Қаратөбе ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібі

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқоры туралы қысқаша ақпарат


Ауданда саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық және конфессиялық келісімді сақтау және нығайту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтатын болсақ 2015 жылдың қаңтар - шілде айларында төмендегідей жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі таңда аудан көлемінде атқарушы органдармен тығыз қарым - қатынаста жұмыс жасап келе жатқан  «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жұмыс жасайды. Ауданымыздың  әлеуметтік - экономикалық дамуында игілікті істерді жүзеге асыру бағытында бастамашы болып отырған «Нұр Отан» партиясы аудан өмірінде маңызды роль атқарады.

Бірлігі мен тірлігі біте қайнасқан берекелі Қаратөбе өңірінде 38 өзге ұлт өкілдері тұрады. Елбасы Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясы жылы болып жарияланды жылбасынан осы кезге дейін бұл мақсатта 91 түрлі мәдени спорттық көпшілік шаралар өтті.  1 аудандық және 8 ауылдық  қоғамдық келісім Кеңестері аудандағы барлық ауылдық округтерді, қоғамдық, мемлекеттік ұйымдарды қамтып отыр. Бұл құрылым Елбасымыздың ел тәуелсіздігін баянды ету жолындағы саясатын әрбір аудан тұрғынына жеткізу, қоғамда ауызбірлік пен келісімнің нық орнығуына ауданның барлық тұрғындарын жұмылдыру құралы, түсінік пен келісім ошағы, ұсыныс - пікірлердің, әлеуметтік бастамалардың орталығы ретінде құрылған. Аудандық қоғамдық келісім кеңесі өз кезегінде барлық ауылдық округте тұрғындардың әлеуметтік жағдайларына талдаулар жасап, әрбір отбасының өмір сүру деңгейін анықтау мақсатында  жұмыстар атқаруда.

Қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын көптеген үкіметтік емес ұйымдар қызмет етеді. Олардың айналысатын мәселелерінің ауқымы кең. Ауданда «аудандық ардагерлер ұйымы», «мугедектер қоғамы», «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігі, «Мұхит жастары» жастар қоғамдық бірлестігі тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Әрқайсысының атқаратын жұмыстарының қоғам өмірінде маңызы зор. Жалпы, үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 2015 жылы 700 мыңның үстінде қаржы қарастырылған.

 «Қазақстан - Орал» телеарнасының филиалы Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімі жанынан 2014 жылдың сәуір айынан бастап өз жұмысын бастады. Аудандағы  саяси, мәдени, спорттық іс - шаралар түсірліп, облыс жұртшылығына ауданда атқарылып жатқан игі жұмыстарды жария ету мақсатында жұмыстанып келеді. Осы уақыт аралығында 133 түсірілім жаңалықтарға беріліп, оның 109 -ы  облыс жұртшылығына эфирден берілді.

Ауданда ақпараттық саяси жұмысты жүргізу мақсатында биылғы жылы бюджеттен 7445 мың теңге қаржы бөлініп конкурс женімпазы «Жайық-пресс» ЖШС қаратөбе аудандық филлиалы «қаратөбе өңірі» газеті бекітілген жоспарға сай жұмыстар атқарып келеді. Аудандық газеттің  шығармашылық ұжымы I жартыжылдық бойынша газеттің 25 санын шығарды. Газеттің таралымы жыл басында 1561 данамен, I тоқсанда 12 газет шығарылды. Оның таралымы 1573 болды. Бірінші жартыжылдықта газеттің 25 саны шығып, барлығы 1575 дана болды.

Қазіргі таңда аудан бойынша 2 мұсылмандар мешіті жұмыс жасайды. 

Ауданда 14 адамнан тұратын 2 - ақпараттық насихат тобы жыл басында құрылып, нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді. Топ құрамына халыққа сөзі өтетін беделді ақсақалдар, маслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер мен БАҚ өкілдері бар.  Аудандық теолог маман 60-тан аса шаралар, кездесулер ұйымдастырды. Сонымен қатар, маманнан  70-ке жуық ауыл тұрғындары кеңес алып үлгерді.

30 қаңтар күні Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Мұхит жастары» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен аудандық мәдени-демалыс орталығында «Иман-жанның тазалығы» атты Мәуліт мерекесіне арналған рухани-танымдық кеш өткізілді.Аталмыш шарада аудан жастары мен мектеп оқушылары өмірдегі жайттарды көрініспен келтіре отырып, әсем әндерімен халыққа жеткізе білді. Кеш барысында Қаратөбе аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Бекказиев Әділжан сөз сөйлеп ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Рухани-танымдық кеште көрермендерге тегін кітаптар таратылып, шарадан түскен қаражат толығымен мешітке аударылды.

9 ақпан күні  құт қонып, кие дарыған қасиетті Қаратөбе ауданында Қазақтан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында өткен «МЕНІҢ ЕЛІМ -МӘҢГІЛІК ЕЛ» атты деңгейлі шара өтті. Республика бойынша синхронды өткен шараның салтанатты бөлігі орталық алаңда ұйымдастырылды. Ресми бөлімде аудан әкімі Асхат Берлешұлы құттықтау сөз сөйледі.

Тутұғырдағы мерекелік байрақты көтеру рәсімін аудан әкімі Асхат Берлешұлы және Қаратөбе ауданының тұрғыны Хасинов Омар көтерді. 20 мыңға жуық Қаратөбе ауданында 38 ұлт өкілдері тұрады. 

