Мәдени іс-шаралар


Дүниежүзілік Денсаулық күніне «Ұзақ өмір сүруің өз қолыңда!»  акциясы өтті

рисунок   Сәуір айының 1- күні аудан орталығында салынған кіші футбол алаңында ауыл жастары, Шөптікөл жастары, оқушылар арасында жолдастық кездесу өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген  2011-2015 рисунокжылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2014 жылдың 
7 сәуірінде  Қазақстан Республикасы бойынша «Ұзақ өмір сүруің өз қолыңда!» ұранымен 7 сәуір - Дүниежүзілік Денсаулық күніне орайластырылған кең ауқымды акция Қаратөбе ауылының орталық алаңында және елді рисунокмекендерде  өткізілді. Акцияға ОЖББМ-нің 7-8-9-10-11 сынып оқушылары және барлық мекеме қызметкерлері басшыларымен бірге қатысты. Акцияны аудан әкімі А. Берлешұлы Шахаров ашып, халыққа өз құттықтауын жолдады. Акцияға қатысушылар дене жаттығуларын жасап, әр түрлі спорт ойындары өз жалғасын тапты.

Акцияға аудан бойынша 2000-ға жуық адам қатысты.

 

                               Е.Тналиев

   «Қаратөбе» спорт клубы

                МКҚК-ның директоры
 

Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2014 жылы атқарылған жұмыстар. 

рисунокҚазақ  даласы тарихта есімдері алтын әріппен таңбаланған дарынды тұлғалардан кенде болған емес. Қаны-қазақ, жүрегі елім деп соққан әр азаматтың тұғыры биік, ғұмыры мәңгі, ал өнері таласқа түспейтін,                      бөлек дүние.

Азаттықтың ақ таңы атқалы мәдени мұраларымыз насихатталып, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды. Оған куә - елімізде атқарылған игі істеріміз.

Ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз, дәстүрлі өнерде  алты алаштан ән оздырған жерлес Мұхит бабамызбен, күміс көмей, жезтаңдай әнші-сазгер Ғарифолла Құрманғалиевтей өнер иелері есімдерінің, ел тарихында алар орны ерекше.

рисунокҚасиетті Қаратөбе топырағында дүниеге келіп, өнер әлемінде халқымызға өзіндік қайталанбас батыстық ән мектебін қалыптастырған көрнекті әнші  композитор, Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты жерлесіміз Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 105 жыл толып отыр. Осыған орай Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында ұйымдастырылған Мұхит, Ғарифолла әндерін орындаушы Қаратөбелік әнші-термешілерінің ән-фестивалі өткізілді.

Бүгінгі күні  Мұхит,  Ғарифолла әндерін насихаттаушы Қаратөбелік әнші-термешілердің елге келіп, өнер сүйер халқымен қауышуын  зор құрмет деп білеміз.

рисунокТұлпардың тегін тұлпар таниды. Әнші Мұхит өнердің пырағы болса, оның әншілік дәстүрін әрі қарай жалғастырушы Ғ.Құрманғалиев тұлпардың тұяғы іспеттес.

Ғарифолла Құрманғалиевтың туғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылған  Мұхит, Ғарифолла әндерін орындаушы Қаратөбелік әнші-термешілерінің ән-фестивалінде өнер көрсеткен жерлестерімізге аудан әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров аудан халқы атынан алғысын білдірді.

 

Фестивалға қатысушы әнші-термешілер туралы мәлімет. 

Абрахманов Серік Сәбитұлы 

рисунокӘнші-термеші, 1993 жылы Ақтау қаласында өткен Ғ.Құрманғалиев атындағы халықаралық, 1995 жылы Шымкент қаласында өткен Ә.Қашаубаев атындағы І/ республикалық әншілер байқауының лауреаты, 1998 жылы Ақтау қаласында өткен аймақтық әншілер байқауының бас жүлде иегері атанды. 2001 жылы Мұхит Мерәліұлының 160 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық әншілер байқауының лауреаты. Қазіргі уақытта өнертанушы, өнерзерттеушілікпен шұғылданады. Облыстық Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның  әкімгері

Бірәнов Мұхит Бірәнұлы

рисунок

Жетістіктері: 1989 жылы «Жігер» фестивалі лауреаты. М.Өтемісұлы жыр-терме байқауының лауреаты.

Лауазымы: Қазіргі таңда Ақсай қаласының Мәдениет үйінің үйірме жетекшісі қызметін атқарады.

Оразов Асхат Орынтайұлы

рисунок

Жетістіктері:Ғ.Құрманғалиев,М.Мералыұлы атындағы республикалық конкурстардың лауреаты.

Лауазымы: Дәстүрлі әнші-термеші.

