БЖЗҚ-ның 8,7 мыңнан астам салымшысы зейнетақыны жоспарлауды үйренді

2018 жылы сапалы қызмет көрсетуден басқа, Қор алдына тұрғындар арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту мақсаты қойылды.  

«Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыра отырып,БЖЗҚ-ның оң беделін қалыптастыру арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімді нығайту қажет. Сонымен қатар дербес зейнетақы жоспарын жасау мәденитін қалыптастыру және ерікті зейнетақы жоспарларын дамыту керек, - деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева.

2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес, БЖЗҚ зейнетақыны дербес жоспарлау бойынша әрбір салымшы үшін кәсіпқой кеңесшіге айналуы тиіс. Осы міндеттердіорындау үшін 2018 жылы сәуірде Қор дербес кеңес беру қызметін іске қосты. Осы қызмет аясында жеке және корпоративтік зейнетақы калькуляторы қолданылады.

«БЖЗҚ» АҚ филиалдары екі апта ішінде (2-14 сәуір аралығы) зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша 8 728 ақыл-кеңес өткізді.Бұл ретте консультациялардың басым бөлігі Алматы қалалық филиалы (1 860) мен Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында (1 491) өткізілді. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


5 сұрақ

1. Зейнетақы жүйесінің деңгейлері туралы әңгімелеп берсеңіз, базалық және ортақ зейнетақы дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

Бүгінде Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұрады. Олар:
1) мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және жасына (еңбек өтіліне) байланысты ортақ зейнетақы;
2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына негізделген міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі;
3) ерікті зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.
Алғашқы деңгей бойынша ортақ зейнетақы - ұрпақтар ынтымақтастығына негізделген жүйе. Келешекте ол біртіндеп азайып, 2040 жылдары мүлдем тоқтатылады. Өйткені, ортақ зейнетақыны алу үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі кемінде 6 ай болуы керек.
Базалық зейнетақы да ортақ зейнетақы секілді мемлекеттік бюджет есебінен төленеді.Бүгінде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленеді. Алайда 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді. Бұл ретте оны тағайындауда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі еңбек өтілі ескерілетін болады.
Екінші деңгей бойынша міндетті зейнетақы жарналары 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Оның көлемі жұмыскердің айлық табысының 10 пайызын құрайды. Бұл жарналарды зейнетақы Қорына жұмыс берушілер аударады. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. Оның көлемі жұмыскердің айлық табысының 5 пайызын құрайды.Осы жарналардың есебінен қалыптасқан жинақтар салымшының меншігі болып табылады және мұраға қалдырылады.
2020 жылдан бастап жарналардың жаңа түрі - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жоспарланған. Бұл жарналардың көлемі жұмыскердің айлық табысының 5 пайызын құрайды.
Үшінші деңгей бойынша ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері және төлеу тәртібі салымшы мен Қордың өзара келісімі бойынша белгіленеді.Бұл  жарналар арқылы салымшы өз жинақтарын елеулі түрде көбейте алады. Осылайша Қазақстанда бірегей зейнетақы жүйесі қалыптасқан. Бұл ретте болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және салымшы арасында оңтайлы үлестірілген.

2. Менің туған жылым - 1988 жыл. Мен ортақ зейнетақыға үміт арта аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 11 бабына сәйкес 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде алты ай еңбек өтілі бар азаматтардың ортақ зейнетақы алуға құқығы бар. 1998 жылы Сіз 10 жаста болғансыз. Сәйкесінше еңбек өтіліңіз болмағандықтан ортақ зейнетақы ала алмайсыз. Оның орнына базалық және жинақтаушы зейнетақы алатын боласыз. Биыл базалық зейнетақының мөлшері - 25 274 теңге. Бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызына тең. Бүгінде базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге еңбек өтілінің бар-жоғына қарамастан бірдей мөлшерде төленеді. Алайда биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеудің жаңа әдістемесі қолданылады. Бұл ретте базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі ескеріледі. Соған сәйкес зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайтын болады. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 пайызына ұлғайып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады (биыл оның көлемі - 28 284 теңге) және одан асырылмайды.
2040 жылдары зейнеткерлікке шығатын азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Өйткені, оларда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі болмайды. Сондықтан қазіргі жастар үшін Қорға міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұру өте маңызды.
Бұл үшін ресми түрде жұмысқа орналасып, еңбек қатынасын заңдастыру қажет. Сөйтіп, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аударып отыруын қадағалап отырған жөн. Қордағы зейнетақы жинақтарының қомақты болуы жарналардың көлеміне және жиілігіне тікелей байланысты. Ал жалақысын бейресми түрде «конвертпен» алатындардың болашақта алатын зейнетақысының мөлшері тым аз болуы мүмкін. Өйткені, Қорға бірде-бір жарна аудармай зейнеткерлікке шығатын  азаматтар тек базалық зейнетақыға ғана үміт арта алады. Сондықтан болашақта лайықты зейнетақы алу үшін осы бастан қамданып, зейнетақы Қорына міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұрған абзал.

3. Ерікті зейнетақы жарналары туралы естідім. Оларды кім төлей алады? Бұл үшін қандай құжаттар керек?

Салымшылар мен алушылар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарынан басқа ерікті зейнетақы жарналарын да аудара алады. Ерiктi зейнетақы жарналары - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың өз бастамасы бойынша салатын ақшасы. Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебінен төлейді және өз атына немесе үшінші бір тұлғаның атына аудара алады. Бұл ретте заңды тұлғалар да жеке тұлғалардың, яғни өз жұмыскерлерінің атына ерікті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Мұны көп жағдайда өздерінің қол астындағы мамандарын еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды.
Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу, сондай-ақ, зейнетақы төлемдерін жасау тәртібі шарт тараптарының өзара келісімі бойынша белгіленеді.Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт БЖЗҚ мен салымшы арасында жазбаша түрде жасалады және қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Шарт жасасу Қорға салымшы (алушы) жеке өзі келгенде жүзеге асырылады. Егер шарт үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын болса алушы да Қорға келуі тиіс. Бұл ретте салымшының (алушының) заңды өкілі немесе оның орнына нотариат куәландырған сенімхат негізінде сенім білдірілген тұлға өтініш бере алады. Өз пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын аудару үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырса, үшінші адамның пайдасына шарт жасау үшіналушы да екеуі жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме) тапсырады. Заңды тұлғалар үшінші адамның пайдасына шарт жасасу үшін тиісті құжаттар топтамасын ұсынады. Кәмелетке толмаған тұлғалар да ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады. Бұл ретте шарта кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкілі қол қояды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.
Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

4. Жұмыс беруші қандай жағдайда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті?
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Бұл жарналарды жұмыс берушілер еңбек жағдайлары зиянды деп саналатын жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен төлейді.
Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген Тізбеде көрсетілген. Егер, еңбек өнімділігі жақсарып, денсаулыққа зиянды жағдайлар жойылатын болса және ол өндірістік нысандарды аттестаттау нәтижесімен расталса, жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
Жұмыскер жалақы алғанына қарамастан жұмыс беруші уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агент оларды уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге жұмыскерлердің пайдасына аударуға тиіс.
Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

5.Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары туралы толығырақ әңгімелеп берсеңіз. Бұл жарналар қашан енгізіледі?
2020 жылдан бастап елімізде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жоспарланып отыр. Соған сәйкес, барлық отандық жұмыс берушілер еңбек жағдайларына қарамастан өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына олардың айлық жалақысының 5 пайызын зейнетақы Қорына аударып отырады. 
Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыс берушінің ұсынған тізімі бойынша әрбір жұмыскердің атына шартты зейнетақы шоты ашылады. Ондағы жинақтар жұмыскердің меншігі болып табылмайды және мұраға қалдырылмайды. Шартты зейнетақы шотындағы жинақтар оған өмір бойына ай сайын төленіп отырады. Бұл төлемдер шартты-жинақтаушы жүйедегі жинақталған қаржыны салымшылар арасында қайта бөлу, үлестіру арқылы жүзеге асырылады.
Заң бойынша шартты зейнетақы шоттарындағы жинақтар зейнеткерлікке шыққан жандарға, сондай-ақ, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға төленеді. Бірақ бұл үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары олардың шартты зейнетақы шотына кемінде 60 ай (5 жыл) тұрақты түрде аударылған болуы керек. Сәйкесінше алғашқы төлемдер 2025 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды. 


БЖЗҚ: жеке қорлардың проблемалық мұрасына қатысты белсенді жұмыстар жүргізілуде 

Еске сала кетелік, БЖЗҚ құрылмас бұрын зейнетақы нарығында мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры және бірқатар жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істеді. Осы кезеңде салымшылардың бір қордан екінші қорға ауысуына және мемлекеттік қорда шоттардың автоматты түрде ашылуына байланысты «техникалық», яғни талап етілмеген және қосарлы шоттар пайда бола бастады.       

2017 жылы Қор өзінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорындағы зейнетақы шарттарын өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізді.Соның нәтижесінде сәйкестендірілмеген жеке зейнетақы шоттарының саны (жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ техникалық шоттар) 2017 жылы 72,5 мың бірлікке азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 326,4 мың шотты құрады. Осылайша, жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы шарттарын БЖЗҚ-ға өткізу үдерісі аяқталған сәттен бастап, соңғы 4 жыл ішінде 495 мың техникалық шарт немесе олардың 60 пайызы өңделді. Шарт базасын өзектендіру бойынша жұмыстарды 2020 жылға дейін аяқтау жоспарланған.  

2017 жылы барлық проблемалық эмитенттерге қатысты белсенді жұмыстар жүргізілді.2013 жылдыңкүзі мен 2014 жылдыңкөктеміаралығындажекезейнетақықорларындағызейнетақыактивтерінБірыңғайжинақтаушызейнетақықорынашоғырландыружұмыстарыжүргізілген болатын. Осы кезеңдеҚорғабарлығы 32 эмитенттіңпроблемалыққаржықұралдарыөткізілді.Олардыңоблигацияларыныңатаулықұны – 161,45 млрд теңгеболды.

Берешектердіқайтарубойыншажүргізілгенкешендішаралардыңарқасында 2017 жылызейнетақыактивтерібойыншаҚоралдындағыөтелгенберешектердіңжалпысомасы 1,25 млрд теңгеніқұрады. Бұл 2014-2016 жылдараралығындаөтелгенберешектердіңжалпысомасынажақын. Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынақарай 19проблемалық эмитент қалды. Олардыңатаулықұныбойыншаберешектерініңжалпысомасы 37,3 млрд теңгеніқұрады. Бұлзейнетақыактивтерініңжалпыкөлемінің 0,5 пайызынажуық.

Проблемалық эмитенттерге қатысты жұмыс бұл өте күрделі үдеріс. Ол көптеген факторларға байланысты. Қазіргіуақыттатағы бір эмитент: «АБДИ Компани» АҚ дефолтқажолберіпотыр (атаулықұныбойынша 3,8 млрд теңге). Бұл эмитент Қорғақатыстыөзініңоблигацияларыбойыншанегізгіқарызыныңбіріншікезеңінөтеубойынша 1,2 млрд теңге мөлшерінде дефолтқа(төлей алмау) жолберген. ҚазіргіуақыттаҚор осы эмитенткеқатыстыберешектісотқадейінреттеужұмыстарынжүргізіпжатыр.

Қор алдындағы міндеттемелердің орындалмау мүмкіндігінің жағымсыз салдарын азайтау мақсатында 2018 жылдың бірінші тоқсанында алдын алу шараларын жүргізді. Соның арқасында «Астана финанс» АҚ эмитентінің берешегі реттелді.Эмитент Қордың зейнетақы активтерінің портфеліндегі теңгелік ноталарды толық көлемде сатып алды. Сөйтіп, Қордың зейнетақы активтеріне шығын келтіру қатері жойылды. Нтәтижесінде салымшылардың шотына инвестициялық табыс ретінде 10,8 млрд теңге есептелді.

 

 

Сондай-ақ, Қор атқару өндірістері мен эмитенттерді оңалту және олардың банкротқа ұшырау рәсімдері бойынша ілеспе қызмет көрсетіп жатыр.  

«Қазақстан Қағазы» АҚ эмитентіне қатысты өткен жылдың соңында Лондонның Жоғарғы соты «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобының Мақсат Әріп, Бағлан Жүніс және Шынар Диханбаеваның үстінен берген талап-арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Бұл азаматтар «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобының бұрынғы акционерлері және директорлары.Бұл талаптардың «Қазақстан Қағазы» АҚ пайдасына қанағаттандырылуына байланысты тиісті қаражат өндіріп алынып, «Қазақстан Қағазы» АҚ кредиторларының, оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ талабын қанағаттандыруға бағытталуы мүмкін. Бұл ретте бұл эмитентке қатысты оңалту рәсімінің тоқтатылып, банкротқа ұшырау рәсімінің қозғалуына байланысты бұл мүмкіндіктердің жүзеге аспай қалуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл қауіп Лондонның сот талқылауы бойынша жауапкер ретінде қатысып жатқан тұлғалардың қарсы тұруына, сондай-ақ «Қазақстан Қағазы» компаниясына қатысты қолданылған банкротқа ұшырау рәсімінің салдарынан туындайтын қиындықтарға байланысты орын алып отыр.

