Қаратөбе ауданының  2015 жылдың 6 айының  қорытындысы  бойынша  денсаулық сақтау саласының  көрсеткіштері 

ШЖҚ «Қаратөбе аудандық орталық аурухана» МКК құрамына кеңесші - диагностикалық бөлімше, 1 отбасылық денсаулық орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшер - акушерлік пункт, 11 медициналық пункт, 50 кереуетті тәуліктік стационар және 60 кереуетті күндізгі стационар қызмет көрсетеді.

2015  жылдың  6 айы   қорытындысы бойынша 112 сәби дүниеге келіп, туу көрсеткіші  - 7,0 болса,  жалпы өлім - жітім көрсеткіші - 2,4 (39 жағдай) болып, табиғи өсім - 4,6 құрап отыр (73).

Аудан тұрғындарына 22 жоғарғы білімді дәрігер мен 113 орта буынды медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетеді.

 

Дәрігермен қамтамасыз ету көрсеткіші 

Дәрігерлер саны

Дәрігерлермен қамтамасыз ету(10 мың тұрғынға шаққанда)

2014ж 6 айы

2015ж 6 айы

2014ж 6 айы

2015ж 6 айы

       23

         22

        14,5

          13,8

 

Кадр тапшылығы мәселесін шешу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, былтырғы жылы ауданымызға 7 жас маман келіп, қызмет етуде. Биылғы жылыда жоғарғы медицина оқу орнын бітірген жас мамандарды ауданға тарту үшін жұмыстар жүргізілуде. Соңғы үш жылда ауданымызға жоғарғы білімді 11 жас маман келді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 дәрігер үй алып, қызметтік пәтермен 3 дәрігер қамтылды. Жергілікті 3 дәрігер ата-анасымен бірге тұрып қызмет етуде.

Салауатты өмір салты бағдарламасының іс-шарасын жүзеге асыру шеңберінде тұрғындардың болжамды өмірін арттыруға қол жеткізуге бағытталған салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті жұмыс істеуде.

Ақсайдан аймақтық психологиялық дәрігерлік комиссия ауданымызға келіп, медициналық кеңес берілді.

ҚР ДСМ -нің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін амбулаториялық деңгейінде белгілі аурулары бар халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» бұйрығын орындау мақсатында тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде.

Ағымдағы жылдың 26 мамыры мен 12 маусымы аралығында  жылжымалы автокешен елді мекендерді аралап, 1432 адам медициналық тексеруден өткізілді, соның ішінде 16 адам «Д» есепке алынды.

Аудандық  орталық аурухана дәрігерлері кесте бойынша тұрғындардың  мақсатты тобын тексеру, кеңес беру және ұйымдастыру - әдістемелік көмек көрсету үшін 2015 жылдың 6 айында 28 рет елді мекендерге шығу жасалып, олар арқылы алдын ала тексерумен 3501 адам қамтылды, 63 ауруға кеңес беріліп, 688 ауру анықталды, 28 адам «Д» есепке алынды.

Республикалық бюджет есебінен биылғы жылы маммолог кабинеті ашылып, қазіргі уақытта қызмет көрсетуде.

Материалдық техникалық базасын күшейту мақсатында офтальмолог кабинеті және тағы да басқа кабинеттер медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

 Ауруларды немесе қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала медициналық тексеруден(скрининг) өткізілуде, анықталған науқастарды сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Скрининг бойынша

0 -17 жас аралығындағы балаларды  мақсатты профилактикалық тексеруге 2014 жылға жоспарланғаны -4680, өткені - 4554(97,3%), анықталғаны - 1073(23,6), сауықтырылғаны - 777( 72,4), «Д» есепке алынғаны - 115(10,7%),  Анықталған аурудың  ішінде 1 орында анемия - 625(52%); 2 орында - асқорыту органдарының аурулары - 235(28,3%); 3 орында - көз органдарының аурулары 163(14%).

Жүректің ишемиялық ауру мен қан қысымының көтерілуі ауруларын алдын - алу мақсатында, ересектерді скринингтік медициналық тексеруден өткізу жоспары бойынша 2014 жылдың 12 айында жоспарланған 2449 адамның 2449 (100%) адамы тексеруден өткізілді, оның ішінде 236(8,37%) ауру анықталған (оның ішінде  АГ - 225, ЖИА - 11).

