«Аққозы ауылдық  округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы үлгі ереже

1.       Жалпы ережелер 

1. «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие, ауылдық округі әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық талдау, консультативтік және материалдық  техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігі қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс регламентіне,  өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аққозы ауылдық округі әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі, Қоржын ауылы, Т.Шамғонов көшесі, №1

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Қаратөбе ауданының Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

 

2.       «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

12.   «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:

«Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

13.   Міндеттері:

Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітіуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің тарауына енгізеді;

тұрғын үй қорының құрылысы мен жөнделуін, жолдарды пайдалану мен күтіп ұстауды ұйымдастырады;

шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсетіп таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады; заңдарда  белгіленген тәртіпте нотариаттық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

мектепке дейінгі ұйымдарды, мәдениет және спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

елді-мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының Президенті мен  Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

жергілікті өзін-өзі басқару органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

жергілікті бюджетті бекіту кезінде мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;

көлікті және инженерлік инфрақұрылым обьектілерін пайдалануды ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде су пайдалану мәселелерін реттейді;

басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді.

 

14.  Құқықтары мен міндеттері:

жергілікті атқарушы органдардан, комитеттер мен басқармалардан қажетті ақпараттар алады, сондай ақ оларға орындауға міндетті тапсырмалар береді;

меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар,құжаттар, басқа да материалдар, округ әкімінің аппараты құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша  түсініктемелер сұратып алады;

мемлекеттік органдар қарамағындағы бар ақпараттық мәліметтер банкін пайдаланады;

округ әкімінің аппараты жүргізуге қатысты мәселелер жөнінде мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат хабар алмасады;

Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, облыс әкімі, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуына тексеру жүргізеді, анықталған  кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алады;

Аудан әкіміне ведомостволық бағыныстағы комитеттің, бөлім меңгерушілерін қызметтен босату, сондай-ақ оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

округ әкімінің тапсырмасы бойынша округтегі атқарушы органдар қызметкерлерін әкім аппаратының құзіретіне қатысты мәселелерді  шешуге қатысуға тартады;

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік органдардан қажетті материалдарды, хабарларды табыс ету жөніндегі талабы, егер оның орындалуының басқа мерзімі белгіленбесе, ол заңда белгіленген мерзімде орындалуға жатады;

 

 

3. «Аққозы  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін  ұйымдастыру

15.   «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты аудан әкімі аппаратынан жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады;

16.   «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

 

 

4.       «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  мүлкі

17.   «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де  көздер есебінен қалыптастырылады.

18.   «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

19.   Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,  «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

20.   «Аққозы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Ескертпе:* Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік орган, адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның қызметін ақпараттық талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгелей де қамтамасыз ететін мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орган, мемлекеттік атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган.

Аққозы ауылдық округі туралы қысқаша мәлімет

рисунок

Аққозы ауылдық округінің әкімі  Мұқанов Қоныс Ізімұлы 1961  жылы туған, білімі   - жоғары, мамандығы - мал дәрігері. Аққозы селолық округінің әкімі болып  2005 жылдан   бастап жұмыс жасайды. Аймақтың әлеуметтік экономикалық даму қарқыны өсе бастады. Ірі тауарлы шаруашылықтар пайда болды. Барлық шаруашылық нысандары  мал басы өсіп өнім көлемінің ұлғаюына қол жеткізілді. Халықтың әлеуметтік  тұрмыс жағдайы жақсарды. Қоржын ауылына «таза су» бағдарламасы бойынша су құбыры тартылды. Байланыс, жол қатынастары жақсарды. Округ әкімі аппаратының штаттық кестесі өсіп 4 мемлекеттік қызметкер, 2 салалық маман, 2 әлеуметтік қызметкер 1 жастар жетекшісі, 3 техникалық қызметкерлер халыққа қызмет жасайды. 2010-2014 жылдарға арналған округтің стратегиялық даму жоспары беркітіліп жүзеге асуда. Бағдарламаға сай Қоржын, Бесоба ауылдарына газ құбыры тартылу жобасы жасалды.