Сонымен, 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай Қордың инвестициялық портфелінде 20проблемалық эмитент қалды. Олардың атаулы құны бойынша берешектерінің жалпы сомасы – 41,15 млрд теңге.  

Қазіргі уақытта Қордың бұған дейін зейнетақы активтері бойынша міндеттемелердің орындалмауына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту бойынша  жіберген арызы аясында 5 қылмыстық өндіріс қозғалды(«Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС, «Астана Недвижимость» АҚ, «Астана Финанс» АҚ, «Имсталькон» АҚ және «РЭМИКС-Р» АҚ).

Сондай-ақ, зейнетақы Қоры бірқатар эмитенттердің қызметін тексеру мәселесі бойынша Қазақстан республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық зерттеу қызметінің аумақтық бөлімімен бірлесе әрекет жасап жатыр. Ондағы мақсат – эмитенттердің өз құнды қағаздарын сатудан түскен қаражатты мақсатты пайдаланған-пайдаланбағанын анықтау.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 


Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
 «Ашық есік күніне шақырады 
    
«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 20 маусымында  10:00  мен 17:00  аралығында Мухита 78 өтетін «Ашық есік күніне» шақырады. Тақырыбы: «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері».  
Шараға қатысушыларға келесі зейнетақы жинақтарының түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріледі: 

  • міндетті зейнетақы жинақтары;
  • міндетті кәсіби зейнетақы жинақтары;
  • ерікті зейнетақы жинақтары туралы.

       Бұған қоса, жеке зейнетақы шотыңыздың (ЖЗШ) жай-күйі туралы мәлімет алу әдістері туралы біле аласыздар: 

  • пошта арқылы;
  • электрондық пошта арқылы;
  • www.enpf.kz сайтында «Жеке кабинет» ашу арқылы;
  • «e-mail–ге ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу» электрондық сервисі арқылы;
  • ENPF мобильді қосымшасы арқылы;
  • EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы.

Сонымен қатар, біздің мамандарымыз зейнетақымен қамтамасыз ету саласына қатысты сауалдарыңыз бойынша жеке кеңес беруге дайын. 

 

enpf.kz


БЖЗҚ әрдайым байланыста

Қарттық шақта қамсыз өмір сүру үшін қандай қарекет жасау керек? Менің зейнетақы шотымда қанша қаржы жиналды? Зейнетақы активтерінің табыстылығы қандай? Бұл сауалдар зейнетақы қорына жарна жинап жүрген әрбір азаматты толғандыратыны анық.  Қазақстандықтардың осы сарындас сұрақтарға жан-жақты жауап алуға мүмкіндігі бар. 20 маусым күні Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық өңірлік филиалдарында Ашық есік күні өтеді. Жұртшылықпен кезекті кездесудің тақырыбы  - «Зейнетақы жинақтары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері». Шара қарсаңында біз Қордың   облыстық/қалалық филиалының директоры БКО Ихсанов К.И.  әңгімеге тартқан едік.
Сұрақ: БЖЗҚ Ашық есік күндерін жүйелі өткізіп келе жатқанына екінші жыл. Бұл шараның қажеттілігі неде? 

  • Бұл жобаны біз былтырғы жылдың басынан бастап қолға алдық. Осы уақыт ішінде оған республика бойынша 19 мыңнан астам адам қатысты. Зейнетақы қалай есептеледі, бұл салаға қатысты қандай заңнамалық өзгерістер бар? Кең ауқымды түсіндірмелік жұмыстарға қарамастан, халықтың зейнетақы қорына қатысты сауалдары әлі де баршылық.  Ашық есік күні жұртшылықтың зейнетақы жүйесі туралы мағлұматын кеңейтіп қана қоймай, өздеріне қатысты жеке сұрақтары бойынша мамандардан кеңес алуға мүмкіндігі бар.  Қазақстандықтардың зейнетақы тақырыбына жоғары қызығушылығын ескере отырып, Қор басшылығы шараны жүйелі түрде өткізу туралы шешім қабылдады.   

Сұрақ: Қазақстанда қандай зейнетақы түрлері бар? Оған кім иек арта алады? 
- Қазіргі таңда зейнетақы жарналараның үш түрі бар.  Оның біріншісі – міндетті зейнетақы жарналарын жұмыс беруші жұмыскердің айлық табысының 10 пайызы көлемінде аударып отырады.  Екіншісі – міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын жұмыс беруші зиянды жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлердің есепшотына айлық табысының 5 пайызы көлемінде аударады.  Ал, үшінші- ерікті зейнетақы  жарнасы өзінің зейнет кезеңін жоспарлап,   қарттық жасындағы қажеттіліктеріне қаражат жинауға дайын азаматтарға арналған. Жарнаның бұл түрінің сомасын салымшы өз ықтиярына қарай белгілей алады.  Өкінішке орай, азаматтардың зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы білімі біркелкі емес. Осының салдарынан кей азаматтарымыз зейнетақы шағын дұрыстап жоспарлай алмайды, ал кейде тіпті бұл кемшілік олардың құқықтарының шектелуіне әкеліп жатады. Сондықтан Ашық есік күні аясында біз бұл тақырыпқа ерекше тоқталып өтуді жөн санадық.

   Сұрақ: Ашық есік күнінің екінші тақырыбы – жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы ақпарат алу әдістері. Бұл тақырыптың маңыздылығы неде?

  • Бұл да өте өзекті тақырып. Себебі азаматтарды өз зейнетақы шотында қанша жарна жиналғаны, олардың қаншалықты тиімді инвестицияланғаны әрдайым алаңдатады. Зейнетақы қоры салымшылары мен алушыларын бұл туралы әрдайым құлақтандырып отырады. Ал соңғы  жылдары ақпараттандыру тәсілдері айтарлықтай кеңейді. БЖЗҚ уақыт талабына сай дамып келеді. Қашықтық арқылы қызмет көрсетуге есептелген көптеген жаңа электрондық сервис түрлері қолданысқа енгізілді. Енді кеңсеге барып, кезекте тұрмай-ақ қызмет алып, уақыт үнемдеуге болады. Зейнетақы шотының жағдайын үйде отырып-ақ, тіпті ұялы телефон арқылы да қадағалауға болады.2017 жылы Қорды электрондық  операцияларының көрсеткіші 52 пайызға жеткен. Мұндай қызмет түрлерін біз одан әрі де жетілдіре бермекпіз. Цифрландыру – сән қуу емес, бұл біздің өмірімізді барынша қолайлы ететін уақыт талабы.  Сондықтан біз жұртшылықты бұл мүмкіндіктермен кеңірек таныстырмақпыз.   

 ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алудың қандай нақты түрлері бар? Зейнетақы рәсімдеуді есептемегенде бұл ең көп сұранысқа ие қызмет түрі ғой. 
Қазіргі таңда тек ЖЗШ-дан көшірме алу ғана емес, БЖЗҚ-ның көптеген қызмет түрлері электрондық  нұсқаға  көшірілген.  Қор салымшылары мен алушыларына өз жарналары туралы ақпаратты қашықтықтан  алуға мүмкіндік беретін ыңғайлы әдістерін ұсынып отыр.  Ал «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының енгізілуі бұл мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтуде.   Қысқаша тоқталар болсам, қазір  мұндай ақпаратты электрондық пошта арқылы ғана емес, Қор сайтында жеке кабинет ашу арқылы, EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы да алуға болады.      Android, iPhone, iPad, Windows Phone операциялық жүйелеріне есептелген  мобильді қосымша да жұртшылық арасында үлкен сұранысқа ие. Әрине, ақпарат алудың белгілі бір тәсіліне жүгіну үшін  Қор кеңсесіне келіп  өтінім жазу, электрондық цифрлық қолтаңбаға жүгіну сынды белгілі талаптар бар.  Дегенмен, бұл  дәстүрлі қызмет түрлерінен әлдеқайда қолайлы екені анық. Осы жаңа қызмет түрлерімен біз жұртшылықты Ашық есік күнінде кеңірек таныстырмақпыз. Сонымен қатар,  азаматтарға қосымша сұрақтары бойынша жеке кеңес беруге дайынбыз. Сондықтан жұртшылықты 20 маусым күні сағат 10:00 мен 17:00 аралығында асыға күтеміз.

  • Әңгімеңізге рахмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Қалың қалай, ЖЗШ?

Бүгінде еліміздің біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 миллионнан астам жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ)  шоғырланған.  Олардың жай-күйіне алаңдаушылық  - барлық салымшылар мен алушыларға тән құбылыс.   Зейнетақы жинақтарының ахуалы туралы азаматтарды құлақтандыру – зейнетақы қорының басты міндеттерінің бірі. Ал қазақстандықтар өз зейнетақы шоттарының жағдайы туралы қалай біле алады? Бұл туралы БЗЖҚ мамандары 20 маусым күні бүкіл республика бойынша өңірлік филиалдарда өткен Ашық есік күні әңгімелеп берді.   
Қор өкілдерінің айтуынша,  қазір  көрсетілетін қызмет түрлері  дәстүрлі әдістермен шектелмейді.  Мысалы,  бұрын жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу үшін Қор кеңсесіне барып өтінім жазу немесе пошта байланысымен пайдалану керек болатын.  Соңғы жылдары  салымшылар мен алушыларға қолайлы болу үшін көптеген электрондық қызмет түрлері енгізілген.  Ал электрондық үкіметтің арқасында  қашықтықтан қызмет көрсету  мүмкіндіктері кеңейе түсті. 
Біз бүгін оқырмандарымызды олармен кеңірек таныстырып өтпекпіз. Алдымен дәстүрлі қызмет көрсету түрлеріне тоқталайық. Біріншісі – Қор кеңсесіне барып тікелей қызмет алу. Бұл үшін Қазақстан бойынша 218 бөлімше жұмыс істейді. Жеке куәлігіңіз немесе шетелдік төлқұжатыңызды көрсетіп, тиісті қызмет түрін алуға болады.  Өзіңіздің орныңызға сенімді өкіліңізді де жібере аласыз.  Тиісінше ол жеке құжатымен бірге нотариалды бекітілген сенімхатыңызды, құжаттарыңыздың көшірмелерін ала баруы керек. 
Пошта арқылы қызмет көрсету түрін таңдаған салымшыларға БЖЗҚ көрсетілген мекен-жай бойынша жылына бір рет жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама таратады. Алайда қоныс аударған кезде  азаматтардың көпшілігі жаңа мекен-жайы туралы ескертуді ұмытып кетіп жатады.  Сондықтан бұл тәсіл салымшылар  үшін қолайлы деу қиын.
Тіршіліктің барлық салалары цифрландыруға бет бұрған заманда ақпарат алудың электрондық тәсілдері қарқынды дамуы заңдылық.   Бұл салымшылар үшін де, Қор үшін де ыңғайлы. Алғашында   салымшыларға ақпарат   электрондық пошта  арқылы таратылды. Хабарландырудың бұл тәсілі әлі де кең қолданыста. Ол үшін азамат немесе оның сенімді өкілі БЖЗҚ кеңсесіне барып, құлақтандырудың аталмыш әдісін таңдайтыны туралы өтінім жазуы тиіс. Қажетті құжаттар тізімін жоғарыда атап өттік.   
Заманауи технологиялардың дамуы бір орнында тұрған жоқ. БЖЗҚ қызметтерінің аясы да уақыт талабына сай кеңейе түсуде. Мысалы, бүгінде ЖЗШ туралы ақпарат Қордың сайтынде қолжетімді.  Оны пайдаланудың екі түрлі әдісі бар:   қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы (қолтаңба «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясында рәсімделеді)  немесе тіркелген логин (жеке сәйкестендіру номері - ЖСН) арқылы. Сайтта  тіркелмес бұрын  азамат БЖЗҚ бөлімшесіне барып,  бұл хабарлау тәсілін таңдайтыны туралы өтінім жазу керек.  Сонымен қатар, сайтта электрондық цифрлық қолтаңба арқылы «жеке кабинет» ашуға болады.    
Айта кетерлігі, «Жеке кабинетпен» қолданушылар қатары артып келеді.  Сайтта ЭЦҚ арқылы авторизация жасағандар  міндетті зейнетақы жарналарына арналған жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы, зейнетақы төлемдерін белгілеу туралы  өтінім беріп; өзіне қатысты қосалқы  мәліметтерін, ақпараттандыру әдісін өзгерте алады. 
Смартфон, планшет, жеке компьютерлері барлар арнайы мобильді қосымшамен пайдалана алады. Авторизация БЖЗҚ сайтына кіру үшін қолданылатын  логин мен құпиясөз арқылы жасалады. Қосымша арқылы ЖЗШ жай-күйін қадағалап қана қоймай, зейнетақы жүйесі туралы көптеген пайдалы ақпарат алуға болады.   