Бүгінгі шарада аудан әкімі Асхат Берлешұлы  Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қажыгерейұлына салтанатты түрде  «Бейбітшілік пен келісім» атты мега-жобаның кітабын   табыс етті.Мерекелік шарада негізінен ұлттық рухты  оятатын, әрі бірлікті насихаттайтын дүниелер көп болды. Аудандық «Мәдениет үйі» мекемесі көркемөнерпаздарының бірлескен «Балалық шағымның аспаны» атты сахналық қойылыммен жалғасын тапты. 

«Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір» демекші достық туының астында жиылған әр ұлттар татулығының символы болатын «Достық» биі мазмұндылығымен ерекшеленді. «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» атты жастар флешмобы оздырылды.
Шараға аудан тұрғындарының 1000-ға жуық халқы, жалынды жастары мен мектеп оқушылары қатысты.

14 ақпан күні Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог, психолог, заңгер мамандарының ұйымдастыруымен Шөптікөл селолық округінің Қаратөбе колледжінде студент жастармен, педагогтармен «Діннің қоғамдағы рөлі» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. 
Кездесудің мақсаты - жастарды кертартпа ағымдардан сақтандыру, діннің психологиялық аспектілерін түсіндіру және зайырлы қоғамдағы дінді ұстанудың маңыздылығы турасында студенттермен ой бөлісу. Студент жастармен сұхбаттасу арқылы толғандырып жүрген мәселелері бойынша пікір алмасты.

15 ақпан күні «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Жас отан» Жастар қанаты «Мұхит жастары» ЖҚБ-нің, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қаратөбе ауданында «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл толуына «Есімдері мәңгілік ел есінде!» орай волейболдан ерлер арасында мекемеаралық жарысы өткізілді. Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары С.Е.Өмірзақов, ауған соғысының ардагері Е.С.Иманғалиев сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ерлердің есімдері мәңгілік халық жадында сақталатындығын айтты. Жарысқа Қаратөбе мектеп-гимназиясының, Мұхит атындағы ЖОББМ, Аудандық қорғаныс істер бөлімі, Аудандық ІІБ, Шөптікөл ауылдық округі команадасы және аудандық БЖСМ - барлығы 6 команда қатынасты.

16 ақпан күні Қаратөбе аудандық прокуратурасы мен аудан әкімдігі және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Мұхит жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен «АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ» өткізілді. Аудандық форумға 100-ге тарта кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты. Форумда ауданның прокуроры Руслан Сабиров және аудан прокурорының көмекшісі Райхан Мұқанова, ҚСжАЕА басқармасының Сырым және Қаратөбе аудандары бойынша прокуроры Орынтай Байғалиев, Қаратөбе аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Аян Жоламанов сөз сөйлеп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасына Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген заңына сәйкес кәсіпкерлерге және жас кәсіпкерлерге қарастырылған жан-жақты жеңілдіктер туралы аталды. Заңңын басты мақсаты - елімізде кәсіпкерлікті түбегейлі жағдай жасау, мемлекет пен бизнес арасында үйлесімді байланыс орнату және кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, салық төлемдерін төлеу бойынша кәсіпкерлерге қарастырылған жеңілдіктерді айтып, салық төлемдері туралы түсінік берілді.

18 ақпан күні Қаратөбе ауданында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Мұхит жастары» ЖҚБ және аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен 1997 жылы туылған, одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жекелей және командалық қол күресінен (армрестлинг) жарыс өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары С.Е.Өмірзақов сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Мұхит жастары» ЖҚБ және аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген спорттық жарыстың мақсаты - халық арасында бұқаралық спортты насихаттай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оның ішінде қол күресін ауданда дамытып , спортшылар мен қомандалардың шеберліктерін арттыру болып табылады. Аудандық чемпионатқа 13 мектептің өрендері жүлделі орындарды өзара сынға салды.

20 ақпан күні Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Республикалық мемлекеттік мекемесі, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Жас отан» Жастар қанаты аудандық филиалы, «Мұхит жастары» ЖҚБ -нің ұйымдастыруымен аудан тұрғындары арасында салық түсімін молайту «Чек талап ет!» акциясы өткізілді. Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Аян Тауфихұлы Жоламанов сөз сөйлеп,ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, аудан тұрғындарының және салық төлеушілерінің салық мәдениетін көтеру, патриоттықты дамыту, көленкелі экономиканың мөлшерлерін қысқарту, кәсіпкерлердің арасында адал бәсекелестікті ынталандыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау міндеттерін атап өтті. Салық төлеушілердің арасында салық мәдениетін көрсету мақсатында 2015 жылдың 20 ақпан - 20 мамыр аралығында аудан тұрғындары арасында «Чек талап ет!» атты акциясының 1 кезеңі өткізілетін болады.

21 ақпан күні Қаратөбе ауданында «Жас отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан аудандық филиалы, Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Мұхит жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен Қаратөбе ауданында «АЛТЫН ДАУЫС» жастар ән байқауы оздырылды. Байқаудың мақсаты жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, аудандағы жас таланттарды тану, жастарды өнерге баулу болып табылады.

