http://garden.karatobe-bilim.kz


Балаларды тасымалдау қауіпсіздігі

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті  «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында жергілікті полиция қызметімен  бірлесіп Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламентін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді (ТР ТС ТС 018/2018). 

Іс-шараға жергілікті полиция, білім беру бөлімі, Орал қаласының мектеп директорлары қатысты. Кездесудің мақсаты 6 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нормалары мен ережелерін түсіндіру болды.

           Атап айтқанда:

- автобустың алдында және артында Кеден одағына мүше-мемлекеттерде қолданылатын Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес «Балаларды тасымалдау» айыру белгілері орнатылуы қажет.

-Шанақтың сыртқы бүйірлік жақтарында, сондай-ақ автобус симметриясының білігі бойынша алдында және артында «БАЛАЛАР» қарама-қарсы түсті жазбалар түсірілуі керек.

 - Автобус артқа жүрген кезінде автоматты түрде дыбыстық сигнал беретін құрылғымен жабдықталуы керек.

 - Автобуста орнатылған барлық сыртқы тікелей емес шолу құрылғыларының элементтерінің электрлі қыздырғышы болуы қажет.

 - Автобус қозғалған кезде сөрелер қол жүгі құлауына жол бермейтіндей болуы керек.

 - Автобус алғашқы көмектің екі дәрі қорабымен (автомобильдік) жабдықталуға  тиіс.

  -Автобуста кем дегенде екі өрт сөндіргіш орнатуға арналған орындар қарастырылуы қажет, бұл жерде орындардың бірі жүргізуші отырғышының жанында болуы керек.

-Балаларға арналған отырғыштар автобус жүрісі бойынша алға қаратылуға тиіс.

 -Балаларға арналған отырғыштардың әр бойлық қатарында «Тоқтату туралы өтініш» сигналдық түймесі қарастырылуы керек

Жүргізушінің жұмыс орны төмендегілермен жабдықталуға тиіс:

 -Балаларды орналастыру орындарынан іске қосылатын, тоқтау қажеттігі туралы дыбыстық және жарық сигналдарымен;

 -Ішкі және сыртқы автомобильдік қатты дыбыстау қондырғысымен.

 - Өз отырғышында отырған жүргізушіде жол деңгейінен бастап автобус еденінің бетіне дейінгі аймақта балалардың автобусқа кіруі және одан шығуы процесін бақылау мүмкіндігі болуы қажет. Егер тікелей емес шолушылық жеткіліксіз болып табылса, онда мұндай бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрылғылар («бейнекамера-монитор» жүйесі, айналар жүйесі, басқа оптикалық құрылғылар) орнатылуы керек.

Сонымен қатар, балаларға арналған отырғыштар балаларға арналған ұстап тұратын жүйелермен жабдықталады.

22 адамнан аспайтын жолаушылар саны бар автобустар бір қызметтік есікке ие болуы тиіс, 22 адамнан асатын жолаушылардың жалпы саны бар автобустар кіру және шығу үшін кем дегенде екі қызметтік есік болуы керек.

Есік (немесе есіктің біреуі) жүргізушінің жұмыс орнына тікелей жақын жерде орналасуы керек.

Автобус қызмет көрсету есіктері ашық немесе толық жабылмаған кезде қозғалыс басталуына кедергі келтіретін құрылғымен жабдықталуы керек.

Автобус күннің әр мезгілінде  кез келген уақытта автобус есіктерінде  балалардың кіруін және шығуын көруге мүмкіндік беретін жарықпен қамтамасыз етілуі керек.

Техникалық регламенттермен толық нұсқасын.Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан http://www.eurasiancommission.orgтабуға болады.

 

ҚР ИДМ-нің Техникалық реттеу және метрология Комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің

 бөлім басшысы  Жанахын Тыгынбаев


 

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларындаатқарылған жұмыстарының есебі
Оқушылар контингенті

Ауданда 2017- 2018 оқу жылын 19 мектепте (оның ішінде  13 орта (оның 4-і мектеп-балабақша), 5 негізгі және 1 бастауыш) 2395 оқушы контингентімен (1-4 кл 984 оқушы, 5-11 кл 1411 оқушы ) бастады.
2017-2018 оқу жылын 2388 оқушы  58,3% білім сапасы көрсеткішімен аяқтады. (2016-2017 оқу жылы қорытындысында білім сапасы 58,7%). Оқу үлгерімі 100%.

Педагог кадрлар

2017-2018 оқу жылындағы есеп бойынша педагог кадрлар  саны – 501-ді құрады. Олардың   381-жоғары білімді, 120 -арнаулы орта білімді педагог қызметкерлер. Жоғары санатты педагогтар саны - 54, І санатты –194,  ІІ санатты – 94  және санатсыз педагогтар – 159.
2018 жылы педагог қызметкерлерді аттестаттаудың І кезеңі ұлттық біліктілік тестілеуге 171 педагог (педагог-модератор-59, педагог-сарапшы-74, педагог-зерттеуші-38)  өтініш беріп,168(98,2%) тест тапсырды. 3 педагог (1- аурулы себепті, 2-өз еркімен) қатыспады. 128 (76%) педагог аттестаттаудың екінші кезеңіне өтті.
Аттестаттаудың II кезеңінің қорытындысы бойынша 40 педагог-модератор, 59 педагог-сарапшы, 27 педагог-зерттеуші біліктілігін алды (растады).

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

2016 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында баланың мектепке дейінгі кезеңінің маңыздылығы  алдағы білім беру қызметіне сәтті дайындықтың негізі ретінде айқындалған.
Аудан бойынша 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту көрсеткіші – 62,2%, 1-3 жас аралығындағы балаларды қамту 20,16%, 3-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші – 100 %. Барлық 24 мектепке дейінгі ұйымда 633 бала тәрбиеленеді, оның ішінде 8 дербес балабақшада – 368 бала, 4 мектеп-балабақшада - 92 бала, 12 шағын орталықта – 173 бала. Мектеп жанындағы мектепалды даярлық сыныптарында 233 бала тәрбиеленуде. 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту көрсеткіші - 100%.

