«Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы үлгі ереже

1.       Жалпы ережелер

1. «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие, ауылдық округі әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық талдау, консультативтік және материалдық  техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігі қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс регламентіне,  өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Саралжын ауылдық округі әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі, Қарақамыс ауылы, Мұхит көшесі, №1

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

2.       «Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

12.   «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:

«Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

13.   Міндеттері:

Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітіуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің тарауына енгізеді;

тұрғын үй қорының құрылысы мен жөнделуін, жолдарды пайдалану мен күтіп ұстауды ұйымдастырады;

шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсетіп таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады; заңдарда  белгіленген тәртіпте нотариаттық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

мектепке дейінгі ұйымдарды, мәдениет және спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

елді-мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының Президенті мен  Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

жергілікті өзін-өзі басқару органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

жергілікті бюджетті бекіту кезінде мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;

көлікті және инженерлік инфрақұрылым обьектілерін пайдалануды ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде су пайдалану мәселелерін реттейді;

басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді.

 

14.  Құқықтары мен міндеттері:

жергілікті атқарушы органдардан, комитеттер мен басқармалардан қажетті ақпараттар алады, сондай ақ оларға орындауға міндетті тапсырмалар береді;

меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар,құжаттар, басқа да материалдар, округ әкімінің аппараты құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша  түсініктемелер сұратып алады;

мемлекеттік органдар қарамағындағы бар ақпараттық мәліметтер банкін пайдаланады;

округ әкімінің аппараты жүргізуге қатысты мәселелер жөнінде мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат хабар алмасады;

Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, облыс әкімі, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуына тексеру жүргізеді, анықталған  кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алады;

Аудан әкіміне ведомостволық бағыныстағы комитеттің, бөлім меңгерушілерін қызметтен босату, сондай-ақ оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

округ әкімінің тапсырмасы бойынша округтегі атқарушы органдар қызметкерлерін әкім аппаратының құзіретіне қатысты мәселелерді  шешуге қатысуға тартады;

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік органдардан қажетті материалдарды, хабарларды табыс ету жөніндегі талабы, егер оның орындалуының басқа мерзімі белгіленбесе, ол заңда белгіленген мерзімде орындалуға жатады;

 

 

3.       «Саралжын  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін  ұйымдастыру

15.   «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты аудан әкімі аппаратынан жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады;

16.   «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

 

4.       «Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  мүлкі

17.   «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де  көздер есебінен қалыптастырылады.

18.   «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

19.   Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,  «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқы жоқ.

 

 

5.       Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

20.   «Саралжын ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Ескертпе:* Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік орган, адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның қызметін ақпараттық талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгелей де қамтамасыз ететін мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орган, мемлекеттік атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган.


рисунокБисенғали  Қайыр  Бисенғалиұлы БҚО Қаратөбе ауданы Аққозы ауылында 1961 жылы 01 қараша күні туған. 1979 жылы М. Өтемісов атындағы Орал қалалық ЖОББ мектеп интернатын бітірді.
05.05.1980- 11.05.1982 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1982-1987 жылы Батыс - Қазақстан ауылшаруашылық институтын мамандығы зооинженер бітірген. 1987-1996 жылға дейін Саралжын совхозының ферма/№1бөлімше/ зоотехнигі , селекционер зотехнигі болып жұмыс жасаған. 1996 жылдың 1 сәуіріннен Саралжын селолық округі әкімшілігінің хатшысы, 1999 жылдың мамыр айыннан  бастап округ әкімінің маманы,  2002 жылдың ақпанынан бастап округ әкімінің бас маманы, 2013 жылдың мамыр айыннан бастап округ әкімі міндетін уақытша атқарушы болып 23 шілде 2013 жылға дейін жасап келді.

2013 жылы аудан әкімінің ұсынуымен 7 тамызда өткізілген ауыл әкімдерінің сайлауына қатысып, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауын тауып, Саралжын ауылдық округі әкімі болып 4 жылға сайланды.

рисунокОкруг халқының саны 1665 адам, 350 жанұяны құрайды. Округте 1 орта, 1 орталау негізгі мектеп, 1- ауылдық дәрігерлік емхана /амбулатория/,         1- Фельдшерлік пункт , 2 МДО , 2 кітапхана , учаскелік инспектор, мал дәрігерілік қызмет бөлімі , 2 әлеуметтік қызметкер , почта, байланыс, сумен , электр тарату жүйесі мекемелері бөлімшелері қызмет көрсетіп келеді. Сонымен қатар округте шағын кәсіпкерлік иелері 20 шаруа қожалықтарымен , 8 жеке кәсіпкер есепке тіркелген.

