Қаратөбе ауданы  бойынша аудан бюджетінің 2014 жылдың 1-ші  желтоқсанына орындалуы туралы хабарлама.

2014 жылдың 1- ші желтоқсанына аудандық бюджеттің барлық түсімдері  есепті кезеңге жоспарланған  2 826 747 мың теңгенің орнына  2 844 694 мың теңге, яғни 100,6 пайызға орындалды. Оның ішінде:

- салықтық түсімдер бойынша есепті кезеңге жоспарланған  164 399 мың теңгенің

орнына   180 463  мың теңге, немесе  109,8 пайыз;

- салықтық емес түсімдер бойынша есепті кезеңге жоспарланған  6332  мың теңгенің

орнына  7 846  мың теңге, немесе 123,9 пайыз;

- субвенция  жоспарланған  1 676 000 мың теңгенің орнына 1 676 000 мың теңге, немесе 100,0  пайызға;

-ағымдағы трансферттер бойынша жоспарланған 566 262  мың теңгенің орнына  566 262 мың теңге, 100,0 пайызға;

- даму трансферттер бойынша жоспарланған  320 839 мың теңгенің орнына  313 383 мың теңге, 97,7 пайызға;

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі  жоспардың  97,7 пайызына немесе жоспардағы   2 826 558 мың теңге орнына  2 761 884 мың теңгеге орындалды. Игерілмей қалған қаржы 64 674 мың теңге. Соның ішінде;

Республикалық трансферттер -  19 538,9 мың теңге;

Облыстық трансферттер - 32 778 мың теңге

Жергілікті бюджеттен - 12357,1 мың теңге;

 

Республикалық трансферттер бойынша  есепті кезеңге жоспарланған 576 034 мың теңгенің  556495,1  мың теңгесі игерілді немесе 96,6 пайызигерілмей қалған қаржы 19 538,9  мың теңге.

- халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету бағдарламасында 35,6 мың теңге коммуналдық шығындарға жасаған жұмыс үшін төленген қаржыдан үнемделді.

-  кадрларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыру бағдарласында 91,4 мың теңге табель бойынша қайта даярлаудың мерзімі келесі айда бітуіне байланысты қалдырылған қаржы.

- мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайын төленетін қаржыдан 293,5 мың теңге үнемделген қаржы.

- БҚО Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы саябақты абаттандыру бағдарламасынан  13813,6 мың теңге жұмыс жасаған акт бойынша төленді.

-   Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға 5215,9 мың теңге мемлекеттік қабылдау актісін соң төленетін қаржы.

- Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 87,4 мың теңге  мемлекеттік сараптама қорытындысын алған соң төленетін қаржы.

 

Облыстық трансферттер есепті кезеңге жоспарланған 311 067 мың теңгенің  278 289  мың теңгесі игерілді немесе 89,5 пайызигерілмей қалған қаржы 32 778 мың теңге төмендегі бағдарламалар бойынша:

- Қаратөбе  ауданы Қаратөбе су қоры  көзінен Үшана ауылына дейін су құбыры желісін салу жұмыс жобасына ЖСҚ дайындау және Қоржын  су қоры  көзінен Қарақамыс ауылына дейін су құбыры желісін салу жұмыс жобасына ЖСҚ дайындау бағдарламасы бойынша есепті кезеңге жоспарланған қаржыдан 981,5 мың теңге  облыстық бюджетке қайтарылатын қаржы.

- Коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасы бойынша Қаратөбе ауданының Қарақамыс ауылының, Бесоба  ауылының, Жусандыой, Сәуле ауылының, Қоржын  ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыру  ЖСҚ жасақтау үшін есепті кезеңге жоспарланған қаржыдан 4720,2 мың теңге игерілмеді, оның ішінде мемлекеттік сатып алудан үнемделген 3830,0 мың теңге, қалған 890,2 мың теңге мемлекеттік қабылдаудан соң төленетін 10 пайыз қаржы.

-   Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында Сейфуллин, Құрманғазы, Жұмалиев, Датов көшелерін асфальт бетонды жабынмен жол жүру бөліктерін күрделі жөндеу бағдарламсында  игерілмеген қаржы 465,8 мың теңге жасаған жұмыс акті бойынша төленді.

- Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында Нысанов көшесі, Мұхит  көшесі ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу  бағдарламсында  игерілмеген қаржы 26610,8 мың теңге жасаған жұмыс акті бойынша төленді.

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2014 жылдың 9 айына 45 жас маманға соның ішінде білім бөлімі бойынша 34 жас маманға 4407,8 мың теңге, денсаулық сақтау саласы бойынша 3 жас маманға 388,9 мың теңге, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бойынша  1 жас маманға 126,6 мың теңге, мәдениет бөлімі бойынша 4 жас маманға 518,6 мың теңге, ветеринария саласы бойынша 3 жас маманға 388,9 мың теңге барлығы  5833,8 мың теңге көтерме жәрдем ақы төленді.

Тұрғын үй сатып алуға 37 жас маманға соның ішінде білім бөлімі бойынша 27 жас маманға 71 199 мың теңге, денсаулық сақтау саласы бойынша 2 жас маманға 4 978 мың теңге, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бойынша  1 жас маманға 2 700 мың теңге, мәдениет бөлімі бойынша 6  жас маманға 10 206 мың теңге, спорт саласы бойынша 1 жас маманға 2778 мың теңге барлығы  91861,0 мың теңгеге несие берілді.