 

Есқайыров Мереке Амандықұлы 

рисунокЖетістіктері: Облыстың «Жас  Қанат» байқауының жүлдегерлері, Мұхит, Ғарифолла әндерін насихаттаушы.

Лауазымы: Орал қаласы «Әскерилендірілген темір жол қызметкері»

 
 
 

 

Исламғалиев Жақсылық Жұбайұлы

рисунок

Жетістіктері:Мұхит, Ғарифолла әндері байқау лауреаты. Жамбыл Жабаев(150 жыл), Жұбан Молдағалиев атындағы республикалық ақындар айтысының жүлдегері.

Лауазымы: 1992 жылы Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылық институн тамамдаған. Дарьинск селолық ветеринарлық станция қызметкері. 

 

 

Оразов Фархат Беркінұлы

рисунок

Жетістіктері: Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. К.Тасболатов атындағы конкурстың арнайы жүлдегері.

Лауазымы: №3 Балалар саз мектебінің «Дәстүрлі ән» мамандығының оқытушысы.

  

 Армат Исламғалиев Жұбайұлы

рисунок

Жетістіктері: Халықаралық, Республикалық конкурстардың бас жүлдегері.

Жетістіктері:  Облыстық  жастар мәдениет үйінің әншісі.

Исмурзин Ерболат Олжағалиұлы 

рисунокЖетістіктері: 2005 жылы Облыстық дала дарын байқауының жүлдегері.

Лауазымы: Ақсай қаласының Мәдениет үйі директоры.

 

 

 

 

Исмурзин Сабырғали Бірғалиұлы 

рисунокЖетістіктері: Мұхит, Ғарифолла әндері байқау лауреаты. 1991 ж. Ғарекең әндерінің дипломанты

Лауазымы: Мұхит ауылы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.

 

 

 

 

 

 


 

рисунокҚаратөбе орталықтандырылған  кітапхана жүйесінде Ұлы даланың сырлы  сазын күймен   жеткізген  бірегей күйшілердің бірі жерлесіміз Ұзақ күйшіге арналған  «Үзілмеген күй ғұмыр» атты  дөңгелек үстел оздырылды. 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың отрасында өмір сүрген - күйші-композитор, төкпе күйлердің орындалу мәнерінің негізін қалаушылардың бірі - Ұзақ күйшінің  сол кезеңдегі күйлердің көпшілігін жете меңгеріп, өте шебер орындағаны туралы, Күй жарыстарына қатысып, үздік орындаушылық қабілетімен елге танылғанын, тарихта Құрманғазының ұстазы болғаны туралы  Қаратөбе аймақтық «Ұзақ күйші» қоғамдық қорының директоры Альжанов Мұрат Нұрсұлтанұлы, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Қайырқұлұлы мәліметтер беріп, жалпы дәулескер күйші Ұзақ туралы деректердің өте аз екендігі туралы, дегенмен  Ұзақ күйші туралы естеліктер    жинақтап жүрген Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ертай Сағындықұлы  арнайы деректерін ортаға салды. Бұл кештің мақсаты -«жерлесіміз Ұзақ күйшінің  өмір жолынан мәлімет жинақтау, күйшінің өнерін кейінгі жастарға дәріптеу.


рисунок15 ақпан бүкіл әлем назарын өзіне аударған Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына  25 жыл толуына  орталықтандырылған кітапханада «Ер есімі - ел есінде» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Өз Отанына шексіз берілген патриоттық  рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету мақсатында оздырылған кешке ауған жерінде ауыр аманат арқалап, Интернационалдық борышын өтеп , өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып,  батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз 

1. Сарсенғожин  Аманжол Зейноллаұлы

2. Жұмағалиев Батырбек Құсанұлы

рисунок3. Иманғалиев Ерболат Сағынбайұлы

4. Құлымбаев Нұрбек Бөлекбайұлы   қатысып, оқырмандармен сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар бұл кешке аудандық  қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы Ғабдыжәлел Ниязалиев қатысып, Қаратөбе ауданы бойынша ауған соғысына қатысқан азаматтар жөнінде мәліметтер берді. Кеште патриоттық олеңдер оқылып, әндер шырқалды.

 

 

рисунокАудандық орталықтандырылған кітапханада оқырмандармен  өткізілген «Ұлтты сақтаудың алтын діңгегі- имандылық» атты дөңгелек үстелге аудандық орталық мешіттің  бас имамы Әділжан Бекқазиев қатысып, имандылық турасында келелі әңгіме айтты.

Дін тақырыбына арналған дөңгелек үстелге аудандық ақсақалдар алғасының төрағасы  Нәжім Даулетов, аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің редакторы Н.Меңдешов,  «Мұхит жастары» ЖҚБ-нің теолог маманы Бекайдар Ақташевтер қатынасып, пікірлерін білдірді. Сұрақтарға жауап берілді.