«Алтын дауыс» байқауының басты ерекшілігі- жобаға 1 кәсіби әнші және 1 мекеме жастарынан барлығы 5 жұп қатынасты. Бұл кешіміздің тағы бір ерекшелігі - жеңімпаз жұпты әділ қазылар алқасы мен халық смс жолдау арқылы шешті. 
Сайыс қорытындысында барлық жұпқа жалпы 1859 смс хабарлама келіп, соның ішінде Айдос Жапақов пен Жаңылғаным Жайшиева 610 хабарлама жинап «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

26 ақпан күні  Ауданда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында «Жас Отан» ЖҚ Қаратөбе аудандық филиалы, «Мұхит жастары» ЖҚБ , «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы», «Қаратөбе» спорт клубымен бірлесе отырып, футболдан мекеме аралық. жарыс өткізілді                                                          

Жарысқа М.Мералыұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі, Ішкі істер бөлімі, Қорғаныс істер бөлімі, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит атындағы ОЖББМ, «Қаратөбе» колледжі құрамасы, аудандық БЖСМ, Қаратөбе ауылдық округі әкімдігі, Аудандық білім беру бөлімі, балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы , аудандық мәдени-демалыс орталығы - барлығы 11 команда қатысты. 
Жарыс соңында Қаратөбе ауылдық округі әкімдігі құрамасы 3 орын, Қаратөбе мектеп-гимназиясы 2 орын, Аудандық БЖСМ 1 орын иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

27 ақпан күні Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округіне «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» , «Жас Отан» ЖҚ Қаратөбе аудандық филиалы, «Мұхит жастары» ЖҚБ -нің ұйымдастыруымен «Діни адасушылық салдары және жастар көзқарасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. бЖиынға аудан әкімі А.Б.Шахаров, Қаратөбе ауданы прокуроры Р.М.Сабыров , мекеме басшылары, аудан имамы, теолог, жастар қатынасты. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - жастарды теріс діни ағымдардан аулақ ұстауға бағыттау, діни сауаттылықтарын арттыру болып табылады. Жастар тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, кеңінен талқыланды. Тақырыпқа сай буклеттер дайындалып, кітап көрмесі көрсетілді. Қатысушыларға діни кітаптар тапсырылды.

5 наурыз күні  «Мен қазақ қыздарына қайран қалам...» атты қыз-жігіттер сайысы ұйымдастырылды.  Шараның негізгі мақсаты - жастар арасында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өту, жастарды жаңа қырынан таныту, өнерлерін ортаға салу, қазақтың салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттау. Шараға 200-ге жуық адам қатысты.

6 наурыз күні  8-наурыз  Халықаралық  әйелдер күніне орай ақжаулықты аналарымыз бен әпке-қарындастарымызға, мүмкіндігі шектеулі,  әлеуметтік жағынан қолдауға мұқтаж жандарға  «Қайырымдылық-ардың ісі»  атты қайырымдылық шарасын өткізіп,  мерекелерімен құттықтап, сый-сыяпат көрсетілдіЖастар 10-нан аса үйге кіріп, олардың ризашылықтарына бөленді. Атап айтсақ, аудандағы жасы үлкен қария әжеміз Сара әжейімізді арнайы құттықтап, батасын алды. Бүгінгі жастар үнемі елдің игілігіне көмектеседі,қоғамдық өмірге бей-жай қарамаумен қатар, бойдағы жалындаған жігер-қайратымен материалдық және рухани жағынан көмек көрсетеді.

8 наурыз күні  аудандық мәдени-демалыс орталығында  Қазақстан КВН Одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалы-Ақжайық КВН лигасы, Жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Жайдарман» чемпионатының 1/8 финалдық ойындары ұйымдастырылды.

Ойынның мақсаты - мемлекеттік тілде жайдарман қозғалысын дамыту, Қазақстан халқының бірлігі  мен достастығын жастар арасында кеңінен насихаттау, талантты жастарға қолдау көрсету, жастардың ой-ұшқырлық қабілетін жандандыру,өңірлік жастар саясатының насихатталуына ықпал ету. Сайысқа қатысушы Батыс Қазақстан облысы бойынша 15 команда қатысса, оның  6 командасы Орал қаласынан және көршілес аудандардан келіп қатысты. Шараға 500-ге жуық адам қатысты.

13 наурыз күні Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары Қаратөбе ауданындағы әріптестеріне негізгі жұмыс бағытын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының консультациялық қызметтер көрсету бөлімінің басшысы  Даутов Ізбасар Ерболатұлы; Ақпараттық талдау бөлім басшысының м.а. Махсутов Ринат Әлібекұлы; Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысының м.а. Уалиахмет Данияр Аманқосұлы; Жастар ұйымдарының ақпараттық даму жөніндегі маманы Нұраш Айбатыр Сабырұлы аудандық ресурстық орталықтың мамандарына құжаттама толтыру, қаржылық сұрақтар

бойынша, азаматтарды қабылдаудағы ерекшеліктер, меморандум, түрлі есептер, жоспарлар, аудандық жастар паспорты, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жастарға қатысты ақпараттық, идеологиялық жұмыстарды жүргізуде заманауи тәсілдерді қолдану туралы әдістемелік кеңестер берді. Семинарға аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандарымен қатар  ауылдық округтердің жастармен жұмыс жөніндегі жетекші мамандары қатысты.

16 наурыз күні Жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталығы, «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық филиалы, «Мұхит жастары» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен Шөптікөл ЖОББМ «Менің елім-менің тағдырым» атты этно-мәдени акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты - еліміздегі 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерін бір шаңырақ  астында тату-тәтті өмір сүруге, өзара  бірлікте болуға шақыру. Ауданымыздың белсенді, жалындаған жастары «Менің елім-менің тағдырым»  атты флешмобымен қорытынды кешті аяқтады. Шараға 150-ге жуық адам қатысты.

