Как получить удостоверение личности и заграничный паспорт
Государственная услуга по выдаче удостоверения личности и заграничного паспорта является одной из востребованных. За 11 месяцев текущего года по Западно-Казахстанской области выдано 45 811 удостоверений личности и паспортов.
Для получения указанных документов гражданам необходимо осуществить следующие шаги.
1-шай –обратиться в любой фронт-офис ЦОН.

2-шаг - оплатить государственную пошлину в отделении Казпочты или банка второго уровня.
Размер государственной пошлины за выдачу удостоверения личности составляет 0,2МРП (453,8 тг), за выдачу паспорта - 4МРП (9 076 тг).

3-шаг – предоставить оператору ЦОН необходимый пакет документов, в который входят: квитанция об оплате государственной пошлины за документ, свидетельство о рождении (при получении удостоверения личности по достижению 16-летнего возраста, при получении паспорта до 16 лет) и удостоверение личности одного из родителей (для подтверждения гражданства ребенка).
В случае замены указанных документов с истекающим сроком требуется сдать квитанция об оплате государственной пошлины, в случае восстановления утерянных документов – квитанцию об уплате и заявление об утрате и восстановлении документов.

4-шаг - пройти по талону Единой электронной очереди к работнику отдела миграционной полиции, осуществляющему деятельность во фронт-офисе ЦОН.

5-шаг - сфотографироваться и оставить подпись у сотрудника ЦОН.

Готовые документы можно забрать по истечению 15 рабочих дней.
В случае, если гражданин намерен ускорить изготовление документов, ему необходимо оплатить государственную пошлину за «ускорение» в размере 1 989 тенге.
В этом случае срок оказания государственной услуги для получения документов в ускоренном порядке составит: для гг. Астана, Алматы, Шымкент и Актобе – до 2 рабочих дней, для областных центров – до 4 рабочих дней (день приема не входит в срок).
По истечению срока действия паспорт подлежит замене. С заявлением о замене необходимо обращаться заблаговременно (рекомендуется за три месяца до истечения срока).
При получении нового удостоверения и паспорта старые документы необходимо сдать оператору ЦОНа.

Департамент «Центр обслуживания населения» - филиал НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по Западно-Казахстанской области

 


ХҚКО - кедергісіз орта

Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі қолжетімді болуын басты назарда ұстап келеді.  Бұл бағытта мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мүдделері де ескерусіз қалмауда. Атап айтқанда, облыс бойынша барлық халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттарында тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру, есту, сөйлеу қабілеттері нашар азаматтардың еш кедергісіз қызмет алулары үшін мейлінше жағдай жасалған.Арнайы электрондық кезексіз қабылдайтын терезе, тактильді жолдар, «Брайль тақтасы», кіреберістегі пандустар мен арнайы қоңырау, автотұрақ - барлығы да нормативтік стандарттарға сай орнатылған.

Биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис іске қосылды. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Марат Бассаровтың айтуынша, бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тілін меңгерген мамандар жұмыс істеуде. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты  қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады.
Сондай-ақ, «2013 жылдан бері 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар 1414 нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерін үйлеріне шақырып, қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін ала алатын. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап бұл сервис Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, барлық санаттағы мүгедектігі бар тұлғаларға, оған қоса мүгедектігі бар балаларға да қолжетімді», - деп қосы Бассаров.
Үстіміздегі жылдың өткен 11 айының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында ХҚКО департаменті жұмыскерлері 1399 рет өтініш берушілердің үйлеріне шығып, 2500-ден астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы –
«Халыққа қызмет көрсету орталығы»
департаменті

 


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті әр балаға тоқсан сайын төленетін жәрдемақы туралы мессенджерлер арқылы таратылған мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
2017 жылға мынадай жәрдемақылар тағайындалған:

  1. Бірінші, екінші және үшінші баланың тууына байланысты біржолғы төлем – 86 222 тг.
  2. Төртінші және одан кейінгі балаға біржолғы төлем – 142 947 тг.
  3. Бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлем: бірінші балаға – 13 070 тг., екінші балаға – 15 452 тг., үшінші балаға – 17 812 тг., төртінші және одан кейінгі балаларға – 20 195 тг.

Оған қоса, 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға жәрдемақы отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы азық-түлiк себетi көлемінен төмен болған жағдайда тағайындалады.  
1411 байланыс орталығына жүгіну ұсынысымен хабарламалардың жаппай таратылуына байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Марат Бассаров,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы –
«Халыққа қызмет көрсету орталығы»
департаментінің директоры


Мобильдік ХҚКО арқылы 30 мыңнан астам қызмет көрсетілді

Алғашқы Мобильдік халыққа қызмет көрсету орталықтары 2011 жылы құрылған болатын. Мобильдік топтарды құрудың мақсаты мемлекеттік қызметтердің халыққа қолжетімділігін арттыру болатын. Оған дейін шалғай елді мекендердің тұрғындары құжаттарын тапсырып, қажетті қызмет түрін алу үшін жүз шақты шақырым жердегі аудан орталықтарына жүгінуге мәжбүр болатын. Мобильдік ХҚКО бұл мәселенің шешілуіне оң ықпал етті.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Марат Бассаровтың айтуынша, мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне үлкен мән берілуде. Әрбір аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жауапты тұлғалар тағайындалып, айына екі рет ауылдарға қатынауы жолға қойылған, ал автокөліктер қажетті ұйымдық техникасымен және мобильдік топтың жүру жолын бақылауға мүмкіндік беретін  jps-құралдарымен жабдықталған.
Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы бойынша барлық аудандарды қамтитын 5 мобильдік ХҚКО жұмыс жасайды. Мемлекеттік қызметтер сұранысқа ие ауылдардың тізімін жергілікті әкімдіктер ұсынады. Оған қоса, ауылдық округтің аудан орталығынан қашықтығы және халық саны ескеріледі. Ағымдағы жылдың басынан бері 63 ауылдық елді-мекен қамтылып, 799 іссапар жасалған және 30 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қазіргі уақытта электрондық анықтамалар мен әлеуметтік қызмет түрлері үлкен сұранысқа ие, атап айтқанда: мекенжай анықтамасын беру, тұрғын үй көмегін тағайындау, он сегіз жасқа толмаған балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және т.с.с.
Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді почта арқылы алу үшін, ауыл тұрғындары құжаттар пакетін ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтініш берулері және қажет болған жағдайда, мемлекеттік баж салығын төлеулері тиіс. Қазпочта операторы өтініштерді қабылдап, құжаттар пакетін қалыптастырады және оны жақын жердегі халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтеді. Онда ХҚКО маманы қызметті ресімдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жібереді», – деп қосты Бассаров.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы –
«Халыққа қызмет көрсету орталығы»

