Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі

090800 Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Мұхит көшесі №2а, тел. 8(71145)31-1-32, тел.факс 8(71145)31-1-32.

Бөлім басшысы - Нұрмағамбетов Берік Базарұлы

1963 жылы туған, білімі - жоғары, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист. Оқу бітірген соң 1991 жылы Қаратөбе аудандық қаржы бөлімінің аға экономисі қызметінен бастап, 1991 - 1993 жылдары Қаратөбе аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, 1993 - 2004 жылдары Қаратөбе аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, 2004 - 2006 жылдары Қаратөбе аудандық қаржы және экономика бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде жұмыс жасады. 2006-2010 жылдары Қаратөбе аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, 2010 жылдың қараша айынан бастап  Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

 

Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

090800 БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Құрманғалиев көшесі №24,

тел. 8(71145)31-2-55, тел.факс 8(71145)31-6-72.

Бөлім басшысы - Есендосов Мербол Мағзомұлы

1979 жылы туған,білімі - жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы ветеринариялық-санитарлық дәрігер.1996 жылдың мамыр айынан бастап еңбек жолын БҚО, Қаратөбе ауданы, Шөптікөл совхозының жұмысшысы болып бастап,1996-2001 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті, 2002 жылдың қазан айынан бастап қараша айына дейін БҚО, Орал қаласы «Орал сусын» ЖШС күзетшісі, 2003-2004 жылдары БҚО, Ақсай қаласы  «Бек-секьюрити» ЖШС күзетшісі, 2004-2005 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің жетекші маманы, 2005-2006 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, 2006 жылдың ақпан айынан наурыз айына дейін Қаратөбе аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы, 2006-2007 жылдары Қаратөбе аудандық мәслихаты аппаратының жетекші маманы,    2007-2010 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, 2010 жылдың тамыз айынан бастап  қазан айына дейін ҚР АШМ АӨК МИК Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары, 2010-2011 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, 2011-2015 жылдың шілде айына дейін Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылдық округінің әкімі, 2015 жылдың 7 қыркүйегінен бастап БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. 1980 жылы туған,білімі -жоғары,Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін және Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университетін бітірген.мамандығы-мал дәрігері,есеп және аудит.2003 жылы еңбек жолын Қаратөбе аудандық жасөспірімдер,туризм және экология орталығында шаруашылық меңгерушісі болып бастап,2005-2006 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бас маманы,2006-2007 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы,2007-2008 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі,2008-2011 жылдар аралығында Қаратөбе селолық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарған. 2011-2015 жылдар аралығында Егіндікөл селолық округі әкімі, 2015 жылдың қыркүйек айынан 2016 жылдың  15 сәуіріне дейін Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2016 жылдың 15 сәуірінен бастап аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы қызметін атқарып келеді.

Қаратөбе аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі

090800 БҚО, Қаратөбе ауданы,Қаратөбе селосы,Құрманғалиев көшесі № 18,

 тел 871145 31-3-59,тел.факс 871145 31-2-87

Бөлім  басшысы  - Қыдырашев Рамазан Зинеденұлы 

1956 жылы туған,білімі - жоғары, 1979 жылы Жамбыл гидромелиоратив-құрылыс институтын бітірген,инженер-құрылысшы. Оқу бітірген соң Қаратөбе ауданы Жусандой ауыл шаруашылығы бірлестігінде инженер-құрылысшы болып еңбек жолын бастаған..1984-1996 жылдар аралығында Қаратөбе ауданы Қазақ ССР -на 60 жыл атты совхозында инженер-құрылысшы,1996-1997 жылдары Жусандой өндірістік кооперативінің мүшесі,1997- жылдың желтоқсанына дейін осы кооперативтің төраға орынбасары,1997-2000 жылдары «Зинеден» шаруа қожалығының жетекшісі,2000 -2011 жылдар аралығында Қаратөбе ауданы Жусандой селолық округі әкімі. 2011 жылдың маусым айынан бастап Қаратөбе аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

090800 Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Құрманғалиев көшесі №19, тел. 8(71145)31-6-74, тел.факс 8(71145)31-6-74.

