«Қаракөл ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы үлгі ереже

1.       Жалпы ережелер

1. «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие, ауылдық округі әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық талдау, консультативтік және материалдық  техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігі қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс регламентіне,  өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қаракөл ауылдық округі әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі құылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылдық округі, Ақтай-сай ауылы, Қазақстан көшесі №5

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11.   «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

2.       «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

12.   «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:

«Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

13.   Міндеттері:

Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітіуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің тарауына енгізеді;

тұрғын үй қорының құрылысы мен жөнделуін, жолдарды пайдалану мен күтіп ұстауды ұйымдастырады;

шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсетіп таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады; заңдарда  белгіленген тәртіпте нотариаттық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

мектепке дейінгі ұйымдарды, мәдениет және спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

елді-мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының Президенті мен  Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

жергілікті өзін-өзі басқару органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

жергілікті бюджетті бекіту кезінде мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;

көлікті және инженерлік инфрақұрылым обьектілерін пайдалануды ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде су пайдалану мәселелерін реттейді;

басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

 

14.  Құқықтары мен міндеттері:

жергілікті атқарушы органдардан, комитеттер мен басқармалардан қажетті ақпараттар алады, сондай ақ оларға орындауға міндетті тапсырмалар береді;

меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар,құжаттар, басқа да материалдар, округ әкімінің аппараты құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша  түсініктемелер сұратып алады;

мемлекеттік органдар қарамағындағы бар ақпараттық мәліметтер банкін пайдаланады;

округ әкімінің аппараты жүргізуге қатысты мәселелер жөнінде мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат хабар алмасады;

Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, облыс әкімі, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуына тексеру жүргізеді, анықталған  кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алады;

Аудан әкіміне ведомостволық бағыныстағы комитеттің, бөлім меңгерушілерін қызметтен босату, сондай-ақ оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

округ әкімінің тапсырмасы бойынша округтегі атқарушы органдар қызметкерлерін әкім аппаратының құзіретіне қатысты мәселелерді  шешуге қатысуға тартады;

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік органдардан қажетті материалдарды, хабарларды табыс ету жөніндегі талабы, егер оның орындалуының басқа мерзімі белгіленбесе, ол заңда белгіленген мерзімде орындалуға жатады;

 

 

3.       «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін  ұйымдастыру

15.   «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты аудан әкімі аппаратынан жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады;

16.   «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

 

 

4. «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  мүлкі

17.   «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де  көздер есебінен қалыптастырылады.

18. «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

19.   Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,  «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқы жоқ.

 

 

5.       Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

20.   «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Ескертпе:* Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік орган, адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның қызметін ақпараттық талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгелей де қамтамасыз ететін мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орган, мемлекеттік атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган.


Қаракөл ауылдық округі туралы қысқаша мәлімет

Қаракөл ауылдық округі әкімі – Сахипов Нуржан Хамидуллиевич
Сахипов Нуржан Хамидуллиевич 1982 жылы 05 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген. Білімі - жоғары.Мамандығы - Инженер механик.
08.02.2006-13.06.2006 БҚО, Орал қаласы, «Орал - строй» ЖШС, арматурщик, 13.06.2006-21.10.2006 БҚО, Орал қаласы, «Орал - строй» ЖШС, слесарь-механик, 21.11.2007-08.02.2008 жылдары БҚО, Қаратөбе ауданы,Қоржын ауылы, Аққозы селолық округі әкімі аппаратының маманы, 08.02.2008-01.10.2009жылдары БҚО, Қаратөбе ауданы, Қоржын ауылы Аққозы селолық округі әкімі аппаратының маманы жетекші маманы, 01.10.2009-01.03.2010 жылдары БҚО, Қаратөбе ауданы,  Қаратөбе ауылы Аққозы селолық округі әкімі аппаратының маманы бас маманы, 01.03.2010-01.01.2011жылдары БҚО, Қаратөбе ауданы,  Қаратөбе ауылы ҚР АШМ АӨК МИК Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясының бас маман мемлекеттік инженер-инспекторы, 01.01.2011-18.07.2013 жылдары БҚО, Қаратөбе ауданы,  Қаратөбе ауылы ҚР АШМ АӨК МИК «Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің бас маман мемлекеттік техникалық инспекторы, 19.07.2013-01.08.2014 жылдары БҚО, Қаратөбе ауданы,Қаратөбе ауылы Аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің инженерлік инфрақұрылым жөніндегі бас маманы, 01.08.2014-10.10.2014 БҚО, Қаратөбе ауданы,  Қаратөбе ауылы«Қаратөбе ауданының жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-нің бас маман инженер-инспекторы, 10.10.2014-01.08.2015 жылдары БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы «Қаратөбе аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бас маман инженер-инспекторы, 01.08.2015-31.10.2016 жылдары БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы«Қаратөбе аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бас маман  инженер-инспекторы , 31.10.2016-23.12.2016 БҚО, Қаратөбе ауданы, Ақтай сай ауылы Қаракөл ауылдық округінің әкімі міндеттерін атқарушы,2016 жылдың 23 желтоқсандағы БҚО, Қаратөбе ауданы, Ақтай сай ауылы Қаракөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

Қаракөл селолық округі  әкімінің  бас маман қызметінде Гумаров рисунокрисунокГабиден Хайроллаұлы. 1960 жылы туған.  Білімі  жоғары,  мамандығы  инженер- құрылысшы.