 

Қант диабетін анықтауға жататындар - 2449, қаралғаны - 2449 (100%), анықталғаны - 1(0,04%),  «Д» есепке алынғаны - 1 -100%.

Глаукомаға  жататыны - 1980, қаралғаны - 1980(100%), анықталғаны - 2(0,10%), «Д» есепке алынғаны - 2- 100%.

Әйелдердегі омырау безінің ісікалды және ісік ауруларын анықтауға  - 448 әйел жылжымалы маммографияға жоспарланып, 2014 жылдың  12 айында 448 әйел тексеруден өткізілді, қатерлі ісікпен анықталғаны - 2(0,44%) Жатыр мойнының ісікалды және ісігі  ауруларын  анықтауға жататыны - 566, қаралғаны - 566 - 100%), қатерлі ісік анықталғаны - 2 (0,4%) жағдай Колоректалды қатерлі ісікті анықтауға жататыны - 1168, қаралғаны - 1168(100%), оң нәтижелі гемокульт - тест - 14, қатерлі ісік анықталған жоқ.

Өңеш пен асқазанның ісік алды аурулары мен обырын анықтауға жататыны - 766, қаралғаны - 766 (100%), 2(0,26%) қатерлі ісік анықталды, ісікалды жағдайымен - 12(1,56%), сауықтырылғаны - 12.

2014 жылдың 12 айында қуықасты безінің ісік алды аурулары мен обырын анықтауға жоспарланған - 326 ерлердің  барлығы өтіп (100%), екеуі оң нәтижелі болды.

Бауыр обырын анықтауға жоспарланған 13 науқас (9- вирусты, 4- вирусты емес) толық тексеруден өткізілді,обыр анықталған жоқ.  

2014 жылдың 12 айында  созылмалы вирустық гепатит ауруларына тексерілуге жоспарланған балалар саны - 54, қаралғаны - 54, оң нәтижелі анықталғаны - 1, соның ішінде Д есепке алынғаны - 1 ,ересектерден жоспарланғаны - 60, қаралғаны - 60, оң нәтижелі анықталғаны - 6,    «Д» есепке 4 науқас алынды.

Жалпы өлім-жітім

 

2013 жыл

2014 жыл

 

абс.

көрсеткіш

абс.

көрсеткіш

Тіркелген халық саны ( мың адамға)

16308

6,4

16154

5,8

Қан айналым жүйесі аурулары (I00-I99)

12

11,4

15

15,8

оның ішінде  ЖИА (I20-I25)

1

8,3

3

20

Жедел миокард  инфаркты (I21-I22)

 

 

 

 

Цереброваскулярлы аурулар       (I60-I69)

2

16,7

3

20

Жедел ми - қан айналымы бұзылысы (I61-I73)

9

75

9

60

Ісік аурулары (С00-Д48), соның ішінде қатерлі ісікпен

14

13,3

7

5

7,3

5,2

Жарақаттану, улану (S00-T98)

6

5,7

7

7,3

Тыныс алу жүйесі аурулары (J00-J99)

29

27,6

23

24,2

Ас қорыту жүйесі аурулары (К00-К93)

16

15,2

12

12,6

Нерв жүйесі аурулары (G00-G99)

1

1,0

4

4,2

Несеп шығару жүйесі аурулары (N00-N99)

5

4,8

9

9,5

Инфекциялық және паразитарлық аурулары (А00-В99)

 

 

 

 

оның ішінде  туберкулез(А15-А19)

 

 

 

 

Психикалық және мінез - құлық бұзылысы (F00-F99)

1

1,0

1

1,0

Қалыпты жағдайдан ауытқу белгілері, симптомдары (R00-R99)`

17

16,2

11

11,5

оның ішінде қарттық (R54)

16

 

10

 

Аурушаңдық пен өлім - жітімнің басқада себептері  (V01-Y98)

4

3,8

4

4,6

Басқалар

 

 

1

1, 0

Барлығы

105

6,5

95

5,8

2014 жылдың 12 айында Емдеуге жатқызу порталы бойынша штаттан тыс - 14 жағдай тіркелді, порталдан алыну себептері: 2- науқаста стационарға емдеуге жатқызу кезінде қарсы медициналық айғағы болған; 4 - науқас ауруханаға жатуға келмеген; 2 - науқаста стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуға медициналық айғақтары болмаған; 3 - емдеуге жатқызу процедураларына қатыссыз жағдайлар; 3 - науқасты порталға қате салған.