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы білу үшін EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталына да жүгінуге болады. Бұл үшін «Азаматтарға» санатының «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөліміне кіру керек. Бір ғана талап –  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы   ЭЦҚ рәсімдеу немесе бір мәртелік құпиясөз қолдану.
БЖЗҚ электрондық сервистерді одан әрі жетілдіре бермек. Қазіргі таңда Қор операцияларының жартысынан астамы қашықтықтан жүргізіледі. Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес 2021 жылға қарай олардың үлесін 60 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

 


ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі

Зейнетақы активтерінің валюталық портфеліне қатысты жаңа стратегиялық үлестірім аясында зейнетақыактивтерідамушыжәнедамығанелдердіңоблигациялары мен акцияларыныңғаламдықиндексінеинвестицияланатын болады. Бұл жерде индекс - тәуекел мен табыстылықтың белгілі бір шамаларына жауап бере алатын қаржы құралдарының жиынтығы. Оларды инвесторлар эталонды портфельдер ретінде қолданады.

Қазақстан Республикасының ҰлттықБанкідербесбасқаруаясындаарнайы механизм әзірледі. Олмакроэкономикалықкөрсеткіштердіталдаунегізіндеинвестициялықжағынантартымдыелдердітаңдауғамүмкіндікбереді. Ал бұлелдерJPMorganжәнеMerrillLynchкомпаняларыәзірлегенжәнеқадағалайтын, дамушыелдероблигацияларыныңғаламдықиндексінеенген.

2017 жылызейнетақыактивтерінинвестициялаумақсатындажүргізілгенталдаунәтижесіндетұрақтымакроэкономикалықкөрсеткіштергежәнекредиттікрейтингтергеие 11 дамушы ел таңдапалынды. ОларОңтүстік-Шығыс Азия, ЛатынАмерикасыжәнеШығысЕуропааймақтарындағымемлекеттер.

2017 жылдыңқарашасындаҰлттық Банк зейнетақыактивтерін Бразилия, Мексика, Чили, Перу, Польша, Индонезия жәнебасқа да дамушыелдерҮкіметінің АҚШ долларынданоминирленгенмемлекеттікбағалықағаздарынакезең-кезеңменинвестициялау шараларын қолға алды.

2018 жылдың 1 сәуіріне қарай зейнетақы активтерінің 73,29 пайыздан астамы рейтингі «ААА» -дан «BBB-»-ға дейін болатын, тәуекелі ең төмен қаржы құралдарына, ал 15,58 пайызы ұстамды дәрежедегі тәуекелі бар (рейтингі «ВВ+» -тен «В-») қаржы құралдарына орналастырылды. Бұл ретте 849 млрд теңгенің қаржы құралдары (инвестициялық портфельдің 10,08 пайызы) рейтингтік бағаға ие емес. Соған қарамастан олардың эмитенттері алдыңғы қатарлы халықаралық агенттіктер тарапынан барабар кредиттік рейтингтерге ие немесе инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады және олар бойынша қаржыны қайтару жөнінде мемлекеттік кепілдік бар.    

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар:


Қазақстандықтардың жартысынан астамы зейнетақы жүйесіне сенеді

2017 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қоғамдық Пікірлерді Зерттеу Орталығы» ЖШС бірлесе отырып, әлеуметтік зерттеу жүргізді. Соның нәтижесі бойынша қазақстандықтардың зейнетақы Қорына және отандық зейнетақы жүйесіне қаншалықты сенетіндігі, сондай-ақ тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауатылығының деңгейі анықталды. 

Сауалнама нәтижесі бойынша мынадай мәліметтерге қол жеткізілді: Қазақстан халқының отандық зейнетақы жүйесіне деген сенім индексі ықтимал 10 баллдың ішінде 5,9 баллды құраса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенім индексі ықтимал 10 баллдың ішінде 5,7 баллды құрады. Тұрғындардың 58,2 пайызы ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы базалық білімге ие болса, 24,7 пайызының бұл салаға қатысты сауаттылығы жоғары. Бұл ретте тұрғындардың көпшілігі (61%) зейнет жасында қаржылық дәулеттілік негізі -  зейнетақы жинақтары болатындығын құптайды, қазақстандықтардың жартысы(50,4%) болашақзейнетақының қандай болатындығына өздеріжауаптыболатындығынтүсінеді, ал 85 пайызықолданыстағызейнетақыжарналарыныңбірітуралыхабардар.

Әлеуметтік-демографиялық сипаттама тұрғысынан жасалған талдау – 18-29 және 60-65 жастағы азаматтар арасында, сондай-ақ ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер және үкіметтік емес сектор жұмыскерлері арасында сенім деңгейінің жоғары екендігін көрсетті.Сенім деңгейі Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Павлодар облысы, сондай-ақ, Алматы қаласы тұрғындарының арасында жоғары. Гендерлік тұрғыда айырмашылық жоқ.

Алынған нәтижелер зейнетақы Қорына деген сенімді одан әрі нығайту және Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы хабардарлығын (сауаттылығын) арттыруға негіз болады. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


БЖЗҚ-ның өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты белсенді жұмысы

Биыл ақпан айынан бастап БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты жұмыстарды күшейтті. Осылайша, Қорда зейнетақы жарналары түспейтін шоттарды өңдеу туралы бастама көтерілді. Сөйтіп, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар, бірақ 2017 жылы еш жарна түспеген шоттар анықталды.

2018 жылдың алғашқы жартысында 325 мыңдай салымшыны қамту жоспарланған болатын. 2018 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында 71 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатылды. Телефон арқылы хабарласу нәтижесінде сол салымшылардың 25 пайызы (ал бұл – 8 953 адам) қосымша ақыл-кеңес алу үшін Қорға хабарласты. Сондай-ақ, 9 789 жеке зейнетақы шотына жарна түсті. Ал бұл, байланыс орнатылған салымшылардың 14 пайызын құрайды. 

Сауалнама жүргізу нәтижесінде байланыс орнатылған салымшылардың 68 пайызының жұмыссыз екендігі, ал 15 пайызының өзін-өзі жұмыспен қамтушылар екендігі анықталды. Оларға қолданыстағы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік әлеуметтік бағдарламалары бойынша ақыл-кеңес берілді. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту үшін осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


БЖЗҚ қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді

2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау. Аудитті алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргізді.

Аудит барысында TÜV Thüringen e.V. сарапшылары БЖЗҚ-ның Сапа менеджменті жүйесі толық көлемде нәтижелі екендігін, Қорда оны лайықты деңгейде қолдауға және одан әрі дамытуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, қорытынды есептемеде TÜV Thüringen e.V. аудиторлары БЖЗҚ-ның ISO 9001 негізінде Сапа Менеджменті Жүйесін енгізуге және оны тұрақты қолдауға, Қордың инфрақұрылымын жақсартуға және IT-технологияларды кеңінен пайдалануға ұмтылып жатқандығын көрсетті. Бұл ретте IT-технологиялар ішкі бизнес-үдерістерді, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігін айқындау үшін де қолданылады.                

Одан басқа, БЖЗҚ-ға әр түрлі байланыс арналары арқылы келіп түсетін өтініштерді талдауда заманауи бағалау әдістемелері қолданылатындығын айта кеткен жөн. Тәуелсіз аудиторлар бұл механизмді жоғары бағалады. Мысалы, 2017 жылы қашықтықтан байланыс жасау арналары - байланыс орталығы, Қор сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн чат» нысаны арқылы, қағаз жүзінде, «Пікірлер мен ұсыныстар кітабы» және әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оларға 1-3 күн ішінде жауаптар қайтарылды.

Аудит нәтижесі бойынша ISO 9001:2015 стандартының талаптарына қатысты бірде-бір сәйкессіздік, ауытқушылық анықталған жоқ. Соның арқасында «БЖЗҚ» АҚ TÜV Thüringen e.V. компаниясынан халықаралық сертификат алды. 

«Сертификат алғанға дейін Қорда сапа менеджменті жүйесін қалыптастыру және енгізу бойынша қыруар жұмыстар атқарылды.   

Халықаралық стандарттарға сәйкестігімізді растау – біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдіреді. Салымшылар мен алушыларға лайықты дәрежеде қызмет көрсете отырып, олардың ризашылығына ие болу біз үшін өте маңызды. Қол жеткізілген нәтижелер – бұл көрсетілетін қызметтерді дамыту және олардың сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бір көрінісі. Қолданыстағы Сапа менеджменті жүйесі бизнес-үдерістердің тиімділігін және Қордың ашықтығын арттырады», - деді өз сөзінде «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.  

 

TÜV Thüringen e.V. – сапа және қауіпсіздік саласында сертификация бойынша халықаралық орган. TÜV Thüringen-нің тарихы 100 жылдан асады. Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдары бұл ұйымның қызметі мемлекеттік техникалық қадағалау  қызметі ретінде жалғастырды. Тоқсаныншы жылдары TÜV Thüringen сертификаттау бойынша халықараолық орган мәртебесін алды. Сөйтіп, әлемдік аудит нарығында едәуір абыройлы қатысушыларының біріне айналды.  
Бүгінде автокөлік жасау кәсіпорны - TÜV Thüringen халықаралық компаниясының маңызды мамаманданған маңызды салаларының бірі. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылы және 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметінің қорытындысы

Алматы, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және меншікті активтері бойынша 2017 жылғы қаржы есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай «БЖЗҚ» АҚ меншікті капиталы 91,3 млрд теңгені құрап, есепті жылда 18,1 млрд теңгеге өсті. Өсім есепті кезеңде үлестірілмеген пайданың артуына байланысты қалыптасты. Есепті жыл ішінде салық салудан кейін қалған таза пайда - 18,2 млрд теңгені құрады.  

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,78 трлн теңгені құрады. Сөйтіп 2017 жылдың басынан бері 1,1 трлн теңгеге артты. Яғни, бір жыл ішіндегі өсім 16 пайызды құрады. Зейнетақы жинақтары сомасының Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Жалпы ішкі өніміне қатынасы 15,1 пайызды құрады (2016 жылы нақтыланған дерек бойынша – 14,2%). 

2017 жылы түсімдердің жалпы сомасы (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 757,7 млрд теңге болды. Зейнетақы жарналарының жалпы түсімі 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 8 пайызға артты. 2016 жылы бұл көрсеткіш (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 700,7 млрд теңгені құраған болатын. 2017 жылы міндетті зейнетақы жарналары бойынша 1 жеке зейнетақы шотына орта есеппен 120 мың теңгеге жуыққаржы келіп түсті.

2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 7,1 пайыз болғанын еске саламыз.   

2017 жылдың қаңтар – желтоқсан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 211,12 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 26,06 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 169,69 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 22,69 млрд теңгені құрады. 2017 жылы орта есеппен 1 адамға берілген зейнетақы төлемдерінің сомасы шамамен 576,5 мың теңгеге жетті. 

Сонымен қатар есепті кезеңде зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында электрондық қызметтерді дамытуға ерекше мән берілді.

2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсілі таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 млн бірлікке немесе 66 пайызға артты. Хабарлау тәсілі ретінде интернет байланысы таңдалған зейнетақы шоттарының үлесі 30 пайыздан 49 пайызға өсті. Сөйтіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 4,7 млн бірлікті құрады. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн адам  ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие болды. 2017 жылы олардың қатарына хабарлау тәсілін өзгерту туралы қосымша келісім жасау арқылы 1,3 млн салымшы (алушы) келіп қосылды.     

Қор 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап салымшылар мен алушыларға Қор кеңселеріне келмей-ақ негізгі қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық сервистерді енгізді. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толған кезде немесе 1,-ші және 2-ші топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру мүмкіндіктерін атауға болады.

Электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 2017 жылы 45 пайыздан 52 пайызға дейін өсті. Жоспар бойынша бұл 47 пайыз болатын.

Салымшылар мен алушылар Қордың зейнетақы қызметтеріне өз бетімен қол жеткізе алулары үшін өзіне-өзі қызмет көрсету терминалымен жұмыс істеу бойынша арнайы сервис әзірленді. 2017 жылдың 4-ші тоқсанында Қордың барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылды. Осы заманауи технология арқылы салымшылар мен алушылар енді зейнетақы шотын ашудан бастап, зейнетақы төлемдерін тағайындауға дейінгі барлық дерлік электрондық қызметтерді пайдалана алады.   

ЗейнетақыҚорыхалықтыңәлеуметтіктұрғыданосалтоптарына, олардыңішіндеәсіресемүмкіндігішектеуліжандарғаерекшекөңілбөледі. Осылайша, 2017 жылы «Мобильдіккеңсе» жобасыаясында 2016 жылғақарағанда 6,5 есекөп операция жүзегеасырылды. 2017 жылыҚор қызметтерін тұтынушылардың тұрғылықты жері бойынша 7,1 мыңкөшпелі шара өткізіліп, 189,5 мың операция жасалды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2016 жылы 1,1 мың көшпелі шара өткізіліп, 29 мың операция жүзеге асырылды. Оның ішінде жоба бойынша 13,5 мың салымшы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетіліп, 38,7 мың операция орындалды. 2016 жылы осы санаттағы 15,7 мың адамға қызмет көрсетіліп, барлығы 47 мың операция жүзеге асырылған болатын.

