Қаратөбе ауылдық округінде төрт елді мекен орналасқан. Қаратөбе – аудан орталығы және Шөптікөл, Соналы, Үшағаш елді мекендері. Округ бойынша жер көлемі – 118992 га. 

Есепті кезеңде халық саны 6033 адам. 6 ұлт өкілдерінен 34 адам тіркелген. Оның ішінде: ері - 3071 , әйелі - 2962 адам.. Бюджеттік қызметкерлер саны -1469  адам. Барлық елді мекенді қосқанда 1215 аула бар.
Қазіргі таңда 935 үйге газ кірген, ол 77 % құрайды. Газ кіргізу жұмысы тұрғындардың өтінішімен жалғаса береді.
Қаратөбеде     643 үй
Шөптікөлде    171 үй
Үшағашта       61 үй 
Соналыда        60 үй  

Ауыл шаруашылығы туралы:
1215 ауланың мал ұстайтыны 774 ол 64 % құрайды. 441 аулада малы жоқ.   Ауылдық  жерде экономикалық даму саласы  мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Есепті кезеңде округте :
Ірі-қара    4223 бас
Қой-ешкі 13632 бас
Жылқы    844 бас
Құс          2041 бас  мал тіркелген.



Салық түсіміне келетін болса. Тұрғындардан мүліктен – 510 700 теңге, жерден- 135 500 теңге және көліктен-4 787 800 теңге  салығы жиналды.
Мал азығын дайындауға 27 трактор 27 орақ қатынасып жоспарға сәйкес 24 000  тонна мал азығы дайындалды.
Округ бойынша 2016 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес ветеринариялық шаралар жоспар бойынша жүргізіліп, жыл бойына ауылшаруашылық малдарының аса қауыпты жұқпалы ауруларына қарсы Сібір жарасына 5998 бас ірі қара, 13520 бас қой-ешкі, 650 бас жылқы малдары вакцинамен егіліп берілген жоспар толығымен орындалды. Бруцеллез ауруына 7768 бас ірі қара және 1788 бас қой-ешкі малынан қан тұнбасы аудандық мал дәрігерлік зертханасында зерттелді.
Ауыл  шаруашылық малдарын бірдейлендіру бойынша 2016 жылы 1538 бас ірі-қара, 6180 бас қой-ешкі, 350 бас жылқы сырғаланып, компьютерге енгізілді.
Жыл бойына 115 бас бұралқы ит, 4 бас мысық жойылып, мүрделері мал моласына  апарылып өртелді.     
Округте  6 гектар алқапқа көкініс, бау-бақша егілді.
Мал шаруашылығы өнімдерінен: Ет-12048 ц, сүт-16924 ц, жүн-276 ц,жұмыртқа-368,4 мың дана өндірілді.
Үкіметтің қабылдап жатқан тиімді бағдарламалары шаруа қожалықтарының өрістеуіне қолдау болып отыр. 2016 жылы «Жайна», «Оңал», «Мақсат», «Нұрхат», «Әлібек», «Біләл», «Әлия» және «Әділет» шаруа қожалықтары  ірі қара және ұсақ малға селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында  жалпы соммасы 35 млн 132 мың теңге субъсидиялар алынды.
Қазіргі таңда Қаратөбе ауылдық  округі орталығынан  тұрғын үй құрылысын салуға жер  теліміне өтініш білдірген азаматтар: Қаратөбе ауылында-220, Шөптікөл ауылында -14 адам. Барлығы-234 азамат кезекте тұр. 2016 жылы Қаратөбе ауылындағы Маметова, Абай және Жұмақаев көшелеріне жеке тұрғын үй салушылардың сұранысын қамтамасыз ету үшін 87 учаскеге инженерлік-коммуникациялық желілері жүргізілді.                                                                            
2015 жылы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту 2011-2020 жылдарға» арналған  бағдарламасы шеңберінде Қаратөбе ауылы Құрманғазы көшесі №30 А ( 1 қабатты, 5  пәтерлі) тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп.(Газ жүйесі жүргізілді, шатыры  ауыстырылды, фасад, пластик терезе қондырылды).