20 наурыз күні Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шөптікөл ЖОББМ-де Сырым ауданы жастары мен Қаратөбе ауданы жастарының арасында футболдан жолдастық кездесу өткізілді. Спорттық жарыстың мақсаты - халық арасында бұқаралық спортты насихаттай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортшылар мен командалардың шеберліктерін  арттыру болып табылады. Футболдан жолдастық кездесуге Сырым ауданынан Сырым жастары-1, Сырым жастары-2,  Қаратөбе ауданынан Қаратөбе құрама командасы және Қаратөбе жастары командасы қатысты.

20 наурыз күні Қаратөбе колледжінде Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық филиалы, «Мұхит жастары» ЖҚБ-нің  ұйымдастыруымен

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Наурызым-құт берекем» атты мерекелік шарада қазақша күрес, гір тасын көтеру ( 16кг, 24кг ), асық ату, арқан тартыс қазақтың ұлттық спорттық ойындары  ұйымдастырылды. Ұлттық спорттық ойындарының жеңімпаздарын ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

27 наурыз күні  аудандық кітапханада Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ қауымындағы зиялы тұлғалардың діни көзқарастары» атты дөңгелек үстел өткізілді.Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы қазақ қауымындағы зиялы қауымдардың діни көзқарастарын, мәдениетін, рухани құндылықтарын насихаттау арқылы экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу туралы өз ойын айтса, психолог-кеңесші маманы жастардың арасындағы  дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұрған мәселе екенін айта келе, діннің психологиялық негіздеріне тоқталып өтті.

31 наурыз күні Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктер мен байланыс жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді. Аудан әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен кездесуге БҚО Дін істер басқармасының басшысы Талғат Нығметов, БҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Жарас Аханов, БҚО Дін істері басқармасының теолог маманы Нұржан Стамбакиев, Орал қалалық мешітінің наиб имамы, исламтанушы Бейімбет Дүйсенәлі және ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.

4 сәуір күні Қаратөбе ауданында «Ауылдың гүлденуі - еліміздің гүлденуі!» атты сенбілік акциясы оздырылды. Шараға қатысушылар саны - 1200. Акцияның алғашқы сөз құрметі аудан басшысы А.Б.Шахаровқа берілді. Ауыл әкімі Ғ.Қайырғалиев тазалайтын орындарды белгілеп, сәттілік тіледі. Әр мекеме қызметкерлері бөлінген орындар бойынша тазалық жұмыстарын жүргізді.

10 сәуір күні Қаратөбе ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментініің тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызмет берушінің міндеттері туралы түсіндірме бағытын жүргізді. Аудан жастары аудан тұрғындарына сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатына дайындалған журналдар, брашюлар үлестірді. Жалпы қоғамда қандай да болсын келеңсіздіктің алдын алуды әрбір азамат өзінен бастаған жөн. Еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің 50 дамыған елдердің қатарына кіруі сынды асыл мұрағаттарға қол жеткізуіміз біздің басты міндетіміз. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші сыбайлас жемқорлықтың алдын алайық! Anticorruption ZKO әлеуметтік желілерден толық ақпарат алуға болады.

18 сәуір күні Үшағаш елді-мекенінде Үшағаш негізгі орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен Жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Бір шаңырақ астында...» атты мерекелік шара оздырылды. Шара барысында әр ұлт өкілдерін сомдаған мектеп ұжымы ұлттардың тарихы мен салт - дәстүрлерінен , тағамдарынан көрініс көрсетіп, әсем билерімен ,өрнектелген өнерлерімен ауыл тұрғындарын таңғалдырды.

24 сәуір күні  Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес 9-сәуір мен 9-мамыр аралығында Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай «70 игі іс» айлығын қолға алған болатын. Осыған орай, 24 сәуір күні Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Қаратөбе аудандық филиалы, «Мұхит Жастары» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты акциясының негізінде Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманғали атаның үйіне барып көктемгі бау - бақшаға дайындық жұмыстарын жүргізді. Жастар ұйымшылдықпен топырақты қопсытып,бау-бақша, көкөніс дақылдарын өсіретін жерлерді дайындап, органикалық тыңайтқыштармен топырақты құнарландырды. Жастар атамыздың алғысына бөленіп, ақ батасын алып қайтты.

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орайҚаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кіші футболдан мекемеаралық жарыс өткізілді. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген спорттық жарыстың мақсаты-халық арасына бұқаралық спортты насихаттай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортшылар мен командалардың шеберліктерін арттыру болып табылады.

4 мамыр күні Жеңіс таңын сыйлаған ержүрек қаһарман батырлар алдында бүгінгі жас ұрпақ құрметпен бас иіп, ерліктеріне тағзым ету мақсатында Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңіс лентасын» жастар арасында насихаттау бағытында белсенділік танытып, аудан тұрғындарына таратты.

7 мамыр күні  Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен орталық алаңда "Ерлікке тағзым" атты  акция  ұйымдастырылды. Қаратөбе ауданынан 3752 адам майдан даласына аттанып, 1027 адам елге оралса, 837 жауынгерден қаралы қағаз келіп, 956 адам хабарсыз кетті.

Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. ҰОС қатысқан, қаза тапқан ата-бабалары фотосуреттерін аудандық мұражайға тапсырды. Жеңіс таңын сыйлаған ер жүрек қаһарман батырлар алдында жас ұрпақ құрметпен бас иіп, ерліктеріне тағзым ету мақсатында өткізілген акцияға 320-дай аудан тұрғындары қатысты.Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпайды.Өткізіліп отырған акцияның мақсаты -

Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсетіп елге оралған немесе қаза болған ардагерлерді құрметтеу, жастар арасында отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін дамыту,соғыс ардагерлерін ұрпақтар жадында сақтау болып табылады.

19 мамыр күні Қаратөбе аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округінің ауыл жастарына, мектеп оқушыларына негізгі жұмыс бағытын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Р.Н.Оразов, теолог маман А.А.Жәнібеков, психолог-кеңесші Г.С.Есқайырова, заңгер-кеңесші А.Б.Гарапшиева жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының құрылу мақсаты, елімізде қабылданған бірқатар жастар саясаты туралы мәселелер, әр түрлі секталық бағыттардың алдын-алу, жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру, жастарға заңгерлік, психологиялық кеңестер беру, психологиялық жұмыстарды жүргізуде әдіс-тәсілдерді қолдану туралы әдістемелік кеңестер берді. Кездесу соңында Дін істері агенттігі тарапынан арнайы сараптау комиссиясы мақұлдаған діни мазмұндағы әдебиеттер табыс етіліп, жастарға әр түрлі ағымдарды анықтайтын брашюралар таратылды.

Елбасы ағымдағы жылғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтып, «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана оймайды, сонымен бірге өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады» -деген, Н.Ә.Назарбаев. «Сәл демеу зорға сүйеу болады!» демекші Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағынан қолдауға мұқтаж Егіндікөл ауылдық округінің тұрғыны Аманжанов Әкежан Бауыржанұлына барып, хал-жағдайымен танысты. Әлбетте олардың тағдыры әртүрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тәлкегін бастан кешіріп отырған Әкежан халқы үшін еңбек етуді, үлкен биік шыңдарды бағындыруды, қоғамға етене араласуды армандайды. Қазіргі уақытта ақпараттық-компьютерлік курсы бөлімін оқығысы келетінін айтты. Бұл мәселе бойынша жастар ресурстық орталығы жауапты орындармен жұмыстануда.

20 мамыр күні Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімі, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары Қаракөл ауылдық округінің Қаракөл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы КММ-нің 9-10-11 сынып оқушыларымен «Жалған ағым және жастар» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды.

Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.К.Зейнуллин, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы А.А.Жәнібеков, Қаракөл селолық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ғ.Ғабиден, Қаракөл орта жалпы білім беретін мектеп балабақшасының директоры С.Жумина, Қаракөл ауылдық округінің жетекші маманы М.Д.Құттыбаев әр түрлі секталық бағыттардың алдын-алу, жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру, кертартпа ағымдардан

сақтандыру бағытында мектеп оқушыларымен түсінік бағыттарын жүргізді. Мектеп оқушылары сұхбаттасу арқылы толғандырып жүрген мәселелері бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Кездесу соңында Дін істері агенттігі тарапынан арнайы сараптау комиссиясы мақұлдаған діни мазмұндағы кітаптар табыс етілді.

21 мамыр күні Қаратөбе аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қолдауымен, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен халық арасында салық сауаттылығын дамыту,салық мәдениетін қалыптастыру және салық төлеудің міндеттілігін түсіндіру мақсатында өткен 20 ақпан - 20 мамыр аралығында жарияланған «Чек талап ет!» акциясы қорытындыланды.

І кезеңнің қорытындысы бойынша аудандық «Чек талап ет!» акциясына белсене атсалысып, Қазақстандағы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бақылау-кассалық машинасының қолданысын ұлғайтып, бюджетке салық түсімдерін көбеюіне үлес қосқаны үшін Айкөркем Исмурзина алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар Айкөркем Рысқалиқызы «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» акцияның облыстық кезеңіне жолдама алып, 12 үміткердің ішінен жүлделі І орынға ие болды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің кірістер комитетінде ойнатылатын басты бағалы сыйлықты ойнатуға қатысты үміткер атанды.Осы аталған акция ауданымызда 2015 жылдың 1 сәуірінде басталды және ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады. Акция әр айдың 1-30 аралықтарында түбіртіктер қабылданып, келесі айдың 5-не дейін бағалы сыйлықтарды ойнату әр ай сайын жүргізіліп отырады. Акцияға ауданымыздың әр тұрғындары қатыса алады. Әрбір акцияға қатысушы түбіртіктердің шектеусіз мөлшерін тапсыра алады. 10 түбіртікке бір ұтыс купонын алуға болады.

22 мамыр күні  Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімі, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қасиетті де құнарлы топырағы бойға дарыған, осы өлкенің суын ішіп, ауасын жұтқан, осы өлкеде кіндік қаны тамып Қаратөбені-қастерім дейтін, тышқантай суын-зәмзәмім дейтін, тілге шешен, сезімге бай - Мейрамгүл Исатайқызының «Фәнилік сағыныш» кітабының таныстырылымы өтті. Нығметова Мейрамгүл-ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Ұлттық телерадио корпорациясы, Республикалық Шалқар радиосының белгілі де беделді редакторы. Мейрамгүл Исатайқызы-жас кезінен әкесінен көрген тәлім тәрбиесінің арқасында әкесіне арнап «Фәнилік сағыныш» кітабын жарыққа шығарды.Әкесі Исатай Сердалин кеңестік жүйеде тірлік кешіп, халықты адалдыққа үндеген, ерлік еңбекке жігерлендірген, жас ұрпақты отаншыл болуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеген тұлға.Жинақтың бір бөлімі есімі өңірге таныс қаламгердің материалынан тұрса, бір бөлімі Мейрамгүл Исатайқызының әке рухына арналған фәнилік сағыныш сыршыл хатынан тұрады.