БЖЗҚ филиалдықжелісініңқызметкерлері 2017 жылыкәсіпорындар мен ұйымдарда 18,1мыңкөшпелітаныстырылымдық шара өткізді. Бұл кездесулерге 557 мыңнан астам адам қатысты. Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және облыстық филиалдардың жұмысымен жете танысу үшін Қор басшылығы Қазақстанның барлық облыстарына іс-сапармен шықты. Іс-сапар барысында Астана мен Алматы қалаларының және барлық облыс әкімдіктерімен ынтымақтастық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу туралы Меморандумдарға қол қойылды.

Қор жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және тұрғындармен арадағы байланысты нығайту мақсатында БЖЗҚ жанында Қоғамдық кеңес құрылған болатын. Ол Қор және салымшылар мен алушылар арасындағы тұрақты да тиімді ақпараттық-коммуникациялық арна іспеттес болды. 2017 жылы 6 отырыс және ҚР Ұлттық Банкі мен қаржы нарығының сарапшыларын тарта отырып, зейнетақы жүйесі туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Есепті кезеңде Қорға кері байланыс арналары бойынша азаматтардан 405 780 өтініш келіп түсті. Бұл 2016 жылға қарағанда (169 159) 2,4 есе көп. Өтініштердің 65 пайызы байланыс орталығы, 27 пайызы Қор сайтындағы онлайн кеңесші, 8 пайызы басқа арналар арқылы келіп түскен. Олардың ішінде Қор кеңсесі, кері байланыс сервисі, Қор сайтындағы Басқарма төрайымының блогы, Пікірлер мен ұсыныстар кітабы және Қордың әлеуметтік желідегі парақшалары бар.    

2018 жылдың бірінші тоқсанында зейнетақы активтері 193 млрд теңгеге артып, 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай 7,97 трлн теңгені құрады. Барлық зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі (98%) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасты. Биылғы жылдың алғашқы үш айында 92,2 мың жеке зейнетақы шоты ашылды. Жеке зейнетақы шотына келіп түсетін бір зейнетақы жарнасының орташа мөлшері 15 700 теңгені құрады.

2018 жылдың алғашқы үш айы ішінде таза инвестициялық табыс 66 млрд теңгені құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың наурызы мен 2018 жылдың наурызы аралығында 8,00 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,6 пайызға жетті. Яғни, табыстылық инфляция деңгейінен жоғары болды.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген төлемдер сомасы 72,4 млрд теңгені, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,9 млрд теңгені құрады.  Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың сәйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан төленген төлемдер сомасы 77,35 млрд теңгені, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 6,04 млрд теңгені құраған болатын.

2018 жылдың 1 сәуіріне қарай Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 20 мыңға жуық (нақты: 19 194) адам пайдаланып үлгерді. Олардың ішінде 2298 салымшы онлайн тәртібінде жеке зейнетақы шотын ашса, 987 алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш берген. Сондай-ақ 11 754 адам жеке деректемелеріне өзгерістер енгізсе, шамамен 4155 салымшы зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсілін интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.

Одан басқа 2018 жылдың алғашқы үш айы ішінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда 4,8 мың таныстырылымдық шаралар өткізіліп, оларға 152 мыңнан астам адам қатысты.

БЖЗҚ тұрақты түрде Ашық есік күні шарасын өткізіп тұрады. 2018 жылдың 27 наурызында кезекті шара өткізіліп, оған шамамен 4806 адам қатысты.

2018 жылдың алғашқы тоқсанында электрондық хабарлау тәсілін пайдаланушылардың саны 294,7 мың адамға артты. 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай 5 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдады. Оның ішінде 823 мыңнан астам адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 миллионнан астам адам бұл үшін Қор сайтын немесе ұялы қосымшасын пайдаланады.   

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                      

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


БЖЗҚ қашықтықтан ақпарат және кеңес береді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акционері мен директорлар кеңесі Қор қызметінің барынша ашық болуына, Қордың салымшылары және зейнетақы төлемдерін алушыларымен тиімді коммуникациялық байланыс орнатуға айрықша мән береді. Қор өз кезегінде бұл үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды.  Ай сайын брифингтер, үш ай сайын баспасөз мәслихаттары өткізілді. Жазғы қаржы журналистикасы мектебі ұйымдастырылды.2017 жылы Қор бастамасы бойынша республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 15 мыңдай материал жарық көрді. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 3 есе және оған дейінгі үш жыл ішіндегі көрсеткіштерден 2,3 есе артық. Сондай-ақ, БЖЗҚ филиалдық желісінің қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18 мыңнан астам көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізді. Оларға 557 мыңнан астам адам қатысты. Осылайша, жарты миллионнан астам қазақстандық осындай кездесулер барысында өздерін мазалған сұрақтарға жауап алды. 

Астана мен Алматы қалаларының және барлық облыс әкімдіктерімен ынтымақтастық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу туралы Меморандумдарға қол қойылды. Ал бұл, Қорға ел өңірлерінде жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Бекітілген кестеге сәйкес жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге аудан орталықтарында журналистердің қатысуымен 283 кең көлемді таныстырылымдық шара өткізіліп, оларға 27,4 мың адам қатысты. Бұл ретте аудандарда, ауылдық округтарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше мән берілді. 

Айта кетелік, 2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсілі таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 млн бірлікке немесе 66 пайызға артты. Сөйтіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 4,7 млн бірлікті құрады. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн адам  ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие болды. Бір жыл ішінде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 2,4 есеге артып, 1,2 млн бірлікті құрады.

2018 жылдың алғашқы тоқсанында электрондық хабарлау тәсілін пайдаланушылардың саны 294,7 мың адамға артты. 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай 5 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдады. Оның ішінде 823 мыңнан астам адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 миллионнан астам адам бұл үшін Қор сайтын немесе ұялы қосымшасын пайдаланады.   

Сондай-ақ, БЖЗҚ қашықтықтан байланыс жасау арналарын белсенді түрде дамытып жатыр. Байланыс орталығы, Қор сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн чат» нысаны арқылы, қағаз жүзінде, «Пікірлер мен ұсыныстар кітабы» және әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бірде-бір сұрақ жауапсыз қалған емес.

\Әрбір өтініштің, әрбір операцияның артында Қор қызметкерлерінің қажырлы еңбегі, нақты бизнес-үдерістер тұр. 2017 жылы бизнес-үдерістер тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін күшейту тұрғысында қайта қаралды. 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 


«БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.  

Осы Меморандум аясында зейнетақы қызметтерін БЖЗҚ бөлімшелері жоқ шалғай елдімекендерде Қазпошта бөлімшелері арқылы көрсету жоспарлануда.

Трансферагенттік қызметтерді көрсету үшін елдімекендерді таңдағанда ең алдымен экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындары аз, аудан орталықтарынан алыста орналасқан шағын елдімекендерге басымдық беріледі.  

Қазіргі уақытта бұл жобаны жүзеге асыру жоспары әзірленген. Техникалық мәселелер шешіліп, «Қазпошта» АҚ қызметкерлер құрамы оқытылған соң, трансферагенттік қызметтер ең алдымен кезең-кезеңмен тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын 24 елдімекенде, кейін биылғы жылдың соңына дейін тұрғындары 2 мыңнан 5 мың адамға дейін болатын 70 елдімекенде көрсетілетін болады. Осылайша, 2018 жылы БЖЗҚ қызметінің көрсетілу деңгейі республика бойынша 43 пайызға артады.

2019 жылы тұрғындарының саны 2 мыңға жетпейтін 125 елдімекенде трансферагенттік қызмет көрсету жоспарланған.  

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


БЖЗҚ табыстылығы инфляцияны басып озды

2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларыныңжекезейнетақышоттарынаесептелген таза инвестициялықтабыссомасы 550,6 млрд теңгеболды. Бұл ретте Қордыңзейнетақыактивтерініңтабыстылығы 7,92 пайыздықұрады. Ал бұлкезеңде инфляция деңгейі 7,1 пайызболғаны белгілі.

Табыстылық деңгейі зейнетақыактивтерінбіріктірукезеңінен (2014 ж.) бастап, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта орта есеппен инфляция деңгейіненжоғары болды. Бұл кезеңде зейнетақыактивтерініңтабыстылығы 43,24 пайызды, ал инфляция деңгейі 41,76 пайыздықұрады. Жылдарға бөліп қарайтын болсақ, табыстылық пен инфляция деңгейін былайша салыстыруға болады:

Жыл

Табыстылық деңгейі

Инфляция

2014

6,31%

7,40%

2015

15,65%

13,6%

2016

7,95%

8,5%

2017

7,92%

7,1%

Қосымша айта кетелік, бизнес-үдерістердіоңтайландыру, тиімсізшығындардықысқарту, жаңа электрондық қызметтерді енгізу және олардың үлесінарттыру бойынша жүргізілген жұмыстар Қорға зейнетақы активтеріне налынатын комиссиялық сыйақының шамасын 2018 жылға айына 0,0225 пайыздан 0,015 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 
Осылайша, 2018 жылы зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасы 33 пайызға азайтылады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


БЖЗҚ туралы 5 сауал
Газеттердің редакциларына, www.enpf.kz сайтына, әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ парақшаларына, Қордың байланыс орталығына зейнетақы жинақтары мен жалпы зейнетақы жүйесі туралы көбірек білгісі келетіндерден сауалдар келіп түседі. Олардың ішіндегі ең көп қойылатын сауалдарға жауапты «БЖЗҚ туралы 5 сауал» айдарынан оқи аласыздар.

  • Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін не қажет?

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке тұлға кез келген «БЖЗҚ» АҚ бөлімшесіне өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алып келіп, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш бере алады.
Жеке зейнетақы шотын төмендегі құжаттарды тапсыра отырып, сенім білдірілген тұлға арқылы да ашуға болады:
- сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;
- нотариат куәландырған сенімхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшірмесі;
- жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы жеке тұлғаның мүддесін білдірген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасын беруге болады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның пайдасына МКЗЖ төлейтін агент төмендегі құжаттарды береді:

  • жарғы көшірмесі және көзбен шолу үшін оның түпнұсқасы не қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаны тіркеу туралы тіркеуші органдар қабылдаған өтініштің көшірмесі және көзбен шолу үшін оның түпнұсқасы (үлгі жарғыны ұсыну талап етілмейді);
  • мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және көзбен шолу үшін оның түпнұсқасы. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беруге болады, бұл ретте құжаттар топтамасына анықтаманың түпнұсқасы қосылады;
  • үшінші тұлғаларға МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтінішке қол қою өкілеттігімен агент берген сенімхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшірмесі;
  • МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтінішке қол қоюға өкілеттігі бар үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
  • агенттің банк деректемелері: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банк сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК).

2. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасау үшін не қажет?
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – салымшының БЖЗҚ-ға немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркімен салатын ақшасы. Ерікті жарналарды өзің үшін де, үшінші тұлғалар үшін де, мысалы, өз жақындарыңның пайдасына салуға болады немесе жұмыс беруші өз қызметкерлерінің пайдасына сала алады.
ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты өз пайдасына жасау үшін салымшы жеке басын куәландыратын құжатты беру керек (көшірмесі және көзбен шолу үшін түпнұсқасы). Егер шартты жеке тұлға үшінші тұлғаның пайдасына жасаса, жеке басты куәландыратын құжатты (көшірмесі және түпнұсқасы) салымшы да, алушы да береді.
Үшінші тұлғаның пайдасына шарт жасау үшін заңды тұлға салымшы төмендегі құжаттарды береді:
заңды тұлға жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі және лицензия (егер салымшы қызметіне лицензия берілетін болса);
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе БСН көрсетілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
заңды тұлғаның бірінші басшысының өкілеттігін (мәртебесін) растайтын құжат;
заңды тұлға атынан шартқа қол қою өкілеттігі көрсетілген заңды тұлға сенімхатының түпнұсқасы;
заңды тұлға атынан шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;
заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың заңды тұлға куәландырған көшірмелері (акционерлік қоғамдардың құжаттары, сондай-ақ шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін тіркеуші жүргізетін шаруашылық серіктестік құрылтайшыларының құжаттары қосылмайды).
Алушы жеке басын куәландыратын құжат береді (түпнұсқа).
ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты кәмелетке толмаған азаматтар да жасай алады. Бұл жағдайда, 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғаның атынан әрекет ететін заңды тұлға төмендегі құжаттарды береді:
1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);
2) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
3) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.
Мұндайда шартқа заңды өкіл қол қояды.
14 жастан бастап 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға шартты заңды өкілдің жазбаша келісімімен өз бетінше жасайды және төмендегі құжаттарды береді:
14 жастан бастап 16 жасқа дейін:
кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);
заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.
Кәмелетке толмаған тұлғаның (туған күні 2007 жылғы тамызға дейін) туу туралы куәлігінде  ЖСН деректемелері болмаған жағдайда, туу туралы куәлікке қосымша ЖСН тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын не Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының түпнұсқасын беру қажет;
16 жастан бастап 18 жасқа дейін:
кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) және кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);
заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.
ЕЗЖ мөлшерлемесі, оны төлеу және кейіннен ЕЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.


БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті

Орыс тілінде «Пушкин көшесіне» қатысты балалар санамағы бар. Ол неге  есіме түсе қалды? Әңгімені әріден бастайын. Алдымен, қадірлі оқырман,  сізге мына сұрақты төтесінен қойғым келіп отыр. Сіз өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңыздың сомасын білесіз бе? Зейнетақы шотыңыздан үзінді-көшірмені соңғы рет қашан алып едіңіз? «Мұның барлығын не үшін сұрап отыр? – деп, ойлап қалуыңыз мүмкін. 
Қазақстандықтардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты сонау екі мыңыншы жылдардың басында жасасқаны белгілі. Ол кезде енді-енді жеке зейнетақы қорлары пайда бола бастаған шақ.
Әрине, барлығымыз да шартқа өзіміздің пошталық мекенжайымызды көрсеттік. Ол кезде электрондық пошталары бар адамдар саусақпен санарлық болатын. Жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған кезеңнен бері салымшылардың көпшілігі өздерінің жеке деректемелерін өзгертуге асықпады. Қорға келіп, дерекқордан өздерінің мекенжайын, телефон нөмірін тексеріп те жатпады.    
«Жұмыс беруші аударып жатыр ғой. Демек, барлығы да дұрыс» - дегендер де болды. Жасыратыны жоқ, көпшілігіміз әлі күнге дейін бұрынғы дағдылы әдіспен, жинақтарымыздың жай-күйі туралы деректерді пошта байланысы арқылы аламыз. Ал уақыт бір орнында тұрмайды. Бүгінде адамдар өмір ағысына қарай, бұрынғыға қарағанда жиі көшіп-қонатын болған.
Сол үшін де көпшілігіміздің мұндай конвертті көрмегенімізге бірнеше
жылдың жүзі болып қалғанын жоққа шығаруға болмайды.  
БЖЗҚ жыл сайын салымшылардың бұрынғы мекенжайларына пошта байланысы бойынша ішіне үзінді-көшірме салынған конверттерді жыл сайын жібереді. Бірақ, өкінішке қарай талай конверт «Хат алушы көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайды» деген белгімен кері оралады. 
Ал енді ойланып көріңізші, осы конверттерді дайындап, салымшыға жеткізуде қаншама жұмыстар атқарылды, қаншама ақша шығындалды десеңізші! Міне осыдан барып, «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?» деген жауыр болған сұрақтар тағы да мазалай бастайды.  
Егер бірінші сұрақтың жауабы айтпаса да түсінікті болса, екінші сұраққа  толығырақ тоқталайық. 
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабы 4-ші тармағының 1) тармақшасына сәйкес
міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барлық өзгерістер туралы хабарлауға міндетті.
Нақты айтар болсақ:
1. Егер Сіз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты «пошта байланысы» арқылы алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген пошталық мекенжайдың өзгергені туралы,   
БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзіңіз келгенде немесе пошта байланысы арқылы хабарлауыңызға болады. Бұл ретте фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты, туған күніңіз, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіліп, жеке куәліктің қосымшасы қоса беріледі. 
2. Егер Сіз зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты «электрондық пошта (e-mail)» бойынша алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ақпарат беру тәсілін өзгерту/айқындау туралы келісімде көрсетілген электрондық поштаны өзгерту туралы тек БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзіңіз келгенде барып хабарлай аласыз. 
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Заңға сәйкес атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етеді.
Егер Сіз бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта ақпарат беру тәсілін белгілемеген болсаңыз, БЖЗҚ кеңсесіне өзіңіз келіп, БЖЗҚ-мен хабарлау тәсілін өзгерту/айқындау туралы келісім жасау арқылы ақпарат беру тәсілін таңдай аласыз немесе өзгерте аласыз.   
Хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісім жасау үшін және (немесе) Жеке деректемелеріңізге өзгерістер енгізу үшін, қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы керек. Онда жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген болсын. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беруді салымшы (алушы) таңдаған тәсіл бойынша жүзеге асырады. 
Ал бұл:
1) БЖЗҚ кеңсесіне келіп өтініш жасау;
2) электрондық тәсіл –бұл ретте, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады;
3) пайдаланушының логині ретінде тіркелген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпия сөзі (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып интернет арқылы алу; 
4) пошта байланысы арқылы алу.
Жоғары технология заманында әрине, жеке зейнетақы шоты туралы ақпарат алудың ең қарапайым, ыңғайлы және үнемді тәсілі ол – ақпаратты интернет арқылы алу. Хабарлаудың осы тәсілін таңдау арқылы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет қана емес, Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.   
Бұл қосымша Google Play (Android), АppStore (iOS) и Windows Phone Marketplace (Windows Phone) ресми қосымшылар дүкендерінде орналастырылған. Оны тегін жүктеп алуға болады.
Қосымша қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларда жұмыс істей береді.
Сондай-ақ жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты
ҚР электрондық үкіметі порталында (www.egov.kz) тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алған жағдайда осы сайттың «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімдеріне кіріп алуға болады. Ал электрондық цифрлық қолтаңбаны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясынан алуға болады.
БЖЗҚ-ның салымшылары (алушылары) онлайн тәртібінде өздерінің жеке зейнетақы шотының жай-күйін үзінді-көшірме арқылы көре алады.  
Айтпақшы, Сіз үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық)таңдай аласыз.
Үзінді-көшірмелерді онлайн сервистер (БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайты, электрондық үкіметтің www.e-gov.kz сайты немесе ұялы қосымша) арқылы алу барысында салымшыға жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы маңызды деректерді онлайн тәртібінде – тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы алу мүмкіндігі беріледі.  
Осылайша, БЖЗҚ өзінің салымшыларына зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілін ұсынады. Әрбір салымшы өзіне ыңғайлы тәсілді таңдап, жинақтарының жай-күйін біле алады.
Бұл үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті бөлімшесіне (қазіргі таңда олардың саны республика бойынша - 231) бір рет барып өтініш білдірсеңіз болғаны. Сол жерде жеке деректемелеріңіздің өзгергені жайында немесе зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлаудың өзіңізге ыңғайлы бір немесе бірнеше тәсілін таңдағаныңызды жеткізесіз. Барлық операция 10 минуттан аспайды, есесіне алдағы уақытта қаншама уақытыңыз үнемделеді! Бұл БЖЗҚ және пошта байланысы қызметкерлері үшін де қуанышты жағдай.


Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін пайда болған жоқ. Ол талай жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ, Елбасының сынынан кейін бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге қалдыруға тура келгендігін атап өтті. Бұған өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен бейресми түрде жұмыс істейтін азаматтарды ел экономикасына тарту мәселесі себеп болған.  
«Олар салық төлемейді, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспайды, қысқасын айтқанда олар көлеңкелі экономикада жүр. Мен бұл туралы кемінде бес жылдан бері айтып келемін. Нақты тапсырмалар да бердім. Алайда мұнымен нақты ешкім айналыспайды», - деді өз сөзінде Президент.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар кімдер және олардың саны қанша? Оларды  ел экономикасына тарту үшін істеу керек? Ең алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы анықтаманы зерделеп алайық. Халықаралық тәжірибелерге сүйенер болсақ, «өз бетінше жұмыспен қамтылу» дегеніміз – бұл жеке адамның жұмыс берушіге емес, өзіне жұмыс істеуі. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы адам – бұл әр түрлі бизнес саласында табыс табу үшін жұмыс істейтін және өз ісін өзі басқаратын адам.    
Қазақстанның заңнамасында «өз бетінше жұмыспен қамтылу – сыйақы мөлшері тауарлар мен қызметтерді өндіруден (сатудан) түсетін табысқа тікелей байланысты болатын жұмыс» деп көрсетілген. Бұл ретте меншікті тұтыну - табыстың бір бөлігі ретінде қаралады.   
Тағы бір анықтама: «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы – бұл табыс табу үшін тауарлар мен қызметтерді өндірумен (сатумен) дербес айналысатын жеке тұлға, өндірістік кооператив мүшелерінің, сондай-ақ отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілердің ақы төленбейтін жұмыскерлерінің бірі.
Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды екі үлкен топқа жіктеуге болады. Олар: жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлер және жалдамалы еңбекті пайдаланатын жеке кәсіпкерлер. Бірінші топқа өзі үшін жұмыс істейтін адамдар, фрилансерлер, уақытша мердігерлік шарты бойынша жұмыспен қамтылған адамдар, жұмысқа орналастыру бойынша агенттіктердің мердігерлері және маусымдық жұмыскерлер жатады. Ал екінші топқа шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ микрофирмалардың иелерін, фирмалардың кәсіби тұрғыда қызмет көрсететін серіктестерін жатқызуға болады.  
Адамдардың өз беттерінше жұмыс істеуіне әр түрлі жағдайлар себеп болады. Олар жағымды және жағымсыз сипатта болып келуі мүмкін. Жағымды себептердің ішінен өз ісінің иесі болуға, өзін бизнес саласында дамытуға, икемді жұмыс кестесі бойынша еңбек етуге деген құштарлықты атап өтуге болады. 
Ал жағымсыз себептерге жұмыссыз қалу, таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмау секілді жағдайлар жатады. Қандай себеп болмасын, өзін-өзі жұмыспен қамтушы адам өзінің қазіргі шағы мен болашағына, зейнет жасындағы өміріне өзі жауапты болатындығын түсінуі керек. Әрине, ертеңгі күнді ойламай, тапқан табысты бетіне қарамай бүгін жұмсай беруге де болады. Бірақ, өз уақтысында зейнетақы жарналарын төлеп, болашаққа сеніммен қарағанға не жетсін!   
Егер бір шағын фирмада немесе шағын және орта бизнес субъектісінде жұмыс істейтін болсаңыз, еңбек шартын жасасуға ұмтылыңыз. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоластындағы қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істейтін мыңдаған жұмыс берушіні анықтады. Яғни, бұл жұмыскерлер жалақыны «конвертпен» алады деген сөз. Бұл жағдай оларды түптеп келгенде тығырыққа әкеп тіреуі мүмкін.
Біріншіден еңбек шартын жасасу – бұл тұрақты түрде жалақы алып тұрудың, тиісті еңбек жағдайларын сақтаудың, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың дер кезінде төленуінің кепілі.
Екіншіден, бұл еңбек өтілі мен жұмыскердің біліктілігін растаудың айқын жолы.   
Егер жұмыскердің пайдасына зейнетақы жарналары төленбейтін болса, онда ол зейнеткерлік жасқа толғанда зейнетақы жинақтары жоқ болғандықтан Қордан зейнетақы төлемдерін ала алмайды. Өкінішке қарай, кейбір отандастарымыз еңбек құқығы және әлеуметтік кепілдіктер туралы біле бермейді. Ниеті бұзық жұмыс берушілер мұны өз пайдасына пайдаланады.   
Егер сіздің жұмыс берушіңіз зейнетақы аударымдарын жасамаса не істеу керек? Әрбір жұмыскер жұмыс берушіден бұл жарналарды Қорға қаншалықты толық көлемде және уақтылы аударып отырғандығы туралы мәлімет беруін талап етуге құқылы. Егер жұмыс беруші зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аудармайтын болса, жұмыскер салық органдарына шағына алады. Жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аударып отыруын қадағалап отыру жауапкершілігі осы салық органдарына жүктелген. Дейтұрғанмен, бұл мәселе бойынша еңбек инспекторына жүгінуге болады. Өз кезегінде еңбек инспекторы жұмыс берушіге келіп, оған ықпал ету шарасын қолдана алады. 
Азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту – маңызды және стратегиялық мемлекеттік міндет. 
Өткен жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген жұмыстардың нәтижесінде 560 мың жалдамалы жұмыскер өздерінің жұмыс берушілерімен еңбек шартын жасасқан. Одан басқа, шамамен 1 млн адам өздерінің жалдамалы жұмыскер екендіктерін мәлімдеген. Бірақ, олар өкінішке қарай зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды жасамаған.
2018 жылдың 1 қаңтарына қарай БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,12 млн бірлікті құрады. Бұл ретте тек 5,9 млн шотқа жарналар ең болмағанда жылына бір-ақ рет түседі. Ал бұл санның тек үштен біріне ғана зейнетақы жарналары жылына 9 реттен 12 ретке дейін түсетіндігін атап өткен жөн.  
1991-2001 жылдар аралығында жұмыс орындарының қысқаруы салдарынан өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың саны 8,7 есеге өсті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің саны экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың шамамен 71 пайызын, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың 24 пайызын, жұмыссыздардың 5 пайызын құрайды. Салыстырып қарайтын болсақ, шет мемлекеттерде өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың пайыздық үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың: Австралияда – 10,3%,  Германияда – 10,8%, Канадада – 8,6%, Францияда – 9,7%, Жапонияда – 11,5%, Ұлыбританияда – 15,4%, АҚШ-та – 6,5 %-ын құрайды.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар санының артып кетуі мынадай мәселелерді тудырады:
- көлеңкелі экономиканың жоғары деңгейі – 27% (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті);
- бейресми жұмыстардың болуы;
- табыстарды жасыру;
- өзін-өзі қамтушы азаматтардың әлеуметтік қорғансыздығы.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі ауқымды әлеуметтік сипатқа ие және Қазақстан экономикасының құрылымына тікелей байланысты. Сондықтан ол бір министрліктің немесе бір зейнетақы қорының өкілеттігі аясында шешілмейді. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты ұсынылатын бастамалар әлеуметтік және экономикалық саладағы министрліктер мен мекемелердің жұмысында көрініс табуы тиіс. Яғни, бұл жүйелік мәселе және ол жүйелі тұрғыда шешілуі тиіс. Ең алдымен еңбекке қабілетті азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тартудың тиімді мемлекеттік саясатын әзірлеу қажет. Сонымен қатар, жастарды және 40 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесін ескеру керек. Қазір тиісті ұсыныстар БЖЗҚ-да, депутаттық корпуста және Үкіметте әзірленіп жатыр. Бұл мәселедегі басты міндет – ынталандырушылық сипаттағы шараларды қабылдау. 
БЖЗҚ өз кезегінде зейнетақы жарналары түспейтін жеке зейнетақы шоттарын өңдеу науқанын қолға алу туралы бастама көтерді. Осылайша, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген, сондай-ақ зейнетақы жинақтары бар, бірақ 2017 жыл барысында жарна түспеген шоттар сәйкестендірілді. Ал өңірлік желі қызметкерлері осы шоттардың иелеріне жоспарлы түрде телефон шалу жұмысын бастады. Ондағы мақсат – оларға зейнетақы шоттарына зейнетақы жарналарының түспейтіндігін хабарлау және қолданыстағы зейнетақы заңнамасы, болашақ зейнетақыны жоспарлау және жұмыспен қамту мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қазіргі уақытта әр түрлі қиын жағдайға тап болған адамдар үшін пайдалануға болатын бірқатар мүмкіндіктер қарастырылған. Олар:
- әлеуметтік жұмыс орны;
- кәсіптік оқыту;
- жастар тәжірибесі;
- қоғамдық жұмыстар;
- кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету;
- ауылдар мен қалаларда азаматтарға шағын несиелер беруге кепілдік беру;
- мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға бюджет тарапынан көмекқаржы бөлу.
Жоғарыда келтірілген бағыттар бойынша толыққанды мәліметтерді  Қордың www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» - «Жұмыссыздарға» бөлімінен оқып білуге болады.
Бүгінде елімізде үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. 2040 жылдан кейін зейнеткерлікке шығатын қазақстандықтар ортақ зейнетақы төлемдерін алмайтын болады. Олар базалық зейнетақыға және Қордағы зейнетақы жинақтарына ғана үміт арта алады. Бұл ретте жалпы еңбек өтілі 33 жыл және одан жоғары болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.  
Сондықтан БЖЗҚ-ның стратегиялық міндеттерінің бірі – тұрғындар арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қалай болғанда да жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу - заман талабы.