Шағын кәсіпкерлік туралы
Округте 263 жеке кәсіпкер тіркелген. Елімізде шағын кәсіпкерлікті дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда «Жұмыспен қамту- жол картасы 2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша кәсіпкерлікті дамыту үшін 7 адам 15 млн 400 мың теңге көлемінде несие алды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін 2016 жылы  жеке кәсіпкер Бидагарин Рашит  темір бұйымдарын жасау цехын ашу үшін -837 мың теңге мемлекеттік грант ұтып алып, қазіргі таңда темір есік, темір қоршаулар т.б жасап жұмыстануда. Осы бағдарлама шеңберінде «Еркебұлан» ЖК жетекшісі Қонырова Саадатқан  4 млн 390 мың теңгеге 19 % - дың (10 % субъсидия) жеңілдікпен несиеге азық-түлік тауарларын тасу үшін Газель термобутка автокөлігін сатып алып кәсібімен айналысуда.

Білім саласы бойынша 
Округте 5 мектеп бар оның ішінде: 1-еуі мектеп гимназия, 3 –уі жалпы орта білім беретін мектеп, 1-уі негізгі орта білім беретін мектеп . Оңда 232  ұстаз еңбек етеді, 1073 оқушы оқиды. Осы мектептердегі оқушылардың 609-ы ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде 391 бала әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар қатарына жатады.
2015-2016 оқу жылдарында 82 бала  мектеп бітіріп, 80-і ҰБТ-ға қатысып олардан – 52  түлек жоғары оқу орындарына, - 28  түлек арнаулы орта оқу орындарында білім алып жатыр.
2015-2016 оқу жылына «Мектепке жол» акциясы шеңберінде округтегі көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасы және ата-ана қамқорлығынсыз қалған  216  балаға (оқушыға) 755 мың теңгеге көлемінде оқу-құралдарымен  мектеп киімі алынып қайырымдылық көмек көрсетілді.
Қаратөбе колледжіне – 139 студент білім алады, оның  9-сынып базасында-86 студент, 11-сынып базасында-53 студент, оларға 29 мұғалім, 6 мамандық бойынша білім береді:     
1. Аспазшы
2. Ауылшаруашылығы фермер
3. Электрдәнекерлеуші
4. Тігінші
5. Ағаш шебері (сылақшы)
6. Компьютер операторы.
40 оқушы тегін тамақпен қамтылған. 40 оқушы интернатта жатып білім алады. 
Мектепке дейінгі балалар аудан орталығында «Жазира» б/б- 92  бала, «Балдырған» б/б -141  бала және Шөптікөлде «Шұғыла» бала бақшасында -35 бала тәрбиеленуде. Бала бақшаларда тәрбиеленіп жатқан барлық бала саны- 268 .

      

Денсаулық саласы бойынша
Тұрғындардың денсаулығын сақтау медициналық көмек көрсету  бойынша денсаулық сақтау саласында 50 керуеттік 1 орталық аурухана, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік пункт жұмыс жасап келеді.
2016 жылы округ бойынша 132  сәби дүниеге келген (Қаратөбе-85, Шөптікөл-23, Үшағаш-12, Соналы-12 бала). 3176  адам флюрографиялық  байқаудан, (Қаратөбе-1985, Шөптікөл-573, Үшағаш-280, Соналы-338 адам) және 1557  адам жасына қарай скринингтік тексеруден өткізілді. (Қаратөбе-1298, Шөптікөл-122, Үшағаш-51, Соналы-86 ). Дүниеден озған адам саны – 33.

Мәдениет саласы бойынша.
 Округте 1 мәдениет үйі 3 ауылдық клуб бар.  Балалар шығармашылығын дамыту мақсатында 18 үйірме жұмыс жасайды, оған 235 оқушы  жастар тартылған. Осы мәдени ошақтарында  атаулы мерекелерде түрлі мәдени шаралар жоспарлы түрде өткізілуде.  1 орталықтандырылған, 1 балалар кітапханасы және 3 ауылдық кітапхана жұмыс істейді, ондағы кітап қорларының саны- 97 718. Оқырмандар саны- 4718.
Әлеуметтік қорғау саласы бойынша.
Округте бойынша 655 зейнеткер, 217 мүгедек адамдар тіркелген.
І топ – 25
ІІ топ -86
ІІІ топ -78
Бала жастан мүгедегі саны – 28
Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес 8 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен  қамтамасыз етіледі.
Мүгедектерді және мүгедек балаларды арнаулы әлеуметтік қызметпен қамту бағытында округ бойынша 6 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Оллар:1-еуі 6 мүгедек балаға, 3-еуі  он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 13 мүгедекке және 2 әлеуметтік қызметкер 8 жалғызілікті қарияға  қызмет көрсетеді. 2016 жылы округ бойынша 109  адам 3 млн 356 мың теңге көлемінде материалдық көмек алды. 
2016 жылы  Капустин Яр  және Азғыр полигондарынан  зардап шеккен 219 адамға 9млн 350мың 600 теңге жәрдемақы  төленді. 
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіптік оңалтылуы-жұмыспен қамтылуы назардан тыс қалмайды. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі жандар- 2 адам тұрақты, 2 адам уақытша  3 адам әлеуметтік жұмысқа орналасты.