Жыл басынан бері 39 сәби дүниеге келіп, 7 адам дүниеден озса, 57/38/ адам есептен шығып, 30,/14/ адам есепке тіркелді. Сондай - ақ округ бойынша жасына байланысты зейнеткерлер саны- 147, І- топ мүгедегі-4, ІІ- топ мүгедегі- 18, ІІІ-топ мүгедегі-  25, бала жастан мүгедектер саны - 14 құрайды .

Көп бала тәрбиелеген Алтын алқа иегерлері- 39, күміс алқа иегерлері- 23 адам есепте тұр.

-  Біздің округтің салық базасына орай жоспарланған 830814 теңге жергілікті салықтар мен алымдардың 100 пайызы (жерге 29492 теңге, мүлікке 133875 теңге, көлікке 667447  теңге төленіп) орындалып, негізгі салық төлеушілер өз міндеттерін орындап келеді. Жылдық бюджет 12,547000тенге 12,540316,10 -99,95пайызгаорындалды.жоспардан қалган қаражат 6683,90тенге.

 

Мал шаруашылығы саласы бойынша

рисунокОкругтегі негізгі шаруашылық күнкөріс көзі саналатын мал шаруашылығы болса, бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының бағымында 3254 бас ірі қара (аналығы1133, 9216 бас   қой- ешкі/ оның ішінде қой 6658 ,3831 / саулық/ оның ішінде ешкі 2558бас , 1320  бас аналығы, 572 бас жылқы,оның ішінде 269 бас аналық, 26 бас түйе оның ішінде12 бас аналық  өсірілуде. Сонымен қатар  «Аманбол» және  «Жеңіс» шаруа қожалықтары ірі қара малын асылдандыру жұмысын қолға алып 4 асыл тұқымды бұқа алды.  Осы малдарды рисунок2013-2014 жылға мал қыстағын ұйымшылдықпен  өткізу үшін  6700 т сапалы мал азығы дайындалды. Ауыл тұрғындарына бір көлікті 20 мың теңгеден сату ұйымдастырылды. «Аманбол» шаруа қожалығы 3 млн 800 мың теңге 1 шөп тайлағыш және 14 бас мүйізді ірі қара малдарын сатып алды. Мал басын көбейту мен қатар мал тұқымын асылдандыру жұмысын қолға алынуда. Бұл бағытта облыс, аудан тарапынан қолдау көрсетіліп жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, ірі қара малдарды қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істеуде. Жыл ішінде қолдан ұрықтандырған мал саны 148 бас.

 

Білім саласы бойынша

рисунокОкругімізде Қарақамыс ауылында Б.Қаратаев атындағы жалпы орта білім беретін 1 мектеп және Сәуле ауылында 1 негізгі мектепте 58 мұғалім қызмет жасайды. Барлығы қазір 278 оқушы білім алуда, 2 мектепте компьютер техникасымен қамтамасыз етілген. Мектепке интернет жүйесі қосылып,  байланыс тұрақты жасап, бұл жетістікті оқушылар тұрақты пайдаланып  келеді.

Б.Қаратаев атындағы Саралжын орта жалпы білім беретін мектебінде   жаңа  2013-2014 оқу жылына әзірлік жұмыстары  біркелкі  жүргізілді.

рисунокБ.Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін   мектеп  жанынан ашылған «Балауса» жазғы демалыс лагері 4-маусым мен 12 -шілде аралығында жұмыс жасады. Биыл мектеп жанынан ашылған лагерьде 222 оқушы демалды. Сонымен қатар  Шалқар көлі жағасындағы «Балдәурен» лагерінде әртүрлі категорияға жататын 19 оқушы, соның ішінде ақылы - 7, әлеуметтік аз қамтылған - 6, көп балалы - 4, озат - 1, үлгілі - 1 оқушы демалып қайтты. «Жасыл желкен» шатырлы лагерінде 9 оқушы, Облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығында мектептегі іс шараларға белсенді қатысатын, облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегерлері болып жүрген  2 оқушы демалды. Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында  Облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығында және  Шалқар көлі жағасында демалу жоспарланып, Дарында Омаров Талғат  демалса, Шалқар көлі жағасында мектебіміздегі түзете дамыта оқыту сыныбында оқитын  5 оқушы жазғы демалыстарын қызықты өткізді.

