Сулыкөл ауылдық округі (.docx)

 


Сулыкөл ауылдық округі (.pdf)

 


«Сулыкөл ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы үлгі ереже

1.       Жалпы ережелер

1. «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие, ауылдық округі әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық талдау, консультативтік және материалдық  техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігі қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс регламентіне,  өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сулыкөл ауылдық округі әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі құылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі, Ақтай-сай ауылы, Қазақстан көшесі №5

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

2.       «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

12.   «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:

«Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

13.   Міндеттері:

Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітіуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің тарауына енгізеді;

тұрғын үй қорының құрылысы мен жөнделуін, жолдарды пайдалану мен күтіп ұстауды ұйымдастырады;

шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсетіп таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады; заңдарда  белгіленген тәртіпте нотариаттық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

мектепке дейінгі ұйымдарды, мәдениет және спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

елді-мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының Президенті мен  Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

жергілікті өзін-өзі басқару органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

жергілікті бюджетті бекіту кезінде мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;

көлікті және инженерлік инфрақұрылым обьектілерін пайдалануды ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде су пайдалану мәселелерін реттейді;

басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

 

14.  Құқықтары мен міндеттері:

жергілікті атқарушы органдардан, комитеттер мен басқармалардан қажетті ақпараттар алады, сондай ақ оларға орындауға міндетті тапсырмалар береді;

меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар,құжаттар, басқа да материалдар, округ әкімінің аппараты құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша  түсініктемелер сұратып алады;

мемлекеттік органдар қарамағындағы бар ақпараттық мәліметтер банкін пайдаланады;

округ әкімінің аппараты жүргізуге қатысты мәселелер жөнінде мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат хабар алмасады;

Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, облыс әкімі, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуына тексеру жүргізеді, анықталған  кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алады;

Аудан әкіміне ведомостволық бағыныстағы комитеттің, бөлім меңгерушілерін қызметтен босату, сондай-ақ оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

округ әкімінің тапсырмасы бойынша округтегі атқарушы органдар қызметкерлерін әкім аппаратының құзіретіне қатысты мәселелерді  шешуге қатысуға тартады;

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік органдардан қажетті материалдарды, хабарларды табыс ету жөніндегі талабы, егер оның орындалуының басқа мерзімі белгіленбесе, ол заңда белгіленген мерзімде орындалуға жатады;

 

 

3.       «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін  ұйымдастыру

15.   «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты аудан әкімі аппаратынан жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады;

16. «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

                    

 

4.       «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  мүлкі

17.   «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де  көздер есебінен қалыптастырылады.

18.   «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

19.   Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,  «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқы жоқ.

 

 

5.       Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

20.   «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Ескертпе:* Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік орган, адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның қызметін ақпараттық талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгелей де қамтамасыз ететін мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орган, мемлекеттік атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган.

 


 

Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Сулыкөл, Үшана, Төлен, Темірбек ауылдарында 472 отбасы тұрады, онда 2135  адам бар. 2018 жылдың 1 қазанға дүниеге келген сәбилер саны  22 бала болса, дүниеден өткендер саны  10 адам. Округ бойынша  49 шаруа қожалығы болса, 28 жеке кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсетіп отыр. Қаратөбе ауданы әкімінің 08.04.2018 жылғы №54 қаулысымен 14 сәуір - 14 мамыр аралығында аудан көлемінде «Санитарлық–экологиялық айлық» жариялануына байланысты Сулыкөл ауылдық округі бойынша арнайы іс-шара жасақталып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Округ бойынша барлық мекемелерге 14 сәуір, 21 сәуір, 28 сәуір, 5 мамыр, 12 мамыр күндері сенбілік өткізу жөнінде хабарламалар жіберілді. Нәтижесінде ауылдық округте 5 рет сенбілік өткізіліп, оған 1680 ауыл тұрғындары қатысты, оның ішінде жұмыс жасап жүргендері 782 адам болса, оқушылары 462 оқушы, 7 адам қоғамдық жұмыстан қатыстырылды. Айлық кезінде 1050 түп жас талдар округ орталығындағы 2 саябаққа, мекемелердің айналасына және Үшана, Төлен ауылдарындағы мекемелермен жеке тұрғындардың үйлерінің айналасына егілді. Сонымен қатар айлық мезгілінде 24 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы белгіленген полигондарға шығарылды. Оған шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлерден 9 техника ат салысты. Көше тазалығын жақсарту мақсатында округ орталығы Сулыкөл ауылына 4 жерге контейнер қойылды. 