Инклюзивті білім беру

 Аудан бойынша 2017-2018 оқу жылында 199 даму мүмкіндігі шектеулі бала есепте тұр. Мектепте ДМШ бала саны 146,соның ішінде 21 мектеп алды даярлықта, 116 бала сыныптарда, 14 бала үйде оқытылады. «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы жанындағы инклюзивті кабинетінде 6 даму мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиеленуде. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 28 бала түзету жұмысын алады. ДМШ балалардың 8-і техникалық құралмен қамтылып, 4 баланың үйіне интернет желісі қосылды. Қазақстан Республикасының Президентінің 7 желтоқсан  2010 жылғы  № 1118  жарлығымен  бекітілген 2011 - 2020 жылдарға арналған  білім беруді дамытудың  Мемлекеттік  бағдарламасында көрсетілген  даму мүмкіндігі шектеулі балаларға «Кедергісіз аймақтар»   мектептерде кедергісіз білім беру ортасы жасалған: оқу сыныптарында, дәліздерде, асханада, мектеп баспалдақтарында тұтқалар орнатылған, пандус тіреуштері бар, мектеп дәретханасы қайта жасақталған. Киім шешетін орынды жабдықтау жұмысы  бойынша бөлек бөлмелер қарастырылып, сыныптарға кіруге табалдырықсыз қолжетімділіктер жасалды. «Кедергісіз аймақ» элементтерімен басқыштардың соңғы сатылары қанық  түсті бояумен, сырттан кіретін  есіктің ашылатын  бөлігін ерекшелеп  ашық қанық түспен бояу жұмыстары жүргізілді. Мүгедек балалардың қолжетімділігін қамтамассыз ету үшін «кедергісіз аймақ» элементтерімен ауданның 14 жалпы білім беретін мектебінде жағдай жасалған,бұл мектептердің жалпы санының 73,6% пайызды құрайды.
Оқушыларды қорытынды аттестаттау

«Білім туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №74 бұйрығы негізінде білім алушылар аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізілді. 9 сыныптың білім алушылары үшін 28 мамыр- 8 маусым аралығында қорытынды бітіру емтихандары, 11 сыныптың білім алушылары үшін 29 мамыр-9 маусым аралығында мемлекеттік бітіру емтихандары өтті.
2017-2018 оқу жылында 11 сыныпты 176 оқушы аяқтады. 1 оқушы денсаулығына байланысты қорытынды аттестаттаудан босатылды, оқу жылы қорытындысы бойынша 7 оқушы «Алтын белгі», 6 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.
ҰБТ қорытындысы

Мектеп бітіруші түлектер үшін 2018 жылдың 20 маусым күні №846 ҰБТ ӨП-де тест өткізілді.
2017-2018 оқу жылын 13 жалпы орта білім беретін мектепті 176 оқушы аяқтаса, оның 142-сі(13 мектептен)яғни 80,68% (2017 жылы 64,6%) ҰБТ тапсыруға өтініш беріп, 100% қатысты.
Аудан бойынша ҰБТ тапсырған142 оқушының орташа балы 92,14 (2017 жылы 88) балл. Шығармашылық емтихан тапсыратын 13 оқушы тек 2 пәннен ғана (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық)тест тапсырғандықтан,олардың балы шегеріліп есептелгенде орташа балл- 98,19. (2017 жылы 89)
Ең жоғары балл жинаған:
Алпысбаева Ақбота Ерболқызы (Мектеп-гимназия) – 129 балл.
Ең төмен балл:
2018 жылы ең төменгі балл- 27
2017 жылы ең төменгі балл – 47.
50 балдан төмен 3түлек(Мұхит 1 түлек , Б.Аманшин атындағы мкектеп 1 түлек, Б.Қаратаев атындағы мектеп 1 түлек)жинады.
ҰБТ-ны өткізу кезінде құқық бұзушылық оқиғалары орын алған жоқ. Мектеп бітіруші түлектерді тамақтандыру мен тасымалдау қалыпты жағдайда өтті.

Білім беру мекемелері ғимараттарын жаңа оқу жылына дайындау

 

Жай жөндеу жұмыстарына қажетті құрылыс материалдары:

       Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі бойынша 19 мектеп жұмыс жасайды. Аудан мектептеріне 2018 жылғы жай жөндеу жұмыстарын жургізуге 4 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жеткізіліп мектептерге таратылуда.
Атап айтқанда:
«Ныгметова» жеке кәсіпкерінен 225,0 мың теңгеге түрлі-түсті колер. 40,0 мың теңгеге ішкі есіктер, 166,5 мың теңгеге сары сыр, 198,0 мың теңгеге жасыл сыр, 160,0 мың теңгеге кызыл сыр, 198,0 мың теңгеге қара сыр, 100,0 мың теңгеге серебрянка, 30,0 мың теңгеге электродтар сатып алынды.
«Сахипова» жеке кәсіпкерінен 94,0 мың теңгеге растворитель, 140,0 мың теңгеге замаска,  220,0 мың теңгеге шпатлевка, 365,0 мың теңгеге известь, 110,0 мың теңгеге олифа, 240,0 мың теңгеге цемент, 136,0 мың теңгеге пена,  235,0 мың теңгеге түрлі кисталар сатып алынды.
Сонамымен қатар «Ибрагим» жеке кәсіпкерінен 110,0 мың теңгеге граби, «Бабенов» жеке кәсіпкерінен 717,0 мың теңгеге ақ, көк, қоңыр түсті сырлар және 475,0 мың теңгеге водоэмульция краскасы сатып алынды.