Округ бойынша 98  адам АҚҚ-ке тартылып олар көше тазалығына, елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына жіберіліп 6 млн 537 мың 674 теңге  төленді.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қоғамдық жұмысқа тарту, әлеуметтік жұмыс орындарына  кәсіпкер, шаруа қожалықтарына жұмыстандыру, тұрақты жұмысқа орналастыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны жыл басындағы есеп бойынша 4 отбасы 11 адам болса, қазіргі таңда округте 2 отбасы 3 адам тіркеліп отыр. Оларға 254 мың 400 теңге атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы төленді. Қаратөбе ауылдық округі бойынша 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысына 169 отбасы, 447 балаға құжаттар тапсырып, 9 млн 231 мың теңге көлемінде балалар жәрдемақысы төленді.
21 отбасыға 675 мың 700 теңге тұрғын үй көмегі тағайындалды. Жастар практикасына 23 жас маман тартылса, әлеуметтік жұмыс орнына 25 жұмыссыз жіберілді, кәсіптік оқуға 20 адам жолданды.
Дипломмен ауылға  бағдарламасы бойынша 19 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 58 млн 067  мың теңге бюджеттен несие берілді және 20 маманға 2  млн 969 мың 400 теңге көтерме жәрдемақы төленді.
Округ бойынша 92 адам жұмысқа орналасқан, оның ішінде 58 тұрақты жұмысқа, жыл соңындағы жұмыссыздар саны 14 адамды құрайды. Жаңадан ашылған жұмыс орны 183.
2016 жылы ауылдық округ бойынша 1  анадан «Күміс алқа» орденіне құжат қабылданып тиісті орынға ұсынылған, нәтижесінде Қаратөбе ауылының тұрғыны Амангалиева Нургулге «Күміс алқа» ордені салтанатты түрде табысталды.

Ішкі саясат
Ел Тәуелсіздігінің 25  жылдығына орай 10 маусым күні Сулыкөл ауылдық округіне  «Бейбітшілік пен келісім» мега жоба эстафетасы табысталды. Бұл шараға ауыл ақсақалдары, зейнеткерлер, жастар және мәдениет қызметкерлері қатынасты.Шара барысында дөңгелек үстел және мәдени спорттық шаралар оздырылды.  
Наурыз айында аудан орталығындағы мекемелер округтегі аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз 53 отбасына 186 550 теңгеге наурыз қоржыны берілді.
«Құрбан айт» мерекесінде 35 отбасына еттей ізгілік көмек көрсетілді. 1 қазан қариялар күніне орай округтегі 141 қарияға қайырымдылық қорынан 500 мың теңгеге дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды.       

                                           