  

Білім беру саласы бойынша  округ аумағында 2017-2018 оқу жылында Қалдығайты  және Б. Аманшин атындағы жалпы білім беретін мектебі, Төлен негізгі мектептерінде  373 - оқушылар білім алып шықты.  Оқу жылы кезеңінде бастауыш сынып оқушылары  100 %   және күнелтіс деңгейі төмен отбасылар аумақ бойынша барлығы 94 отбасы 103 оқушылар ыссы тамақпен қамтылды. Қалдығайты ЖОББ мектебі МАД тобында 28 бала, шағын орталықта 20 бала, Б.Аманшин ЖОББ мектебі МАД тобында 10 бала, Төлен ЖНББ мектебі МАД тобында 8 оқушы, «Балбұлақ» шағын орталығында 13 бала және  «Балапан» бала-бақшасында 25-бала және «Раушан» бала-бақшасында 20-бала тәрбиеленуде. 

2018 жылдың 20 маусым күні аудан орталығында ҰБТ байқауы өткізілді. Қалдығайты ЖОББ мектебі бойынша мектеп бітіруші 10 түлектен  9 оқушы қатысып, ҰБТ қортындысы 100,83 балл болды, 3 оқушы 100 балдан жоғары жинады (Ж.Нұртөре-120; А.Сембаева-115; Г.Құмарова – 107;), жалпы шығармашылықпен тапсырғандағы орташа балл – 78,55. Б.Аманшин ЖОББ мектебі бойынша мектеп бітіруші 13 түлектен 9 оқушы қатысып, 5 оқушы 100 ден жоғары балл жинаса,  2 оқушы алтын белгі алды  (Л.Ашиқова-122балл, Ш.Анесов-110 балл) ҰБТ қорытындысы бойынша орташа 92 балл, округ бойынша орташа балл 68,9% құрады.

Мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерьлерінде ІУ-потокта округ бойынша 368 оқушы (Қалдығайты ЖОББМ-210, Б.Аманшин ат-ғы ЖОББМ-100, Төлен НОББМ-58) демалдырылды.

Округтегі мектептерде 2018-2019 оқу жылында аудандық білім бөліміне берілген есеп бойынша Қалдығайты ЖОББ мектебінде – 210 оқушы, Б.Аманшин ЖОББ мектебінде  - 85 оқушы, Төлен негізгі мектебінде – 42 оқушы, округ бойынша 3 мектепте – 337 оқушылармен биылғы оқу жылын бастады.

Мал шаруашылығы бойынша 2018  жылдың 1-шілдесіне 8164 -бас ірі-қара, 15942-бас қой-ешкі, 2470 -бас жылқы, 4-түйе, 1220-құс малдары болды.   Мал басы былтырғы деңгейден 5,7 % ірі-қара (463бас) кемуі байқалса, 0,9% қой-ешкі малдары кеміп отыр (141 бас), 13,6 %  жылқы малдарының (336 бас) өскендігі  байқалды.

 2018 жылдың 1-ші шілдесіне шаруа қожалықтары саны 49 болса, оның 46 шаруа қожалығы иелігінде мал басы тіркеліп отыр. Шаруа қожалығы иелігіндегі мал басы жыл санап өсіп келеді. Аналық ірі қара мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу мен байланысты шығындар құнын арзандату үшін берілетін субцидияны   2016 жылы 28 шаруа қожалығына 40 622000 теңге, 2017 жылы 34– шаруа қожалығына  40 668000    теңге  үкімет тарапынан субсидия төленген болса, 2018 жылы 27 шаруа қожалығына 31 706000 теңге субсидия төленді. (Субсидия алушы шаруа қожалықтары санының азаю себебі «Субсидия төлеу Ережесіне» өзгеріс енгізіледі, бұқаға төленбейді, бұзауға төленбейді деген сылтаумен кейбір шаруа қожалықтары құжат жинаудан бас тартты. Атап айтқанда олар: «Даулет» ш.қ. (Қарашолақов Б), «Игілік-АН» (Туякбаев Н), «Жанбағ»(Ж.Мусин), «Төлеуғали» (Қарабасов А), «Қайыр» (Ізімқұлов А), «Нұрмұқан»(Нұрыш Е), «Дана» (Жумказиева А) және өткен жылы «Болашақ-2016» АӨК жабылып қалды).