29 мамыр күні Аудандық тарихи-өлкетану мұражайында 31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу құрметіне арнап Қаратөбе аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық» орталығы аудан жастарымен кездесу кешін ұйымдастырды. Бұл шараға саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты.

Оның ішінде қуғын-сүргіннің құрбаны болған Төлегенов Иманғазының немересі  Төлегенов Ыбырай  қатыстысып атасы жайында жастарға өмірбаянын жеткізді. Төлегенов Иманғазы Алашорда үкіметінің белді мүшесі болған. Көп жыл болыстық қызметтер атқарған. Қаратөбе топырағынан шыққан қуғын-сүргіннің құрбаны болған, жүрналист Оралдиев Меңдеш атамызда сол жаланың құрбаны болған. Қазіргі таңда оның тарихын ауданымыздың жүрналисті, ақын Бимұханов Ертай ағамыз зерттеп жүргенін, әлі де зерттеп әлі соңғы нүктесі қойылмағандығын жеткізді.

1маусым - Халықаралық балалар күніне орай Қаратөбе аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық» орталығының ұйымдастыруымен Педагогикалық-психологилық түзету кабинетінің балаларына арналған өздерінің халықаралық мейрамдары қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйлау, оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау болатындығын сезіндіру мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. 

Шара барысында Қаратөбе колледжінің ұйымдастыруымен «Бауырсақ» ертегісі өзгеше форматта кішкентай көрермендерімізге ұсынылған болатын.  Ал «Кел, ойнайық!» спорттық сайысында бүлдіршіндеріміз өздерінің жылдам, жүйрік екендерін көрсетіп қана қоймай, ептіліктерін де паш етті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Қыран» тобы иеленсе,  2 орынды «Тұлпар» тобы қанжығасына байлап, жеңімпаздарымызға бағалы сыйлықтармен қатар,алғыс хаттар табыс етілді.

4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық ішкі саясат бөлімі және Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қаратөбе ауданындағы орталық саябақта"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау" акциясы оздырылды.Айтулы шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, аудан тұрғындарына рәміздер жөнінде толыққанды ақпарат берілді.Акция шеңберінде Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның белсенді жастарынан құралған автошеруге 20 автокөлік қатысып, мемлекеттік Туларды ұстап аудан орталығының көшелерін аралады.

8 маусым күні БҚО Дін істері басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы » КММ-сі мен Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен әлеуметтік топтар арасында діни көзқарасты анықтау мен әлеуметтік топтар арасында діни көзқарасты анықтау мен әлеуметтік жағдайларды бағдарлау бағытында 2015 жылы ақпарат-насихат топтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпараттық-насихат топтары жүргізген жұмыстардың халыққа тигізген әсерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізу басталды. Бұл сауалнама жүргізуге БҚО Дін істері басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» социолог маманы Сақауова Сандуғаш Нұрланқызы және Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог-кеңесші маманы Жәнібеков Әмірбек Әлібекұлы қатысты. Сауалнама жұмысына аудандағы әлеуметтік топтар арасына жастар, медицина қызметкерлері, шағын кәсіп иелері, жұмыссыз жастар мен мәдениет саласы қызметкерлері белсене атсалысты. Сауалнама жүргізудың негізгі мақсаты-барлық әлеуметтік топтар арасына әлеуметтанулық зерттеу жұмыстарын жүргізу, мемлекеттің дін саласында жүргізіп отырған саясатының жеткізілуін анықтау, Қаратөбе ауданы бойынша діни-ахуалды анықтау және бағалау.

9 маусым - Халықаралық достар күніне орай Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сағ. 20.00-22.30 аралығында ауданның орталық саябағыда «Көңілді кеш» ойын-сауық өткізді. Кештің мақсаты балаларға көтеріңкі көңіл-күй cыйлау, жас бүлдіршіндердің белсенділіктерін қалыптастыру, іскерлігін, шеберлігін дамыту және қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау.Мектеп оқушылары, бүлдіршіндер, ауыл тұрғындары арасында шара жалынды және көңілді атмосферада өткізілді. Ойын сауықта асық ату, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, «ДАРТС» ойындары ұйымдастырылды. Шара соңында көтеріңкі көңіл күймен, тамаша мейрамға тап болған бүлдіршіндер қызықты ойындар ойнап, риза болып тарқасты. 

10 маусым күні аудандық мәдени-демалыс орталығында аудандық ішкі саясат бөлімі мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Рамазан айына байланысты баспасөз пресс кеңесі болды. Кездесуге аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Бекқазиев Әділжан Төлебайұлы, аудандық маслихат хатшысы Тойшыбаев Батырғали Нұрлыбайұлы «Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Дәулетов Нәжім және аудандық «мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фазылов Сайлау, Қаратөбе өңірі газетінің редакторы Нұрлан Құмарұлы арнайы шақырылды.

Кездесу кешінде аудан имамы Бекқазиев Әділжан Төлебайұлы Рамазан айы турасында қатысушыларға баяндама жасады. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Қортынды сөзде жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Жәнібеков Әмірбек Әлібекұлы ҚМДБ ның төрағасы бас мүфти Ержан Қажы Малғажыұлының жыл бойғы халыққа жолданатын үндеу хатын жеткізіп, ауданымызда ораза тұтар жандарға тілек тілеп, сауапты, қайырымды амалдарды көптеп жасауға шақырды.