2016 жылы ауданды өткен маңызды мәдени шара ол халық композиторы, ақын, әнші Мұхит Мералыұлының туғанына 175 жыл толуына орай  дала қызықтары өткізіліп, киіз үйлер тігілді.Округ құрған киіз үйде: зейнеткерлер, шаруа қожалық жетекшілері, жеке кәсіпкерлер киіз үйге қабылданып  құрмет көрсетілді.
Қайырымдылық айы аясында округтегі жалғыз ілікті зейнеткер Ш.Капановаға мал азығынан «Әділет» шқ жетекшісі К.Күміспаева демеушілік көрсетсе, 2 топ мүгедегі Г.Хайдаровқа жеке кәсіпкер Н.Айташев және 3 топ мүгедегі Ж.Исмагуловаға «Әлия» шқ жетекшісі Утегалиева Алия отыннан көмек көрсетті.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында округімізде «25 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік тұрғыда әлсіз 20 отбасына «мерекелік қоржын таратылды, осы акция шеңберінде ауыл орталығында орналасқан саябаққа 50 түп алма және алмұрт ағаштары отырғызылды. Қазіргі таңда 100 түп алма ағаш егілген.                          
Шөптікөл ауылындағы мектеп ғимаратында 15 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай округ әкімшілігінде жұмыс жасап зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге және округтегі шаруа қожалық жетекшілерімен, кәсіпкерлерге алғыс хаттармен сыйлықтар табыс етіліп, мерекелік іс шаралар ұйымдастырылып өткізілді.  
28 желтоқсан күні 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі есепте тұрған 29 балаға жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді. Округ әкімінің ұйымдастыруымен Жаңа жыл қарсаңында аудан орталығындағы бюджеттік мекемелер 14    балалы  және аз қамтылған отбасы бааларына сыйлықтар таратып берді

  Спорт туралы.  Тұрғындардың, әсіресе жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында және халықтың   спорттық   белсенділігін  көтеру бағытында әр-түрлі жұмыстар атқарылуда. Округте 5 спорт зал, 1 жазғы футбол алаңы және денешынықтыру сауықтыру орталығы жұмыс жасайды. Аудан орталығындағы балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде 9 маман 312 оқушыны жаттықтырады. 2016 жылы Тәуелсіздік күніне орай өткізілген волейболдан аудан әкімінің кубогын Қаратөбе ауылдық округі командасы жеңіп алды. Қазақстан Республикасы абсолюттік чемпионы данқты палуан Еңсеп Доскалиевтің жүлдесі үшін қазақ күресінен  республикалық турнирі және т.б. спорт түрлерінен іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

 
 Сенбілік және абаттандыру  туралы.
Қаратөбе ауданы әкімінің 29 наурыз 2016 жылғы № 46 санды қаулысы бойынша 9 сәуір мен 9 мамырға дейінгі аралықта санитарлық айлық өткізу туралы қаулысына сәйкес Қаратөбе ауылдық округі бойынша мекемелер арасында 5 сенбілік ұйымдастырылып, бұның сыртында ауыл көшелерінің тазалығын сақтау мақсатында қосымша 3 сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді.
Сенбілікте ауыл ішіндегі  көшелерге, автожол жиектері, Қалдығайты өзені жағалаулары әр түрлі күл-қөқыс заттардан тазартылды. Сонымен қатар ауыл орталығындағы саябақтарға тазалау жұмыстары жүргізіліп, «Бүкіл Қазақстандық  орман отырғызу күні»  акциясы кезінде 750 түп жас ағаш көшеттері  отырғызылды.
Округ бойынша тазалық айлығы жарияланғаннан бері  өткізілген  сенбілікке 2274 адам (мекеме қызметкерлері , оқушылар) және 26-ға жуық әр түрлі техникалар қатысты.  Арнайы белгіленген қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) төгетін полигонға 3471 тонна күл-қөқыс шығарылып және орталық алаңды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Өңірлерді дамыту  бағдарламасы бойынша 7001,0 мың теңге қаражат қаралып Соналы, Үшағаш , Шөптікөл, Қаратөбе елді мекендеріне балалар спорттық ойын алаңдарын «Workout Street» салынып, Қаратөбе ауылы орталық көшелеріндегі  тозығы жеткен көше шамдары электр қуатын үнемдегіш 102 фонармен ауыстырылды.
Үкіметтің арнайы резервінен қарастырылған 13130,0 мың қаражатқа ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттар) дайындалып, Құрманғалиевпен Мұхит көшелерінде жаяу жүргінші жолы төселінді.
Көшелерді жарықтандыру және абаттандыру бағдарламасы бойынша  6 млн теңге қаражат қаралды. Орталық алаңға гүлдер сатып алынып отырғызылды. Саябақ және С.Датұлы көшесіне ағаш көшеттері егілді. Көшелердегі баннерлер жаңартылып ауыстырылды. " Қаратөбе " белгісі жаңартылды. Гүл қоятын арка жасалып орнатылды. Көше орталығындағы бағаналар және саябақтардың қоршаулары сырланды. Мұхит Мералыұлының 175 жылдығы қарсаңына киіз үй сатып алынды,  210 мың теңгеге ауыл кіре берісіне домбыра ескерткіш орнатылды. Мұхит көшесі бойына автобус аялдамасы салынды.