 


«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз. 

1. Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады?  

БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да   хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшыға (алушыға) ол таңдаған хабарландыру әдісімен жүргізіледі. Бұл үшін алушы (салымшы) келесі хабарландыру әдістерінің бірін таңдауы тиіс:
- БЖЗҚ  офисіне жеке өзі келген жағдайда немесе Интернет арқылы байланысқа шыққан болса, салымшылардың  (алушылардың) ақпаратты қанша рет сұратуына шек қойылмаған ;
- ЖЗШ ашуға жазылған арыздың реквизиттерінде немесе ақпараттандыру әдісін өзгерту/таңдау туралы қосымша келісімде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына ақпарат таңдалып алынған әдіс бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, бір жылда) бір мәрте;
-  пошта байланысы арқылы – жылына бір мәрте; 
- интернет-ақпараттандыру – онлайн режимінде; ақпараттандырудың бұл әдісі арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы ғана емес, смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильді қосымшасы арқылы да ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, жеке зейнетақы шоты туралы электрондық үкіметтің сайтындағы «Әлеуметтік қамсыздандыру» -- «БЖЗҚ-ның зейнетақы шотынан үзінді-көшірме» бөлімінен ҚР электрондық үкімет порталында тіркеліп, электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда алуға болады. 

2. Салымшы (алушы) мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы БЖЗҚ-ын ескертуге міндетті ме?  

2013 жылдың  21 маусымында қабылданған № 105-V «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 39 бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес,  міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының салымшылары мен БЖЗҚ-ның алушылары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай БЖЗҚ-ны Қор міндеттемелерін орындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы бұл өзгерістер туындаған сәттен бастап, он күнтізбелік күн ішінде ескертуі тиіс.
Бұған салымшы  тиісті хабарландыру тәсілін таңдаған болса, электрондық және пошта мекен-жайын өзгерту жатады.
1) Зейнетақымен қамтамасыз ету келісім-шартта көрсетілген пошта мекен-жайының өзгергені туралы, егер Сіз «пошта арқылы» деген зейнетақы салымдары туралы хабарландыру тәсілін таңдаған болсаңыз, БЖЗҚ-на жеке өзіңіз барып немесе пошта байланысы арқылы, аты—жөніңіз, тегіңіз, туған жыл, ай-күніңіз, жеке идентификациялық номеріңіз (ЖИН) көрсетілген, жеке куәлігіңіздің көшірмесі салынған хабарлама арқылы ескерте аласыз.  
2) Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім-шартта немесе ақпараттандыру әдісін белгілеу/өзгерту туралы қосымша келісімде ақпараттандыру әдісі ретінде «электрондық пошта (e-mail)» деп көрсеткен болсаңыз, осы  электрондық мекен-жай өзгерген жағдайда,  бұл туралы Қорды   ескертуіңіз керек. Көңіл аударатын жәйт, Сіз электрондық мекен-жайыңыздың өзгергені туралы тек ЖЗБҚ офисіне өзіңіз барып қана ескертуіңізге болады. 
Егер салымшы (алушы) өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін тұрғылықты мекен-жайын өзгертіп, бұл туралы Қорды ескертпеген болса, 2017 жылға пошта арқылы жіберілген үзінді-көшірме БЖЗҚ-ға қайтып келеді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңға сәйкес, БЖЗҚ келесі жылы үзінді-көшірмені пошта арқылы жөнелтпеуге құқылы. 
Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына салымшының (алушының)  тиісті жылдың 1 қаңтарына ЖЗШ-да қаржысы болмаса немесе оны хабарландыру әдісі туралы тиісті келісім жасалмаса, БЖЗҚ оны зейнетақы жинақтау шотының жай-күйі туралы хабарландырмауға құқылы.  БЖЗҚ мамандары салымшыларға өздерінің жеке мәліметтерін жаңартып, және/немесе хабарландырудың жаңа тәсілін таңдау үшін Қордың жеке қызмет көрсету орталықтарына баруға кеңес береді.  

3. БЖЗҚ офисіне бармай –ақ реквизиттердегі мекен-жайды өзгертуге бола ма? 

БЖЗҚ  2017 жылы өзінің электрондық қызмет көрсету жүйесін кеңейтіп, салымшыларға Қор сайтындағы жеке кабинеті арқылы реквизиттеріне өзгеріс енгізуге мүмкіндік берді. Енді БЖЗҚ-ың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген   реквизиттердің (жеке куәлік туралы ақпарат, тұрғылықты жердің мекен-жайы, электрондық мекен-жай (e-mail), телефон номерлері)   өзектілігін электрондық сандық қолтаңбаның өзекті кілті бар жағдайда өз бетінше тексеріп, қажет жағдайда өзгерістер және (немесе) түзетулер  енгізуге болады.  Бұл үшін БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» атты бөлімге кіріп, «Реквизиттерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу» атты электрондық қызметке жүгініп, керекті өзерістерді енгізу қажет.   

4. Егер зейнетақы қорымен келісім-шарт жеке куәлік негізінде жасалған болса,  ақпараттандыру әдісін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған кезде ҚР азаматының төлқұжатын пайдалануға бола ма? 

 

Иә, ҚР азаматының төлқұжатын хабарландыру тәсілін өзгерту/ белгілеу туралы  келісімге қол қою  үшін пайдалануға болады. Бұл ретте салымшының (алушының) негізгі деректемелерінің сәйкестігі салымшының бұрын жеке басты куәландыратын басқа құжат (әкесінің аты көрсетілген жеке куәлік, тұруға ықтиярхат) беруі салдарынан пайда болған «әкесінің аты» деректемесіндегі алшақтықты есепке алмай-ақ тексеріледі.

5. ЖЗШ-да қалған қаржы мен оның есеп-қисабы  туралы Анықтаманы кім талап ете алады? 

Зейнетақы жинақтары туралы құпияны зейнетақы жарналарын аударып жүрген салымшыға, алушыға немесе кез-келген үшінші тұлғаға тек салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген жазбаша келісімі арқылы ғана беруге болады. 
ЖЗШ-да қалған қаржы және олардың қозғалыстары туралы есеп туралы анықтама:    
1) алдын-ала анықтау және алдын-ала тергеу органдарына олардың өндірісіндегі қылмыстық істерге қатысты; 
2) соттарға – сот ұйғарымы бойынша  олардың өндірісіндегі істерге қатысты; 
3) сот орындаушыларына – сот санкциясы бойынша сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың өндірісіндегі атқару құжаттары негізінде; 
4) мемлекеттік кіріс органдарына – тексеріліп жатқан тұлғаның  міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, төлеу  мәселелеріне байланысты; 
5) өкілетті органға – салымшының (алушының) арызына немесе өкілетті органның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын тексеруіне байланысты   туындаған мәселелерге қатысты; 
6) прокурорға  -  қарауындағы материалға қатысты оның өкілеттігі аясында тексеру жүргізу туралы қаулыға сәйкес;   
      7) қаржылық мониторинг жөніндегі өкілетті органға –  ҚР «Қылмыстық жолмен алынған  табыстарды жариялауға және лаңкестікті қаржыландыруға тосқауыл қою   туралы» Заңында көрсетілген мақсаттарда және тәріпте; 
8) салымшының (алушының) өкілдеріне – нотариалды бекітілген сенімхат немесе сот шешімінің негізінде; 
9) Орталыққа – міндетті зейнетақы қорлары, кәсіби міндетті зейнетақы қорлары бойынша салымшылардың (алушылардың) мәліметтер базасын жасау және міндетті зейнетақы жарналары, кәсіби міндетті зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуын, салымшының зейнетақы төлемдеріне құқын алу сәтіне нақты салымдарының инфляция деңгейін ескере отырып, қамтамасыз ету мақсатында; 
10) орталық атқарушы органға – салымшы (алушының) арызына байланысты туындаған мәселелерге орай; 
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына жыл сайын аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;  
12) Халыққа қызмет ету орталықтарына – салымшыға (алушыға) немесе оның  арызы бойынша, олардың өкіліне нотариалды бекітілген сенімхат бойынша немесе сот шешімі бойынша.
Сонымен қатар, жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы, ондағы қалдық пен қаражат қозғалысы туралы анықтама салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікке сәйкес мұрагер болып табылатын азаматтарға немесе өсиетхатта көрсетілген тұлғаларға олардың жазбаша арызы бойынша, соттарға - олардың өндірісіндегі мұрагерлік туралы істер бойынша беріледі.   


Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Алматы, Қазақстан - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық 18 өңірлік филиалында «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» жобасының өнеркәсіптік пайдалануға берілгендігін хабарлайды. Бұл жоба «БЖЗҚ» АҚ-тың Корпоративтік даму стратегиясы аясында жүзеге асырылды. Осы стратегияға сәйкес, Қор өзінің көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.  
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішінде жаңа үлгідегі жүйелік блок орналасқан. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Одан басқа, үздіксіз қуат көзінің (UPS) арқасында терминал электр қуаты сөндірілсе де өз қызметін жалғастыра береді.  
Осылайша, салымшылар мен алушылар өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды.
Қазір терминалда мынадай қызметтер қолжетімді:

  1. Зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу;
  2. Жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу;
  3. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтініш беру;
  4. Жеке деректемелерді өзгерту;
  5. Берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау.

Бұл қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшін салымшыны (алушыны) анықтап танудың екі әдісі қолданылады. Олар:

  1. ЖСН және құпия сөз (пароль);
  2. Жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегі арқылы.

