Аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша  2015 жылдың алты айына жасалған жұмыстар

ҚР « Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, және  аудан  әкімдігінің 29  сәуір  2015 жылғы № 9 « Қаратөбе ауданы бойынша 2015 жылға қоғамдық жұмыстарды  ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына сай жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында аз қамтылған отбасылар есебінен аудан бойынша қоғамдық жұмысқа ағымдағы жылдың 6 айында 251 адам тартылып , жергілікті бюджеттен оларға 14324,1 мың теңге төленді. Қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздар арқылы елді мекендердің тазалығын атқару, орталық көшелердің қарын тазарту, су беру жұмыстарына пайдалану,  малды асылдандыру пункттерінде көмекші өзге де  жұмыстарды атқарды.

2015 жылдың 1шілдесінде 184 адам жұмысқа орналасты. 2015 жылдың 6 айына Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша 20 адам әлеуметтік жұмыс орынына орналастырылып, оларға Республикалық бюджеттен 760,0мың тенге қаржы төленді.

2015 жылдың алты айында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша 21 жас маман жастар тәжірибесіне жолданып,  Республикалық бюджеттен 1637,0 мың тенге жалақы игерілді.

Аудан бойынша жаңа жұмыс орындарын  ашу  көрсеткіштері 2015  жылы 229 жаңа жұмыс орыны құрылды ( оның ішінде 63 тұрақты жұмыс орындары).

2015 жылы ресми  92 адам жұмыссыздар есебінде тіркеліп, аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 0,9 пайыз  болып отыр.

Аудан бойынша  2015 жылдың 1 шілдесіне 29 отбасы, 128  адамға (62 пайызға азайып), кедей отбасылар есебінде тұрғандардың ішінде 1 отбасы, 2 бас қой - ешкі сатып алып малданды.

Аудан бойынша  2015 жылдың 1 шілдесіне 24 отбасы 105 адамы 1428,0 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

2015 жылдың  1 шілдесінде  18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларының 445 отбасына оның ішінде 1112 балаға 12051,6 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді.

2015 жылдың 1 шілдесіне аудан бойынша әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларына және жалғызбастылар мен мүгедектер, зейнеткерлер отбасыларына барлығын 85 отбасына 206,9мың теңгенің ізгілік және қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Қайырымдылық көрсетуде демеушілік жасағандар қатарында аудандық қайырымдылық қоры, жеке кәсіпкерлер және ұжымдар мен шаруа қожалықтары бар.

2015 жылдың 1 шілдесіне  аудан бойынша барлық мүгедектер 557, оның ішінде І-ІІ топтағы мүгедектер 267, ІІІ-топтағы мүгедек 218, 16 жасқа дейінгі мүгедек бала саны - 60, ал 0-18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 72. Барлық мүгедек әйелдер 227, оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер саны 42.

Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигеналық құралдармен қамтуға және І топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін беру үшін 8000,0 мың теңге бөлінді. 29  адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтылып, оған 1555,0 мың теңге жұмсалса, І топтағы 22 адам жеке көмекші қызметімен қамтылса оған 1467,8 мың теңге қаражат жұмсалды.

«Ақжайық» емдеу-сауықтыру шипажайында 9 мүгедек және 18 зейнеткер демалды.

Аудан бойынша 1 адам тұрақты жұмысқа, 10 адам қоғамдық жұмысқа, 2 адам әлеуметтік жұмысқа, барлығы 13 адам жұмысқа орналасты.

Үйден оқып, тәрбиленетін 17 балаға 282,5 мың теңге материалдық көмек төленді.

«Капустин-Яр» және «Азғыр» полигонына байланысты аудан бойынша 563 мүгедек адамға - 10658,4 мың теңге көмек берілді

2015  жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты Ұлы Отан соғысына қатысы бар 175  адамға 2160,0 мың теңге және Чернобыль АЭС-нің зардаптарын жоюға қатысқан 4 адамға 110,0 мың теңге, ауған соғысына қатысқан 3 адамға -90,0 мың теңге, 1 маусым балаларды қорғау күніне 75 мүгедек  балаға 750,0 мың теңге  әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мұқтаж   азаматтардың жекелеген санаттарына   2015 жылдың 6 айына 90 адамға 2976,2 мың теңгенің бір жолғы материалдық көмегі көрсетілді.

Аудан  бойынша  2015 жылдың 01 сәуіріне  өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, қызметкерлердің кепілдемесін және еңбек құқығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық  жөнінде  жұмыс істейтін  46 жеке кәсіпорындар мен  меморандумға қол қойылды.