«Қаратөбе ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы үлгі ереже

1.Жалпы ережелер 

1. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға тәрбиесіне ие, ауылдық округі әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық талдау,консультативтік және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігі қаулыларына, аудан әкімінің шашімдері мен өкімдеріне, ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс регламентіне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар

6. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қаратөбе ауылдық  округі әкімі аппараты басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе  ауылы, Мұхит көшесі №6

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

 

2. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

12. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы;    

«Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

13. Міндеттері: Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданылады;

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті 3)Мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің тарауына енгізеді;

Тұрғын үй қорының құрылысы мен жөнделуін, жолдарды пайдалану мен күтіп ұстауды ұйымдастырады;

Шаруа (ферма) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды  

Қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті Қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуды ұйымдастырады;

Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

Мектепке дейінгі ұйымдарды, мәдениет және спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.

азаматтар мен заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасы Конституциялық заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

Өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; заңдарда белгіленген тәртіпте нотариаттық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

Жергілікті өзін-өзі басқару органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

Шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

Жергілікті бюджетті бекіту кезінде сессияларының жұмысына қатысады;

Көлікті және инженерлік инфрақұрылым объектілерін пайдалануды ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде су пайдалану мәселелерін реттейді;

басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді.

 

14. Құқықтары мен міндеттері:

 Жергілікті атқарушы органдардан, комитеттер мен басқармалардан қажетті ақпараттар алады, сондай-ақ оларға орындауға міндетті тапсырмалар береді;

 Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар, баска да материалдар, округ әкімінің аппараты құзіретіне қатысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратып алады;

 Мемлекеттік органдар қарамағындағы бар ақпараттық мәліметтер банкін пайдаланады;

 Округ әкімінің аппараты жүргізуге қатысты мәселелер жөнінде мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат хабар алмасады;

 Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, облыс әкімі, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуына тексеру жүргізеді, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алады;

  Аудан әкіміне ведомостволық бағыныстағы комитеттің бөлім меңгерушілерін қызметтен босату, сондай-ақ оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

  Округ әкімінің тапсырмасы бойынша округтегі атқарушы органдар қызметкерлерін әкім аппаратының құзіретіне қатысты мәселелерді шешуге қатысуға тартады.

  Округ әкімі аппаратының мемлекеттік органдардан қажетті материалдарды хабарларды табыс ету жөніндегі талабы, егер оның орындалуының басқа мерзімі белгіленбесе ол заңда белгіленген мерзімде орындалуға жатады.

 

3. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру

 

15. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі басшылықты Аудан әкімі аппаратынан жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

16. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  басшысын қызметке Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындайды және қызметтен босатады.

 

4.  «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

17. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

18.«Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

19. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

20. «Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Ескерпе:* Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік орган, Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгелей де қамтамасыз ететін мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган,мемлекеттік атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган.   

рисунокҚаратөбе ауылдық округі әкімі - Қайырғалиев Ғалымгерей Қажыгерейұлы 1960 жылы 15 ақпанда Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосында дүниге келген.1977 жылы Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектебін бітіріп, сол жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагокикалық институтының жаратылыстану факультетіне жоғары оқу орнына түскен.1983 жылы аталған институтты бітіріп Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы орта мектепте мұғалім, кейін 1985 жылдан 1987 жыл аралығында осы мектептің бастауыш класстар жөніндегі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары.1989 жылдан Мұхит орта мектебінін директоры қызметін атқарса, 1993-2000 жылдары аралығында аудандық ДОСААФ тың төрағасы.2000-2004 жылдары аралығында аудандық Мәдениет бөлімінің меңгерушісі.2005-2009 жылдары аралығында дейін Шөптікөл селолық округінің әкімі қызметінде, қазіргі уақытта Қаратөбе селолық округі әкімі қызметін атқарып келеді.