«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. Таяу уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес беру қызметі пайда болады.   
«БЖЗҚ» АҚ-тың басты міндеттерінің бірі – ақпараттық-кеңес беру қызметін Қор мамандарының тікелей көмегінсіз алуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,88 трлн теңгені құрады. Сөйтіп, жыл басынан бері 101,3 млн теңгеге артты. Яғни, өсім 1,3 пайызды құрады.  
2018 жылдың 1 наурызына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,61 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 447 мың бірлікті құрады. 
Ағымдағы жылдың екі айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 134,5 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,83 млрд теңгеге артық.  
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 29,4 млрд теңге болды. Сөйтіп, 2018 жылдың өткен айымен салыстырғанда 19,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 66 пайызды құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың ақпаны аралығында 8,3 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,5 пайыз болды.
2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 62,75 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,58 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 61,54 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,98 млрд теңгені құраған.  
Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.  
2018 жылдың 1 наурызына қарай зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде хабарлаудың электрондық тәсілін таңдағандардың саны 5 млн адамға жетті. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
2018 жылдың 1 наурызына қарай ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 1,4 млн бірлікті құрады, яғни жыл басынан бері 14 пайызға өсті. 
«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. БЖЗҚ 2017 жылы Қор қызметтерін оның кеңселеріне келмей-ақ  қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық сервистерін іске қосты. Осылайша, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Қор сайтының жеке кабинеті арқылы жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш жолдауға, олардың орындалу мәртебесін қадағалауға, сондай-ақ салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер енгізуге және хабарлау тәсілін өзгертуге болады.
2018 жылдың наурыз айында салымшылар мен алушылар Қордың барлық 18 өңірлік филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде терминал арқылы мынадай қызметтер қолжетімді: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу; жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу; міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтініш беру; жеке деректемелерді өзгерту; берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау. Бұл қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшін салымшыны (алушыны) анықтап танудың екі әдісі қолданылады. Олар: ЖСН және құпия сөз (пароль) немесе жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегі арқылы алу. Одан басқа, таяу уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында Қор операторынан бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алу қызметі іске қосылады.
Салымшылар мен алушылар БЖЗҚ-ға өздері келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа өздерін қызықтырған барлық мәселелер бойынша кеңес ала алады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                

 

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 


Мобильдік кеңсе

Алматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ өзінің 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында салымшыларға көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, оларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.
Қордың басты міндеттерінің бірі – зейнетақы қызметтеріналуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.
Осылайша, 2018 жылдың екінші жартысында «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылады. Ондағы мақсат - шалғайда орналасқан елді мекендерде, сондай-ақ Қордың бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Айта кетелік, Қор қазірдің өзінде тұрғындарға көшпелі қызмет көрсетіп жатыр. Егер салымшы (алушы) қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері келеді. 2017 жылы 7 094 көшпелі шара өткізіліп, 189,5 мыңнан астам операция жүзеге асырылды. 2018 жылдың қаңтар және ақпан айларында мобильдік топтар 1 285 рет сапарға шығып, 30 мыңнан астам операцияны жүзеге асырды.
Егер қазір мобильдік агенттер салымшыларға портативтік компьютер және  тиісті құжаттар бумасын алып баратын болса, «Мобильдік кеңсе» барлық қажетті техникалармен және жерсеріктік байланыспен жабдықталады.
Бұл ретте жүріп-тұру үшін ГАЗельNEXT базасында жасалған, жерсеріктік жабдықтары бар,заманауи жоғары технологиялық шағын автобус пайдаланылады. Оның жұмыс бөлігі операторларға арналған автоматтандырылған екі жұмыс орнымен және азаматтарға арналған екі орынмен жарақтандырылған. Қосымша ретінде кезек күтушілер үшін үш кісілік орындық қарастырылған.Бұл шағын автобус барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы болады.
Осы қанатқақты жоба аясында Қазақстанның үш өңірі – Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынды. Мысалы, Қостанай өңірінде облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елді мекендер көп.
Алматы облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен елді мекендерінің көптігімен және халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленеді. Ал Атырауда бұл қанатқақты жоба жергілікті тұрғындардың көпшілігінің мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс істейтіндігіне байланысты іске қосылды. Бұл компаниялар әдетте елді мекендерден жырақта орналасқан.
«Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады. 
Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан шағын ауылдардың тұрғындарына әрі қарай көшпелі қызмет көрсету туралы нақты шешім қабылдайды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


1. Мен екі айдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Биыл зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы естідім. Осы туралы толығырақ білгім келеді. Мен зейнетақыны қалай аламын?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастапБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушы алғаш рет өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сомаалушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшері: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.
БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттер кестесі тұрақты шама және ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері алушының жасына, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады. Алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан шыққан сома – айлық зейнетақы болып табылады.  
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің ай сайын алатын зейнетақы төлемдеріңіз былайша есептеледі: алушының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы оның тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіледі (мысалы 63 жаста ол - 0,10467 санын құрайды).Шыққан сома 12-ге бөлінеді. Одан алынған сома Сіздің тиісті күнтізбелік жылдағы айлық зейнетақыңыз болып табылады. 
Еске сала кетелік, БЖЗҚ-ның www.enpf.kzресми сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Сол арқылы болашақта алатын ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің шамасын болжамды түрде есептеп шығаруға болады.

2. Мен зейнеткерлікке шыққан кезде қандай да бір өтемақы берілетіндігін естідім. Шындығында солай ма?

Бұл жерде әңгіме мемлекеттік кепілдік бойынша республикалық бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы жайында болып отыр. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепілдік береді.
БЖЗҚ-дағызейнетақы жинақтарының сомасыинфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда -
айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттіккорпорация бір жұмыс күні ішіндеайырма төлемі сомасын есептейді.
Айырма төлемін алуға зейнеткерлік жасқа толған азаматтар да құқылы.   
Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.

3. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-дан ай сайын төленеді. Бұл барлық зейнеткерлерге қатысты ма әлде тек 2018 жылдан бастап шығатын азаматтарға ғана қатысты ма? Мен зейнеткерлікке 2017 жылы 23 шілдеде шықтым және бір жылдық төлемді алдым. Енді зейнетақыны биыл қалай аламын?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. Зейнетақы заңнамасына енгізілген бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген. Бұл өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдан бастап алатын азаматтарға ғана тиесілі.  
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркеген зейнеткерлер үшін төлем кестесі өзгеріссіз қалады. Олар үшін зейнетақы төлемдерін алу кезеңділігі (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) және 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесі сақталады.  
Бірақ егер қаласаңыз ай сайынғы төлем кестесіне ауыса аласыз. 
Зейнетақы төлемдерін ай сайын төлеу халықаралық стандартқа сәйкес келеді.
Зейнетақы төлемдері бір жолғы төлем ретінде ала салып, жұмсай салатын ақша емес. Ол зейнеткерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған.    
Төлем кестесін өзгерту үшін Сіз БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне жүгіне аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайларын www.enpf.kz. сайтынан көруге болады.

4. Енгізілген өзгерістердің ерікті зейнетақы жарналарына қатысы бар ма? Ерікті жинақтарды қандай жағдайда алуға болады?

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру тәртібіне қатысты заңнамалық өзгерістер МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына ғана тиесілі.     
Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дазейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар.     Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес құжаттар пакеті ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. 


БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай, қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініштер бланкасы, төлем валютасының түріне қарай оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері БЖЗҚ-ның  www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.   
 
5. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады?

 

Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақысыз түрде зейнетақы жинақтарының көлемі, жай-күйі туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады.   
Нақты айтар болсақ салымшы: 
- зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (Қордың 218 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);
- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жолданады);
- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет) жолданады);
- және логин мен құпия сөзді(пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Жеке кабинет» бөлімі, www.e-gov.kzсайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі, сондай-ақ «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ала алады.
Салымшы осы тәсілдердің ішінен өзіне ыңғайлысын таңдайды. Бірақ, олардың ішінде зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты интернет байланысы арқылы алу өте қолайлы. Ол салымшылар мен алушылардың арасында кеңінен танымал болып жатыр.Өйткені ол ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде біліп отыруға мүмкіндік береді.
Егер бұған дейін зейнетақы шотыңыз туралы ақпаратты конвертпен алып келген болсаңыз, басқа тәсілді, оның ішінде интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қордың жергілікті бөлімшесіне бір рет барып өтініш берсеңіз болғаны. Сол жерде ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын да жүктеп аласыз. Әрине ұялы телефон Wi-Fi интернет желісіне жалғанған болуы тиіс.
Үзінді-көшірменікез келген кезең бойынша (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдауғаболады.
Бүгінде логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізуге рұқсат етілген.Электрондық цифрлық қолтаңба Халыққа қызмет көрсету орталығынан беріледі.
Ұялы қосымшада анықтамалық ақпараттар, яғни, филиалдардың мекенжайлары, қордың көрсеткіштері және басқа да маңызды жаңалықтар бар. «ENPF» ұялы қосымшасын барлық операциялық жүйелерге, кез-келген смартфонға тегін жүктеуге болады.

 


Қарттық шақ қазыналы болсын десеңіз...
Адам баласы негізі мектеп жасына дейін және зейнеткерлікке шыққаннан кейін еркіндеу өмір сүреді екен. Одан басқа кезең әрине қарбалас тірлікке толы: мектепке барады, университетте оқиды, жұмыс істейді. Енді мектеп қабырғасында көңіл сүйген өнермен айналысуға мүмкіндік бар (спорт, музыка, би, сурет салу) деп айтуға болады. Студенттік жылдары да сүйікті ісіңмен айналысуға уақыт табылады. Бірақ, жұмыста басқа тірлікке мойын бұруға уақыт табу қиын. Адам бұл кезеңде өзі үшін емес, әйелі, бала-шағасы үшін өмір сүреді. Сананы тұрмыс билейді: «Үй салсам екен, сол үйде бала-шағамаман болып, қарындары тоқ, уайымдары жоқ болып, қатарынан қалмай өмір сүрсе екен», - деп тілейсің. Оның үстіне ата-анаңды, туған-туыстарыңды, дос-жарандарыңды, әріптестеріңді  ұмытуға болмайды. Абыройыңды сақтай отырып, барлығымен лайықты қарым-қатынас жасағың келеді. Қолыңнан келсе, қамқор болуға, қолдау көрсетуге дайынсың. Ал өзіңе қарауға,тіпті уақтысында лайықты емделіп алуға да уақыт табылмай жатады. Бітпейтін күнделікті қу тіршілік өзіңді ұмыттырып жібереді... Ал демалыс күндері жаның қалайтын іспен айналысуға уақыт анда-санда табылса табылар, табылмаса ол да жоқ. Осылай өмір шіркін «Сіз бен бізге білінбей» өте береді, өте береді. Сөйтіп жүргенде шашқа ақ кіреді, бел ауырып, балтыр сыздай бастайды... Ал көңілдегі армандар қол жетпес сағымдай болып қала береді.
«Сонда адам тек бала кезіңде және зейнет жасыңда ғана емін-еркін демалып, қалаған ісімен айналыса алады екен ғой» деген ой келеді. Тек бұл жерде баланың ата-анасы мен ата-әжесі тұрғанда ақшаның қайдан келетінімен ісі болмайды. Ал зейнет жасында сүйікті іспен айналысуға уақыт табылғанымен, оған ақша табыла қояр ма екен? Белгілі орысжазушысыВалентин Катаевтың «Кішкентай сыбызғы мен құмыра» деп аталатын ертегісін білесіз бе? Онда сиқыршы кішкентайқызға сыбызғы сыйлайды. Сол сыбызғыда ойнасаң, алаңқайда жапырақтардың астына жасырынған жидектердің барлығы көрінеді. Оларды еш қиналмай жинауға болады. Бірақ, жинауға ыдыс жоқ. Сонда жеткіншек қыз сиқыршыға өтініш жасайды. Сиқыршы сыбызғының орнына кішкентай құмыра береді. Қыз қуанып, алаңқайға жүгіріп шығады. Бірақ, жидектер сыбызғының әуені естілмеген соң көрінбейді. Мінеки, өмірде де солай, сыбызғы болса, құмыра жоқ, құмыра болса сыбызғы жоқ. «Әттең тонның келтесі-ай»! Жұмыс істеп жүрген кезде ақша бар, бірақ уақыт жетпейді, зейнетіңде уақыт бар, бірақ, қалтаң таяз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: зейнеткерлікке шығып, қазыналы, қалталы қарт болып жүру үшін, сүйікті ісіңе қысылмай ақша жұмсау үшін ерте бастан қамданып, болашаққа қор жинағанабзал. Қаншалықты көп жинасаңыз, зейнет жасында алар зейнетақы да қомақты бола түседі. Яғни, «Не ексең, соны орасың». Әрине, қалта қалың болса, спортпен айналысуға, немерелерді ертіп, концерт, театрға баруға болады. Шипажайға барып демалуға,ел аралауға  мүмкіндік табылады. Жастық шақта тартқан бейнеттің қартайғанда зейнетін көру үшін болашақты бүгіннен жоспарлап, құрметті демалысқа қаржы жинаңыз. «Тарта жесең тай қалар, тартпай жесең не қалар!?», - деп ата-бабамыз бекерге айтпаса керек-ті. Демек, зейнетақы шотыңыз тұрақты түрде жарналармен толығып тұрса,ол  - қамсыз қарттығыңыздың кепілі! Бұл үшін ерікті зейнетақы жарналарының да тигізер септігі зор.«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, ерте бастан қамданып, болашағының іргесін бүгіннен бастап қалауға кіріскен жанның болашағы да жарқын бола түсері сөзсіз!