Округте мал азығын дайындау жұмыстары аяқталды. Дайындалуға тиісті 9000т мал азығынан 8500тонна  дайындалып, тапсырма 94% орындалып отыр. 2017 жылдан қалған мал азығы 780т.

Сулыкөл ауылдық округі бойынша  мал дәрігерлік профилактикалық іс-шаралар жоспарлы, уақытылы атқарылып келеді. 2018 жылы құтырық, пастереллез, сибирская язва, қарасан ауруына қарсы жоспарланған малдар толықтай егілді. Бруцеллез ауруын анықтау үшін 8978бас ірі қара малы, 15748 бас ұсақ малдар серологиялық зерттеліп, оң нәтиже берген 290 бас ірі қара, 8-бас ұсақ малдар арнайы мал сою алаңдарында сойылып, ауру шыққан ірі қарадан 91 аула, ұсақ малдан 3 аула, қора жайлар залалсыздандырылды. Мүйізді ірі малының жұқпалы ауруы надульярный дермтит аруына қарсы егілуге тиісті 6000 бас түгел егілді.

Өсімдік шаруашылығы  2018 жылы ауылымызда  бау-бақша, көкөніс өсірумен айналысып жүрген «Әділғазы», «Дана»,  «Мұрагер»шаруа шаруа қожалықтары 11,7 га жерге бау-бақша, 6га жерге көкөніс ексе, ауыл тұрғындары үйлерінің айналасына, өзен жағалауларына 3 га, округ бойынша барлығы 20,7 га жерге бау-бақша, көкөніс егілді. Одан барлығы   11 т көкөніс, 175,6 т қауын-қарбыз  өнімдері алынып округ, аудан, облыс тұрғындарына қолжетімді бағамен сатылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты - жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша: газбен жылыту қазандығының операторы - 1 адам, аспазшы – 4 адам, жөндеуші – 1 адам, барлығы - 6 адам оқып шықты. Осы азаматтардан 2 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сулыкөл ауылдық округі бойынша 2018 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейінгі мерзім ішінде 29 шаруа қожалығына бейресми жұмыс жасап жүрген 36 адам, 5 жеке кәсіпкерлерде 6 жұмыссыз, округ бойынша барлығы 42 жұмыссыз  азаматтар  заңдастырылды.  Жыл басынан бері 6 жеке кәсіпкерлік нысаны тіркеліп, 6 жаңа жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды  және жаппай кәсіпркерлікті дамытудың 2017-2021жылдарға арналған бағдарламасының» «Бизнес бастау» жобасы аясында 5 жұмыссыз азаматтар қысқа мерзімді курстарда оқытылып, қазіргі таңда несие алып, өз кәсіптерін ашып жұмыстануда. Атап айтқанда «Әдемі» жеке кәсіпкерлігі (жет. Казбаева Б) құны 6 млн. теңге тұратын термобудка Газель автомашинасын несиеге алды. Жеке кәсіпкер Аманғалиев Бақытжан – 4 млн. теңге, жеке кәспкер Сембаева Клара – 700 мың теңге, жеке кәсіпкер Аралбай Жәдігер – 1 млн. 400теңге, жеке кәсіпкер Әбуов Есімхан – 3 млн.300мың теңге, жеке кәсіпкер Аймағанбет Хамит- 1 млн. 700теңге несие алып, округ бойынша 5 адам 11 млн. 100 мың теңге несие алып, мал сатып алуда. Аумақта 6 шаруа қожалығында әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, 11 жұмыссыз азаматтар маусымдық жұмыстарға тартылды. Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға 19 адам жасауда. Жыл басында нәтижесіз жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 395 адам болатын болса, одан 9 адам тұрақты жұмысқа  орналасты, 19 адам вахталық әдіспен басқа жақтарда жұмыс жасауда, 12 адам шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерде еңбек етсе, 71 адам басқа жаққа көшіп кетіп, жеке кәсіпкерлерде, жеке адамдарда бейресми түрде жұмыс жасауда. Қазіргі таңда округ бойынша 284 адам нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар есебінде тұр.