                                                                               

           

Каратоба жанадан

 

 Қаратөбе селолық округі 1928 жылы құрылған Қазіргі таңда округте 5871 халық тұрады.2013 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда 2,1%-ға өсіп отыр.Округтің жер көлемі 118992 га Қаратөбе ауылы және Шөптікөл, Соналы, Үшағаш елді-мекендері бойынша 1176 аула құрап отыр.Жоғарыда аталған елді-мекендерге көгілдір отын желісі іске қосылып, тұрғындар игілігіне пайдалануда.Бүгінгі күні 782 үйге газ кірген, ол 66,5% құрайды.Газ кіргізу жұмысы тұрғындардың өтінішімен әліде жүргізілуде.

Қаратөбеде 535 үй

Шөптікөлде 145 үй

Соналы-57.

Үшағаш-45 үй газбен қамтылған.

Мал шаруашылығы

КХ Кайрат  1176 ауладан мал    ұстайтыны-741 аула 63% құрайды.435 аулада малы жоқ.Ауылдық жерде экономикалық даму саласы мал шаруашылығымен тығыз байланысты.Есепті кезеңде округте:

Ірі-қара малы 4535 бас 

Қой-ешкі 11970 бас 

Жылқы 581 бас

Түйе 2

Құс 2748

2013 жылдың 1 тамызындағы мәліметпен салыстыратын болсақ Ірі-қара, жылқы, қой-ешкі малдарының төмендеуі байқалады.Ауылымыздың экономикалық даму саласы мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан қаражат көзі рисуноктөрт түлік малды  етке тапсырады. Округ бойынша 2013 жылы 10096 центнер жалпы мал өнімі етке тапсырылды.

Үкіметтің қабылдап жатқан тиімді бағдарламалары шаруа қожалықтардың өрістеуіне қолдау болып отыр.Атап айтқанда:Сыбаға бағдарламасы арқылы 2012 жылы «Үкібай» Ш.Қ несие алса, 2013 жылы «Мақанов» Ш.Қ несие алып қожалықтарын кеңейтуде.2013 жылы  «Мақанов», «Оңал», «Ай», «Үкібай», «Алия» шаруа қожалықтары жалпы соммасы 8 млн 458 мың  теңге субъсидия  алды.

 

 

Кәсіпкерлік

рисунокСоңғы жылдары біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, тұрақты қолдау көрсетіліп келеді.

Атап айтқанда «Жол картасы», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларының қабылдануы Елбасының  тапсырмасымен халықты,еңбекке жарамды адамдардың жұмыспен қамтылуы басты назарда болып отыр.Осы жобаларды жүзеге асыру барысында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша 14 адам кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 21 млн 800 мың шағын несие алып жұмыстар жүргізілуде.Атап айтар болсақ: жылыжай, тойхана, жиһаз жасау цехы, ауылшаруашылық техникасын жөндеу шеберханасы, мал өсіру т.б. жұмыстары басталып іске аспақ.

2013 жылы  жеке кәсіпкер Б.Орынбасаров аудан орталығынан «Дархан» кафесін  ашты.Қазіргі таңда халық игілігіне қызмет көрсетуде.

Мәдениет және спорт

рисунок

Мектеп гимназия жанынан баскетбол және шағын футбол ойындары үшін пайдалануға лайықтандырылған теннис кортінін құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

«Қаратөбе съезі» деген атпен белгілі болған Орал қазақтарының 1918 жылығы 18 ақпанда үшінші съезі өткен орынға орнатылған ескерткіш тақта орнатылып айналасы қоршалды.Оған шырша ағаштары егіліп, төсеніш тастар (брусчатка) төселіп,орындықтар қойылды.

 

 

 

рисунок

 

 

 

Тұрғын үй құрылысы

рисунокҚаратөбе селолық  округі  бойынша  Қаратөбе ауылы орталығында 2013 жылы құрылыс жұмыстары басталған бір пәтерлі 710 ш.м  тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары Тәуелсіздік күні қарсаңында аяқталып пайдалануға берілді, және  жеке  2 бір пәтерлі 204 ш.м тұрғын үй салынып  пайдалануға берілді.

 

 

 

 

 

 

 

2013 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес ветеринарлық шаралар уақытында орындалуда.Осы кезге дейін ауылшаруашылық малдарының аса қауіпті жұқпалы аурулары  сібір жарасына қарсы:

Ірі-қара 7500 бас

Қой-ешкі 15000 бас

Бруцелез ауруына 4810 ірі-қара малынан қан тұнбасы алынып зерттелді, зерттеу қорытындысы бойынша 17 бас ауру екені анықталып, ауру малдар дер кезінде етке тапсыру арқылы жойылды.