рисунок

Аққозы селолық округі құрылғаннан бастап бас маман қызметінде жұмыс атқарып келе жатқан Хамбетов Болат Мизамұлы  1956 жылы

Туған  білімі  жоғары  мамандығы  зоотехник

 

 

 

 

 

 

 

рисунокАққозы селолық округі  ауданның оңтүстік бағытында орналасқан. Округ күн шығыс бетімен  Ақтөбе облысының Ойыл ауданы, оңтүстігінде Саралжын селолық округі, батысы Шөптікөл селолық округі, солтүстік өңірінде Қаракөл селолық округімен шектеседі. Округтің аумағы 95 510 га құрайды.

Округте 4 елді мекен: Қоржын, Қосбаз, Аққозы, Бесоба. 

Қоржын ауылының іргесімен Жақсыбай өзені ағып жатыр. Округ халқының саны 1018 адам, 210 жанұяны  құрайды. Округ орталығы облысқа 270 шақырым, ауданға 40 шақырым.  2009 жылы «Жібек жолы - 2009» Казань - Ашхабад автораллидің бір кезеңі Қоржын ауылынан  бастады

 

 

 

Аққозы орта жалпы білім беретін мектеп балабақшасында 113 оқушы білім алса,  25- бала  балабақшада тәрбиеленеді, 12- бала  даярлық  сыныбында  оқиды  27 мұғалім қызмет атқарады.  20 -  балалық  интернат  жұмыс  істейді

рисунокрисунок

Сонымен бірге округте 1 мәдени-демалыс орталығы, 1  ауылдық клуб, 3 кітапхана, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория  және «Ер есімі - ел есінде» атты мәңгілік алау бар.

Округте 4 дүкен, 1 неке сарайы бар. Әлеуметтік жұмысқа - 20, ақылы қоғамдық қызметке - 21, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша несие серіктестігін құру барысында 3 серіктестік құрылып, 10 адам 21 млн несие алып өз шаруашылықтарын жүргізуде.  47 үй бақшаларында дәнді дақылдар егіп отыр.

Ауыл шаруашылығы. Селолық округтің негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы көлемі - 95 510 га, жайылым - 78 832га.

Округтегі мал басы. Ірі қара - 3002 бас, соның ішінде сиыр - 931, қой мен ешкі - 13895, жылқы - 832,  түйе - 11, құс - 1680. Округте 24 шаруа қожалығы  бар, оның ішінде 11 шаруа қожалығы  тұрақты мал шаруашылығын өсірумен  айналысып келеді. Соның ішінде:

1. «Сатыбалды» шаруа қожалығы. Жетекшісі Мұқанов Құсайын.

2013 жылы асыл тұқым мал шаруашылығына қол жеткізді Мал басы: Ірі қара -          476 бас, оның ішінде сиыр - 332 бас.

рисунок

 

2. «Ермек» шаруа қожалығы. Жетекшісі Жұмағалиев Сәкен. Субсидияға қол жеткізіп отырған шаруа қожалығының бірі. Мал басы: Ірі қара - 333 бас, жылқы - 103.

рисунок

 

3. «Салық» шаруа қожалығы Жетекшісі Жұмағалиев Салық. Мал басы: Ірі қара - 88 бас, оның ішінде сиыр - 40 бас. Қой мен ешкі - 700, жылқы - 32.

4. «Нұрберген» шаруа қожалығы Жетекшісі Ысқақов Ғабділғазим. Мал басы: Ірі қара - 280 бас, оның ішінде сиыр -95 бас. Қой мен ешкі -1188, жылқы - 39, түйе - 5.

5. «Мұрат» шаруа қожалығы Жетекшісі Мұханбеталиев Мұрат. Мал басы: Ірі қара - 137 бас, оның ішінде сиыр - 49 бас. Қой мен ешкі -650, жылқы - 43.

