Бүгін Қаратөбе ауданында Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген айқын мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында «Алаштың бағы – азаттық» атты аудандық конференция өтті.
Конференцияға қатысушылар алдымен «Қаратөбе сиезі» өткен орынға қойылған ескерткіш басына барып, Алаш қайраткерлерінің рухына тағзым етті.
Аудандық мәдениет үйінің фойесінде Алашорда қайраткерлері туралы деректер қойылған «Азаттықты аңсаған Алаштың арыстары» тақырыбындағы көрмені тамашалады.
Қазақ халқының тәуелсіздігін аңсап өткен арыстарға арналған басқосуда Қаратөбе мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мүғалімі Алмажан Жұмағалиева «Алашорда қозғалысының тарихы», Мұхит атындағы ЖОББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мейрамбек Аманжолов «Қазақстан» газетінің тарихы» атты баяндама оқыды.
Алаш қайраткерлері мен олардың азаттық жолындағы істері жайлы «Алаш қозғалысы және ұлттық идея» атты мультимедиялық құралмен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкері Гүлжанат Шүйіншалиева таныстырды.
Конференция соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, суретке түсті.