департаменті

 

 


Азаматтарға арналған үкіметте ХҚКО қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізілді

 

2017 жылғы 7 қарашада халыққа қызмет көрсету жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
БАҚ қатысқан іс-шарада ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудегі өзекті мәселелер талқыланды. Кеңес аяқталғаннан кейін брифинг өтіп, сұрақтар қойылды.  
Жұмыс кеңесі кезінде мемкорпорацияның жоспары туралы да айтылды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірігіп жасалған сервиске сәйкес, қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға «электронды үкімет» арқылы анықтама беру қызметін іске қосу жоспарлануда. Бұл қызмет түрі ХҚКО қызметкерлерінің қатысуысыз өтеді. Азамат жеке мәліметтерін беру-бермеу жөнінде шешімді  өзі қабылдап, SMS-хабарлама арқылы жауап береді.
Мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға, соның ішінде екінші деңгейлі банктерге анықтама беру сервисін жүзеге асырсақ, электронды анықтама беруді 21,5 млн қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, қазір жәрдемақы тағайындаған кезде банк шотының нөмірі туралы анықтаманы әкелу қажет. Интеграцияның арқасында қызмет алушыға бұл анықтаманың қажеті болмайды.
Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында қызметтерді көрсетудің проактивті түріне өту бойынша мемкорпорация мемлекеттік органдармен бірге қыруар жұмыстар атқаруда. Болашақта ақпараттық жүйелердегі мәліметтер автоматты түрде өзгеретін болады.
Кеңестен кейін қатысушылар жаңартылған ахуал орталығымен танысты. Орталық қайта жасақталғаннан кейін мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын бақылау деңгейі өсті. Құралдар мен техникалар жаңартылып, қызметкерлерге жайлы жұмыс орны қамтамасыз етілді. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ахуал орталығы қызметкерлері халыққа қызмет көрсету орталықтарын үнемі бейнебақылау арқылы қадағалайды. Бүгінгі таңда ахуал орталығына халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлық фронт-офистері қосылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі 

 


Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді
пайдалану мүмкіндігі туды

Азаматтарға арналған үкіметте тағы да кезекті пилоттық жоба – «Сіздің дербес менеджеріңіз» іске қосылды. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адамтүрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің директоры Марат Бассаровтың айтуынша, қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі барынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетін «күрделі» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөліп төлеуге көлік сатып алған кезде, біздің дербес менеджеріміз өздігінен жылжымалы мүлік кепілін тіркейді, көлікті есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткізіп береді», - деп түсіндірді Бассаров.
Жаңа сервис ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлік сатып алушылар мен бизнес өкілдері арасында сұранысқа ие болады деп күтілуде.
Бассаровтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшін ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделі» мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісін және кепіл шартын тіркеу, жер учаскесіне жекеменшік құқығына актілерді ресімдеу және алу, жеке және заңды тұлғалар үшін нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлікке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шарттарын жасай отырып, тіркеу қызметтері үшін қолжетімді болып табылады. Келешекте бұл тізім ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкері нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде жүзеге асыратын болады.
Кеңестер беруді дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджері арқылы дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізеді, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жіберіледі немесе өз қолына жеткізіледі. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушінің үйіне барады.
Дербес менеджердің қызметі жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. Мұндай қызметтің құны мемлекеттік көрсетілетін қызметтің күрделілігіне және елді мекеннің орналасқан жеріне байланысты болады. Біздің облыста дербес менеджердің қызметін Орал қ. бойынша № 1 бөлімде (Жамбыл көшесі 81) және № 2 бөлімде (Құрманғазы 173) алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының баспасөз қызметі


Қаратөбе ауданы бойынша мобильдік ХҚКО шығуының 2017 жылғы 2 тоқсанға арналған кестесі (xls, 34 kb)

Қаратөбе ауданы бойынша мобильдік ХҚКО шығуының 2017 жылғы 1 тоқсанға арналған кестесі (.xls)

Қаратөбе ауданы бойынша біріккен мобильдік ХҚКО шығуының 2016 жылғы 4 тоқсанға арналған кестесі (pdf, 317 Kb)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ  Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  Қаратөбе аудандық бөлімінің мобильдік ХҚКО шығуының 2016 жылғы 2 тоқсанға арналған кестесі (xls, 33 Kb)

Өзара іс-ынтымақтастық туралы меморандум (pdf, 1.3 Mb)


Қаратөбе ауданы бойынша мобильдік ХҚКО шығуының 2017 жылғы 3 тоқсанға арналған кестесі


1 шілдеден бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақыны қайта есептеді. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл басында 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, 11%-ға көбейетін болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7%- ға арттырылғанын ескере отырып, 13%- ға  өседі.  Бұл тапсырысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында берді.

Жолдауға сәйкес 2017-2018 жылдары зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өседі.    2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері       20% - ға дейін көтеріледі. Мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың          1 шілдесінен бастап 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Салыстырма түрде 2016 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 37789 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемдері биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 14 466 теңгені құрайды, ал  зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 66 676 теңгеге дейін артады.
Зейнетақы төлемдері барлық есепте тұрған зейнеткерлерге қайта есептеледі. Бұл ретте, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Сондай-ақ, ана мен баланы қолдау бойынша мемлекеттік саясат шеңберінде               1 шілдеден бастап бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері  20%-ға ұлғаяды. Бірінші, екінші және үшінші балаға жәрдемақы сомасы 38 АЕК немесе                86 222 теңгені, төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 142 947 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, жұмыс берушілерге Қазақстанда 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатыны туралы ескертеміз. Азаматтарға арналған үкімет МӘМС шеңберінде аударым және жарналарды қабылдауға ағымдағы шот ашылған. Аудару үшін деректемелер:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
БСК: GCVPKZ2A
ЖСК: KZ92009MEDS368609103
БСН: 160440007161
Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:
121- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;
122-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;
123 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың
уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;
124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың
уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.