Рамазан айы қарсаңында Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйтқы болуымен ауыз бекітіп, ораза тұтқан адамдарға ауыз ашар ұйымдастырды. Жастардың имандылыққа бет бұруы, рухани азық алуға ынталануы, ел үшін де, қоғам үшін де септігі тиетінін баса айтуымызға болады.Жастар-қоғамның қозғаушы күші. Еліміздің жастары имандылықты әр кез ту етіп, ислам дінін қадір тұтады. Имандылық болған жерде қоғамның да іргесі бекем болары анық.Аудандық мешіт-үйіндегі ауыз аштыру рәсімі иманды жандардың мерейін үстем етіп, оразаға құрметті арттырып, сауапты амалдарға, қайырымдылыққа себеп болатын үлкен қадам.Ауыз аштыру тек Ораза ұстап ауыз бекіткен жастарды тамақтандыру ғана емес, таныс емес адамдардың өзара бауырласуына, қарым-қатынасына сеп болады. Аудан әкімі А.Б.Шахаров келген жамағатты ораза айымен құттықтап, ауыз ашар беріп жатқан жастарға зор ризашылығын білдірді.Ауыз ашар рәсімінде аудан имамы Ә.Т.Бекқазиев жастарға үлкен ризашылығын білдіріп, отбасы бала-шағаларына амандық тіледі. Сондай-ақ аудан имамы Рамазан айы туралы, Оразаның парызы туралы жастар арасында өзара пікір бөлісті.

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен "Отыз күнде отыз игі іс"  атты қайырымдылық шарасын өткізеді.Көмек беруге үлкен күш емес, кішкентай болсын мейрімді жүрек керек. Қайырымдылық шараның басты мақсаты: "Үлкенге - құрмет,кішіге -ізет" көрсету болып табылады. Ауданымыздағы жасы үлкен ата-әжелерге, сондай-ақ аяулы аналарға, перiштедей пәк балаларға қамқорлық жасап, құрмет көрсетiп, көмекке мұқтаж адамдарға қолдан келген қолдауды көрсетіп көмектесу.

24 маусым күні Саралжын ауылдық округі жастармен жұмыс жөніндегі маманның ұйымдастыруымен  «Отыз күнде отыз игі іс» атты қайырымдылық шарасы негізінде Ақбақай елді мекеніндегі Мұхит кесенесі басында сенбілік өтті.  Сенбіліктің мақсаты - ауылымызды көркейту, тазалығын сақтау. Сенбілікке ауылдық мекемелерден жастар жинақталып, кесене айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.

26 маусым күні БҚО Ішкі істері басқармасы, БҚО Ішкі саясат басқармасының тапсырмасына сай,"Аймақтық әйелдер қоғамдық бірлестігі", Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Адам саудасының алдын алу ақпараттық-түсініктеме жұмыстарын жүргізу» әлеметтік жобасы шеңберінде аудандық семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тринингке БҚО ІІД жанындағы адам саудасы жөініндегі жетекші маман Ағилеуов Әміржан, БҚО ІІД адам саудасына қарсы күрес коммитетінің жедел ізкесуші маманы Мартынов Владимир Анатольевич , "Аймақтық әйелдер қоғамдық бірлестігінің» координата жобалаушысы Сахметов Менбулат Нұрболатұлы қатысып, жастарға ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараға аудан жастары, әр түрлі саладағы әкімшілік қызметкерлер қатысты. Шараның негізгі мақсаты-қоғамда өзекті мәселе болып табылатын адам саудасының алдын-алу, жастар арасында адам саудасы туралы құқық бұзушылықтын алдын-алу бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Семинар-тренинг соңында қатысушы аудан жастарына арнайы сертификат тапсырылды.Одан әрі шара аудандық жаңа саябақ аланыңда «Біз құлдыққа қарсымыз» ұранымен басталған акциясымен жалғасты.

26 маусым күні Жусандыой ауылдық округі жастармен жұмыс жөніндегі маманның ұйымдастыруымен бүкіл әлемдік есірткіге қарсы күніне орай мәдениет үйінде «Салауатты өмір-нұрлы болашақ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты -жастарымызды есірткі, шылым, ішімдік сияқты зиянды заттардан аулақ ұстау және тәуелді болудан алдын-алу. Аталған дөңгелек үстелге 12 жас қатысып, есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиянды заттар жайлы баяндамалар оқылды. 

27 маусым күні Егіндікөл ауылдық округі жастармен жұмыс жөніндегі маманның ұйымдастыруымен «Отыз күнде отыз игі іс» атты қайырымдылық шарасы аясында орталық мешітте сенбілік өткізілді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әп-сәтте мешіт ауласы қоқыстан тазартылып, шырайланып шыға келді. «Тазалық - иманның жартысы» деген хадисті ұстаным еткен ауыл жастары сенбілікте белсенділік танытты. Бәріміздің қасиетті ордамыз Мешіт үйіне деген қамқорлықты басты ұстаным еткен жастарымызға ауыл имамы алғысын білдірді.

Қаратөбе ауданының орталық саябағында Елордамыз-Астананың туған күніне орай Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ғажайып мекен» атты ойын-сауық кеші өткізілді.Ойын-сауық кешіне аудан тұрғындары, белсенді жастар және жас мекеме қызметкерлері белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. 

