Хабарландыру 

Ауыл шаруашылық құрылымдарынан асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығының өнiмдiлiгi және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 2016  жылға өтінімдерді қабылдау басталғандығы туралы хабарлаймыз.

Мекен-жайымыз: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі №19, «Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Байланыс телефондары: 8 (71145) 31284, 31199

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өніміділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау кағидалары (pdf, 1.38 Mb)           

Қаратөбе ауданының  ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі

Хабарландыру 

Ауыл шаруашылық құрылымдарынан асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығының өнiмдiлiгi және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 2015 жылға өтінімдерді қабылдау басталғандығы туралы хабарлаймыз.

Мекен-жайымыз: Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі №19, «Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Байланыс телефондары: 8 (71145) 31284, 31199

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өніміділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау кағидалары (pdf, 1.38 Mb)                                          

Қаратөбе ауданының  ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі


Ауданның ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар

2015 жылдың 1 шілдесіне мүйізді ірі қара 33332 бас (31436 бас-1896 бас артты 106%), аналығы 11788 бас (11757 бас- 31 бас артты-100 %), қой мен ешкі -88790 бас (84539 бас- 4251 артты-105%), жылқы-5700 бас (4839 бас- 861 артты-118%), түйе-17 бас (38 бас- 20 кеміді-47%), құс- 13613 (15181 бас- 1568 бас кеміді -90%) тіркелді.

2015 жылдың 1 шілдесіне ет - 17904 центнер, (17896 центнер, - 8 ц артты-100%) сүт 35792 центнер (32911 центнер, -2881ц артты -109%), жұмыртқа 666,2 мың дана(637мың дана-29,2мың дана көбейді-105%) өндірілді.

2015 жылдың 1 шілдесіне алынған бұзау - 10493 бас (9765 бас- 728 артты-107%), қозы-лақ - 36713 бас (36713 бас 100%), құлыншақ - 1674 бас ( 1321бас- 353 артты-127%).

Аса жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстары жоспарлы түрде орындалуда.

Қазіргі таңда 16435  бас ірі қара бруцеллез ауруына классикалық әдіспен тексерістен өткізіліп, 154 бас болса 146 басы жойылды, 36699 бас ҰМҚ зерттеліп 141 оң нәтиже көрсетіп,126 бас жойылды. Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу үшін  37 жеке тұлғаның 66 бас ірі қара малына  3849946,5 теңге, 4 жеке тұлғаның 8 бас қой, ешкі малдарына 65812,5 барлығы 3915759 теңге қаражат төленді.

Ірі қара малының бірдейлендіру жоспары 10500 бас болса қазіргі таңда 3000 басқа сырға келіп, түгелдей салынды. Қой, ешкі малдарын сырғалау жоспары 38000 бас болса сырғаның жоқтығына байланысты орындалмауда. Жылқы малын таңбалау жоспары 1000 бас болса, 157 бас таңбаланып отыр. Жыл басынан 354 бас бұралқы иттер жойылды.

Ірі қара малын қолдан ұрықтандыру 1450 басты құраса қазіргі таңда 834 бас ірі қара қолдан ұрықтандырылып отыр.

Мал басын асылдандыру бағытында 38 ауыл шаруашылығы құрылымдары 59 бас  асыл тұқымды бұқалар сатып алды.

2014 жылы мемлекеттен берілетін көмек қаржы субсидияға өтініш берген 42 шаруа қожалығы болса, 2015 жылға қосымша 12 шаруа қожалығы өтініш беріп барлығы 54 болды. 54 шаруа қожалығының аналық мал басы 3467 болып мемлекеттік көмек қаржы 62 406 000 теңге төлеу жоспарлануда.

«Агробизнес -2020» бағдарламасы бойынша 2013-2014 жылдары «Мөлдір» шаруа қожалықтары мал басын асылдандыру бағытында Ресей Федерациясынан  50 бас асыл тұқымды ірі қара малының аналығын сатып әкелді.  «Сатыбалды»  шаруа қожалығы Ресей Федерациясынан  140 бас асыл тұқымды ірі қара, 4 бас асыл тұқымды айғыр және 4 шаруа қожалығы 89 бас асыл тұқымды қошқарлар сатып әкелді. Ал 2015 жылы 1 жарты жылдыққа  етті мал шаруашылығы саласын дамыту бағытында 50 бас асыл тұқымды ірі қара малын «Ермек» шаруа қожалығы    10 000000 тенгеге сатып алды. «Еркебай» шаруа қожалығы Ресей Федерациясынан  абердин ангус тұқымынан 30 аналық 1 бас  бұқа сатып алды.