    «Азаматтарға арналған үкімет»
    мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық
    емес акционерлік қоғамының
    Баспасөз қызметі


ХҚКО департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

 Батыс Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында семинар өткізілді.
Семинар барысында ХҚКО департаменті директорының орынбасары Нұрғиса Камашев өз сөзінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – еліміздегі азаматтармен етене қарым-қатынас жасайтын мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері болып табылады. Бұл біздің қызметкерлерді өз қызметтерін нақты орындап қана қоймай, сондай-ақ мемлекет имиджін сақтауға міндеттейді.  Жемқорлықпен күрес жалпы қоғамның белсенді атсалысуынсыз жойылмайтын кесел»,-деді.   
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің аға офицері Нұргүл Камешева қатысушыларға негізгі қызметі сыбайлас жемқорлықпен күрес сұрақтары бойынша тегін кеңес беру және жемқорлық белгілері туралы хабарламаларды тіркеу болып табылатын «Жемқорлыққа қарсы call-орталық» жұмыс істейтінін ескертті. 1424 нөмірі бойынша кез келген азамат жемқорлық белгілері тіралы хабарлай алады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
 коммерциялық емес акционерлік
 қоғамының баспасөз қызметі


Қазақстанның перзентханаларында баланың туылуы бойынша
миллион композиттік қызметтердің төрттен бір бөлігінен астамы көрсетілді

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен. Олардың ішінде шамамен 122 мың қызмет - бала тууды тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы - бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан астамы - әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына, атап айтқанда баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сондай-ақ 67 мыңнан астам жаңа туылған нәрестелер балабақшаға кезекке қойылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұрғазиевтің айтуынша, қазіргі уақытта пилоттық жобаға 206 перзентхана мен перинаталды орталықтар қамтылған, ол жерлерде қызметтерді мемлекеттік корпорацияның 309 жұмыскері көрсетеді. «Пилоттық жоба дегеніміз перзентханада ХҚКО инспекторларының бірден 4 қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауын білдіреді – ол бала тууды тіркеу, бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және балабақшаға кезекке қою. Бұл жас аналар үшін өте ыңғайлы, себебі барлық қажетті құжаттарды ресімдеуге ХҚКО-ға бару үшін жаңа туылған нәрестені кіммен қалдыруды ойланудың қажеті жоқ» - деді ол.
Нұрғазиев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеудің нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бала тууға байланысты жәрдемақыны бір облыс шегінде, тіркелген жеріне қарамастан ресімдеуге болатынын да атап өтті. Мысалы, әйелдің тұрғылықты тіркелімі Бөкейордада, ал баланы Оралда босанса, онда ол барлық қажетті құжаттарды Оралдағы перинаталдық орталықта ресімдей алады.
Осы 4 қызметті ресімдеу үшін қазақстандықтар ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін (ҚР аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды), баланың туылуы туралы медициналық куәлікті (перзентханада беріледі), туу туралы куәлікті немесе барлық балаларға туу туралы акт жазбаларынан көшірме үзіндіні, банк шотының нөмірі туралы құжатты ұсынуы тиіс.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі


Жұмыспен қамту орталығының қызметтері Азаматтарға арналған үкімет арқылы көрсетіледі

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бағыты бойынша қызметтерді қолжетімді ету мақсатында Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары азаматтарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде қабылдайды. 
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығының Орал қаласы бойынша № 1 және № 2 бөлімдеріне «Жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу», «Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды жұмыссыз ретінде тіркеу», «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдамалар беру» қызметтері көрсетілуде.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Марат Бассаровтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қажеттілігінің туындауына байланысты жұмыспен қамту орталығы мамандарына арнайы жұмыс орындары бөлінген.    «Қазіргі таңда қоғамдық қолжетімділік пункттері мен Электрондық Үкімет порталы арқылы азаматтардың әлеуметтік статусын анықтауға болатын функционал жүзеге асырылды. Ендігі уақытта мемлекеттік корпорацияның қызмет алушылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысу үшін «Әлеуметтік статус тағайындау» ақпараттық жүйесін қолдана алады.
Жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік корпорацияның Орал қаласы, Жамбыл көшесі 81 және Құрманғазы көшесі 173 мекенжайлары бойынша орналасқан фронт-офистерінде азаматтарды қабылдайтынын естеріңізге саламыз. Жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі күндерін қоспағанда күнделікті сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

«Азаматтарғар арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акицонерлік қоғамының 

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті 


Жемқорлықпен күрес – ортақ іс

 Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО департаментінде «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының және «Нұр Отан» партиясының қоғамдық кеңесінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын талқылады.

 «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының кеңесшісі Біржан Кухаев атақ-абыройын сақтай отырып, жұмыс жасап, өмір сүретін, өз елін құрметтейтін азаматтың қандай болуы керектігі турасында жеке тәжірибесімен бөлісті. Ол өз сөзінде: «Қорытындылай келе, біздің қоғамда жемқорлыққа жол берілмеуі тиіс. Бұл құбылыспен тиімді күресуге тек барлық азаматтық институттардың күштерін біріктіру  арқылы ғана қол жеткізуге болады» деп атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында сындарлы сұхбат құрылып, ХҚКО департаментінің қызметкерлері аталмыш заңнаманың тармақтарын толықтай қолдайтындықтарын білдірді. Мұндай кездесулер ХҚКО бөлімдерінде дөңгелек үстел, ашық есік күні немесе «сұрақ-жауап» форматында ай сайын өткізіліп тұрады.


Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында   сурдоаударма тілін меңгерген 862 маман жұмыс істеуде. «Дегенмен де, біз осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуды жөн көрдік. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты  қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» - деді Оспанов.
Әзірге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аймақтарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз және сапалы  көрсетуге мүмкін болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық  халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері,  ал  1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО мамандарын үйіне шақыруына болады.
Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттік корпорация жұмыскерлері 1 және 2 топтық мүгедектігі бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметті үйінде көрсеткен.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі


Қаратөбе ауданының тұрғындары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ фронт-кеңселерінен барлық қажетті анықтамаларды ала алады және құжаттарын ресімдей алады. Фронт-кеңселер дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс жасайды және 530 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Қаратөбе ауданы бойынша 1 (бір) фронт-кеңсе Қаратөбе а., Құрманғалиев көш., 23 мекенжайы бойынша қызмет көрсетеді. Анықтама тел. 8-7114-53-18-00.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында

Бірыңғай гербарий қоры құрылды

рисунок 

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы Бірыңғай гербарий қоры Қазақстан Республикасындағы гербарийлердің маңыздылығы мен сан алуандығы бойынша екінші болып табылады. Оған Қазақстанныңөсімдіктер әлемінің100 тұқымдасына жататын шамамен үш мың түрі және он мыңнан асатын жапырақтар қамтылған. Онда өсімдік жабынының доминанттары, бағалы жемдік, улы,арамшөп, дәрілік, сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер таңдалып алынған. Жусан, қорық, таулы, дала және шөл өсімдіктерінің гербарийлері жеке топтастырылған.

Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, Қазақстанда жерге орналастыру жүйесінде геоботаникалық зерттеулер және геобатаникалық карталар жасау өткен ғасырдың 50 жылдарынан бері жоспарлы жүргізілуде, ол Қазақстанның өсімдіктер әлеміндегі мұрасын сақтауға мүмкіндік береді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылымына негізіне гербарий кіретін геоботаникалық картаны құрумен айналысатын жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы кіргендіктен, біз гербарий қорын жаңарту жұмысынәрдайым жүргізіп отырамыз. Қазіргі кезде алқапқа шығу алдында геоботаник мамандар гербарий бойынша оқу курстарынан өтіп, өсімдік түрлерімен танысады, оларды жүйелейді, ал барып келген соң оның қорытындысы бойынша гербарийді жаңа өсімдік түрлерімен толықтырады», - деді Құмарғалиев.

Сондай-ақ ол, БГҚ құрудың мақсаты өсімдіктер морфологиясын, олардың георафиялық, экологиялық және жекеше өзгермелілігінзерттеу; кез-келген аумақтағы өсімдік әлемінің құрамын құжаттандыру, сондай-ақ өсімдіктердің жеке түрлерін (аймақтарға) тарату; белгілі бір кезеңде өсімдіктің өзгеруі жайлы толық мәліметтер жинау болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияда Энглер жүйесі бойынша сандық гербарий құрылып, қораптарда орналасқан өсімдіктерді тез табу үшін каталог жасалған.Жақын уақытта гербарийді облыстар бойынша цифрландыру жүргізілетін болады және жемдік, бал-шырынды, дәрілік және сол сияқты шаруашылық маңызы бойынша өсімдіктер іріктеліп алынады.

Бірыңғай гербарий қорындағы өсімдіктердің толық флористикалық тізімін құру үшін Астана қаласы мен Қарағанды облысынан гербарийлер жеткізілген және аллдағы уақытта солтүстік аймақтағы өсімдіктер түрлерімен толықтырылатын болады. Келешекте Бірыңғай гербарий қорыныңақпараттық-копмьютерлік деректер базасын құру жоспарлануда.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының гербарийлерін магистранттар, докторанттар, биологиялық, ауыл шаруашылығы және географиялық мамандықтардың ғылыми қызметкерлеріжаңа жиналған өсімдік даналарын нақтылау және анықтау, жекелеген аймақтардың флорасын құру және тақырыптық көрме жүргізу үшін қолдануда.

Қазан айында мемлекеттік корпорацияның біріңғай гербарий қорын құру«Мәңгілік мұра» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздгінің 25 жылдығы құрметіне өтіп жатқанын атап айтамыз.

Баланың туылуы бойынша мемлекеттік қызметтердің толық спектрін енді Қазақстанның перзентханаларында ресімдеуге болады

 рисунок

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа пилоттық жобаны іске қосты, бұл жоба шеңберінде баланың туылуын тіркеуді, бала туу мен оның күтіміне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктілікке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемдерді ресімдеуді, сондай-ақ баланы балабақша кезегіне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композитті қызмет көрсету барлық 4 қызметке бір уақытта перзентханада өтініш қабылдауды білдіреді.

«Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Әділет министрлігі баланың туылуын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тіркеуге өтінішті 3 жұмыс күні ішінде берулері тиіс деген өзгерістер енгізген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін осы және оған ілеспе қызметтерді композиттік түрде көрсету мүмкіндіктерін қарастырдық. Бұл қазақстандықтардың өмірін жеңілдетіп, уақыттарын үнемдейді» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Құмарғалиевтің айтуынша, композит «Баланың туылуын тіркеу, оның ішінде азаматтық ахуал актілері жазбаларына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу», «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «Әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» және «Мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды балалар мектепалды ұйымдарына жіберу үшін кезекке қою» қызметтеріне қатысты болып табылады.

Дайын болған туу туралы куәлікті ата-аналар, құжат тапсырған күнді есептемегенде, 2 жұмыс күні ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуларына болады, ал жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат клиенттің ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түседі. Сонымен қатар, қазақстандықтар балабақша кезегін egov.kz  электронды үкімет порталынан немесе мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріндегі  «Connection Point» өз өзіне қызмет көрсету секторлары арқылы көрулеріне болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 8 айда 24 миллионнан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілген, оның 235 мыңнан астамы туу туралы куәлік беру болып табылады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

 коммерциялық емес акционерлік қоғамының  баспасөз қызметі

 «Азаматтарға арналған үкіметте» жер қатынастары саласында мемлекеттік  қызмет көрсету оңтайландырылды

 рисунок

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруды жалғастыруда. Елді мекендерде «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және бекіту» композиттік қызметіне бірден екі қызмет: «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» және «Нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» қызметтері біріктірілді. Оңтайландыру нәтижесінде қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды және халыққа қызмет көрсету орталықтарына екі рет бару қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және бекіту композиттік қызметіне біріктіру жүзеге асырылды.

Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, бұл бағыттағы пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның құрамында ЖерҒӨО мен ЖМО-ның бірігуі арқасында мүмкін болды. Ол: «Жобаны енгізгенге дейін тек кадастрлық құнды анықтау жұмысын орындау мерзімі 10 күнді құраған, оған жергілікті атқарушы органның бекітуіне 3 жұмыс күні қосылады. Сондай-ақ азаматтарға ХҚКО-ға екі рет жүгінуге тура келетін: алдымен құнын анықтауға, одан кейін кадастрлық құнды бекітуге. Енді бұл қызмет жеңілдетілді - құнын анықтауға құжат тапсыра отырып, қызметті алушы бекітілген кадастрлық құн актісін алады. Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күніне дейін қысқартылған», - деп түсіндіре отырып, пилоттық жобаны іске қосқан сәттен бастап 1 454 қызмет көрсетілгендігін атап өтті.   

Жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және оны жергілікті атқарушы органдарда бекіту композиттік қызметіне біріктірудің пилоттық жобасы мемлекеттік қызмет алуды айтарлықтай жеңілдетті. «Бұрын тұтынушыға жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін алдымен ЖерҒӨО-ға жүгіну және оны әзірлегеннен кейін ғана жергілікті атқарушы органда бекіту үшін ХҚКО-ға құжат тапсыру керек болатын. Енді мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну және жерге орналастыру жобасын әзірлеуге құжаттар тапсыру жеткілікті, бекітуге ол автоматты түрде жолданады. Бұл «Азаматтарға арналған үкіметтің» барлық фронт-офистерге қосылған «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің арқасында мүмкін болды. Пилоттық жобаның қолданылуынан бастап біз 4 мың жерге орналастыру жобаларын әзірледік және 2 мыңнан астамын бекітуге жолдадық», - деді мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары.

Пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның барлық фронт-офистерінде қолданылады және 20 тамызға дейін созылады. Пилот аяқталғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолданады. Бірақ қазірдің өзінде пилот іс жүзінде уақытты, мерзімді, екі рет баруды қысқарту және «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының жақсарту мүмкіндігін көрсетті.  

Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ директорлар кеңесінің отырысында осы жылдың 3 маусымында «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясын құру бекітілді. Жаңартылған дирекцияның алғашқы жобаларының бірі - алдымен Астана қаласы бойынша, әрі қарай өңірлерде қала құрылысы кадастрымен ықпалдастыра отырып, «Жер және жылжымайтын мүлік» бірыңғай мемлекеттік кадастрын кұру.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі


Бала тууына берiлетін жәрдемақыны бір ғана өтінішпен рәсімдеуге болады

рисунок

Бала өмірге келген сәттен бастап ата-анасының бірі біржолғы жәрдемақы алуға және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерге қақысы бар. Енді бұл жәрдемақыларды «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде электрондық үкімет порталы арқылы бір ғана өтініш беріп ресімдеуге болады.

«Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының филиалы - ЗТМО директорының орынбасары Серікхан Сабыржановтың айтуынша, ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «Connection point» өз өзіне қызмет көрсету секторларында немесе үйде отырып-ақ аталған жәрдемақыларға өтініш беруге болады. Электрондық үкімет порталы арқылы берілген өтініш жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайтын Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа автоматты түрде жіберіледі. Бұрын бұл қызметті алу үшін азаматтар аталмыш жәрдемақыларды тағайындауға қатысатын барлық мемлекеттік органдарға өзі баруы қажет болатын.

Айтпақшы, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді өз бетінше формула  арқылы есептеуге де болады. Ай сайынғы төлем көлемі соңғы 24 айдағы орташа айлық кірісті 0,4 - кірісті алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы анықталады. Мысалы, соңғы екі жылдағы орташа айлық табысыңыз 60 мың теңгені құраса, онда ай сайынғы төлем көлемі 24 мың теңгені құрайды. Ал жұмыссыз аналарға төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері бірінші бала үшін 5,76 АЭК, екінші бала үшін 6,81 АЕК, үшінші бала үшін 7,85 АЕК және төртінші бала үшін 8,90 АЕК-ті құрайды. 2016 жылы біржолғы жәрдемақы көлемі бірінші, екінші және үшінші балалар үшін  31,41 АЕК және төртінші бала үшін 52,35 АЕК-ті құрайды.

Жыл басынан бері мемлекеттік корпорация арқылы 116 мың бала тууына берілетін жәрдемақы және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалған, оның ішіндегі 656 жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер электрондық портал арқылы тағайындалған.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»"

 мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

 баспасөз қызметі


 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерді үйде отырып ала алады.

 рисунок

1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін қызметтерді мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысын бастағалы бері мобильдік топтар 3 670 мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, 5 761 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға көп сұраныс көп.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, мемлекеттік корпорация 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжірибесін жалғастырып отыр. Азаматтар мобилдік топты шақыру үшін Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалулары керек. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері оған 72 сағат ішінде  барады.

Жалпы, мемлекеттік корпорация мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге көп көңіл бөліп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 360 мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді.

Мемлекеттік корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуірінде "Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы" РМК, "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК және "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-нің қайта құрылуы жолымен бастағанын естеріңізге саламыз. Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 530 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі

Ашық үкімет

Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің  дамыған 30 елдердің қатарына кіру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдарды белгілеген. Солардың ішіндегі соңғы 10 қадам «Есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру» реформасын іске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда, 94-ші қадамда Ашық үкіметті жүзеге асыру міндеттері белгіленген.

«Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және халық алдында есеп беруге міндетті  мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады.

Ашық үкімет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтік құқықтық актілер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау. Бес порталдың ішінен төрт портал қазіргі кезде жұмыс істеуде, ал мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау порталы келесі жылдан бастап жұмысын бастайды.

 

рисунок

 

 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

баспасөз қызметі


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері сенбілік өткізді

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы қызметкерлері сенбілікке шықты. Облысты тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 430 қызметкері қатысты.   

«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Марат Бассаров. - Бүгін біз облыстық орталықтардың аумақтарын тазартуға және ағаштар отырғызуға қатысып қана қоймай, сондай-ақ  бұрын жеке-жеке жұмыс жасаған төрт ұйымның ұжымын біріктірдік».

Сенбілік барысында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көшелерді, туған қаласы мен аудандарының бақтары мен саяжайларын тазартып, 400  көшет отырғызды, қоршау мен бордюрлерді ақтады. Бүгін барлығы да: инспекторлар, заңгерлер, экономистер және департаменттердің директорлары тең деңгейде жұмыс жасады. Өз қаласының, ауылының таза болуына әрқайсысы да үлес қосқысы келді.

«Бүгін Мемлекеттік корпорацияның ауқымын алғаш рет сезіндім», - деді «Жылжымайтын мүлік орталығы» департаментінің мұрағат бөлімінің басшысы Айгүл Аминова, - Әрине, мен біріккеннен кейін штат қызметкерлерінің саны  көбейіп, 700 астам адам болғанын естідім, алайда дәл осылай болады деп күтпеген едім. Бүгін алдағы болашақта орасан зор жұмыс атқарғалы тұрған өзіміздің жаңа әріптестерімізбен бетпе-бет танысу мүмкіндігі болды».

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы                       11 сәуірде өз қызметін бастап кеткендігін еске саламыз.

Мемлекеттік корпорацияны құруға барлық бизнес-процестерді оңтайландарып, автоматтандыру негіз болды, яғни: қызмет көрсету уақытын қысқарту және құжаттар тізімін азайту. Алғашқыда «Азаматтарға арналған үкімет» 522 қызмет көрсетсе, келесі этапта 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетпек.

рисунок

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

филиалы - «Халыққа қызмет көрсету

орталығы» департаментінің

Баспасөз қызметі

Сандугаш Джумагулова

БАСПАСӨЗ  БАЯНЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз жұмысын бастады

рисунок

«Жер кадастры­ның ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жыл­жымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы тө­леу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-лерін  қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуірден бастап өз қызметін бастады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі  корпорацияны құру бойынша ішкі құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиісті уәкілетті органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қатысты 140-тан астам нормативтік-құқықтық актілерді қабылдады.

Мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде 522, ал екінші кезеңде 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басты ерекшелігі, барлық бизнес-үдерістерді автоматтандыру мен оңтайландыру болады. Біріктірілген кәсіпорындарға  ХҚКО-лардың  қолданысындағы  қызмет көрсету мониторингі мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС- хабарлау, кедергісіз қызмет көрсету, кезекті броньдау сервисі тәрізді  мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай стандарттары енгізілген.

Корпорацияның көрсететін қызметтер санының едәуір артуына байланысты, корпорация құрамына кірген барлық кәсіпорындардың 3 600 қызметкеріне оқыту-үйрету жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлердің жұмысының нәтижелілігін анықтау үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштері бекітілді (КРІ).

Мемлекеттік корпорация қызметіндегі жаңалықтардың бірі -  қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеуді жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгізілген ақпараттық жүйенің арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етілетін құжаттар едәуір қысқарады.

Азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі де әртүрлі араналар арқылы - қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы,  сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының көмегімен, электрондық және мобильдік үкімет арқылы қаматамасыз етіледі. Сондай-ақ, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мобильді ХҚКО-лар жұмыс істейтін болады.

ҚР ИДМ  БААК

Баспасөз қызметі


БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2016  жылғы 5 наурыз                                                      Астана қ.

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған

ХҚКО-ларында жүргізуші куәліктерін алды

рисунок

Бұл санжыл басынан жаңа жүргізуші куәліктерін алған жалпы автомобилистер санының 30%-ына жуығын құрайды. Барлығы 36 115 жүргізуші куәлігі, оның ішінде әйелдерге - 10 776 жүргізуші куәлігі берілді.

 

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алған автомобиль әуесқойларының саны жыл сайын өсіп келеді. «2014 жылы, мысалы, қаңтар және ақпан айларында мамандандырылған ХҚКО-ларда 15 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігін алды, олардың ішінде 4 мыңы - әйелдер. 2015 жылдың 2 айына - 27 мыңнан астам, олардың ішінде 8 мыңнан астамы - әйелдер. Осы жылы да біз сол сияқты жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтердің өсу динамикасын көрдік»,- деп айтып өтті ол.

 

Автокөлік құралдарын тіркеу бойынша алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Қарағанды қаласында пайда болғандығын, кейіннен мамандандырылған ХҚКО-лар Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасай бастағандығын атап өтеміз. Бүгінде Қазақстанда автокөлік иелеріне қызметтер көрсету бойынша 11 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді.

 

Бизнес-процесстерді автоматтандырудың және мемлекеттік органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында жүргізуші куәліктерін алу уақыты 2 сағатқа дейін қысқарды. Бұдан басқа,  мамандандырылған ХҚКО-лардың аумағында психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлер дәрігерлерінің кабинеттерін және медициналық комиссияларды орналастыру клиенттерге барлық ілеспе анықтамаларды бір жерде алуға мүмкіндік берді.

 

Мамандандырылған ХҚКО-ларда міндеттерді бөлісу қолданылатындығын атап өту керек: ХҚКО қызметкерлері құжаттарды қабылдаумен және дайын құжаттарды берумен айналысады, ал ТЕБ қызметкерлері жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу куәліктерін жасау процесіне қатыстырылады.

«ХҚКО» РМК баспасөз қызметі

Тел: 8 (7172) 55 85 99

 


Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылымүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы жеңілдік терезелері бөлінген, арнайы пандустар пен шақырту қоңыраулары орнатылған. Одан басқа ХҚКО-ның әрбір бөлімдерінде ымдау тілін білетін қызметкерлер жұмыс істейді.

 

Сонымен қатар 1-2 топтық мүгедектігі бар азаматтарға үйде қызмет көрсету мақсатында мобильді топ жұмыс істейді. Ол үшін қысқа нөмірлі «1414» біріңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өтініш қалдырады. Одан кейін ХҚКО қызметкері 72 сағат ішінде қызметалушыға ыңғайлы уақытта үйіне барып қызмет көрсетеді.

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен үстіміздегі жылдың басынан «1414» бірыңғай байланыс орталығы арқылы 241 шығу болып, 1 және 2 топ мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі жандарға 274 мемлекеттік қызмет көрсетілген болатын.


БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2016 жылғы 29 қаңтар                                              Астана қ.

 

ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады

 рисунок

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанындаоқуғарұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. Қызмет 15 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі. Бұл ретте өтінішті қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Экстернат нысанында оқуға өтініш беру үшін тіркеу орны бойынша ХҚКО-ға жүгіну керек. Денсаулық жағдайы бойынша жалпы білім берумекемелерінде оқуға мүмкіндігі жоқ немесе уақытша шетелде тұрып жатқан, сондай-ақ оқуын уақтылы аяқтамаған оқушылар экстернат нысанында оқи алады.

«Егер бала 18 жасқа толған болса, ол рұқсат беруге өтініш бере алады. Кәмелет жасқа толғанға дейін олардың мүддесін ата-аналары немесе заңды қамқоршылары білдіреді», - деп атап өтеді «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева. - Айтпақшы, уақытыңыз шектеулі болса, ХҚКО-ға кезекті электрондық үкімет порталы арқылы брондауға болады. Бұл үшін сізге электрондық цифрлық қолтаңбаның керегі де жоқ. ЖСН-ды енгізіп, қызметті алғыңыз келетін ХҚКО-ны көрсетсеңіз жеткілікті».