3 шілде күні Қаратөбе аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қолдауымен, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен халық арасында салық сауаттылығын дамыту, салық мәдениетін қалыптастыру және салық төлеудің міндеттілігін түсіндіру мақсатында өткен маусым айының «Түбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал!» акциясы қорытындыланды. І кезеңнің қорытындысы бойынша аудандық «Түбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал!» акциясына белсене атсалысып, Қазақстандағы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бақылау-кассалық машинасының қолданысын ұлғайтып, бюджетке салық түсімдерін көбеюіне үлес қосқаны үшін Куаншалиев Захар І орын, Жәнібеков Дат ІІ орын, Исмурзин Тауым ІІІ орынға ие болып, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осы, аталған акция ауданымызда 2015 жылдың 1 сәуірінде басталды және ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады. Акция әр айдың 1-30 аралықтарында түбіртіктер қабылданып, келесі айдың 5-не дейін бағалы сыйлықтарды ойнату әр ай сайын жүргізіліп отырады. Акцияға ауданымыздың әр тұрғындары қатыса алады. Әрбір акцияға қатысушы түбіртектердің шектеусіз мөлшерін тапсыра алады. 10 түбіртежкке бір ұтыс купонын алуға болады. Акцияға  қатысу шыларды алдағы уақытта өтетін акция шарас ына белсене қатысуға шақырамыз.

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы орталық алаңда Елордамыз Астана күніне орай «Астана-елімнің жүрегі» атты велошеру өткізді.  Мақсаты - Астана күнін кеңінен тойлау арқылы аудан тұрғындары арасында насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту. Аудан орталығында дәстүрлі түрде өтетін велошеруге қатысушылардың саны артып келеді.Велошеруге 30-дан астам ауыл жастары қатысты. Бұқаралық спортты дамытуға үлес қосқандардың көпшілігі жастар. Акция орталық орталық алаңнан басталып, ауданның орталық көшелері арқылы көк туымызды желбіретіп жүріп өтті. Велошерудің соңы «Астана елімнің жүрегі» естелік тақтасына ақтілектерін жазып қалдырды.

9 шілде күні мешіт имамы және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Жәнібеков Әмірбек Әлібекұлымен Рамазан айы қарсаныңда округтердегі халықпен кезекті кездесулер ұйымдастырылды. Ең бірінші имам мен теолог маманның іс-сапары Сулыкөл селолық округінен басталды. Сулыкөл селолық округіндегі мәдениет үйінде мешіт имамы Ә.Бекқазиев және теолог Ә.Жәнібеков халыққа Рамазан айының қадір қасиеті туралы, Қадір түні, қайырымдылық іс-шаралар турасында өз баяндамаларын жасады. Түстен кейін мешіт имамы және теолог маман Соналы елді мекеніндегі жастармен кездесіп оларға діни құндылықтардың маңыздылығы, жат ағымдарға жоламау, дұрыс діни білім алу, тәрбие негізі - имандылық тақырыбында жастарға тағылымды үгіт-насихаттарын жеткізді. Одан кейінгі іс сапар жұмысы Үшағаш елді мекеніндегі ауыл тұрғындарымен ұйымдастырылды. Келген жамағатқа дін ислам туралы, имандылық турасында, отанға, елге деген сүйіспеншілік ел арасындағы ынтымақ, бірлік жайында да сөз қозғалып, тағылымды пікірлерімен бөлісті. Мешіт имамы Әділжан Бекқазиев пен теолог маман Әмірбек Жәнібековтың Рамазан айындағы халықпен кездесу шаралары жоспарға сәйкес Жусаңды-ой, Қоскөл, Аққозы, Саралжын, Қаракөл селолық округтерінде жалғасады.

12-14 шілде күні аралығында «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» теолог маманы Жәнібеков Әмірбек Әлібекұлы және аудан имамы Бекказиев Әділжан Төлебайұлы Қасиетті Рамазан айында жоспарға сай округтердегі түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша Саралжын, Аққозы, Қоскөл, Жусанды-ой селолық округтеріне барып халықпен кездесті. Кездесуде аудан имамы Ә. Бекқазиев ауызбіршілік жайында, имандылық жайында уағыз насихат айтты. Өз кезегінде теолог маман исламдағы Зекет берудің маңыздылығын, ислам дініндегі садақа беру мен зекет берудің айырмашылығын, зекет кімге берілу керек және зекетті кім беру керек , қандай шарттар орындалу керек осы мәселе төңірігінде баяндама жасады. Сөз сонында округ әкімдері келген дін мамандарына халық атынан ризашылығын білдіріп, Аққозы округіндегі бір отбасы мүмкіндігі шектеулі жандар мен дін жолындағы медресе мешіт шәкірттеріне тарататынын жеткізді.

14 шілде күні «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» теолог маманы Жәнібеков Әмірбек Әлібекұлының қатысуымен Жусанды-ой селолық округінің кітапханасында студент жастар және аудан жастары арасында "Имандылық-тәрбие негізі" атты тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кештің мақсаты - жастарға діни тәрбие берумен қатар дінді уағыздау арқылы оқырмандарды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу. Жас буынға дін, имандылық, бес парыз туралы мәлімет беру және жақсылыққа, сенім рухында рухани табандылыққа, өмір шындығынан туындайтын үмітке тәрбиелеу. Дөңгелек үстелде теолог маман жастарға имандылық асыл қасиеттер турасында, ислам діні турасында жанжақты мағлұмат берді.

Фото (rar, 9 Mb)