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 заңы бойынша Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және түсіндіру жұмыстары округте жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Округтегі Үшана Төлен елді-мекендері араланып, тұрғындарға заң аясы түсіндірілді. 2018 жылдың І жарты жылдығында жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж құжат тапсырушы отбасылар ішінен жүргізілген түсінік жұмыстары нәтижесінде табыстары кедейлік шегінен төмен болған 10 отбасы 43 адамға АӘК тағайындалды. Соның ішінде 9 отбасы 42 адамға шартты,  1 отбасы -1 адамға шартсыз ақшалай көмек белгіленді. Тұрақты жұмысқа 1 адам (Кенжеғалиева М) жолданса, 5 адам     (Бердалина Б, ОразоваШ, Оразова А,Шамғонова Ж,Талыпова Қ) кәсіптік оқуға, ақылы қоғамдық  қызметке 4 адам ( Бақтыгереев Н, Шерниязов С, Ақымғалиев Ғ, Дарипова Б), еңбек шартпен қожалыққа жұмысқа 2 айға 1 адам (Ақымғалиев Ғ «Бейбарыс» ш/қ жетекшісі Сансызбаев А) жұмысқа тартылды. 1 адам шартсыз ақшалай көмекпен (Агдаутов Қ) қамтылды. 

 

  

 

2 отбасы бір жолғы АӘК пен қамтылып, (Кенжегалиева М-2 қашар, Шерниязов С -2 қой, 4 ешкі ) малданды. Бір реттік ақшалай көмек қоры -377496 теңге көлемінде. Жалпы 9 айлық қорытынды бойынша 947800 теңгенің көмегі тағайындалып, рәсімделген құжаттар негізінде жобаға қатушы отбасыларға берілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жасалған жұмыстар

2017 жылдың 11 шілде  күні  Сулыкөл  ауылдық  мәдениет  үйі  көркемөнерпаздары  облыс орталығындағы  Қадір  Мырза-Әлі  атындағы  өнер  орталығында   елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-  рухани жаңғыру» атты        «Туған  жер»  бағдарламасын  жүзеге  асыру  мақсатында  ауылдағы  өнерлі  жастардың  талантын  танытып,  облыс  жұртшылығына  насихаттау  барысында «Ауылдан  сәлем»  атты   жаңа жоба  аясында             «Ән  салдырған  ауылым» атты   концерттік  бағдарламасын облыс тұрғындарына ұсынды. «Туған жер» бағдарламасы аясында жерлес азаматтарға туған жерді көркейтуге ат 

   

 

салысуға, ауылда бизнес жасауға  шақырылды. Үшана ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су жүргізіп жатырған мердігер «KazKonstruktionGroup» ЖШС (директоры Мұханбедиев Мұратбек Қайырсапаұлы) Үшана ауылындағы ескі фельдшерлік пункт ғимаратын бұзып тастап, өз қаржысы есебінен (6 млн) жаңадан салып берді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына 1 жыл толуына арналған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастырумен 2 сәуір күні Мәдениет үйінде «Туған өлкем - тірегім» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға округтегі мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары шаруа қожалығының жетекшілері және 

 

жеке кәсіпкерлер барлығы 45 адам қатысты. 

 

 Дөңгелек үстелге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Самиғоллаұлы, білім бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.Бозовтар қатысып, аудан көлемінде  өз бөлімдері бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған жұмыстар жөнінен хабарлама жасап өтті. Бұл туралы аудандық «Қаратөбе өңірі» газетіне бас маман  Т.Нурбергеновтың «Туған жер – тұнған тарих» атты мақаласы жарияланды.

Қалдығайты орта мектебін 1988 жылы бітірген түлектер мектеп бітіргендеріне 30 жыл толуына орай «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  2018 жылғы 25 мамыр күні Қалдығайты жалпы білім беретін орта мектебі - алтын ұясына  көмек ретінде  құны 165 000 теңге тұратын  музыкалық аппарат тарту етті. Қалдығайты орта мектебін 1993 жылы бітірген түлектер алтын ұя мектептеріне - мұғалімдер бөлмесіне құны 87 мың теңге тұратын  жұмсақ жиһаз   тарту етті. 

 

2018 жылдың мамыр айында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған ел – туған жер» базалық бағытын жүзеге асыруда «Ауыл тарихы – ел тарихы» ауыл кітапханалары акциясы аясында округте «Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағы» атты әдеби биенал кеші өтті.

