«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырылуын ұйымдастыру бойынша аудан әкімінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 92 өкімімен өңірлік  штаб  құрылды.  Штаб мүшелері аудан әкімінің өкімін жүзеге асыру мақсатында, аудан халқына округтерді аралап түсіндіруде. Аталған жұмысшы топ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде ауданның барлық ауылдық округтердің орталықтарында, округке қарасты елді мекендерде, мектептерде болып, тұрғындар арасында түсіндіру насихаттау жұмыстары жүргізуде. Оған барлығы 8500 тұрғындар  қамтылды.

Өткізілген әр кездесудің, жиналыстардың хаттамалары мен фото суреттері бөлімде жинақталып, медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаментіне жолданып отыр.

2016 жылдың 13 қазанында ауданға облыстық штабтың мүшесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорпациясы комерцияылық емес АҚ-ның БҚО бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» департаментінің басшысы А.Т.Кожумов келіп Сулыкөл және Қаратөбе ауылдық округтердің тұрғындарымен жиналыс өткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

2017 жылдың 28 наурыз күні сағат 10-00 де Қаратөбе ауылдық округінің аудандық мәслихат залында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша шаруа қожалық жетекшілерінің қатысуымен өткен жиналыста, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Жүсіпқали Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды еңгізу мәселелері бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттық түсіндіру мақсатында  шаруа қожалық жетекшілеріне жеке кәсіпкерлерге жалпы жұмыс берушілерге 2017 жылдың 1–і шілдесінен бастап өз жұмысшыларына міндетті жарналарын аудару керек екенін түсіндірді. Сонымен қатар ағымдағы жылдың наурыздың 30 – 31  күндері штаб мүшелері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Жүсіпқали, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.Бозов,  аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Тойшыбаев Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, 2018 жылдан басталатын жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті ендіру, өрлеу бағдарламасы, жаппай кәсіпкерлікті қолдау шаралары және нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша  ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін ауданымыздың Егіндікөл, Қоскөл, Сәуле, Саралжын, Бесоба, Аққозы ауылдарында болып халықпен кездесіп кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиналыстарда халықтын қойған сұрақтарына жауап берілді.

Қаратөбе аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында, аудан әкімі А.Б.Шахаровтың төрағалығымен өткізілген ауданда құрылған кәсіпкерлердің қоғамдық кеңесінің отырысында, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Жүсіпқали, кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап өз қызметкерлеріне қаражат аудару жөнінде хабарлама жасады.

Жиналысқа қатынасушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы жаднамалар таратылды.

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 2017 жылдың  14 сәуірдегі медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің хатында көрсетілгендей «Емханаға тіркел - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» ұранымен 2017 жылғы 5 сәуірден бастап 30 маусым аралығында азаматтарды емханаларға тіркеу науқанының басталуына байланысты, бөлімнің фейзбук желісіне жаднама салынды және ауылдық округ әкімдеріне «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы жаднаманы өздерінің округтеріндегі барлық аулаларға (халыққа) тарату туралы хат жолданды және халықпен кездесу жиналыстарында қатысушыларға жаднамалар таратылды.

2017 жылғы 8 маусымда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүргізу туралы жиналыс өткізілді. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары, барлық бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатынасты. Штаб мүшелеріне аудандағы кәсіпкерлерге, көше комитеттеріне және аудан тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – сапалы, әрі қолжетімді медициналық көмек екендігін кеңінен түсіндіру жөнінде тапсырма берілді. Тапсырмаға сай ауылдық округтерді аралап жиналыстар өткізіліп түсінік жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылдың 21 маусым күні Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттық түсіндіру мақсатында  семинар кеңес оздырылды, семинар кеңеске Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Темиргалиева Балжан Сабыровна және Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің дәрігері Табылдиев Аскар Тобаниязович қатынасып аудан әкімінің орынбасары,ауылдық округ әкімдері, аудандағы мекеме басшыларына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.