Зейнетақының сақталуына мемлекет кепіл
Зейнетақы жинақтарының сақталуы – әрбір қазақстандықты толғандыратын келелі мәселелердің бірі. Бүгінгі салымшылардың басым бөлігі ондаған жылдардан кейін зейнетке шығатынын ескерсек, жұртшылықтың алаңдаушылығын түсіну қиын емес. Қарттық шағына қаржы жинауға асықпайтын кей отандастырмыз да өз бейқамдығын ақтау үшін «Зейнетақымыздың сақталатынына кім кепіл?» деген  сылтау айтады. Шын мәнісінде Қазақстан азаматтардың зейнетақы жинақтарының зейнетке шығу сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып   сақталуына кепілдік беретін бірден –бір елдердің санатында екенінен халықтың көпшілігі бейхабар . 
Міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейтін Жапония, Чехия, Словакия сынды елдермен салыстырмалы түрде алатын болсақ, оларда зейнетақы жинақтарына инвестициялық табыс мүлде қарастырылмаған. Бұл елдердегі басқарушы қорлар жарналардың номиналды, яғни нақты жиналған сомасының сақталуына ғана кепілдік береді. Бұл дегеніңіз инфляция есепке алынбайды, инвестициялық табыс нольге тең деген сөз. Басқаша айтқанда, адам қорға қанша жарна аударса, ақырында қолына сонша қаржы тиеді.
Словенияда басқарушылардың шекті табысы мемлекеттік облигациялардың орташа табыстылығының 40 пайызынан кем болмауы заң жүзінде бекітілген. Чилиде басқарушы қорлардың табыстылығы әркелкі, бірақ алдыңғы 36 айдағы шынайы табыстылықтың орташа көрсеткішінің 2 пайызынан кем болмауы тиіс. Германияда зейнетақы қорлары зейнетке шыққан күнге 2,25 пайыз табыстылыққа кепілдік береді.  Венгрияда зейнетақы қорларының инвестиция табыстылығы мемлекеттік облигациялар табыстылығының 15 пайызынан кем болмауы кепілдендірілген. Ал Австрия, Швеция, Эстония,Израиль, Мексика және  Норвегия  сынды елдерде зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік мүлде қарастырылмаған.
Өзге елдердегі жағдайды қысқаша шолып шықтық. Ал   біздің елімізде зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді? Зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесін Қазақстан осыдан 15 жыл бұрын қолға алды. Сол шақта салымшылардың нақты аударылған зейнетақы жарналарының зейнетке шыққан сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына  мемлекет кепіл болатыны  құқықтық тұрғыда негізделді. Заң тілімен айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңында «Мемлекет салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының (МКЗЖ) нақты салынған мөлшерінің зейнетақы алу құқығы туындаған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, сақталуын қамтамасыз етеді».

2013 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылуы да бірінші кезекте салымшылардың мүддесін қорғауға бағытталған болатын. Бұған дейін жұмыс істеген жеке зейнетақы қорларының  бірқатары  активтерді тиімсіз басқарғандықтан, салымшылардың есепшоттарындағы табыс көрсеткіші нольден төмен түсіп кеткен. Жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың мүддесінен олардың қожайындарының мүдделерін жоғары қойды. 
Қазір салымшылардың жинақтары біріңғай оператордың жауапкершілігінде. БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және бірегей акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қордың мемлекеттік акциялар пакеті Ұлттық Банктің сенімді басқаруына берілген. Зейнетақы активтерін    Ұлттық Банк Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп басқарады.   Салымшылардың зейнетақы жарналары диверсификациялау негізінде тәуекел мен табыс арақатынасын сақтай отырып, түрлі қаржы құралдарына салынады.  Зейнетақы активтерінің 40 пайыздан астамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына, қалғаны – инвестициялық декларацияға сәйкес ел ішіндегі, шет елдердері квазимемлекеттік компаниялардың, екінші деңгейдегі банктердің құнды қағаздарына, корпоративтік облигацияларға, басқа да қаржы құралдарына салынады.   

Нарық заңдылығына сәйкес, инвестициялаудан түскен табыс инфляция деңгейінен жоғары болуы да, төмен болуы да мүмкін.  Осыған орай жарна мен инфляция деңгейін есептегендегі табыстың жиынтығынан тұратын шынайы зейнетақы жинақтары мен салынған зейнетақы жарналарының арасында айырмашылық туындайды. Егер инвестициялық табыс инфляциядан төмен болса,   айырма сомасы азамат зейнетке шыққан шақта төленеді. 
Мемлекеттің кепілдігін алу құқына зейнеткерлер зейнет жасына толған сәтте ие болады. Сонымен қатар, мұндай кепілдік І и ІІ топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген азаматтарға, Қазақстаннан тысқары елдерге тұрғылықты өмір сүруге кеткендерге, міндетті кәсіби зейнетақы жинақтарын аударып тұрған шет елдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға елден біржола кеткен шақта беріледі. Мемлекеттік кепілдікке құқы бар азамат қайтыс болса, оған тиесілі өтемақы мұрагерлерінің еншісіне өтеді.  
Мемлекет кепілдігін алу үшін   «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есептеу орталығына тұрғылықты мекен-жайы бойынша  арыз жазу керек. Әрбір алушыға тиесілі сома  арнайы жасалған әдістеме бойынша жеке есептеліп,   оның банк шотына аударылады.
 Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Оның мөлшері азаматтың зейнетақы төлемдерін алу құқы туындаған сәтке инфляция деңгейін ескере отырып нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының арасындағы айырманы құрайды.
Егер инвестициялық табыс көлемі инфляцияның рұқсат етілген деңгейінен артық болса, онда салымшыға мемлекеттік кепілдік төленбейді. Қалған жағдайларда салымшылар өздеріне тиесілі өтемақыны алады. Осылайша, Қазақстанда қазіргі күні азаматтардың зейнетақы жинақтарын сақтаудың барлық мүмкіндіктері қарастырылған. Тек 2017 жылы   мемлекеттік кепілдік ретінде 12,7 млрд теңге төленді. Мұндай кепілдік тіпті өте дамыған елдерде  жоқ екенін ескере отырып, көптеген сарапшылар Қазақстанның зейнетақы жүйесін әлемдегі озық  үлгілердің санатына қосып отыр.
Өздерінің Зейнетақымен қамту саласындағы құқықтары, мүмкіндіктері, зейнетақы жинақтарының көлемі, шоттарының жай-күйі туралы білгісі келетін азаматтар үшін  БЖЗҚ әрбір тоқсан сайын   Ашық есік күндерін өткізіп тұрады. Сонымен қатар, Қордың сайты, әлеуметтік желілердегі аккаунттары, байланыс орталығы арқылы да кеңес алуға болады. Жұртшылыққа зейнетақы жүйесінің жұмысын кеңірек түсіндіру үшін  Қор мамандары кәсіпорындар мен мекемелерде көшпелі таныстырылымдар   өткізіп тұрады. Бұл шаралар Қор жұмысының сапасын көтеруге, ашықтығын қамтамасыз етуге, осы арқылы қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған.     

  Б.Сержанова
«БЖЗҚ» АҚ бас маманы


2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 444 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша - 39 мың бірлікті құрады. 

2018 жылдың қаңтар айында зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 65,3 млрд теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 4,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 7 пайызды құрады.

Зейнетақы жүйесінде болғанына 16 жылдан асқан, зейнеталды жасындағы ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы шамамен 2,6 млн теңгені, ал әйелдерде – шамамен 2 млн теңгені құрады. Зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударатын (жылына 9 реттен кем емес), зейнеталды жасындағы ер азаматтардың жинақтарының сомасы 3,3 млн теңгеге жуық болса, әйелдерде шамамен 2,3 млн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 9,8 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,13 пайызды құрады.

Бұл ретте, егер табыстылық пен инфляция деңгейін жылдық тұрғыда салыстырып қарайтын болсақ (2017 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың қаңтары аралығы), бұл көрсеткіштер сәйкесінше 7,88 және 6,8 пайызды құрады.

2017 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 48,9 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 1,3 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 43,14 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,09 млрд теңгені құрады.

Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 

2017 жылдың маусым айынан бастап қарапайым да ыңғайлы жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Қазір сол электрондық сервистерді пайдаланушылар саны арта түсуде. Салымшылар Қордың кеңселеріне келмей-ақ, қашықтықтан БЖЗҚ сайты арқылы барлық дерлік маңызды операцияларды жүзеге асыра алады. 2018 жылдың қаңтар айында шамамен 100 салымшы жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде электрондық өтініш жолдаған. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың екінші жартысында, яғни электрондық сервистер іске қосылғаннан бері шамамен 250 адам осы қызметті пайдаланған. Яғни, бір айдың ішінде өсім 60 пайызды құрады. Ал өздерінің деректемелеріне өзгерістер енгізген салымшылардың саны бір ай ішінде шамамен 950 адамды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың екінші жартысында 1 180 адам осы сервисті пайдаланған. Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 3,5 мыңға жуық адам пайдаланып үлгерген.

Айта кетелік, БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметін көрсету және Қор салымшылары мен алушылары үшін ақпарат арналарын дамыту. 2018 жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны 64 пайызға артты.

БЖЗҚ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына ерекше көңіл бөледі: «Мобильдік агент» жобасы аясында ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 590 рет көшпелі қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 125 бірлікке артық. Яғни, өсім 27 пайызды құрады.

Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жалғасып жатыр. 2018 жылдың қаңтар айында 1 543 көшпелі тыныстырылымдық шара өткізілді. Шамамен 49 мың тұрғын қамтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есе көп.

Қазіргі уақытта МЗЖ бойынша ЖЗШ ашқан, бірақ бірде-бір жарна салмаған, сондай-ақ жеке зейнетақы шоттарына үш және одан да көп жыл барысында зейнетақы жарналары түспеген салымшыларға телефон шалу жұмыстары басталды. Ондағы мақсат – бұл салымшылардың деректерінің мәртебесін айқындау.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


БЖЗҚ-ның жаңа цифрлық сервистері

Алматы, Қазақстан –Ағымдағы жылы ақпан айының басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің ресми сайтының дизайнын жаңартты.

Жаңартылған сайт тиянақты түрде құрылымдалды жәнезаманауи сипатқа ие болды. Қазіргі уақытта пайдаланушылар үшін оның құрылымын, беттерін аралау өте ыңғайлы.Бұл ретте бұрынғы сайттың ақпараттылығы толығымен сақталды.

Ақпараттар легі жақсы қабылдануы үшін Қор артық бөлімдерді жойып, басты беттің құрылымын өзгертті. Енді www.enpf.kzсайтына кіріп, маңызды ақпараттармен, статистикалық мәліметтермен танысып, Қордың жіберіліміне жазылуға болады.   

Сайттың құрылымына өзгерістер енгізудегі басты мақсат – сайтты түсінікті және барынша қолжетімді ету. Сонымен қатармаңызды және шынайы ақпараттар алу жағына баса назар аудару.  Сайт Қор мамандарының күшімен жасалды. Бұған қандай да бір қаражат жұмсалған жоқ.

Порталды жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғасуда: қазір БЖЗҚ қызметкерлері салымшылар мен алушылардың қажеттіліктеріне негізделген цифрлық сервистер топтамасын дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, 2018 жылдың 28 ақпанынан бастап Қор сайтында жаңа сервис: «ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу» (немесе «Көшірме нұсқалар») қызметі іске қосылды. Бұл қызмет Қор салымшылары арасында ерекше танымалдыққа ие болып отыр. Мысалы, 2016 және 2017 жылдары БЖЗҚ бөлімшелерінде шарттардың 2,9 миллионнан астам «көшірме нұсқалары» берілді.

Енді Қор сайтындағы Жеке кабинетке логин және құпия сөз (пароль) арқылы кіре алатын, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілтіне ие қазақстандықтар бұл қызметтерді қашықтықтан пайдалана алады.

2018 жылдың алғашқы тоқсанының соңына дейін Қор сайтында ЭЦҚ арқылы ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу мүмкіндігі жүзеге асырылады.   

Естеріңізге сала кетелік, 2017 жыл барысында Қор сайтында бірқатар жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Солардың көмегімен Қордың негізгі қызметтерін қашықтықтан пайдалануға болады. Олар атап айтар болсақ:Қордың ресми сайтына кіріп, «Жеке кабинет» бөлімі арқылы міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру. Сол өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау, жеке деректемелерге өзгерістер енгізу және зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірмені электрондық поштаға жіберу мүмкіндігі.

Қор сайтты жаңарту және цифрлық қызметтерді дамытумен ғана шектеліп қалмайды. Сонымен қатар ұялы байланыс операторларымен де белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр. Ондағы мақсат – абоненттерге ENPF ұялы қосымшасын трафикті есепке алмай пайдалануға мүмкіндік беру.  

Қазірдің өзінде Tele2 және Altel бірлескен компаниясының абоненттері өздерінің шоттарында теңгерімнің бар-жоғына қарамастан Қордың ұялы қосымшасын пайдалана алады. БЖЗҚ жақын уақытта басқа да операторлармен осындай келісімдер жасауды жоспарлап отыр.

БЖЗҚ электрондық қызметтерді деректерді талдау және дербестендіру негізінде көрсетеді. Бұл ретте салымшылар мен алушылар, яғни сервистерді пайдаланушылардың қажеттіліктері ескеріледі.Бұл барлық санаттағы адамдарды және олардың қызмет саласын қамтуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияларды ең алдымен электрондық сервистер саласында дамыту – БЖЗҚ қызметінің басты бағыттарының бірі. 

Айта кетелік, қазіргі кезде электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 52 пайызды құрайды. Ал 2021 жылға дейін оны 55 пайызға жеткізу жоспарланған.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz