І. Кіріспе

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын халыққа жолдауының заңды жалғасы болып табылатын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында ауданда осы кезге дейін бірқатар жұмыстар атқарылды.

Аудан әкімінің  2017 жылғы 29 қарашадағыдағы №49 шешімімен «Рухани жаңғыру» штабы құрылып, 1 әкімгер, 2 менеджер қызмет атқарады.

2017 жыл қорытындысы бойынша, ауданда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында 102 шара өткізіліп, 18.366,750 теңге қаражат жұмсалды. Қамтылған адам саны – 13 224. Бұл аудан халқының 84% құрайды.

ІІ. «Туған жер» арнайы жобасы

«Туған жер» арнайы жобасы аясында Қаратөбе ауданы әкімдігі және аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің туған жерге қосқан үлесім" атты байқау оздырылды және ауданымыздың рухани құндылықтарын насихаттау, оқушылардың шығармашылығын дамыту, жас ұрпақтың өлкетану жұмыстары бойынша алған білімдері негізінде ауданымыздың дамуына көзқарастарын білдіре отырып, үлес қосуға дәріптеу мақсатында «Менің Қаратөбемнің болашағы...» немесе «Мен Қаратөбе болашағын қалай елестетемін...» атты аудандық сырттай эссе байқауы өткізілді. Ауданда «Туған жер- алтын бесігім» атауымен мекемеаралық өнер фестивалі мәреге жетіп, «Алтын діңгек өзім туған босағам» атты ауыл күндері фестивалі бастау алды.

2.1 «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша жыл бойына барлығы - 310 шара жоспарланып отыр. Оның ішінде аудандық деңгейде өткізілген шаралар саны -78. «Өлкетану» базалық жобасы бойынша «Туған өлкенің көрнекті жерлерінен - Қазақстанның қасиетті жерлеріне» туристік-экскурсиялық марафон, «Менің Отаным - Қазақстан» атты экспедициялық жасақтарының слеті, «Саналы Азамат» базалық жобасы  бойынша ұлттық ойын «Асық атудан» оқушылар арасында аудандық жарыс, Ақжайық өңіріндегі оқырман отбасы және т.б шаралар оздырылды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жарияланғанына 1 жыл толуына орай 5 сәуір күні аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Қаратөбе мектеп-гимназиясының базасында «Рухани жаңғыру: білім және бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында педагогикалық конференция оздырылды.

Аудан бойынша Б.Қаратаев атындағы және Егіндікөл мектептерінде музей жұмысы жасақталды. Осы жылдың мамыр айының 18-і күні Шөптікөл мектебінде «Таным» музейі ашылды. Қосымша қазан айында Жамбыл мектебінде, қараша айында Қаратөбе мектеп-гимназиясында және желтоқсан айында Қалдығайты мектебінде музей ашу жоспарда.

Қазіргі күні аудан бойынша Қаратөбе мектеп-гимназиясында және Аққозы жалпы білім беретін мектебінде домбыра  үйірмесі және аудандық саз мектебінде домбыра сыныбы жұмыс жасайды. Алдағы уақытта Соналы, Қаракөл, Мұхит атындағы мектептерге қоғамдық негізде үйірмелер ашу жоспарлануда.

2.2 «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 2018 жылға жоспарланған іс-шаралар саны - 56.  Оның ішінде 25 шара бүгінге дейін оздырылды. Атап айтсақ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Қаратөбе сиезіне 100 жыл толуына орай «Қаратөбе сиезі – Алаш тарихнамасының негізі» тақырыбында өткізілген облыстық ғылыми конференция, облысымызға танымал айтыс ақыны, білім беру саласының ардагері, жерлесіміз Құмарғали Ғұбайдуллиннің «Өміршең өнердің құдіреті» атты шығармашылық кеші, «Жергілікті туризм» базалық бағыты бойынша «Өлке тарихы – ұрпақ қазынасы» атты тарихи экспедициясы, «Туған жер-туған ел» базалық бағытына  сай «Рухани жаңғыру елдің болашағын айқындайды» семинар-тренингі, "Ұлы Ұстаз -Ұзақ күйші" атты əдеби-сазды танымдық кеші, «Ауыл тарихы – ел тарихы» ауыл кітапханалары  акциясы аясында Егіндікөл ауылында  «Туған өлкем- тұнған шежіре» атты әдеби альянс өткізілді.

2.3  «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 2018 жылы ауданымызда  «Атамекен» кіші  бағдарламасы бойынша42 млн 405 мың теңге көлемінде 40 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Жоспарланған жобалар бойынша бүгінгі таңда 10 жоба жүзеге асырылды. Қаражат көлемі 3890,0  мың теңге.

Жоспарланған жобалардан тыс бүгінгі таңда 15 жоба жүзеге асырылды. Қаражат көлемі 2 990,0 мың теңге.

Қалған жоспарланған жобаларды жүзеге асыру мақсатында барлық ауылдық округ әкімдерімен алдағы уақытта бірлесіп жұмыстар жасалынады.  

2.4 «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы аясында 2018 жылдың 13 шілдесіне дейін «Қаратөбе өңірі» газетінің шығармашылық ұжымы газеттің жиырма сегізінші санын шығарды. Оның ішінде «Рухани жаңғыру» арнаулы беттерінде көлемді мақалалар жарық көрді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қаратөбе өңірі» газетінің жыл басынан бері қорытындысы бойынша 104 мақала жарық көрді.

Облыстық басылымдарға оның ішінде «Орал өңірі» газетіне 42 мақала, «Приуралье» газетіне 28 мақала басылды.

«Жайық Пресс» ақпарат орталығына есепті кезең қорытындысы бойынша Қаратөбе ауданынан 105 материал жарияланды.

Karatobe_oniri.kz сайты мен фейcбук парақшасына 108 ақпарат орналастырылды.

Сәуір айынан бастап «Қаратөбе өңірі» газеті инстаграмм әлеуметтік желісінде өз парақшасын ашып ақпараттар мен жаңалықтар жариялауда.