Жақсыбай негізгі жалпы білім беретін мектебінде «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде 2 кезеңде 33 оқушы демалды. Мектептегі барлық педагогикалық қызметкерлер саны-17 мұғалім, тәрбиешілер-2адам, кіші қызметкерлер саны 15 адам,Оқушы саны -41,/жыл басында-44адам/, даярлық сыныпта-6, шағын орталықта-10 тәрбиеленуші, Ыстық тамақ ішетін бала саны-35оқушы,оның ішінде 1-4сыныпта-18,аз қамтылған 17оқушы.

2013 жылғы мектеп бітірген түлектердің 10- і ҰБТ- ға қатысып, қорытындысы бойынша ең жоғары 92 балл, ең төмені 57 балл болды. Орташа балл 71,20 аудан бойынша - 75,37 балл. Аудан мектептерінің арасында - 9 орында.

Сонымен қатар 1 - 4 сынып оқушылары -113 бала және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасынан 18 бала барлығы 131 баланы ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылды. Округ бойынша мектеп жанынан мектепке дейінгі балаларды тарту мақсатында 2 шағын орталық ашылып 2 мектептен 45 бала, мектеп алды даярлық тобында 29 бала, мектеп жатақханасында 11 бала тәрбиеленуде.

рисунокСаралжын селолық округіндегі «Айгөлек» МКҚК балалар бақшасы  Мақсаты: Жан -жақты дамыған балаларды 5 білім беру саласы бойынша оқытуда. Балабақшада 2-5 жас аралығында балаларрисунокқамтылған.Сыйымдылығы 30 орын.Қазіргі таңда 27 бала тәрбиленуде.6 педагог жұмыстануда. 5-педагог жоғарғы білімді, 1-педагог арнаулы орта. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша екі бағдарламамен жұмыс жасайды.І сәбилер тобы «Алғашқы қадам», ІІ- сәбилер тобы «Зерек бала» бағдарламаларымен  жұмыстанады.ІІ сәбилер тобында Ағылшын пәні оқытуда.

 

Денсаулық саласы бойынша

рисунокОкругте 2 денсаулық сақтау мекемесінде 1жоғары білімді, 7 арнаулы орта білімді мамандар қызмет көрсетеді. Аталған денсаулық сақтау мекемелеріне өз жұмыстарын атқаруға қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етілген.  2013 жылы жаңадан жоғары білімді дәрігер «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмысқа орналасты. Кадр мәселесі шешілген, жедел жәрдем көлігі жұмыс жасап тұр. Амбулаторяға тіркелген халық санының 1077 ересектер болса 0-17 жас аралығында 513, 1жасқа дейінгі балалар -39, босану жасындағы әйелдер саны-275, диспансерлік есепте тұратыны-304, оның ішінде балалар-102,жүкті әйелдер саны19, күндізгі стационар-5 орындық жұмыс жасаптұр,жыл бойына емделген науқастар саны-215, диспансерлік науқастар 92, үйден емделген науқастар саны 3адам.Дәрідәрмекпен жеткілікті мөлшерде  қамтамасыз етілген.

Сондай- ақ Сәуле елді мекеніндегі фельдшерлік пункті Алдағы уақытта Сәуле ауылындығы ФАП- тың жылу жүйесін ретке келтіру, ішкі жөндеу жұмыстары Газбен жылыту жүйесіне көшіру толық жоспарланды.

 

Мәдениет  саласы бойынша

Ауыл аймағында тұрғындарға мәдениет саласында 2 демалыс орталығы, 2 кітапхана қызмет көрсетеді. орталық МДО халық игілігіне  қызмет көрсетуде. Ауыл халқына қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар, мәдени көпшілік шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылуда. Өткен жылы ауылымызда барлық мерекелік шаралар жақсы дәрежеде аталып өтілді.

рисунокрисунок

 

Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша

рисунокЕлбасынан бастап, барлық деңгейде басшылардың алға қойып отырған тапсырмаларының бірі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Қоғам дамуында шағын және орта кәсіпкерліктің алатын орны ерекше. Біздерге ауыл әкімдеріне жергілікті жеріміз бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу, қажеттілікті басым салаларға халықты кеңінен тарту жөнінен тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеу, шағын және орта бизнес жобаларына нақты көмек көрсету міндеттелген.

Жеке  кәсіпкер А.Қартмағанбетова орталықтан 150 адамдық той сарайы мен дүкен құрылысын аяқтап халық игілігіне пайдалануға берілді.