Білім беру ұйымдарын ақпараттандыру

Қазіргі таңда аудан бойынша 3 млн 610 мың теңгеге Bilim Media Group компаниясымен 2018 жылдың 16 сәуірінде №160 келісімшарт жасалып, 19 мектептің барлығына BILIM LAND порталына кіру үшін онлайн режимінде пароль мен логиндер берілді. Сол логиндер арқылы пән мұғалімдері сайтқа кіріп, өздеріне қажетті мәліметтерді алып, оны сабақ барысында қолданып жұмыстануда. Мұғалімдер үшін ғана емес, мектептің 11 сынып оқушылары үшін де  ҰБТ-ге дайындық мақсатында  I TEST ресурсын қолдануға мүмкіндіктер ашылып отыр.
Аудандағы 3 мектепке (Мұхит ат.ЖОББМ, мектеп-гимназия және Шөптікөл ЖОББМб) 1 млн 100 мың теңгеге 6 нүктеге ALTEL модемі орнатылып, аталған мектептер интернетпен қамтылып отыр.
2018-2019 оқу жылының басында аудан орталығындағы 2 мектеп – Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектептері  Kundelik.kz сайтына қосылып, активтендіріліп, толтырылды. 2018-2019 оқу жылының басында Шөптікөл ЖОББМб-н қосу жоспарлануда.
Аудан бойынша білім беру бөлімінде және 18 жалпы білім беретін мектепке сайт ашылып жұмыстануда.
Аудан орталығында Қаратөбе мектеп-гимназиясы базасында 2-10 сынып оқушыларына арналған  IT-класс ашылмақ. Оған 8-16 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады. Бұндай сыныпты ашудағы мақсат —  балалардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына мүмкіндік жасау. Онда оқушылар бағдарламалау мен робототехниканың қыр-сырын үйренбек. Бұл оқушыларға қара­пайым алгоритмдерді құру, еуропалық білім беру стандарттарына сәйкес бағдарламалар мен WEB-сайттарды құру дағдыларын игеруге мүмкіндік береді , бұл класта ба­лалар төрт бағыт бойынша білім алады. Олар – 3D модельдеу, программалау, ин­женерлік сызба, робототехника саласы.
Жобаның бастамашысы - "Нұр Отан" партиясы. Үш жылдық жоба "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында жүргізілмек.   IT сынып заманауи компьютерлермен, 3D принтер, жоғары жылдамдықты интернет, қажетті веб бағдарламалармен қамтылған. Барлығы алпысқа жуық бала оқиды. Оқушылар әртүрлі бағдарлама арқылы білім көкжиегін кеңейтеді, түрлі компьютерлік ойындар, сабаққа қажетті бағдарламалар құрастырады.
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Адам капиталын дамыту» бағытының іс-шаралар жоспарында көрсетілген  «Халыққа арналған базалық  цифрлық дағдылар бойынша оқыту курстарын өткізу, қайта даярлау»  туралы  88 тармағын орындау мақсатында  ағымдағы жылдың 18 маусым-5 шілде аралығында цифрлық сауаттылық бойынша тұрғындарды оқыту курсы өткізілуде.
Курстың мақсаты - ашық үкімет құрамдастарын пайдалануда азаматтардың білімі мен дағдыларын арттыру болса, міндеті- тыңдаушыларды  ашық үкімет құрамдастарының мүмкіндіктерімен таныстыру, азаматтардың қызығушылығын, сондай-ақ қатысу деңгейлерін жоғарылату болып табылады.
Курс 18 топ, 280 адаммен қамтылды.  Бағдарлама 8 сағаттық дәрістен (420 минут) құралған.

Бюджеттің орындалуы

Ауданның білім беру саласының 2018 жылғы бюджетіне  1 млрд 865 млн 301 мың теңге қаралып, соның  ішінде,  республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы  трансферттен  тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін және оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге үстемақы төлеуге 2 млн 957 мың теңге бөлінді.
2018 жылдың 6 айына 1 млн 259 мың 447 теңге қаржы қаралып, 100 % игерілді.
Жазғы демалыспен қамту

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі 2018 жылы оқушылардың жазғы демалысы, сауықтырылуын ауданның 19 мектебі жанындағы лагерьлерде, аудандық Шалқар көлі жағасындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері мен Егіндікөл ауылындағы «Жасыл желкен» жазғы демалыс лагері және Қалдығайты, Жақсыбай өзендері жағалауындағы (Аққозы, Қалдығайты, Қаратөбе, Егіндікөл ауылдары) жылжымалы шатырлы лагерьлерде ұйымдастыруды жоспарлауда.
Аудан бойынша IV оқу тоқсанында 1-10 сынып аралығында 2211 оқушы болса,мектепішілік лагерьге 1651 оқушы, «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагеріне 250 бала және «Жасыл желкен» жазғы демалыс лагеріне 200 баланы және аудандық балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы жанынан ұйымдастырылатын жылжымалы шатырлы лагерьге100 баланы қамту жоспарлануда. Яғни, 2201 оқушы лагерьмен қамтылады, бұл барлық баланың 99,5% (10 бала үйден оқитын балалар).
Мектепішілік лагерь күні - 7 күн, «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері - 7 күн, «Жасыл желкен» жазғы демалыс  лагері - 5 күнді, жылжымалы шатырлы лагерь – 3 күнді құрайды. 19 мектепішілік лагерь 9:00-13:00 аралығында 1 мезгіл тамақтанып, жұмыстанады. Барлық мектеп жанындағы лагерьлердегі демалушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұған жергілікті бюджеттен 3 млн 825 мың теңге қаржы қарастырылған.
Мектеп жанындағы 19 лагерь 1 маусымнан бастап өз жұмыстарын бастады. 19 мектеп жанындағы лагерьдің 1-уі (Әділов ат.БМ) бір кезең, 11-і  үш кезең, 7-уі төрт кезең, 1 мектеп (Мұхит ат.ЖОББМ) бес кезең жұмыс жасайды.
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері мен«Жасыл желкен» туристік лагерінде ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілді.
Мамыр айында аудандық және мектеп жанындағы лагерьлердің дайындығын тексеру жөнінде комиссия құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілді.Аудандық білім беру бөлімінің өрт, су қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтары бекітіліп, барлық лагерьлерге таратылды.

  1. Жазғы демалыс лагерлерінде қауіпсіздік мәселесі қатаң бақылауға алынып, жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде.
  2.  

Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі

2017-2018 оқу жылында 3 қосымша білім беру ұйымы: Қаратөбе балалар саз мектебі, Қаратөбе балалар шығармашылық үйі, Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы жұмыстанды. Қосымша білім беру  ұйымдарына 2017 жылдың қыркүйек айында барлығы 86 үйірмеге 1411 оқушы қамтылған. Бұл барлық  оқушының  58,9 %-ын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 3%- ға артық. Сондай-ақ Қаратөбе балалар спорт мектебіне 360 оқушы тартылды (14,2%). 2018 жылдың мамыр айын 1408 оқушымен аяқтады. Бұл барлық  оқушының  58,96 %-ын құрайды.

Мектеп жанындағы интернат

2017-2018 оқу жылында  мектеп-гимназия жанындағы «Дарын» интернаты (101 оқушы), Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы интернат (10 оқушы) жұмыстанды. Барлық оқушылар саны – 111. Интернат қызметкерлері – 6 ( 5-уі жоғары білімді, 1 арнаулы орта білімді). Мамыр айын мектеп-гимназия жанындағы «Дарын» интернаты 88 оқушымен, Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы интернаты 7 оқушымен, барлығы 95 оқушымен аяқтады.

Тасымал

2018 жылдың қаңтар айынан бастап 15 оқушы мектепке және мектептен кері үйіне тасымалданады. Соналы мектебіне Ақмешіт елді мекенінен 10 оқушы (бірінші ауысымда-5 оқушы, екінші ауысымда-5 оқушы), Тереңқұдықтан 4 оқушы (бірінші ауысымда-1, екінші ауысымда-3), Исатайдан 1 оқушы (бірінші ауысымда-1) тасымалданады.

