«Қоскөл ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы үлгі ереже

1.       Жалпы ережелер

1. «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие, ауылдық округі әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық талдау, консультативтік және материалдық  техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігі қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс регламентіне,  өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қоскөл ауылдық округі әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі, Қоскөл ауылы, Қаржауов көшесі, №38

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

 

2.  «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

12.   «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:

«Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

13.   Міндеттері:

Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітіуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің тарауына енгізеді;

тұрғын үй қорының құрылысы мен жөнделуін, жолдарды пайдалану мен күтіп ұстауды ұйымдастырады;

шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсетіп таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады; заңдарда  белгіленген тәртіпте нотариаттық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

мектепке дейінгі ұйымдарды, мәдениет және спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

елді-мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының Президенті мен  Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

жергілікті өзін-өзі басқару органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

жергілікті бюджетті бекіту кезінде мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;

көлікті және инженерлік инфрақұрылым обьектілерін пайдалануды ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде су пайдалану мәселелерін реттейді;

басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді.

 

14.  Құқықтары мен міндеттері:

жергілікті атқарушы органдардан, комитеттер мен басқармалардан қажетті ақпараттар алады, сондай ақ оларға орындауға міндетті тапсырмалар береді;

меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар,құжаттар, басқа да материалдар, округ әкімінің аппараты құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша  түсініктемелер сұратып алады;

мемлекеттік органдар қарамағындағы бар ақпараттық мәліметтер банкін пайдаланады;

округ әкімінің аппараты жүргізуге қатысты мәселелер жөнінде мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат хабар алмасады;

Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, облыс әкімі, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуына тексеру жүргізеді, анықталған  кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алады;

Аудан әкіміне ведомостволық бағыныстағы комитеттің, бөлім меңгерушілерін қызметтен босату, сондай-ақ оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

округ әкімінің тапсырмасы бойынша округтегі атқарушы органдар қызметкерлерін әкім аппаратының құзіретіне қатысты мәселелерді  шешуге қатысуға тартады;

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік органдардан қажетті материалдарды, хабарларды табыс ету жөніндегі талабы, егер оның орындалуының басқа мерзімі белгіленбесе, ол заңда белгіленген мерзімде орындалуға жатады;

 

 

3.       «Қоскөл  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін  ұйымдастыру

15.   «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты аудан әкімі аппаратынан жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады;

16.   «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

 

 

4.       «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  мүлкі

17.  «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де  көздер есебінен қалыптастырылады.

18.   «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

19.   Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,  «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқы жоқ.

 

5.       Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

20.   «Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Ескертпе:* Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік орган, адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның қызметін ақпараттық талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгелей де қамтамасыз ететін мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орган, мемлекеттік атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган. 

 
Қоскөл ауылдық округінің әкімі Жақсығалиев Берік Нұржанұлы 1963 жылы туған,білімі жоғары,мамандығы мал дәрігері.1985 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 2015 жылдың тамыз айына дейін Егіндікөл,Жусандыой,Қоскөл ауылдарында мал дәрігері мамандығы бойынша жұмыс жасады.
2015 жылдың тамыз айында аудан әкімінің ұсынуымен,аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен Қоскөл ауылдық округі әкімі болып сайланды.Жанұялы,екі қыз,бір ұлы бар.
Округ әкімі аппаратының штаттық кестесі 5 мемлекеттік қызметкер,2 техникалық қызметкер,3 әлеуметтік қызметкер,1 жастар жетекшісі,1 спорт маманы ,1 учаскелік полиция халыққа қызмет жасайды.
  

Қоскөл ауылдық округінің географиялық сипаттамасы

Қоскөл селолық округі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының солтүстігінде орналасқан.Жалпы жер көлемі 902,2 шаршы            шақырым.Оның   шабындық,  алқабы егістік жерлерге жатады.Тұрғын ұй саны 291,жалпы халық саны 1321 адам.Округте 2 елді мекен  орналасқан Қоскөл және Шалғын. Негізгі өнеркәсіп ауыл шаруашылық.Қазіргі таңда округте учаскілік амбулатория, жалпы білім беретін  орта мектеп, 25 орындық бала-бақша жұмыс жасайды.

рисунокОкруг әкімшілігі құрылғанға дейін Қоскөл селолық Советі, оның атқару комитеті жұмыс жасап келді.     1927 жылғы мәлімет бойынша   № 3 ауыл Қоскөл Советіне қараған. Сол кездегі төраға Жалдин   Айтқали болған. Қаратөбе ауданы болып құрылып, Советтер ірілендірілгенде Қоскөл селолық   Советінің атауы Каганович деп өзгертілген. 1957 жылы колхоздар жойылып, совхоздар құрылған   кезде ауылдық советтер де біріктіріліп ірілендірілген. Каганович с/советі жұмысын тоқтатып, ол   территориялар Егіндікөл с/советіне қосылады. 1967 жылы ғана Егіндікөл совхозының жаңадан   құрылуына байланысты, Қоскөл совхозының территориясына әкімшілік басшылық жасап, қамтуы үшін   Орал облыстық Советі атқару комитетінің 14 қыркүйек 1967 жылғы қарарымен Қоскөл селолық Советі   құрылған. Оның қарауына Қоскөл совхозы мен оның фермалары «Шалғын, Ханкөл» мен қыстақтары   енгізілген.