Бөлім  басшысы - Әмірғали Айдос Орынбайұлы 

31.08.1972 жылы туған,  білімі -жоғары. 1979-1989 жылдары Саралжын орта мектебінде оқыған. 2006 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы: Физика және информатика пәнінің мұғалімі

 

2008 жылы Батыс Қазақстан «Еуразия»  тілдер және басқару университетін бітірген. Мамандығы: Есеп және аудит.

 

1990-1991 жылдар аралығында әскер қатарында. 1989-1996 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын совхозында бригада есепшісі.

 

1996-1998 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылы, Қарақамыс ЖШС-тің орталық есеп бөлімінде жәрдемақы және еңбекақы айырысу есепшісі.

 

1998-2000 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын орта мектебінде кассир және іс жүргізуші. 2000-2003 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын орта мектебінің кіші есепшісі.

 

2003-2004 жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім бөлімінде еңбекақы есепшісі.  2004-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәдениет бөлімінің бас есепшісі.  2005-2006 жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас есепшісі.

 

2006-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы.  2009-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі.

 

2010-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.

 

2011-2014 жылдары Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры

 

2014 жылдың маусым айынан бастап аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы қызметін атқарып келеді.

                                                        

Аудандық ветеринария бөлімі

090800 Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы,

тел. 8(71145)31-3-68, тел.факс 8(71145)31-1-09.

Бөлім  басшысы - Аймашев Кенжебек Жолдығалиұлы 

1965 жылы туған. Білімі-жоғары. Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген,мамандығы -ветеринариялық дәрігер. 1982- 1983 жылдары Егіндікөл совхозында жұмысшы. 1983-1985 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери қызметте болған.1990-1992 жылдары Ақтөбе облысы Исатай аудын Жиренқопа совхозында аға малдәрігері. 1992-1993 жылдары Қаратөбе ветучаскесінің меңгерушісі.  1993-1994 жылдары Шөптікөл совхозының бас малдәрігері. 1994-1999 жылдары Қаратөбе аудандық малдәрігерлік станциясының малдәрігері.  1999 -2009 ҚР АШМ Қаратөбеаудандық аумақтық басқармасының инспекторы. 2009-2010 жылдары АШМ Қаратөбе аудандық аумақтық басқармасының бөлім бастығы қызметін атқарған. 2010 жылдың қаңтар-қараша  айлары аралығанда Қаратөбе аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған, 2010-2014 жылдың қараша айынан бастап  Қаратөбе аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің  басшысы, 2014-2015 жылдың шілде айына дейін аудандық жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы, 2015 жылдың 31 шілдесінен бастап Қаратөбе ауданының ветеринария бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

 

Қаратөбе аудандық  ішкі саясат бөлімі

090800 БҚО,Қаратөбе ауданы,Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі № 20,

тел 871145 31-3-45,тел.факс 871145 31-4-64 

Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы - Кобенов Абат Змгалиевич

Кобенов Абат Змгалиевич 1987 жылы Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін бітірген. Мамандығы - Мұнай-газ ісі.

 

2005-2007 жылдары Ақтөбе облысының жастар қозғалысы ассоциациясында төраға орынбасары. 2007-2008 жылдары «БатысАвтоLTD» ЖШС-де директордың орынбасары. 2008-2009 жылдары «Жылуизоляциялық құрылғылар Ақтөбе зауыты» АҚ-да бөлім бастығы. 2009 -2011 жылдары «Ақтөбе-Геозем» ҚКМК маманы. 2011 -2013 жылдары «Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығы» КММ-де директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары. 2013 жылдың қазан-қараша айлары аралығында Қаратөбе аудан әкімі аппаратының бас маманы. 2013 жылдың қараша айынан бастап 2014 жылдың қыркүйек айына дейін Қаратөбе аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы, 2014 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың шілде айына дейін аудан әкімінің көмекшісі, 2015 жылдың шілде айынан бастап 2016 жылдың мамыр айына дейін  Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, 2016 жылдың 6 мамырынан бастап Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы  қызметін атқарып келеді.