Ыстық тамақпен қамтылуы

Қаратөбе ауданы бойынша барлық 19 жалпы білім беретін мектепте тамақты тасымалдаушымен мектеп ұйымдастырады.
2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында ыстық тамақпен 1647 оқушы (68,9%) қамтылды, оның ішінде 977-і бастауыш сынып оқушылары (100%), 670-і аз қамтылған отбасы балалары.

Оқулықпен қамтылуы
Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі бойынша 2018 жылы  бюджет есебінен 80 856 000 (сексен  миллион сегіз жүз елу алты  мың ) теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға мектепалды даярлық сыныптарына, жаңартылған білім беру жүйесіне енгізілетін 3,6,8 сыныптарға және үш тілділікке көшуге байланысты ағылшын тілінен сөздіктер, терминологиялар    («Алматыкітап», «Атамұра», Арман-ПВ, «Көкжиек- Горизонт», «Астана-Кітап», «Интер-Пресс», «Бөбек»,   «Мектеп», «Кембридж», «НИШ»,  «Макмилан», «Келешек»,  «Жазушы», «Білім»  «Еду Стрим», «Альраминь», «Ұлттық ақпараттандыру орталығы») баспалармен келісім шарттар жасалып, 48588 дана оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер сатып алу жоспарлануда.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша қызметі

         Аудан бойынша 12 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала (10 бала қамқорлықта, 2 бала патронаттық отбасыда) тәрбиеленуде. Қаңтар айынан бастап 8 жеке тұлғадан арыз-шағым түсіп, заңға сәйкес мерзімінде жауап берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

2018 жылдың қаңтар айынан 1 шілдеге дейін жалпы көрсетілген қызмет саны- 1439, қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны- 1254, электронды үкімет порталы арқылы-18, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-167. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында орындау мерзімі бұзылған жоқ.

 

                     Қаратөбе аудандық білім беру
                     бөлімінің басшысы  м.а                                Е.Рабаева

 


Скачать: План приобретения товаров (годовой план)


Оқушылардың білім сапасы

Білім сапасы.

Аудан бойынша 2014- 2015 оқу жылын 19 мектепте (оның ішінде  13 орта (оның 4-і мектеп-балабақша), 5 негізгі және 1 бастауыш) 2598 оқушы бастап, оқу жылы аяғында 2580 оқушы контингентімен 56 пайыз білім сапасын көрсетіп отыр.

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау.

2015 жылдың сәуір айында «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңының 55- бабына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету сапасын бағалау және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында аудандағы Жамбыл ЖОББМБ, Шөптікөл ЖОББМБ, Б.Аманшин атындағы ЖОББМ, Жақсыбай НО мектептерінде оқу жетістіктерін сырттай бағалау өткізілді. Оған 44 оқушы немесе 95,45 пайыз (Жамбыл-11, Шөптікөл- 17, Аманшин- 8, Жақсыбай-6) қатысты. Оқушылар қазақ тілі, математика, физика, география, биология, химия пәндері бойынша сынға түсті. Орташа балл аудан бойынша 30,29 пайызды (Б.Аманшин атындағы ЖОББМ 26,38%, Шөптікөл ЖОББМБ 34,71%, Жамбыл ЖОББМБ 29,73%, Жақсыбай НОМ 24,00 %) құрады. Облыста орташа балл 33,95 пайыз. Облыс бойынша  9 орындамыз.

Жекелеген пәндерге келетін болсам, қазақ тілі пәнінен орташа балл 10,79 пайыз, математика пәнінен 6,38, география пәні бойынша 6,64, физика пәні бойынша 5,70, биология пәнінен 7,20, химия пәнінен 6,68.

Ұлттық бірыңғай тестілеу.

ҰБТ- ге 11 жалпы орта білім беретін мектепті бітіруші 198 түлектің 143-і (72,2%) өз өтініштері негізінде қатысты, 2014 жылы түлектердің қатысу пайызы 75,7-ні құраған болатын. Орташа балл 2014 жылы 77,85 пайыз болса, 2015 жылы 78,62 пайызды құрады. Конкурстық орташа балл 65,58 пайыз. ҰБТ- де 100 ден жоғары балл жинаған түлектер саны- 26 немесе 18,18 пайыз, 2014 жылы 24 немесе 13,48 пайыз.

«Алтын белгі» белгісіне үміткер 14 түлектің 4-уі немесе 28,5 пайыз (Мектеп- гимназия-1, Мұхит атындағы ЖОББМ-1, Шөптікөл ЖОББМБ-1, Ханкөл ЖОББМ-1) өз білімдерін қорғады, өткен жылы 8 үміткердің 4-і немесе 50 пайыз қорғаған болатын.

Жалпыға бірдей міндетті білім

«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы

Облыстық білім басқармасының 2015 жылғы жоспарына сәйкес мектеп жасындағы балаларды тегін орта біліммен толық қамту мақсатында 2015 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізу туралы 6 қаңтардағы №6 бұйрығына сай, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің 10 қаңтар - 10 ақпан аралығында жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізу туралы бұйрығы (8 қаңтар 2015 жыл №6 Н/Қ) шықты. Барлық мектептерде 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік-қайырымдылық іс-шара жоспары жасақталып, жұмыстар оздырылды.

Акция барысында мектепке бара алмаудың алдын алу мақсатында мектептер бойынша ауылда тұратын мектеп жасындағы балалардың тізімін алып, үйлерді аралау жұмыстары жүргізілді.

Барлық мектептерде ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп акция шеңберінде демеушілік қолдау көрсете алатын демеушілер қоры жасақталып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы аясында әлеуметтік қорғалмаған санатындағы балаларға көмек көрсету бағытында жұмыстанды. Қолдау көрсете алатын демеушілерді (шаруа қожалығының басшыларын, жеке кәсіпкерлерді, т.б.) қатыстыру мақсатында үндеухаттар жіберіліп, хабарландырулар таратылды. Азаматтардың өтініштері бойынша жедел шара қолдану үшін білім ұйымдарында сенім телефондары үздіксіз жұмыс жасады. Нәтижесінде мектепке тартылмаған бала анықталмады.

Жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына мектеп ұжымы, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары, ауылдық округ әкімшіліктері ұйымшылдықпен қатысты.

«Тиімді тамақтану- денсаулық негізі» онкүндігі

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі бойынша 1- 10 сәуір аралығында облыстық білім басқармасының 2015 жылдың 26 наурыз күнгі №8-11/1389 хаты негізінде «Тиімді тамақтану- денсаулық негізі» ұранымен онкүндік оздырылды.

Іс- шаралар жоспары бекітіліп, барлық мектептерде жоспар бойынша шаралар ұйымдастырылды.

9 сәуір күні «Дәрумендер және денсаулық», «Денсаулыққа пайдалы өнімдер» тақырыбында аудандық сырттай фотобайқауы өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

10 сәуір күні тиімді тамақтануды ұйымдастыру бойынша медицина қызметкерлері мен аспаздарға оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы мектеп мейірбикелері мен аспазшылардың ақпараттандыру деңгейін арттыру, әдістемелік көмек беру мақсатында аудандық білім беру бөлімі, аудандық аурухана, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының ұйымдастыруымен семинар- тренинг өтті.

Барлық жалпы орта білім беретін мектептерде онкүндік аясында жоспар жасалып, іс- шаралар ұйымдастырылды.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №1270 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" №635 қаулысына сәйкес 2015 жылдың І жарты жылдығында Қоскөл ЖОББМ, Қалдығайты ЖОББМ, Б.Аманшин атындағы ЖОББМ және Шалғын негізгі орта мектептері аттестаттаудан өткізілді. Аттестация нәтижесінде аталмыш қаулының 33 тармағына сай анықталған білім алушылардың кемінде 70%-ы дұрыс жауап бермеуіне байланысты Қоскөл ЖОББМ, Қалдығайты ЖОББМ және Б.Аманшин атындағы ЖОББ мектептері өте алмады. Аттестация қорытындысы бойынша Шалғын негізгі мектебі  - 90%, қайта аттестаттаунәтижесінде Қоскөл ЖОББ мектебі  - 100% , Қалдығайты ЖОББ мектебі - 92%, Б.Аманшин атындағы ЖОББМ  - 00 % білім сапасын көрсетті.

 

Мектепке дейінгі тәрбиелеу  және оқыту

Аудан бойынша 25 мекеме мектепке дейінгі тәрбиемен айналысады. Олар 8 балабақша, 4 «мектеп-балабақша» кешені, 13 шағын орталық, оларда 715 бала тәрбиеленуде.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының 7.10. тармағы бойынша бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдарды арнайы мектепке дейінгі тәрбие мамандарымен қамтамасыз ету болып табылады.   Аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдарында 117 педагог қызмет атқарады.  Олардың 47 - і жоғары (40,1%), 69 арнаулы орта білімді(58,9%), 1 педагог орта білімді . Олардың ішінде 22-сі басқа педагогтар: 14-і жоғары білімді, 8-і арнаулы орта білімді. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы тиісті 95 педагог жұмыс жасайды.Олардың 57-і «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бар, 11 - і қайта даярлаудан өтіп, жалпы пайыздық көрсеткіші 71,5 % (68 педагог)құрап отыр.

«Балапан» бағдарламасының нысаналы индикаторларының бірі «Бірінші және жоғары білікті санаттағы педагог қызметкерлер үлесі-25 %»  құрау керек болса ,аудан бойынша жоғары санатты педагогтар жоқ, бірінші санатты - 12 ,екінші санатты -32, санаты жоқ педагогтар -  73 педагог. 

 

Ресурстық орталық (тірек мектебі) және магнитті мектептер

Қаратөбе ауданы әкімдігінің 22.09.2014 жылғы №136 санды  «Ресурстық орталық (тірек мектебі) ашу туралы» Қаулысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің 29.02.2014 жылғы №291/1 Н/Қ санды «Ресурстық орталық (тірек мектебі) ашу туралы» Бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында  Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі ресурстық орталығы болып құрылды.  Ресурстық орталыққа Алакөл негізгі орта мектебі мен Жақсыбай негізгі мектептері магниттік мектептер болып бекітіліп, 7-8 сыныптан 11 оқушы тартылып, үш рет сессия оздырылды.

 

Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру

2014- 2015 оқу жылында ыстық тамақ аудан бойынша 19 мектептің барлығында ұйымдастырылды. Барлығы 1735 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, жалпы оқушылар санының 66,7%-ын құрады. Оның ішінде 777-і (100%) аз қамтылған отбасы балалары, 958-і бастауыш сынып оқушылары (100%). 1-4-сынып оқушылары (958 оқушы) тегін ыстық тамақпен 100% қамтылып отыр.

Қоғамдық тамақ 3 мектебінде (Мұхит атындағы ЖОББМ, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Қоскөл ЖОББМ) ұйымдастырылып, қоғамдық тамақпен 373 оқушы қамтылған.

Педагог кадрлармен қамту жұмыстары

Аудан бойынша 501 педагогтің 76%-ы (381) жоғары білімді мамандар үлесін құрайды. Жоғары санатты педагогтер саны-45, І санатты педагогтар-187, ІІ санатты педагогтар -127 және санатсыз педагогтар - 142. Жоғары және І санатты педагогтар үлесі - 46,3%.

2014-2015 оқу жылында жоғары санатқа 18 (10 иеленуге, 8 растауға) педагог өтініш беріп, оның 4-еуі аттестаттау ережесінің 42-тармағына (зейнеткерлік жасқа 4 жылдан кем уақыт қалуына байланысты) сай босатылды, 1 педагог тесттен өтпеді, 1 педагог аттестаттау ережесінің талаптарына сәйкес келмеді. І санатқа өтініш берген 87 педагогтің (45 иеленуге, 42 растауға) 2-еуі басқа жұмысқа ауысты, 3 мамандығына сай емес, 6 зейнеткерлік жасқа 4 жылдан кем уақыт қалуына байланысты, 3 декреттік демалыста болуына және 7 аттестация ережесінің талаптарына сай келмеуіне байланысты өтпеді. ІІ санатқа 45 (38 иеленуге, 7 растауға) өтініш беріп, санаттарын қорғады. 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі мұғалімдерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу мақсатында «Назарбаев зияткерлік мектебі» жанындағы  педагогикалық шеберлік орталығына шетелдік әріптестермен бірлесіп, озық әлемдік тәжірибе мен педагогикалық практиканы қолдану арқылы көп деңгейлі ҚР жалпы білім беретін мектептері мұғалімдеріне арналған жаңа форматтағы біліктілік арттыру курстарын енгізді. Бүгінгі күні үш деңгей бағдарламасы бойынша ауданнан 62 мұғалім (2 мектеп директоры, І деңгей бойынша- 8, ІІ деңгей бойынша- 9, ІІІ деңгей бойынша- 43) аяқтап, сертификат алды.   Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды бүгінгі күннің  талаптарына  сәйкестендіру және сұранысқа  сай бейімдеу бойынша «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтының  курстарынан аудан ұстаздары әр сала бойынша ұдайы білімдерін жетілдіріп отырады.  

2015 жылдың 6 айы (қаңтар- маусым) бойынша бір жолғы көтерме жәрдемақы алғандар - 34, бюджеттік несие алғандар - 15 маман. 

Білім беру мекемелері ғимараттарының жаңа оқу жылына дайындығы

2015 жылы  Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Электрондық конкурс нәтижесінде  «Батыс Строй Сервис» ЖШС жеңімпаз атанып жалпы соммасы 94 112 686 теңгеге келісім шарт жасалды.

Ағымдағы жылы аудан мектептеріне 2015 жылғы ағымдағы жай жөндеу жұмыстарына  6 300 000 теңге қаралып, баға ұсыныстары тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алу Веб-порталына жарияланды, қазіргі таңда жай жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2015-2016 жылғы күзгі-қысқы жылыту маусымына 196 тонна сұйық отынға аукцион тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алу өткізіліп нәтижесінде  «Дошанова С.Ж.» жеке кәсіпкері жеңімпаз атанды. 1 тонна сұйық отын 87 920 теңге. Барлығы 196 тонна 17 232 320 теңге.

2015-2016 жылғы күзгі-қысқы жылыту маусымына 260 тонна қатты отынға баға ұсыныстары тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алу өткізіліп нәтижесінде  «Нұрлы жол» жеке кәсіпкері жеңімпаз атанды.  1 тонна қатты отын 12 843 теңге. Барлығы 260 тонна 3 339 080 теңге. Жеткізу мерзімі 2015 жылдың 1 тамызына дейін.

 

Өртке қарсы құралдар және дабылқаққыштармен қамтылуы

2014-2015 оқу жылына өртке қарсы ережені сақтау мақсатында барлық жалпы білім беретін мектептерге 154 640 теңгеге өртке қарсы құрал жабдықтар сатып алынды.

Білім саласын ақпараттандыру

Білім берудегі кез- келген өзгерісті ақпараттандырумен қамтамасыз етпей, оны іске асыру мүмкін емес. Қазіргі таңда ауданымыздың барлық мектептерінде 391 компьютер орнатылған. Бір компьютерге 8 оқушыдан келеді. Мектептер интернетпен қамтамасыз етілген, 12 мультимедиялық лингофондық кабинет жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ауданымыздағы ОЖББМ-тер химия,биология физика кабинеттерімен жабдықталған. Химия кабинеті 10 мектепте, физика кабинеті- 10 мектепте оның 3- і интерактивті тақтасымен орнатылды, биология кабинетімен 1 мектеп интерактивті тақтасымен жабдықталған.

Сулыкөл ауылдық округінің Қалдығайты ЖОББ мектебінің 1974-1984 ж түлегі Украина мемлекеті Днепропетровск қаласының тұрғыны Болат Ғабдрахимұлы Смағұлов өзінің білім алған Қалдығайты мектебіне құны 2 млн. 500 мың теңге тұратын заманауи үлгідегі компьютер құрал-жабдықтарын сыйға тартты. Сыйға тартылған компьютерлік кешен тізіміне 11 ноутбук, 2 проектор, 1 дана интерактивті тақта, 1 дана принтер, сканер, факс аппараты, 1 дана түрлі түсті  принтер және 8-11 сыныптарға арналған 44 дана электронды оқулықтар кіреді. Оған қоса лингофон кабинетін жөндетуге қаражат бөлді.

Ауданымызда он-лайн режимінде өткізілетін интернет-конференцияларға қатысу, облыстық селекторлық жиналыстарға қатысу жолға қойылған. Оқушылар интерактивті режимде өткізілетін консультацияларға, сабақтарға қатысып отырады.

 

Аудан мектептерінің оқулық, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуі

Мектеп кітапханалары жыл сайын жаңа буын оқулықтарымен, электрондық оқулықтармен, көркем-ғылыми анықтамалық әдебиеттермен толықтырылуда. Кейінгі жылдары балаларға арналған көркем әдебиеттермен мектеп кітапханаларының қоры толықтырылуда.

2015-2016 оқу жылына оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 17 875 (он жеті миллион сегіз жүз жетпіс бес мың) теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 225 000 (екі жүз жиырма бес мың) теңге тасымалдаушыға бөлінді. Бөлінген қаржыға мектеп жанындағы шағын орталықтарға, мектепалды даярлық сыныптарына, 4-сыныпқа, 5-сыныпқа, 6- сыныпқа, 11- сыныпқа, 3 -сыныпқа ағылшын оқулығы, 7- сыныпқа информатика оқулықтарына баспаларға сұраныс беріліп, келісімшарт жасақталды. 

 

Балалардың оқуына жағдай жасау (интернат, тасымалдау)     

2014-2015 оқу жылында оқушыларды тасымалдау ауданның 3 мектебінде  (Шөптікөл ЖОББМБ, Соналы ЖОББМ, Үшағаш НОМ) ұйымдастырылып, 23 оқушыны қамтыды, соның ішінде 3 оқушы Шөптікөл ауылына, 18 оқушы Соналы ауылына, 2 оқушы Үшағаш ауылына тасымалданды.

Аудан бойынша 3 мектепте мектеп жанындағы интернат бар. Олар: Қаратөбе мектеп-гимназиясы жанындағы «Дарын» интернаты (91 оқушы), Қалдығайты (11 оқушы), Б.Қаратаев атындағы (10 оқушы) мектеп жанындағы интернаттар. Интернаттарда 112 оқушы тәрбиеленді.

 

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтарын жүзеге асыру

Аудан көлемінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайын жақсарту мақсатында 1 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті, 3 логопункт,  5 мектепте дефектолог маманы жұмыс атқарады.  «Балдырған» бөбекжай  балабақшасында инклюзивті кабинет жұмыс жасайды. Кабинет тиісті құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз етілген. Аудан  бойынша мүмкіндіші шектеулә  130 бала, оның мектептерінде даму мүмкіндігі шектеулі 114 бала оқумен қамтылған, балабақшада 16  бала тәрбиеленуде.

Сонымен қатар 2014-2015 оқу жылында Мұхит орта жалпы білім беретін мектебінде 3 түзете дамыта оқыту сыныбы жұмыс жасады, онда 16 бала білім алды. Даму мүмкіндігі шектеулі 15 бала үйден жеке оқытылды. Даму мүмкіндігі шектеулі 8 бала ПТС-пен (компьютермен) қамтылған, 2011- 2014 жылдары жергілікті бюджеттен  интернет желісіне 3 қосылды. Жалпы білім беретін мектептерде мүгедек балалардың  әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында «кедергісіз аймақ» жасақтау шаралары жүргізілуде.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және оларды орналастыру

Аудан бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған - 16 бала есепте. Кәмелеттік  жасқа толмаған 16 бала қорғаншылықта (қамқоршылықта).  Соның ішінде ағымдағы  жылы  сәуір- маусым айларында жетім  және ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған 2 бала сот шешімімен асырап алуға берілді. Аудан бойынша 16 балаға жәрдемақы  тағайындалған,  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 2 бала 1 патронат  отбасында тәрбиеленуде. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  16  бала тұрғын үй кезегіне қойылды.

Медициналық кабинеттердің құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі

Қазіргі кезде жас ұрпақтың денсаулығын нығайту басты мәселе. Бұл жөнінде ел Президентінің биылғы Жолдауында да баса назар аударылған. Бүгінгі медицина қызметкерлерінің басты мақсаты - дені сау ұрпақ қалыптастыруға жағдай жасау болып табылады.

2014-2015 оқу жылында Қаратөбе ауданындағы 19 жалпы білім беретін  мектепте 15 медициналық кабинет, 24 мейірбике (4 емдәмбике) жұмыс жасайды. Оқушылардың тіс тазалығын сақтауда бейіндік мамандарды тарту бағытында  2 мектепте 0,25 тен мектеп гимназия  және Шөптікөл ОЖББМБ барлығы 0,5 штаттық  бірлік белгіленіп 2014 жылдың қазан айынан  тіс дәрігері жұмыстануда.

Мектеп медбикелерерінің  білім жетілдіруден өткені- 21. 2015 жылдың 05.03-01.04 аралығында «Емдік тамақтану» 3 емдәмбике қайта даярлау курсынан өтті   

Ауданның 15 мектебінде медициналық кабинет жұмыс жасайды, оның 10-ы (мектеп- гимназия, Мұхит.ат ЖОББМ, Шөптікөл ЖОББМБ, Жамбыл ЖОББМБ, Қалдығайты ЖОББМ, Қоскөл ЖОББМ, Егіндікөл ЖОББМ,Үшағаш НОМ, Қаракөл ЖОББМБ, Аққозы ЖОББМБ) лицензияланған, 2015 жылы 2 медициналық кабинетке (Б.Қаратаев ат.ЖОББМ, Б.Аманшин ат.ЖОББМ) қажетті құрал- жабдықтарды сатып алу жоспарланып, қазіргі таңда қажетті құрал- жабдықтар сатып алынды. 3 мектептің медициналық кабинетіне құрал- жабдықтарды алуға қаражат бюджеттік сұранысқа берілді.

 

Қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы 

Тәрбие саласы бойынша қатысқан байқаулардың қорытындылары             

27.01.2015 жылы облыстық жолда жүру ережелерінің «Назар аударыңыз, балалар» байқауында «Үздік шығарма» номинациясы бойынша Төлен НОМ-нің 8 сынып оқушысы Тұрсынқызы Дария ІІІ дәрежелі дипломмен облыстық жолда жүру ережелерінің «Назар аударыңыз, балалар» байқауына белсене қатысқаны үшін Жамбыл ЖОББМб-нің бастауыш сынып мұғалімі Касимов Казбек «Алғыс хат»пен марапатталды.

20.03.2015 жылы облыстық «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» І байқаукында Қаракөл ЖОББМб-ның қатысушылары жеңгесі Жұбанова Балсұлу, қайынсіңілісі Балабаева Айнагүл қатынасып, ІІІ дәрежелі дипломмен оралды.

27.03.2015 жылы облыстық сырттай ұйымдастырылған «Жылдың ең үздік қамқоршылық кеңесі» байқауында Қалдығайты ЖОББМ-нің ДТЖЖ орынбасары Қызғожина Айнагүл «Шығармашылықпен жұмыстанатын қамқоршылық кеңес» номинациясын иеленді.

15.05.2015 жылы облыстық «Жыл сынып жетекшісі» сынып жетекшілер байқауында Қаратөбе мектеп-гимназиясының 10 сынып жетекшісі Қыдырниязова Ажаргүл «Алғыс хат»пен марапатталды.

жылы облыстық «Бағдаршам-2015» жас жол қозғалыс инспекторлары слетында Мұхит атындағы ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Отарғалиева Іңкәр «Жас тазалықшы» туры бо  йынша ІІ орын иеленді.

18-19.05.2015 жылы облыстық «Жеңіс ұланы» облыстық слетына Қаракөл ЖОББМб-ның тәлімгері Г.Кусайнова мен «Жас Ұлан» командалық тобы ІІІ орын алды.

Аудан бойынша 20-30 сәуір күндері «Дәстүрлі дін негіздерін насихаттау арқылы жалған діни ағымдарға діни ағымдарға жол бермеу» тақырыбында онкүндік болып өтті. Аудандық «Мәңгілік ел мұраты» авторлық өлең байқауында Қаратөбе мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Каримова Айнұр «Ислам діні» өлеңімен І орын, Мұхит ат.ЖОББм-нің 10 сынып оқушысы Қуанышкереева Айымгүл «иман - адамайнасы» өлеңмен ІІ орынды иеленді. Және облыстық кезеңіне жолданды. Сурет салу жанры бойынша Қаракөл ЖОББМб-ның 10 сынып оқушысы Хамитова Гүлзираның суреті І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолданды. Нәтижесінде облыстық кезеңнен Хамитова Гүлзира ІІ орын иеленді.

 

Аудандық өткізілген семинарлар

Тәрбие саласы бойынша жоспар бойынша барлығы 7 семинар жоспарланса, қазіргі таңда соның жоспар бойынша 4-уі, жоспардан тыс 1-уі оздырылды. «Мектеп және қосымша білім беру бойынша тәрбие жұмыстарының өз мақсатына жетудегі заманауи формаларын қолдану» тақырыбындағы аудандық семинар-практикум (5.03.2015 жыл), «Діни адасушылықты болдырмау, ортақ борышымыз» тақырыбындағы аудандық семинар-практикум (12.03.2015 жыл), Класс жетекшілердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және оны әдістемелік қамтамасыз ету жүйесін жасау» тақырыбындағы аудандық семинар (6.02.2015 жыл), «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру: міндеттер, мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы семинар (26.05.2015 жыл), «Отбасы мен мектеп қарым-қатынасындағы мәселелер және келеңсіз психологиялық жағдайлардың алдын алу мен оларды шешу жолдары» (23.04.2015 жыл).

 

Аудандық өткізілген байқаулар

«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» І аудандық сайысына (20.03.2015) барлығы 8 мектептен үміткерлер қатысты. Сайыс қызу тартысты өтті. Бас жүлдені Қаракөл мектебі, І орынды Қаратөбе-мектеп гимназиясы, ІІ орын Егіндікөл ЖОББм, ІІІ орын Қалдығайты ЖОББМ, «Өнерлі жұп» Үшағаш НОМ, «Жаңашыл жұп» Жамбыл ЖОББМб, «Шығармашыл жұп» Ханкөл ЖОББМ иеленді.

«Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт» директордың тәрбие жұмысы жөнңіндегі орынбасарларына арналған сырттай байқау (20.02.2015). Барлығы 4 мектеп қатысты. Облыстық кезеңге байқау талаптарына толықтай сай келмегендіктен жұмыс жіберілмеді. Аудандық кезең бойынша Қалдығайты және Аққозы ЖОББМб-ның ДТЖЖО-ы А.Қызғожина және А.Кенжеғалиева ІІІ орын, «Үздік ұйымдастырушы» аталымымен Мұхит ат.ЖОББМ-нің ДТЖЖО-ы А.Есендосова аудандық білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

«Жылдың ең үздік қамқоршылық кеңесі» сырттай байқауы (24.03.2015) аудандық кезеңге 1 жұмыс түсті. Қалдығайты ЖОББМ-нің ДТЖЖО-ның дайындаған портфолиосы аудандық кезеңнен І орын иеленді.

Тәрбиенің нақты нәтижесі белгілі талаптармен өлшенбейді. Себеі, тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол мектепте, жанұяда, ойын үстінде, еңбек барысында барлық кезде жүре береді. Сондықтан да бала тәрбиесі - баршаға ортақ.

Оқу жылы басында аудан  бойынша  3 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасаса, 2015 жылдың 27 наурызынан бастап, аудан әкімінің №52 қаулысымен «Қаратөбе аудандық психологиялық- педагогикалық түзету  кабинеті» КММ білім беру бөлімінің қарамағына берілді. Қосымша білім беру ұйымдары жұмыс барысында «Білім» туралы Заңды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызмет көрсету  стандарты, мекеменің жарғысы, білім беру  бөлімінің және  орталықтың  жұмыс жоспарларын  басшылыққа алады.

2014-2015  оқу жылында барлығы - 37, оның ішінде  жоғары санатты - 1 (3%), І санатты - 5 (13%), ІІ санатты - 10 (27%), санатсыздар - 21 (57%),  білімдері бойынша  - жоғары білімді- 27 (73%)  арнаулы орта білімді - 10 (27%).

2014- 2015 оқу жылының басында қосымша  білім беру  ұйымдарына барлығы 44 үйірмеге 780оқушы  қамтылып, бұл  барлық   оқушының  30 %-ын құраса, 2015 жылдың І жарты жылдығында Қаратөбе балалар және жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы мен Қаратөбе балалар шығармашылық үйінен үйірмелер ашылып, оған оқушылар тартылып, Қаратөбе балалар және жасөспірімдер саяхаты және экология орталығында- 380 оқушы, Қаратөбе балалар шығармашылық үйінде- 355, Қаратөбе балалар саз мектебі-119 оқушы қосымша біліммен қамтылып, оқу жылын 854 оқушы аяқтады.

 

Оқушылардың жазғы демалысы

2015 жылы оқушылардың жазғы демалысы және сауықтырылуы ауданның 18 мектеп жанындағы, 1 шатырлы, 1 стационарлық лагерінде ұйымдастырылуда.

Аудан бойынша 1- 11 сыныптар арасында барлығы 2578 (11 сынып 198 оқушы) оқушы болса, соның 2492- н (мектепшілік лагерге- 2152 бала, аудандық «Балдәурен» демалыс лагеріне- 250 бала, «Жасыл желкен» шатырлы лагерге- 90 бала) лагерлерге тарту жоспарланды. Бұл барлық баланың 96%-ы.

Шалқар көлі жағасындағы аудандық «Балдәурен» демалыс лагерінде 1 маусым мен 29 тамыз аралығында 10 кезеңде 250 баланы демалту жоспарланып, қазіргі уақытта оқушылар кезең- кезеңмен демалуда.

Барлық мектепшілік лагердегі демалушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4 млн 397 890  теңге қаржы қарастырылды. «Балдәурен» демалыс лагеріне 1 140 мың теңге, шатырлы лагерге 400 мың теңге қаржы бөлінді.

Маусым айының 1 күні мектепішілік жазғы лагерьлер өз жұмыстарын бастап, осы айда 1885 оқушы демалды. Оның сыртында,  аудандық «Балдәурен» демалыс лагерінде 100 бала,  балалар мен жасөспірімдер саяхаты орталығы ұйымдастырған «Жасыл желкен» шатырлы лагеріне 90 бала демалды. Шатырлы лагерь өз жұмысын 1-28 маусым аралығында жүргізді. Барлығы маусым айында 2075 оқушы (87%).

Шілде айының алғашқы он күнінде мектеп жанындағы 8 лагерь жұмысын жалғастырып, 107 оқушыны демалдыруда. Шалқар көлі жағасындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде 5-ші кезеңде (9.07-15.07.2015) 25оқушы демалуда. «Балдәурен» лагерінде жоспардағы 250 оқушының 125-і демалды. Аудан бойынша 2380 оқушының 2207 оқушысы демалып, 92,7 % құрап отыр.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасының 777, көп балалы отбасынан 412, қамқоршылық-қорғаншылықтағы-14, патронаттық тәрбиедегі 2 бала және мүмкіндігі шектеулі 20 бала жазғы сауықтыру демалысымен  қамтылу жоспарланып, жүзеге асырылуда.  Италия мемлекетіне демалуға оқуда және қоғамдық өмірде жақсы жетістікке жеткен,  Мұхит ОЖББМ нің  7 сынып оқушысы әлеуметтік аз қамтылған отбасының баласы  Өтепов Райымбек және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  Қаракөл ЖОББМб-ның 7 сынып оқушысы Сарсенова Алтынгүл 5 шілде күні лагерьге жолданды. Тамыз айында 15 бала Астана қаласына экскурсияға барады.