6. «Жандос» шаруа қожалығы Жетекшісі Ермұханов Бекболат. Мал басы: Ірі қара - 94 бас, оның ішінде сиыр - 40 бас. Қой мен ешкі -402.

7. «Сансызбай» шаруа қожалығы Жетекшісі Келмуханов Сансызбай. Мал басы: Ірі қара - 38 бас, оның ішінде сиыр - 10 бас. Қой мен ешкі -58, жылқы - 7.

рисунок8. «Қоржын» шаруа қожалығы Жетекшісі Мұқанов Еркін. Мал басы: Ірі қара - 28 бас, Қой -501, жылқы - 276.

9. «Бөлекбай» шаруа қожалығы Жетекшісі Байболатов Тимур. Мал басы: Ірі қара - 80 бас, оның ішінде сиыр - 37 бас. Қой мен ешкі -125, жылқы - 10, түйе - 1.

10. «Тни» шаруа қожалығы Жетекшісі Төлекбаев Өтеген. Мал басы: Ірі қара - 49 бас, оның ішінде сиыр - 17 бас. Қой -140, жылқы - 22.

11. «Нұрқанат» шаруа қожалығы Жетекшісі Сариев Қалимұрат. Қоржын ауылынан « Бақытгүл» атты тойхананы күрделі  жөндеуден өткізіп халыққа қызмет жасауға беріп отыр  Мал басы: Ірі қара - 57 бас, оның ішінде сиыр - 25 бас. Қой мен ешкі -342.

 

 

рисунок

Білім беру: Аққозы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының директоры Айтқалиева Айгүл -1975 ж.т., білімі жоғары, мамандығы химия-биология пәні мұғалімі.  2012 жылдан бері Аққозы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының директоры қызметін атқарып келеді.

 

 

 

 

 

 

рисунокМектеп ғимараты 1987 жылы салынды, күрделі жөндеу жұмысы 2006 жылы өтті.

Қазіргі кезде мектепте 113 оқушы 2 кезеңмен оқиды. Соның ішінде мектепке дейінгі даярлық - 1. Жаңа құрылғылармен қамтылған сыныптар - физика, химия, биология.

Компьютер саны - 20 дана, соның ішінде 1 компьютер интернетке қосылған. Оқулықпен қамтылуы -85 %

Ұстаздар саны - 27, соның ішінде жоғары білімді 22, арнаулы орта білімді - 5, жоғарғы санатты мұғалім - 2,

1 санатты 13, 2 санатты - 6, санаты жоқ - 6.

 

рисунокАққозы орта жалпы білім беретін мектебінің жанындағы балабақшасы, меңгерушісі Қалиева Ұлжан-1981 жылы туған, білімі арнаулы орта.

Балабақша 25 бала, орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 1 әдіскер, 1 тәрбиеші қызмет атқарады

Мектеп жанындағы интернат 20 балаға есептелген, қазіргі таңда 12 бала бар. 2 тәрбиеші және басқа қосымша қызметкерлер жұмыс жасайды.

рисунок

 

рисунок

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулық сақтау: Ауылымызда ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Жетекшісі Қадырқұлова Асила - 1987 жылы туған. білімі арнаулы орта, мамандығы фельдшер. Қазіргі таңда 1         фельдшер, 1 акушер қызмет жасайды.

рисунок

Мәдениет. Аққозы Мәдениет  үйі  2013-жылы күрделі  жөндеуден өтті.   31 млн қаражат жұмсалып, Барлық қажетті құралдармен  қамтылды. Мәдениет үйінің менгерушісі Батырова Гүлжазира - 1982 жылы туған.

рисунок

 

рисунок

рисунок

  

Аққозы селолық округтік кітапханасы, кітапханашы Жұмағалиев Қобыланды Бақытұлы, 1957 жылы туған, білімі арнаулы орта. 

№13 Қоржын ауылдық   кітапханасы 

рисунок