Қалдығайты ауылында дүниеге келген жазушы, ақын, ғалым  Б.Аманшин, әнші-сазгер Е.Хасанғалиев, әнші Ж.Сарсенғалиев, айтыскер ақын А.Қауенов, республикалық «Таңдаулы кітапханашы» Тәшен Тұяқбаев сынды ел мақтаныштарының өмір жолдарына тоқталған округ әкімі Б.Муса өскелең жастарға ауылдан түлеп ұшқан елге танымал тұлғаларды біліп жүруге, туған жерін құрметтеуге, мәдениетін сақтауға шақырды

   

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасын іске асыру мақсатында 2018 жылы 5 әлеуметтік жоба іске асырылуы тиіс болатын. Атап айтқанда:

1. Округ орталығы Сулыкөл ауылына спорт алаңын салу: жоба құны – 8 млн. теңге, (демеуші Атырау қаласы «Темірәлі» ЖШС-нің бас директоры Утегалиев Айбек).  Құрылыс жұмыстары тамыз айында басталып, қыркүйек айында толық бітті. 5 қазан күні округ орталығы Сулыкөл ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында іске асырылған жоба «Әдемі - Спорт алаңының» ашылу салтанаты оздырылды.  Ашылу рәсіміне Қаратөбе ауданының әкімі Ж.Асантаев, «Рухани жаңғыру бағдарламасының» өңірлік комиссия сараптама кеңесінің  хатысы Н.Төлепов және жобаның демеушісі «Теміралы» ЖШС бас директоры  А.Утегалиев, ауыл ақсақалы А.Жүсіпқалилар құттықтау сөз сөйлеп салтанатты жағдайда ашылды. Ашылу салтанатынан кейін алаңда округ командалары арасында (қатысқан 8 команда) шағын футболдан ««Теміралы» ЖШС бас директоры  А.Утегалиевтің» жүлдесі үшін жарыс өткізілді. Жарыстың демеушісі А.Утегалиев. І-ші, ІІ-ші орын алған Қаратөбе ауылдық округінің командасы 60мың, 30мың, ІІІ-ші орын алған Сулыкөл ауылдық округінің командасы 20мың теңге және 3 ойыншыға «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша 10 мың теңгеден көтермелеу сыйлықтары табыс етілді.

  

2. Округтің кіре берісіне «Сулыкөл ауылына қош келдіңіздер» деген арка орнату: жоба құны – 1млн. теңге, демеушісі «Болашақ» ЖШС басшысы А.Мусағалиев. Серіктестіктің тарап кетуіне байланысты жоба жүзеге асқан жоқ.

3. Үшана ауылының кіре берісіне «Үшана ауылына қош келдіңіздер» деген арка орнату: жоба құны – 200 мың теңге, демеушісі «Даулет» шаруа қожалығының басшысы Б.Қарашолақов. Жоба қыркүйек айында жүзеге асты.

 

    

4. Төлен ауылының кіре берісіне «Төлен ауылына қош келдіңіздер» деген арка орнату:  жоба құны - 200 мың теңге, демеушісі «Сұлтан-Бейбарыс» шаруа қожалығының басшысы М.Жомартов. Жоба қыркүйек айында жүзеге асты.

 5. Мәдениет үйінің алдына I SULYKOL белгі қою: жоба құны – 700 мың теңге, демеушісі 2018 жыл 22-ші маусым күні Елбасының «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық  мақаласының аясында  «Туған жер» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасын орындау мақсатында - ауылымызды көркейту, туған жерге деген махаббатымызды жеткізер «Қалдығайты мәңгі жүрегімде» атты ескерткіш тақтайының ашылу салтанаты өтті. Демеушілер осыдын 20 жыл бұрын Қалдығайты орта мектебін бітірген түлектер, бүгінде елге үлгі боларлық азаматтар, еліміздің әр өңірінде, әр салада жемісті еңбек етіп жүрген түрлі  маман иелері. Жүректері ауыл деп соққан 1998 жылғы мектеп түлектері ыстық ықыласы мен тілектерін әдемі ән кешімен жеткізді. Жобаның құны 700 000 мың теңге.

 

 

Шағын және орта бизнес. 2018 жылы әр сала бойынша 28 кәсіпкерлер ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде, атап айтқанда саудада-19, тойхана қызметі – 1, такси – 4, шаштараз қызметі- 1. Осы кәсіпкерлерде 34 адам тұрақты жұмыстануда

Газдандыру. 2015 жылы Сулыкөл ауылынан Үшана-Төлен ауылдарына  жоғары қысымды жерасты  газ құбыры тартылып, желтоқсан айында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Үшана ауылында көгілдір отынды пайдаланушылар саны 47 үй, 3 әлеуметтік нысан, Төлен ауылында 16 үй, 2 әлеуметтік нысан, округ орталығы Сулыкөл ауылында 212 үй, 3 кәсіпкерлік нысаны және 4 әлеуметтік нысандар округ бойынша барлығы 287 абоненттер көгілдір отынды пайдалануда. Биылғы жылы көгілдір отынды қосуға округ орталығы Сулыкөл ауылынан 7 тұрғын, Үшана ауылынан 8 тұрғын ниет білдіруде.

