2017 жылдың 14 сәуіріне дейін (қоса санағанда) жұмыс күндері сағат 09.00-ден бастап сағат 18.30-ге дейін (жергілікті уақыт)
Өтінімдерді тапсыруды бастау уақыты және күні:
2017 жылдың 15 наурызы сағ.09.00-ден бастап (жергілікті уақыт)
Өтінімдерді тапсыруды аяқтау уақыты және күні:
2017 жылдың 14 сәуірі сағ.18.30-ге дейін (жергілікті уақыт)
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.business-bko.gov.kz сайтында танысуға болады.

Қосымша ақпаратты аудандық кәсіпкерлік бөлімінен  және БҚО кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе ауданындағы филиалынан алуға болады.
Байланыс тел: 31171, 31172.

 

Грантқа қатысуға құжаттар:

 

       заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
      өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған анықтама;
     бизнес-жоба;
      Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
      кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).
      Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.


2017 жылғы 1 қаңтардағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау  (doc, 84 Kb)


23.01.2017 ж.

Хабарландыру

Құрметті ауыл тұрғындары! 2017 жылдың 25 қаңтар күні сағат 10-00-де Мәдениет үйінде округ тұрғындарының жалпы (сход) жиналысы өткізіледі.
КҮН  ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Қаратөбе ауданы әкімі А.Шахаровтың 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
  2. Сулыкөл ауылдық округі әкімі Б.Мусаның 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
  3. Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) 2016 жылы жасалған жұмыстар туралы есебі

Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, аудандағы қамту мекемелерінің басшылары қатысатындығын қаперлейміз.

Жиналысқа округ тұрғындарын түгел қатысуға шақырамыз!


16.01.2017 ж.

БҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына Қоршаған ортаны қорғау бөлімімен қоса, «БҚО Қаратөбе ауданы  Қаратөбе а/о Орал-Қаратөбе  тас жолы бойында орналасқан ауысымга 30 бас  iрi қара мал сою пунктi құрылысы  Жұмыс жобасын» мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуге тапсырумен байланысты, «Қоржын» ш/қ, ҚР Экологиялық кодексінің (57-бап) талаптарына сәйкес, пікірді сұрау түрінде қоғамдық тыңдалым 19.01.2017ж өтетіндігін хабарлайды.

Тапсырыс беруші: «Қоржын» ш/қ
Бас жобалаушы: «СанаМаркет» ЖШС
Қоғам өкілдері Жұмыс жобасымен және пікір сұрау парақтарымен электрондық түрімен қала әкімшілігінің интернет-ресурсының мекенжайында таныса алады:  karatobe.gov.kz.
Ескертулер мен ұсыныстарды келесі электронды мекенжай бойынша қабылданады: patimacaid@mail.ru


09.01.2017 ж.

Ауыл шаруашылық құрылымдарынан асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығының өнiмдiлiгi және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 2017  жылға өтінімдерді қабылдау басталғандығы туралы хабарлаймыз.
Мекен-жайымыз: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі №19, «Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Байланыс телефондары: 8 (71145) 31284, 31199
 
Қаратөбе ауданының  ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы (.pdf)


 

14.11.2016 ж.

Орал қаласы, Д.Нұрпейісова көшесі,12 үйде орналасқан «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Медиация және құқық орталығы» құқықтық және медиативтік көмекті (медиаторлардың қызметімен заңгердің кеңестерін) ақысыз көрсетеді. Байланыс телефондары:87056389803, 87072083618.


18.10.2016 ж.

Протокол Общественного слушания по Проекту «Строительство АГЗС расположенной в ЗКО, Каратобинском районе, с.Каратобе ул.Сейфулина, 3» (doc, 68 Kb)


23.09.2016 ж.

ЖК «Тiлеу» Каратобе ауданы Каратобе ауылын Сейфуллин көшесi 3 үй мекен-жайында орналасқан автоколiк газ қую бекетi құрылыс жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тындау  13.10.2016ж күні сағат 11.00-де мына мекен-жайы бойынша  Каратобе ауданы Каратобе ауылында аудандық маслихат гимаратында жүргізілетінiн хабарлайды.  Қатысушыларды тіркеу тыңдалым өткізгенге  дейін  30 минут аралығында. Қызықтыратын сұрақтар бойынша мына тел: 8(775)9121368, пікірлеріңізді kubegen.urazov@mail.ru электрондық мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.