 

Аудандық кәсіпкерлік  бөлімі

090800 Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Жұмалиев көшесі №, тел. 8(71145)31-1-71, тел.факс 8(71145)31-1-71.

Бөлім басшысы - Бозов Нұрбол Беркінұлы 

1972 жылы туған, білімі - жоғары, 1993 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын, 2003 жылы Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген, ғалым агроном, заңгер. Еңбек жолын 1994 жылы Қаратөбе ауданының Темірбек ұжымдық кәсіпорнының агрономы қызметінде бастап, 1995 - 1996 жылдары Қаратөбе ауданы әкімінің әлеуметтік сала және саяси талдау бөлімінің маманы, 1996 - 2003 жылдары Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы, мемлекеттік инспекторы, аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, 2003 - 2006 жылдары Қаратөбе аудандық санитарлық эпидемиологиялық станциясының заң кеңесшісі, бас маманы - заң кеңесшісі қызметтерінде жұмыс жасады. 2006-2014 жылдары  Қаратөбе аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, 2014 жылғы 1 тамыздан бастап  аудандық кәсіпкерлік  бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

 

Аудандық білім беру  бөлімі

090800 Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Құрманғалиев көшесі №18, тел. 8(71145)31-2-31, тел.факс 8(71145)31-2-89.

Аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін уақытша

атқарушы - Рабаева Есенгүл Есентемірқызы

Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

090800 Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 18,  тел: 8(71145)31-1-91, факс:  8(71145)31-2-25

Бөлім  басшысы - Жүсіпқали Бақытжан Қайрқұлұлы 

Жүсіпқали Бақытжан Қайрқұлұлы - Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылында 1966 жылы дүниеге келген. Білім -жоғары, 1990 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын физика-информатика мамандығы бойынша тәмәмдаған.

 

1990-2008 жылдары Қалдығайты совхозы Төлен елді мекенінде Төлен орталау мектебінің директоры,

 

2008-2011 жылдары Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің директоры, 2011- 2012 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушіс,

 

2012 жылдың қазан айынан бастап  2015 жылдың  желтоқсан айына дейін Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің басшысы, 2015 жылдың 21 желтоқсанынан бастап Қаратөбе  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының қызметін атқарып келеді. 

Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі

090800 БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 19

тел: 8(71145)31-2-84, факс:  8(71145)31-1-99

Бөлім басшысы - Ғабдраш Есенжол Төлеуғалиұлы 

Ғабдраш Есенжол Төлеуғалиұлы 1963 жылы дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын 1990 жылы малдәрігері мамандығы бойынша бітірген. Жанұялы екі қызы, екі ұлы бар.

 

Еңбек жолын 1983 жылдың сәуір айында Қаратөбе ауданының Қаратөбе совхозында ветфельшерден бастап, 1983 -1985 жж. Аралығында Совет Армиясы қатарында,1985-1990 жж Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының студенті, 1990 жылы Қаратөбе ауданы Қаратөбе совхозында аға мал дәрігер,бас мал дәрігері.1993-1994 жылдары кәсіпорынның заңгер-кеңесшісі,1994 жылдан Қаратөбе ауданы Қаракөл селолық округі әкімінің орынбасары,1996-2007 жылдар аралығында Қаракөл селолық округінің әкімі,2007-2010 жылдарды Қаратөбе аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болған.2010-2012 жылдары Қаратөбе аудандық кәсіпкерлік,ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде бас маманы, 2012 жылдың сәуір айынан 2013 жылдың қарашасына дейін Қоскөл ауылдық округінің әкімі, 2013 жылдың қарашасынан 2014 жылдың ақпан айына дейін Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2015 жылдың ақпан айынан бастап қыркүйек айына дейін Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2015 жылғы 7 қыркүйегінен бастап аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысы қызметін атқарып келеді.