Таза су бағдарламасы

ҚР Үкіметінің «Ақбұлақ» бағдарламасымен 5 елді-мекенді қамтитын (Шөптікөл-Үшағаш-Соналы-Сулыкөл-Үшана) жобалық құны 936млн. теңгені құрайтын аудан көлемінде жүзеге асырылып жатырған үлкен жобанының құрылысы 2017 жылдың мамыр айында басталып, 2018 жылдың 3 қыркүйек күні Үшана ауылында салтанатты жағдайда ашылды. Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгіновтың өзі қатысты. Қазіргі таңда Сулыкөл ауылында 265 үй, Үшана ауылында 110 үй таза суды пайдаланып отыр. 

  

«Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру бағытында және 4-ші деңгейлі бюджетке көшіуіне байланысты ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспары жасалды. Жергілікті өзін-өзі басқару шоттарына бюджеттен қаралған қаражат 43млн.711,0 мың теңге.

Сулыкөл ауылдық округіне 2018 жылы субвенциядан-40278,0 мың теңге қаралса, қалған қаражат 3433,0 мың теңге жергілікті 7-і түрлі салықтан түсу керек. Қазіргі таңда 1-ші қыркүйекке мүлік салығынан – жиналуға тиісті 153000 теңгеден 128700теңге жиналса, орындалуы 84%, жер салығынан жиналуға тиісті -88000теңгеден, 78000 теңге жиналса, орындалуы 87%, көлік салығынан жиналуға тиісті 760000теңгеден 399300 теңге жиналса, орындалуы 52,5%, округ бойынша жиналуға тиісті 1 млн. 1мың теңгеден 606100 теңге жиналып, жиналуға тиісті тапсырма 60% орындалып отыр.

2017 жылы Жаңақоныс және Мектеп линияларына (көшелерде орналасқан трансформаторлардың атауы) Б.Аманшин, Ж.Жабаев көшелеріне көше фонарларын орнату үшін  құны 1 млн. 265 мың теңге тұратын жобалық сметалық құжаттар (ЖСҚ) жасақталып, тамыз айында порталға беріліп, жеңімпаз деп танылған «Бегалиев М» жеке кәсіпкерлігі қазан айында жұмысты аяқтайтын болады.

2018 жылдың 9 айында  Сулыкөл ауылдық округі әкіміне жеке тұлғалардан 14 өтініш (3-уі жеке қабылдаулар) келіп түсіп «Айқын» бағдарламасына тіркелді, өтініштерге заңда көрсетілген мерзімінде уақытылы жауап берілді. Мелекеттік қызмет көрсетулер бойынша «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша 235 қызмет көрсетілді, айлық есебі ай сайын аудандық ұйымдастыру-бақылау бөліміне беріліп отырды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ауылдық округ тұрғындары арасында түсіндіру, насихаттау мақсатында көрнекті материалдар ілініп, 2 рет  жиналыстар өткізілді. Сонымен қатар «Қаратөбе өңірі» газетіне 1 рет мақала жарияланды.

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына сәйкес мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнестің қарым-қатынасын цифрландыру маңызды бағыттарының бірі болып анықталған.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде адамның баруын қажет етпейтіндей етіп, қызметтерді толық электрондық форматқа көшіру міндеттері қойылған. Елбасының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында ауылдық округ әкімінің ғимаратында «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылып, жаңа компьютер және катридер қойылып, халыққа қызмет  жасауда.

  

 

4-5 шілде күндері тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 2 потокта сауаттандыру курстары өткізілді. Аудандық білім бөлімінен жіберілген жас маман информатика пәнінің мұғалімі Әлібек Самиғоллаұлы екі күн қатарынан 32 адамды (І-ші поток 15 адам, ІІ-ші поток 17 адам) оқу курстарынан өткізді.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап округ әкімінде «Е-Халық» бағдарламасы орнатылса, ағымдағы жылдың мамыр айында «Мемлекеттік органдардың интернет порталы» желісіде іске қосылды, жұмыс жасап тұр

Округ бойынша биылғы жылы мал ұрлығы тіркелген жоқ, 3 қылмыс тіркелді, 3-де ашылды. 9 ай ішінде әр түрлі ұсақ бұзақылықтар үшін 75 әкімшілік хаттама толтырылды.