Қызметті алу үшін өтінішті толтыру керек, сол сияқты өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болсын: дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы; 1/е нысаны,  соңғы оқыған сыныбындағы үлгерім табелінің көшірмесі және көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (2008 жылға дейін туылған болса), сондай-ақ салыстыру үшін түпнұсқа. Қажет болған жағдайда білім алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат керек болуы мүмкін.

15 жұмыс күнінен кейін сіз ХҚКО-да экстернмен оқуға дайын рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды ала аласыз. Айта кетейік, 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осындай 130 рұқсат берілді. 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Білім туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады

 рисунок

Білім туралы құжаттарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары және электрондық үкімет порталы арқылы апостиль қоюға болады. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" деп аталады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысын Астана тұрғындары 5 жұмыс күнінен кейін ала алады, ал басқа өңірлердің тұрғындары үшін бұл мерзім күнтізбелік 30 күнді құрайды. Қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Білім туралы құжаттарды апостильдеу ақылы - 0,5 АЕК. Оған ақы төлеуді екінші деңгейлі банктер және Казпочта кассасы арқылы жүргізуге болады. Өтінішті портал арқылы ресімдеу кезінде ақы төлеу электрондық үкімет шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш беру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат; апостильдеу үшін ұсынылатын құжаттың түпнұсқасы және мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек болуы керек.

Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда қызметті ұсынудан бас тартылуы мүмкін.  


БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2016 жылғы 25 қаңтар                                                Астана қ.

 

Субсидиялауға өтінімді қазақстандықтар енді ХҚКО арқылы бере алатын болады

 рисунок

Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялауды жеке және заңды тұлғалар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресімдей алады.  Бұрын осы қызметтерді ресімдеу үшін белгілі бір кесте бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жүгіну талап етілсе, енді қазір қызметтер ХҚКО арқылы қолжетімді болып отыр, оның ішіндегі үшеуіне электрондық үкімет порталы арқылы қол жеткізуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтерге құжаттарды өздерінің қалыпты кестесі бойынша қабылдайды - аптасына 6 күн, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 8-ге дейін.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша ХҚКО-лар арқылы субсидиялаудың 8 түрін алуға болады, олардың ішінде - а/ш өндірушілеріне су беру жөніндегі қызметтердің құнын; а/ш өнімдерін өңдеуге арналған гербицидтер мен биопрепараттардың құнын; асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды; жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын; тұқым шаруашылығын дамытуды; тыңайтқыштардың құнын; ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі әр түрлі - күрделілігіне қарай 6 жұмыс күнінен бастап 41 жұмыс күніне дейін созылады. Алайда, ХҚКО арқылы құжаттар топтамасын тапсырған кезде құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейтіндігін есте сақтаған жөн.

Қажетті құжаттар туралы электрондық үкімет порталының con.gov.kz  ресми сайты және 1414 тегін нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады. Субсидиялау жөніндегі қызметтер тегін көрсетіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылған сәтінен бастап мұнда ұсынылатын мемлекеттік қызметтер спектрі 212-ге дейін көбейді, ал бизнес-процесстерді оңтайландыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға қажетті құжаттар санын төмендетуге, сол сияқты ресімдеу мен кезек күту уақытын қысқартуға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мерзімдерін азайтуға мүмкіндік берді. Бүгін елімізде 270 ХҚКО бөлімі жұмыс жасайды.


Мүмкіндігі  шектеулі жандар ескерусіз қалмайды

Әрбір елдің еңбекке жарамсыз азаматтары, өз қызметінің  нысаны етіп әлеуметтік саясатты қоятын мемлекеттің қамқорлығында болады. Халыққа қызмет көрсету орталығының Қаратөбе ауданының бөлімі бұл мәселеден тыс қалмай, мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аударып, олардың жағдайларының жасалуына көңіл бөледі.

Қаратөбе ауданының ХҚКО ғимараты бір қабатты, пандус пен шақыру нүктелері орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құжаттардың арнайы №1 үстел қабылдайды. «ХҚКО» РМК БҚО бойынша филиалының Қаратөбе ауданының бөлімінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға колжетімді қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде, денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі баруға мүмкіндігі жоқ қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚКО қызметкерлері тұтынушылардың өтініші негізінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйіне бару арқылы мемлекеттік қызмет көрсете алады.

ХҚКО мобильді тобын шақыру үшін азамат Біртұтас байланыс орталығына 1414 нөмірі арқылы телефон шалады, өзінің деректерін айтады, қызмет алу үшін қажет құжаттар тізімін біледі және сұраныс қалдырады. Содан кейін сұраныс берушіге ыңғайлы уақыт белгіленіп, ХҚКО қызметкері қызмет көрсету үшін жолға шығады. Азамат қалауы бойынша ХҚКО қызметкері электрондық сандық қолтаңбаны береді және электрондық үкімет арқылы өздігінен мемлекеттік қызметтерді алуға үйретеді. «Біз барлық азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға бірдей мүмкіндік беруіміз қажет. Сұранысты тіркеген кезде және тәртіп бойынша мемлекеттік қызметті алған кезде азаматтың өзі болуы тиіс екенін және кейбір адамдар денсаулық жағдайы бойынша ХҚКО-на келе алмайтынын ескеріп, біз осы қызметті іске қостық

 

Қаратөбе ауданы бойынша ХҚКО инспекторы Ж.М.Кажиахметов 

 


Электронды үкімет порталының мүмкіндігі мол

Электронды үкімет - ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

Қазірдің өзінде ұзақ кезекте тұрып, уақытты босқа өткізбей-ақ мемлекеттік анықтамалар алуға болады - көп нәрсені өз компьютеріңіздің алдында отырып бітіруге болады. Атап айтқанда, жылжымайтын мүліктеріне тіркелген құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалары, жылжымайтын мүлігінің (бар болуы) туралы, салымшы қаржысының түсуі және қозғалысы туралы анықтамасы, мекенжай анықтамаларын халыққа ұсынып отырмыз. Электрондық қызметті алу үшін - «электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік анықтама болсын, электрондық мемлекеттік сатып алуда саудаға қатысу немесе мемлекеттік органдарда электрондық өтініштерге қол қою болсын, оған электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) бар болуы міндетті. Порталдағы электрондық қызметтерді пайдаланбас бұрын, жаңа пайдаланушы ретінде порталға тіркелу қажет. «Электрондық үкімет» арқылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтерде онлайн төлемдер мен айыппұлдар төлеуге мүмкіндік ашылды, электрондық қызметтер тізімінде көптеген тармақтар кілттің суретімен белгіленген. Демек, бұл қызметті пайдалану үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс. Тиынның суреті бар белгі бұл қызметке ҚР Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеу қажет екенін білдіреді.