рисунок

Аудандық кәсіпкерлерді қолдау қоры және аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы 2012 жылы несие серіктестігін құрған 12 адам 18 млн. теңге несие алып 10 - ы мал шаруашылығымен, 2-уі халыққа қызымет көрсету бағытында жұмыстануда.

рисунок

Кәсіпкерлікпен айналысу үшін несие алған ІІІ - топ мүгедегі Сүлейменов Батырбек «Әділ - Рай» моншасын салып қазіргі таңда халық игілігіне пайдалануда.

 

рисунок

2013жылы 4 адам 4,800000тенге несие алып 2013жылы мал шаруашылығымен  жұмыстануда. 22м,і,қ,малы,14ұсақ малын алды.

 

 

 

 

Ауылды көркейту және абаттандыру жөнінде

рисунокОрталық саябақты абаттандыру - су желісіне қосу жұмыстары жүргізілді. 1500 түп көшет егіліп суару жолға қойылды. Жалпы ауыл тазалығы  осы ауыл тұрғындарының, ауыл азаматтарының түсіністікпен қарап, бірлескен жұмысы арқасында біркелкі деңгейде сақталуда. Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша былтырғы  жылы әр үйдің тұрмыстық қалдықтар 390 тонна арнайы белгіленген полигонға шығарылды.

рисунокСондай- ақ ауыл ішін жарықтандыру мақсатында Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Республика бюджетінен 520,0мын теңге бөлініп, Е.Ғабдырахманов көшесіне  5 дана көше шамдары орнатылды.осы уақытқа дейін Мұхит көшесіне 10 дана, Б. Қаратаев, Ғ. Құрманғалиев, Р. Елешов көшелеріне 6 дана №1 аулыға 4 дана көше шамдары орнатылды. Қазір ауыл бойынша 28 шам көше шамдары жарық беріп тұр. Былтырғы жылы жарыққа бөлінген қаражат есебінен Сәуле елді мекені көшесіне 5 жерге көше шамдары ілінді. 

рисунокСумен қамту жүйесі «Таза рисуноксу» бағдарламасы аясында 64 млн. теңгеге 2005 жылы салынып қараша айынан халыққа қызмет көрсетіп келеді, Су мен қамту мекемесі - жалпы тұтынылған су көлемі 6093793куб/л, жеке тұрғындар пайдаланган болса, мекемелердің пайдаланған су көлемі 720486куб/л, жалпы көлемі су 6814261куб/л тиіс тісінше су құны 251880тенге жекелер, мен мекемелер 216145тенге мекемелер су пайдаланган, барлыгы 468025тенге болды.

 

рисунокБайланыс мекемесінде «Дама» спутниктік қондырғы негізінде 9 коды бойынша 80 телефон абоненті қызмет көрсетеді. Сәуле елді мекен тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 31 нүкте радио телефон жүйесі іске қосылып отыр.

Телехабар, «Отау» хабарын таратушы қондырғыны 98  дана алынып орнатылды.,  «Актив» ұялы байланыс жүйесі  мен «Билайн» ұялы байланыс жүйесі 2012ж. мамыр айынан қосылды, халық игілігін көруде, ауыл ішінде Қарақамыс көшелерінде толық ұстамайтын жерлерін қарап ретке келтірсе.

  рисунокрисунок

Облыс, аудан орталықтарымен қоғамдық көлік қатынасы жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, әкімшілік көліктер есебінен шешілген. Орал қаласынан бір КАВЗ автобусы мен Газель көлігі аптасына 4 күн қатынап тұр.

Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша

Елбасының әкімдерге жүктеген тапсырмалары жұмыссыздық пен кедейшілікпен күрес сияқты күрделі әлеуметтік мәселеден басталады. Ол түсініктіде. Өйткені қай елдің де дәулетті халқының әл- ауқаты мен тұрмыс деңгейіне қарай қалыптасады. Осыдан оның бүкіл әлемдік қауымдастықтағы орны айқындалады. Міне, осындай мемлекеттік маңызы бар зор әлеуметтік істің барысына тоқталатын болсақ бүгінгі таңда округ бойынша күн көріс төмен 5 отбасы, 18 адам кедейлер санатында есепте тұр. Олар 5 отбасы 607 мың 390 теңге көлемінде арнаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрестің саласының бір арнасы халықты әлеуметтік жағынан қорғау десек жыл басынан балалар жәрдемақысының 95 отбасынан 425 балаға   1 млн 170,332 теңге (18 жасқа дейінгі) көмек алды. Сонымен қатар 4 аз қамтылған отбасы  25,0 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегін алды. Кедей отбасыларын кедейшілікпен сауықтырудың тиімді жолы бірінші кезекте тұрақты жұмысқа орналастыруға, қоғамдық ақылы қызметке, маусымдық және уақытша жұмысқа тарту. Бұл орайда жұмыс жасайтын адамы жоқ отбасының 23  адамы  жұмысқа орналасып, жалпы жұмыссыз жүрген 19 адамға тұрақты жұмыстануына ықпал жасалды. Оның сыртында 124орынга 55 адам ақылы қоғамдық жұмысқа  тартылып ( 2 млн 313 мың 840 тенге ), 65 адам  маусымдық және уақытша жұмысқа, тартылды.