Ал ІІ жарты жылдыққа 50 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу бағытында  «Нұрберген» шаруа қожалығы    жұмыстануда.

Қой шаруашылығы саласын дамыту бағытында ІІ жарты жылдыққа асыл тұқымды қошқар сатып алу аудан бойынша 9 ауыл шаруашылығы құрылымдары 107 бас қошқар сатып алу бағытында жұмыстануда.

Агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне салынған инвестициялық салым шығындарының бөлігін субсидиялау бағытында аудан бойынша 4 шаруа қожалығы 7 939 000 теңге алды. 2014 жылы қосымша 2 шаруа қожалығы 3 құдық қаздырды. Қазіргі таңда субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізілуіне байланысты құжаттарын тапсырмай отыр. 2015 жылға 2 шаруа қожалығы ауыл шаруашылығын техникаларын алып құжаттарын жинақтап тапсырды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша (жоспар 247 бас) 2014 жылы5шаруа қожалығы 47,8 млн теңге несие алып 253 бас аналық және 11 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды

Ағымдағы жылға (жоспар 356 бас) «Өтебаш» шаруа қожалығы 30 бас ірі қара малын сатып алу үшін 5,6 млн теңге қаражатқа , «Мұхамбетәлі» шаруа қожалығы 124 бас аналық және 6 бас асыл тұқымды бұқа сатып алуға 23,0 млн теңгеге және «Біләл» шаруа қожалығы 30 бас аналық сатып алуға 5,5 млн теңгеге өтініш беріп құжаттарын тапсырды. Құжаттары қаралуда. Сонымен қатар «Нұрқожа», «Аділ» шаруа қожалықтары құжаттарын жинақтауда.

«Құлан» бағдарламасы бойынша (жоспар 11 бас )2014 жылға 2 шаруа қожалығы  16,7 млн тенге несие алып 61 бас жылқы және 1 бас айғыр сатып алды.

Ағымдағы жылға (жоспар 85 бас)«Сатыбалды» шаруа қожалығы  170 бас алу үшін 48,млн 860 теңгеге өтініш беріп құжаттарын тапсырып қазіргі таңда қаражаты аударылды. Мал алу жұмыстарымен айналысуда

«Алтын-асық» бағдарламасы (жоспар 1198) 2014 жылы 1шаруа қожалығы  15,0 млн тенге несие алып 650 бас қой малын сатып алды.

Ағымдағы жылға (жоспар 1715 бас) бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына түсінік жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі таңда ниет білдірген ауыл шаруашылығы құрылымдары жоқ.

Мал азығын дайындауға 2015 жылдың 1 шілдесіне 735 ауыл шаруашылық техникасы есепке алынған. Оның ішінде: 407 трактор, 296 трактор тіркемесі, 32 комбайн. Бекітілген кестеге сәйкес аудан бойынша ауылдық округтерде ауыл шаруашылық техникаларын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу жүргізіліп, қазіргі таңда барлығы 348 (47%) техника байқаудан өткен, соның ішінде 202 (50%) трактор және 146 ( 49% )трактор тіркемесі.

Машина тракторлық парктерді жаңарту мақсатында 2015 жылдың басынан  8 жаңа трактор, 3 трактор тіркемесі алынды. Олар:

«ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 3 трактор, 1 трактор тіркемесі алынды. «Жайна» шаруа қожалығы 1 трактор, «Сырлыбай» шаруа қожалығы 1 трактор, «Орын» шаруа қожалығы 1 трактор, «Сұлтанбек» шаруа қожалығы 1 трактор тіркемесі.

Өз қаржыларына 5 трактор, 2 трактор тіркемесі алынды. «Атамекен» шаруа қожалығы 1 трактор, «Ғазим» шаруа қожалығы 1 трактор, «Ақжол» шаруа қожалығы 1 трактор, 1 трактор тіркемесі, «Қоржын» шаруа қожалығы 1 трактор, Ақдонов Бірімжан 1 трактор тіркемесі, «Құттымұрат» шаруа қожалығы 1 трактор.

Аудан бойынша италияндық прус шегерткесін анықтау  жоспары 10 мың га жер болса, соның 4 мың га жерінде бар екені анықталып «Десселен» уы шашылды. Үйірсіз шегіркені  анықтау жоспары 6,3 мың га болса, соның 3,3 мың га жері улауға жататын екені анықталып, осы анықталған жерге «Ахилес» уы шашылды.

Мал азығын дайындауға 2015 жылға 90860 тонна жоспарланды. Қазіргі таңда 40 пайыз орындалды.