Қой-ешкі малынан 15703 бас бруцеллезге зерттеліп ауруға шыққан 67 бас қой малы жойылып мүрделері мал моласына салынып өртелді.

Ақпан, наурыз айларында жергілікті бюджеттен 220 мың теңге бөлініп 259 бас бұралқы ит жойылып мүрделері мал моласына апарылып өртелді.

Қаратөбе ауылы орталығында ірі-қара малын қолдан ұрықтандыру қосыны 1-сәуірден бастап жұмыстанып ауыл тұрғындарының 265 бас аналық сиыр малы қолдан ұрықтандырылды.Округ бойынша мал азығын дайындауға 19 трактор, 47 орақ қатынасып 13000 тонна мал азығы дайындалды.

Ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру жұмысы бүгінгі таңда 2067 бас ірі-қара малына, 4903 бас қой,ешкі малына сырға салынды.

Қозы, лаққа бірдейлендіру жұмысы жылдың аяғына дейін жүргізілді. (2011 жылдан бастап салынған сырғаның бережақ қаражаты:

Барлығы-56000 теңге

Селолық округ бойынша 49 адам 1млн 145 мың 200 теңге теңге көлемінде материалдық көмек алды.

252 отбасы 595 балаға 8 млн 488 мың 500 теңгенің балалар жәрдемақысы төленді.

Ақылы қоғамдық қызметке 134 адам тартылып, олар көше тазалығына, абаттандыру жұмыстарына жіберілді.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын қоғамдық жұмысқа тарту, әлеуметтік жұмыс орындарына кәсіпкер, шаруа қожалықтарына жұмыстандыру, тұрақты жұмысқа орналастыру арқылы АӘК алатын отбасылар саны төмендеп, қазіргі таңда округте 6 отбасы 25 адам тіркеліп отыр.

Жыл сайын үкімет тарапынан кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына қолдау көрсету және жұмыссыздықты азайту мақсатында жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмысқа 49 адам тартылып жұмыстандырылды.

Кәсіптік оқуға 9 адам жіберіліп,

Жастар практикасына 42 адам тартылды.

Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша 36 жас маман жұмысқа орналасып,оның 16 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 39 млн 254 мың теңге бюджеттен несие берілді және 36 маманға 4 млн 362 мың 120 теңге көтерме жәрдемақысы төленді.

Барлығы 28 отбасына 181400 теңге тұрғын үй көмегі берілді.

Округ бойынша 581 зейнеткер 211 мүгедек адамдар тіркелген.

I топ -18

II топ-99

III топ-71

Бала жастан мүгедегі 23.

Мүгедек балаларға үкіметтен қаралған арнаулы жәрдемақылар уақытылы төленуде.Әлеуметтік қызметкермен қамтылған бала-9, үйден оқитыны-8.

Осы балаларға 1 маусым халықаралық балалрды қорғау күніне орай шаруа қожалық жетекшілері, кәсіпкерлер демеушілік жасап әлеуметтік қызметкерлердің ұйымдастыруларымен түрлі іс-шаралар оздырылып келеді.

Капустин-яр және Азғыр полигондарынан зардап шеккен 230 адамға 7 млн 358 мың 330 теңге жәрдемақы төленді.

«Ақжайық» емдеу-сауықтыру шипажайында I-ші, II-ші, III-ші топ мүгедектері  және зейнеткерлерден 24 адам емделіп демалып қайтты.

Округте 10 жалғызілікті қариялар бар.Осы адамдарды әлеуметтік қызметкерлер уақытылы жағдайларын біліп, үйлерінің айналасының тазалығын, мал азығын жинастыруға мүмкіндігіне қарай қажетті көмек көрсетілуде.

Күнкөрісі төмен отбасылары үнемі округ әкімі назарында болып ізгілік көмектер көрсетіліп тұрады.Оларға жаңа-жылда,  наурызда  наурыз қоржыны  ,мейірбандық күндері және құрбан айтта  жалпы саны 58 отбасына ізгілік көмектер көрсетілді.Сонымен қатар шаруа қожалық жетекшілері, кәсіпкерлер  қол ұшын беріп тұрды.Атап айтар болсақ жеке кәсіпкерлер Аюпов Е, Мусаева Г, Жұмағалиев Б,Тасқалиев К, Шұқанов Б,Мұханов О,Орынбасаров Б ,Жұмаев Н, Гизатуллин М жыл сайын өз үлестерін қосып отырады.