Қаракөл селолық округі  ауданның оңтүстік-шығысында орналасқан. Орталығы Ақтай-сай ауылы.  Округ күн шығыс бетімен  Ақтөбе облысының Ойыл ауданы, Қараой ауылы, оңтүстік-батысында Аққозы селолық округі, батысында Қаратөбе  селолық округі, солтүстік өңірінде Егіндікөл селолық округімен шектеседі. Округтің аумағы 140881 га құрайды. Округте 3 елді мекен: Ақтай-сай, Алакөл, Қоскөл. Ақтай-сай ауылының іргесімен Қуағаш өзені ағып жатыр. Округ халқының саны 1053 адам, 263 жанұяны  құрайды. Округ орталығы облысқа 290 шақырым, ауданға 50 шақырым.   

рисунокрисунокҚаракөл орта жалпы білім беретін мектеп балабақшасында 102 оқушы білім алса,  30 - бала  балабақшада тәрбиеленеді, 14- бала  даярлық  сыныбында  оқиды.  21 мұғалім қызмет атқарады.

Сонымен бірге рисунококругте 1 мәдени-демалыс орталығы, 1  ауылдық клуб, 2 кітапхана, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 фелдьшерлік пункт  және «Ешкімде, ешқашанда ұмытылмайды» атты мәңгілік алау бар.

Округте 2 дүкен бар. Әлеуметтік жұмысқа - 17, ақылы қоғамдық қызметке - 27, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша несие серіктестігін құру барысында 1 серіктестік құрылып, 3 адам 3 млн несие алып өз шаруашылықтарын жүргізуде. 2013 жылы 2 азамат 3 млн теңге несие алып малдануда.

Ауыл шаруашылығы. Селолық округтің негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. Округтегі мал басы. Ірі қара - 1892 бас, соның ішінде сиыр - 739, қой мен ешкі - 3443, соның ішінде аналығы - 3060, жылқы - 226, оның аналығы - 88 бас. Округте 24 шаруа қожалығы  бар. Оның  ішінде  тұрақты мал шаруашылығын өсірумен  айналысып келеді. Соның ішінде:

1. «Аялан» шаруа қожалығы.  Жетекшісі: Рабаева Асель. 2013 жылы құрылған. Бүгінгі таңдағы мал басы  саны:  ірі қара - 97 бас, оның ішінде аналығы - 33 бас.

2. «Елдос» шаруа қожалығы. Жетекшісі Қойшекенов Ерболат. 2013 жылы құрылған. Мал басы: Ірі қара - 26 бас, оның  аналығы - 10, жылқы - 1, қой-ешкі - 58 бас.

3. «Әділетхан» шаруа қожалығы Жетекшісі Дүйсенғалиев Иса. Мал басы: Ірі қара - 62 бас, оның ішінде аналығы - 30 бас. Қой мен ешкі - 49.

4. «Орын» шаруа қожалығы Жетекшісі Шурменов Орын. Мал басы: Ірі қара - 42 бас, оның ішінде аналығы - 20 бас. Қой мен ешкі - 62. 

Білім беру: Қаракөл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының директоры Нарегеев Хамидолла -1951 ж.т., білімі жоғары, мамандығы тарих  пәні мұғалімі.  2007 жылдан бері Қаракөл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының директоры қызметін атқарып келеді.

рисунокрисунокМектеп ғимараты 1994 жылы 3  қабатты 624 орындық жаңа типтік ғимаратқа көшірілген. Күрделі жөндеу жұмысы 2009 жылы өтті.

Қазіргі кезде мектепте 102 оқушы 1 кезеңмен оқиды. Соның ішінде мектепке дейінгі даярлық - 1. Жаңа құрылғылармен қамтылған сыныптар -  химия, биология. 

рисунокрисунокКомпьютер саны - 20 дана, соның ішінде 1 компьютер интернетке қосылған. Оқулықпен қамтылуы -85 % 

Ұстаздар саны - 21, соның ішінде жоғары білімді 18, арнаулы орта білімді - 3, жоғарғы санатты мұғалім - 2, 1 санатты 5, 2 санатты - 5, санаты жоқ - 9. 

Қаракөл орта жалпы білім беретін мектебінің жанындағы балабақшасы, меңгерушісі Өтегенова Айсұлу Еңсепқызы-1974 жылы туған, білімі арнаулы орта. Балабақша 30 бала, орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 1 әдіскер, 3 тәрбиеші, 5 кіші қызметкер қызмет атқарады

  рисунокрисунок

Денсаулық сақтау: Ауылымызда ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Жетекшісі Хамидуллина Құндыз Төлеуғалиқызы - 1971 жылы туған. Білімі арнаулы орта, мамандығы фельдшер. Дәрігерлік амбулатория 2006 жылы күрделі жөндеуден өткен. Қазіргі таңда 1 фельдшер, 1 акушер және 6 кіші қызметкер қызмет жасайды.

рисунокрисунок 

рисунокМәдениет. Ақтай-сай  мәдениет  үйі  2010 жылы күрделі  жөндеуден өтті.   34 млн қаражат жұмсалып, Барлық қажетті құралдармен  қамтылды. Мәдениет үйінің менгерушісі Рамазанов Ерболат Ғазезұлы - 1963 жылы туған. Мәдениет үйінде 2011 жылдан бастап «Елім-ай» рисунокәжелер ансамблі құрылған. Мәдениет үйінде 3 мәдени қызметкер, 3 кіші қызметкер жұмыс жасайды. 

Қаракөл  селолық округтік кітапханасы, кітапханашы Байниязова Қаламқас Жарылғағанқызы, 1957 жылы туған, білімі арнаулы орта. №16 Ақтай орталық бөлімше  кітапханасы 1957 жылы 952 дана кітап қорымен ашылған. Бүгінгі таңда кітап қоры 12125 данаға жетті.

рисунокрисунок