Протокол общественных слушаний по Рабочему проекту «Строительство магазина по адресу: ЗКО, Каратобинский район, Каратобинский с/о., с.Каратобе, ул.Жумалиева, ст-е. 59А» (pdf, 442 Kb)

Протокол общественных слушаний по Рабочему проекту «Строительство магазина по адресу: ЗКО, Каратобинский район, Каратобинский с/о, с.Шоптикол ул.Жумысшы д.13» - Орынбаев Б.Б. (pdf, 442 Kb)


Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпарат үшін

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі - Комитет) 2016 жылдың 20 сәуірінен бастап, 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі - АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерістер енгізуімен байланысты, қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі туралы хабарлайды.

АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағы келесі мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларымен толықтырылды:

- лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

- ломбардтар;

- бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

- жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

- төлемдер қабылдау бойынша операторлары.

Адвокаттарды қоспағанда, АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес, Комитетке, қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

2016 жылдың қыркүйек-қарашасында, Комитетпен түсіндіру шаралар сондай-ақ хабарламаларды қабылдау өткізуі жоспарланып отыр.

Аудиторияны қалыптастыру мақсатында, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдерің, d.mukushev@minfin.gov.kz, r.iskakov@minfin.gov.kz электрондық мекенжайларына келесі ақпаратты: ұйымның атауы, тіркеу мекенжайы, өкілдің Т.А.Ә, телефон нөмірлерің, жолдауынызды сұраймыз.

Жұмыс кездесуінің күні және уақыты туралы ақпарат, Сіздермен көрсетілген байланыс деректеріне байланысты қосымша хабарланады.

Сұраулар бойынша телефондары: 8 (7172) 74-92-26; 74-97-39; 74-97-49; 74-97-52.

Хабарландыру!

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін елімізде мүлікті жария ету акциясы жүргізілуде.

Жария етуге: ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін Қазақстанның аумағындағы ғимараттар, сонымен қатар республиканың аумағынан тыс жылжымайтын мүлік кіреді.

Әкімдіктер жанындағы комиссияларға, азаматтар тиісті өтінішті және заңнамамен белгіленген құжаттардың тізбесін ұсына отырып, Қазақстанның аумағында тиісті түрде ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету мәселесі бойынша жүгінуде.

Қазақстан аумағындағы да, шетелдегі де қалған барлық мүлікті (ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғалардағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік) тиісті өтінішті және заңнамамен белгіленген құжаттардың тізбесін ұсынумен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгіне отырып жариялауға болады.

Ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады.

Бірінші: Оларды банк шоттары арқылы көрсету және өзінің кез келген мұқтаждықтарына пайдалану, мысалы: бизнеске салу, жылжымайтын мүлікті сатып алу және т.б., және соңында, жай ғана шешіп алуға болады. Және осының барлығы 10% алымды төлемей жүргізілетін болады.

Екінші тәсіл: Шетелдегі немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны өтініш беру нысанда, оларды банк шоттарында көрсетпей, жария ету. Бірақ, бұл ретте бюджетке 10% алым төленеді.

Асығыңыз ! Акцияның аяқталуына  128 күн қалды.

Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

22.08.2016 ж.

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпарат үшін

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі - Комитет) 2016 жылдың 20 сәуірінен бастап, 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі - АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерістер енгізуімен байланысты, қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі туралы хабарлайды.

АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағы келесі мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларымен толықтырылды:

- лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

- ломбардтар;

- бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

- жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

- төлемдер қабылдау бойынша операторлары.

Адвокаттарды қоспағанда, АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 
6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес, Комитетке, қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

2016 жылдың қыркүйек-қарашасында, Комитетпен түсіндіру шаралар сондай-ақ хабарламаларды қабылдау өткізуі жоспарланып отыр.

Аудиторияны қалыптастыру мақсатында, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдерің, d.mukushev@minfin.gov.kz, r.iskakov@minfin.gov.kz электрондық мекенжайларына келесі ақпаратты: ұйымның атауы, тіркеу мекенжайы, өкілдің Т.А.Ә, телефон нөмірлерің, жолдауынызды сұраймыз.

Жұмыс кездесуінің күні және уақыты туралы ақпарат, Сіздермен көрсетілген байланыс деректеріне байланысты қосымша хабарланады.

Сұраулар бойынша телефондары: 8 (7172) 74-92-26; 74-97-39; 74-97-49; 74-97-52