рисунокҚайырымдылық айында 1 қазан қариялар күніне орай қайырымдылық қорынан «Дархан» кафесінде   101  қарияға 33120 теңгенің дастархан мәзірі ұсынылып сыйлықтар табысталды.Оған округтегі ҰОС ардагері және 1917-1938 жылы туған қариялар шақырылып қатысты.

Үстіміздегі жылдың 15 тамыз күні, аудан орталығында аймақтық жастар форумы оздырылды.Осы форумда округтің белсенді жастарынан құралған делегаттар қатынасып.Форумда қозғалған тақырыптар бойынша  жастарымыз  жүлделі орындарды иемденді.Форум аясында оздырылған түрлі акцияларда жастар өз ойын қосып белсенділік таныта білді.

рисунок2013 жылы селолық округ бойынша анадан «Алтын алқа» орденіне  құжат қабылданып тиісті орынға ұсынылды. Бір адамға «Алтын алқа»  салтанатты түрде табысталды.

Округте орта жалпы білім беретін 4 мектеп оның ішінде 1 мектеп гимназия және жалпы негізгі білім беретін 1 мектеп бар.Онда 224 ұстаз еңбек етеді, 1136 бала оқиды.

3 бала бақшада 345 бүлдіршін бар, мектеп жанындағы шағын орталықтарда 92 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Оларға барлық жағдай жасалған.

Мәдени сала бойынша

Округте 1 мәдениет үйі 3 ауылдық клубтар бар.Онда атаулы мейрамдарда түрлі мәдени шаралар жоспарлы түрде өткізілуде және аудан орталығында 1 орталықтандырылған  және  3ауылдық кітапхана жұмыс істейді.Аудан  мекемелері қызметкерлері және шаруа қожалық жетекшілері, кәсіпкерлердің демеушілігімен  «мектепке жол» акциясында селолық округтің  аз қамтылған 253 баласына, 1 млн 033 мың 890 теңгеге оқу құралдары салынған сөмке берілді.2013 жылы 6 маусым Астана күніне , 30 тамыз Конститутция күніне, 1 желтоқсан тұңғыш президент күніне және 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне   орай аудан орталығында төрт рет ауыл шаруашылығы жәрменкесі өтті.Жәрменкеге шаруа қожалықтар және кәсіпкерлер ауыл шаруашылық өнімдерін халыққа ұсынды. 

Тұрғын үйге қосымша бөлме жалғау (пристройка) салу Қаратөбе ауылы 52, Шөптікөл ауылы 54, Үшағаш 5, Соналы 5 барлығы: 116.

«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту 2011-2020» бағдарламасы бойынша ауыл орталығындағы Құрманғалиев көшесіндегі 2-қабатты көп пәтерлі  бір тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді.( Шатыры ауыстырылды, терезе, сыртқы есіктері, газ қосылды). Осы бағдарлама бойынша тағы 1 кондоминиумге жататын 1 көп пәтерлі үйдің жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталып, сараптамаға жіберілді. Тұрғын үй салу үшін жер телімін сұраған жеке тұрғындардан 193 өтініш болса, соның ішінде  164 аудан орталығынан,  29 Шөптікөл ауылынан.

Аудан орталығынан 22 үйге инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізілді. Жалпы ұзындығы 141 шаршы метр. Сметалық құны 12 млн 317 мың теңге.

рисунок2013 жылы елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 5 млн 944 мың теңге қаражат қаралған. Осы қаражатқа бүгінгі таңда ауыл ішін абаттандыруға байланысты бильбордтар жаңартылды, бағаналарға кермелер және жалаушалар ілінді, саябақтар қоршаулары, бағаналар көктемгі және жазғы кезде екі рет сырланып, Мәңгілік алау іші жай жөндеуден өтті, көше шамдарына қажетті болшектер алынды. Жаңадан  45 бағанаға көше шамдары ілініп, кабель тартылып тиісті жәшіктер қондырылды. Бүгінгі таңда ауылды түнгілік  жарықтандырып тұрған 280 көше шамдары бар.

  

 

 

рисунок