7 шаруақожалығы мен кәсіпкерлерге  15 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді /оларға 1,825,100тенге мемлекет қаражат бөлді . Округ бойынша жастар практикасына 21 адам (2млн855 мың  теңге) қатысса, 4- уі тұрақты жұмысқа орналасты.

Мүгедектердің жыл бойына жасалған жұмыстың барысы туралы хабарлама

Жалпы округ бойынша мүгедектер саны -  56

1 топ мүгедегі - 4

2 топ мүгедегі - 16

3 топ мүгедегі - 23

16 жасқа дейін мүгедек балалар - 13

Ортопедиялық құралмен бір адам қамтылды, атап айтар болсақ 1 ші топ мүгедегі Камен Аманқосқа ішкі және сыртқы мүгедектік арба берілді.

Қазіргі таңда гегиеналық құралмен 1 ші топ мүгедегі Камен Аманқос және БЖМ - 3 бала қамтылып отыр.

Кәсіпкерлікпен айналысу үшін несие алған ІІІ - топ мүгедегі Сүлейменов Батырбек «Әділ - Рай» моншасын салып қазіргі таңда халық игілігіне пайдалануда.

Жыл бойына ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған мүгедектер - 2 адам

Жыл бойына маусымдық жұмысқа тартылған мүгедектер - 10 адам

Жыл бойына әлеуметтік жұмысқа тартылған мүгедектер - 1 адам

Жыл бойына Саралжын селолық округі бойынша,барлық мекемелердің, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің демеушілік жасауымен, ;

-қариялар күнімен құрбанайтта ауылымыздың қарттары мен әже лерімізге, мүгедектер мен балажастан мүгедектерге  «Мадина» кафесінде айт мерекелік дастархан жасалып ас берілді ,  құрбан айт шалынды,

-жыл ішінде қайырымдылық көмек көрсетілген мүгедектер - 17 адам. 46500 теңге көлемінде.

Жаңа жылда үйде сырқаттанып жатқан қарттарымыз бен мүгедектерге, МАӘК алатын отбасы балаларына- 18 адамға жаңа жылдық сыйлық жасалды.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен 2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде 527555 / бесжүз жиырма жеті мың бес жүз елу бес / тенге көлемінде қаражат көшелерді жарықтандыру жайластыру жұмыстарын жүргізу үшін қаражат бөлініп толықтай игерілді.Қарақамыс елді мекені Е.Ғабдырахманов көшесіне 5 дана фонар орнатылды.

2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде 825000 /сегіз жүз жиырма бес мың/ тенге көлемінде қаражат  Сәуле елді  мекеніне Мал қорымымен қатты тұрмыс қалдықтарын төгетін полигонды жайластыру жөндеу, қоршау, ретке келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қаражат бөлініп толықтай игерілді.

 

рисунокАлты-Алаш қазаққа аты әйгілі, әнші, компазитор ақын Мұхиттың туған жері, Қарақамыста ескерткіші, ауылдан 5км Акбақай көлінің  жағасында мовзалейі /кесенесі/ орналасқан.

2006 жылы 22 қыркүйекте Мұхиттың 165 жылдығына орай Ақбақай қорымында әншінің кіндік қаны тамған және жерленген жері, бұрын қойылған ескеткішінің орнына «Орал Бас Жобалау» мекемесінің жобалаушысы Жасталап Ізбасаров жобасын даярлап соған сәйкес биіктігі 8 м, жалпы көлемі 36 шаршы метр болатын кесене орнатылып, баба рухына арналып ас берілді. Ақтаудың әк тасынан тұрғызылған шығыс үлгісіндегі кесене құрылысын Орал қаласының «СтандартКС Строй» ЖШС бастығы Мұрат Оңғарбеков Маңғыстаулық құрылыс шебері Ермұханбет Алиев жасап бітірді. Мемлекеттен құрылысқа 13 млн қаражат бөлінді.

рисунок