Қаратөбе ауданы бойынша ХҚКО реттеу зал басшысы А.Т.Казиуллина


ХҚКО -ға келіп өзіңізге өзіңіз қызмет алыңыз

«Өзіне-өзі қызмет көрсету - Connection Point» секторы  2013 жылдың шілді айынан бастап Қазақстанның барлық ХҚКО бөлімдерінде Connection Point қызмет көрсетуде. Келуші-лердің мемлекеттік қызметттерді өз бетімен ХҚКО бөлімдеріндегі орналасқан компьютер-лер арқылы алуға мүмкіндіктері пайда болды.Қызмет алу кезінде туындайтын сұрақтарға, Connection Point қызмет-керлері мамандандырылған кеңесберіп және қызметті алу реті жайлы толық ақапарат береді, яғни Үкімет порталында қалай тіркелу керектігі жайлы және клиент өтініші бойынша ЭСҚ мүмкіндіктерін ашады.Connection Point құрылуының арқасында, ХҚКО келушілері компьютерлік сауаттылыққа тегін үйренеді және кеңесші-лерден керекті нұсқауларды алып, үйлеріндегі компьютерлер арқылы өз бетімен портал қорымен пайдаланады.Өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы мынандай жаңа қызмет түрлерін алуға болады, олар- Жұмыссыз азаматтарды тіркеуге алу және тіркеуге қою, тұрғын үй көмегін тағайындау, арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау туралы ақпарат және тағы басқалары.Тұратын жерінен мекен-жай анықтамасы», «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі туралы анықтамасы», «Баланы бала-бақшаға кезекке қою» қызметтері сұранысқа көп бұрынғыша ие болады.«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. www.egov.kz веб-порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез келген нүктесінен өтініш беруге, анықтама алуға, салық немесе айыппұл төлеуге немесе коммуналық қызмет ақысын төлеуге, лицензия алуға мүмкіндігі бар. Бөлімде тұлғаның өз бетімен қажетті электрондық анықтамаларды алу үшін, сонымен қатар қызметалушылармен ЭҮП (электрондық үкімет порталын) дұрыс қолдана білу, оқыту және кеңес алу мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» Connection Point ашылып және қолдануда.«Электронды үкімет» порталы арқылы шағын кәсіпкерлік субьектілерін тіркеуге, электронды үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы мүлік салығын, жол қозғалысының ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарын және мемлекеттік қызмет үшін баж салығын төлеуге мүмкіндік барын хабарлайды. Төлем ақыны VISA, Mastercard және Maestroтөлем карталары арқылы жасауға болады. Айтылмыш шара банктерде және пошта бөлімшелерінде кезекте тұру ыңғайсыздықты жоққа шығарады Ол үшін банкомат картаңызда төлеуге тиіс сома жеткілікті болса жарайды. Мемлекеттік органдардың басшыларына (Министірлікке) онлайн режимінде қабылдауға жазылуға мүмкіндік барында айта кетуге болады. Ол электронды үкімет және электронды санды қолтаңба алу бойынша жүзеге асады. «Өзіне - өзі қызмет көрсету секторы» Connection Point тұтынушының өз бетінше мемлекеттік қызметті алуға, онлайн арыз беруге, «Электронды үкімет» порталын пайдалануға және үйренуге мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар жаңадан онлайн «Жүргізуші куәлігін беру» және «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметтері қосылып, мемлекеттік қызметке халықтың қолжетімділігі артты.

Қаратөбе ауданы бойынша ХҚКО

бөлімінің реттеу зал басшысы:         А.Т.Казиуллина


Шалғай елді мекендерде де қызмет көрсетеміз.

Ауыл тұрғындарының жол қаражатын жойып, әрлі-берлі жүргізіп, оның ішінде, округ орталықтан шалғай болмасада тұрғындардың аудан орталығына келіп аталмыш құжаттарды түзетуге, тапсырып алуға, тағы басқа да сол сияқты жұмыстарын бітіруге бірінің күнделікті жұмыстан қолы тие бермесе, бірі салғырттық танытып қалып қояды, соның салдарынан ол артынан ұмыт болып қалады.Орталықтың қызметі аудан орталығынан шалғай жатқан бірқатар ауылдық және селолық округтерге барып, тұрғындардың құжатын түгендеуге көп әсерін тигізіп келеді.

Сонымен қатар  Шалғай елді мекендердің тұрғындары ЗТМО және Қазпочта қызметтерін ала алатын болады. Егер бұрын ХҚКО мобильдік тобы халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғана қызметтерін көрсетсе, енді 16 наурыздан бастап ХҚКО мобилдік тобы ЗТМО және «Қазпочта» АҚ қызметкерлерімен сапарға шығатын болады.

ХҚКО мобильдік топтың басты міндеті-бұдан бұрын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін аудандық орталықтарға баруға мәжбүр болатын шалғай елді мекендерде тұрып жатқан азаматтардың ақшасы мен уақытын үнемдеу. «Әлбетте, біз қаншалықты көп қызмет көрсетсек, соншалықты халыққа да қолайлы болмақ. Сондықтан да біз ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ олардың қызметкерлерінің Мобильдік ХҚКО-ларымен бірге сапарға шығып, өз бағыттары бойынша қызметтер көрсетуін қолдадық.

ЗТМО қызметкерлерінің халыққа  барынша маңызды әлеуметтік қызметтерді көрсететіндігін, атап айтсақ олардың ішінде жәрдемақылар, зейнетақы төлемдерін тағайындау бар, ал «Қазпочта» АҚ қызметкерлері азаматтараға зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашуға көмектеседі.

 

Қаратөбе ауданы бойынша ХҚКО бөлімінің инспекторы Ж.М.Кажиахметов