 

 

Ауылшаруашылығы саласы

Округте мал басының өз төлі есебінен өсуі байқалып, 2017 жылдың 01қаңтарында мал басының өсімі төмендегідей болып отыр: Ірі қара 2648 бас, оның сиыры 1166 бас; Қой ,ешкі 9025 бас, оның аналықтары 5010 бас; барлығы; Ешкі барлығы 1651бас, оның аналығы 1010 бас; Жылқы 213, оның биесі 85 бас, Құс 1657. Алынған төл 904 бұзау,3725 қозы,лақ,59 құлын.

Округте үш ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс жасайды.1-«Қоскөл07» 460 бас ірі қара аналығы 180 бас, «Шалғын»135 бас ірі қара,аналығы 56, «Қали»137 бас,аналығы 78 бас.

рисунок

 «Ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдауды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған» бағдарламасының қабылданғанына міне жыл  өтті. Осы бағдарламаның негізінде мемлекеттің шаруа қожалықтарына жасап отырған жеңілдіктерін айтар болсақ, 12-шаруа қожалығына (Ақбаз, Мөлдір,Жолымбет т.б.) асылдандыру бағытында, аналық басын сақтап отыруына  байланысты, мемлекеттен субсидия берілді. «Мөлдір»ш/қ асыл тұқымды статусын алып,2016 жылы асыл тұқымды 39 бас,2017ж 55 бұқа әрқайсын 350 мыңнан сатты. «Жолымбет» ш/қожалығы 120 бас асыл тұқымды қашар сатып алды.

  «Шалғын»а/ш кооперативі төрағасы Сарестек Бекежан бие сауып, қымызымен ауыл тұрғындарының алғысына ие болып отыр.

Шағын кәсіпкерлік бойынша екі кәсіпкер Орал қаласына жолаушы тасымалымен айналысса, 9 кәсіпкер заңды  тіркеліп, саудамен айналысуда. Округкте бір наубайхана мен бір шаштараз,тігінші жұмыс жасайды.   

  

 

                         Жаңадан «Зере» дүкені ашылды.

 

                                                                 

 

«Динара»тойханасы мен «Жанна»кафесі халыққа қызмет көрсетеді.

 

    

 

Білім беру саласы

рисунок

Биылғы 2017-2018 оқу жылында Қоскөл орта мектебі 133 оқушы, Шалғын негізгі мектебінде 42 оқушы білім алуда. Оларға Қоскөл орта мектебінде жоғары және арнаулы орта білімдері бар 35 мұғалім сабақ берсе, Шалғын негізгі мектебінде 15 мұғалім дәріс береді.

Округ орталығында 25 бұлдіршін типтік жүйеде салынған «Қарылғаш» балабақшасында тәрбиеленуде.Балабақша штаттық кестеге сай толықтай мамандармен қамтылған.

 

Денсаулық сақтау саласы

   Округте бір ауылдық дәрігерлік амбулатория мен бір фельдшерлік пунк бар. Олардың біреуі орталықта болса, екіншісі Шалғын елді мекенінде орналасқан. Денсаулық сақтау саласында бір жоғары білімді  бір дәрігер мен 5 арнаулы орта білімдідәрігер мамандар жұмыс жасайды. Бұл мекеме өздеріне қажетті құрал жабдықтар мен барынша қамтамасыз етілген. Уақытында есепте тұрған ауруларды емдеп, қажетті дәрі-дәрмектерін тегін үлестіріп беріп отырады. Басқа да вакцинацалау мен профилактикалық тексеру жұмыстары жұмыс жоспарына сай кезең кезеңімен жасалынып отырады. 

 

Мәдениет саласы 

Сырым 004-Округте бір мәдени демалыс орталығы мен бір клуб бар. Клуб, Шалғын елді мекенінде орналасқан. Өткен жылы ақылы қоғамдық жұмысқа сол елді мекеннің қолынан құрылыс салу келетін азаматтарын жұмысқа тартып, клубты күрделі жөндеуден өткізген болатынбыз. Бүгінгі таңда екі мәдени орындарда,  тұрғындарға мәдени қызмет көрсету істерімен айналысатын 5 қызметкер жасақталған жұмыс жоспарлары бойынша мәдени кештер, концерттік бағдарламалар, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруларымен қатар әртүрлі ақылы қызметтер көрсетумен айналысады.

      

Қоскөл ауылы өнерпаздарының «Қадір Мырза Әлі» атындағы мәдениет және өнер орталығындағы концерті.

 
 
 
 
 
 
 
 
1990 жылы Қоскөл ауылының орталығында орнатылған тарихи ескерткіш. Жауынгер бейнесінің биіктігі – 2,8 м. Мәрмәр тақталарға 162 ұрыс даласында қаза тауып, елге оралмаған жауынгерлердің есімдері жазылған.
 
            
 
 

2015 жылы Қоскөл, Шалғын ауылдарына көгілдір отын келді. Қоскөл ауылында 85, Шалғын ауылында 13 жанұя көгілдір отынды пайдаланып отыр. Биыл мектеп, ауырханаға көгілдір отын қосылады.

   

 
Заман талабына сай ауыл өмірінің өркендеуі !
 
Мемлекеттік «Таза су» бағдарламасы бойынша Қоскөл округінде тұщы су беру жұмысы жүргізілді.Қазіргі таңда ауылымызда 185- үйге ауыз су тартылды.
 

        

 

2011жылдан бері Қоскөл округінде «Билайн» байланысы іске қосылып ауыл тұрғындары толық байланыспен қамтылды және «Актив», wi-fi интернет жұйесі іске қосылды. 
 
 
 Қоскөл саябағындағы жаңадан салынған өрнек тас жол.

 

       

 

         Саябақтағы балалар ойнайтын алаң.         

 

 

 Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша салынған «Спорт алаңы».