Л А У А З Ы М Д Ы Қ     Н Ұ С Қ А У Л Ы Қ

 

Мемлекеттік орган            _______________________________________         

Лауазымның толық атауы ______________________________________

1. Лауазым туралы мәлімет:

1.1 Бөлім (бөлімше)          _____________________________;

1.2 Селолық округ әкімі аудан әкіміне бағынады және бұйрықтар, жұмыстық нұсқаулықтар алады;

1.3 Селолық округ әкімі мамандарына тапсырма және әдістемелік нұсқаулықтар береді;

1.4 Бұл лауазымды атқарушы ____________________________ауыстырады;

1.5 Бұл лауазымды атқарушыны селолық округтің бас маманы ауыстырады;

1.6 Селолық округ әкімі атқарып жүрген лауазымына аудан әкімінің өкімімен тағайындалады және босатылады;

1.7 Селолық округ әкімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, жоғары тұрған үкімет пен басқару органдары құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық органдармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен жұмыстарды ұйымдастыру, ішкі еңбек тәртібі ережелерімен осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады;

2. Округ әкімі төмендегідей негізгі міндеттерді орындайды:

ҚР Президентінің Жарлықтары мен Үкімет қаулыларының, облыс, аудан әкімдігі қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, жоғары орындардан келген қатынас қағаздардың округте орындалуына бақылау жасау;

Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарына және округтегі құрылыс жұмыстарына бақылау жасау;

Ауыл шаруашылығы жөніндегі құжаттарының орындалуына бақылау жасау;

Мал шаруашылығы саласында асылдандыру жұмыстары, шағын және орта бизнесті дамыту, абаттандыру мәселелерінің орындалуын жүзеге асыру;

Аймақтық саясат, салық саясаты, ішкі саясат, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спортты дамыту жөніндегі облыстық, аудандық бағдарламаларды іске асыру, тілді дамыту, мемлекеттік жастар саясаты, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік әріптестік, нашақорлықтың алдын алу және күресу, әскери - жұмылдыру және қорғаныс, округ әкімі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі мәселелері орындалуын жүзеге асыру;

Округ бюджетін қалыптастыру және оның орындалуын бақылау;

Округ бойынша ұзақ, орташа және қысқа мерзімді әлеуметтік экономикалық болжамдар жасақтау;

Округтің қаржы саласындағы және әлеуметтік сала жөніндегі құжаттарының орындалуына бақылау жасау;

Округ бюджетінің орындалуын және жұмсалуын қадағалау;

ҚР Президентінің жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес бағдарламасының орындалуына бақылау және мәліметтер беріп отыру;

Ақпарат насихат жұмыстарын ұйымдастыру;

Әлеуметтік жағдайы нашар жанұяларға қайырымдылық көмектер, жағдайын көтеруге қаржылай несие беруді ұйымдастыру;

Сайлаушылардың тізімін тиянақтап, ай сайын кіріс-шығыс есебін бақылау;

Азаматтардың өтініштерін, арыз-шағымдарын және үндеулерін қарау, азаматтарыдң құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану;

Округтегі діни ағымдық көзқарасты қадағалау;

3. Селолық округі әкімінің мыналарға құқығы бар:

Өз өкілеттігі шегінде бюджеттік саладағы ұйымдармен т.б мекемелермен қарым - қатынас жасауға;

Округтегі бюджеттік саладағы мекемелерден өз мәселелеріңіз бойынша хабарламалар сұратуға және алуға;

Округтегі жұмыстар жөнінде тиісті шаралар алуға;

Округ әкімінің және әкім аппараты қызметкерлерінің жұмысын жоспарлауға;

4. Өздігінен төмендегі мәселелерді шешуге:

Округ әкімінің және әкім аппараты қызметкерлерінің жұмысын жоспарлауға;

Округ әкімі аппаратының жұмысына қатысты құжаттарға қол қоюға;

Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша округ әкімі аппараты құзыреті шегінде басқа да қажетті өкілдіктерді жүзеге асыруға;

5. Бұл лауазымда Сіз:

Өзіңіздің лауазымдық міндеттемелеріңізді уақтылы және сапалы атқаруға;

Бақылауда тұрған құжаттардың орындалуына;

Жоғары тұрған органдарға жіберілетін мәліметтердің уақытында берілуіне жауап бересіз;

6.  Сіздің жұмысыңызды тікелей басшыңыз келесі көрсеткіштер негізінде бағалайды:

Жасалған жұмыстардың орындалу дәрежесімен;

Бақылауда тұрған құжаттардың орындалуымен;

Іс-қағаздардың дұрыс жүргізілуімен;

Мәліметтердің уақытында дұрыс және сапалы берілуімен;

Округтің әлеуметтік-экономикалық тұрмыс жағдайының дамуымен;