Жұмыспен қамту орталығы бойынша
 2018 жылдың 4 айында атқарған жұмыстары туралы
Ақпарат  АСП

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 1 мамырына Жұмыспен қамту орталығына 495 адам жолығып, 421 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Бағдарламаның 1-ші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кісіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту» шеңберінде аудан бойынша 9-11-сыныптарды бітірушілер, ҰБТ шекті балды жинай алмаған және оқу орындарына түспеген, аз қамтылған отбасынан шыққан 31 жас (жоспар-20 адам) ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіби оқытуға жолданды (10 адам - 01.11.16ж.).

Сонымен қатар, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша еңбек нарығындағы сұранысқа ие әртүрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға  31 адам жолданды (75 адам - жоспар).

Анықтама: газ қазандығының операторы, оператор программист, аспазшы, шаштаразшы,   іс қағаздарын жүргізуші, газдәнекерлеуші мамандықтары бойынша жолданды.

Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 33 адамға 18000,0 мың теңге көлемінде несие беру, Бастау-Бизнес --- бойынша 147 адамды оқыту жоспарланды. Есепті кезеңге микрокредит алушылардың тізім жасақталды. (). ГРАНТ

Анықтама: Несие беруге бөлінген қаражат (81,4 млн.теңге) толығымен несие беру мәртебесіне ие ұйымдарға жолданды (ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры – 47835,0 мың теңге, агрокредиттік корпорация – 53200,0 мың теңге. Негізінен кредит алушылар мал шаруашылығын дамыту бағытында кредит алып жұмыстануда. «ДЭМ» алкогольсіз су шығару цехын кеңейтуге (құрал жабдықтар алу), жүк тасымалдау, мал сою пунктын жабдықтау.

Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында:

- 354 адамды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланып, 222 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

- 67 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланды (с.і. РБ -27, ЖБ -40),  есепті кезеңге республикалық бюджет есебінен 34 адам.

- 60 жас маманды жастар практикасына жолдау жоспарланды (с.і. РБ -36, ТОХ -24), есепті кезеңге 31 жас маман алғашқы еңбек тәжірибесін өтуде.

- 232 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 103 адам тартылды.

 

2018 жылдың  4 айы қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспарының орындалуы туралы

2018 жылы аудан халқын жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары бойынша 998 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. Ағымдағы жылғы 1 мамырға 421 адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шаралармен қамтылды.

Соның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында ашылған жұмыс орындарына 8 адамды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Анықтама: «2020 жылдарға арналған өңірлерді дамытудың бірыңғай» бағдарламасы бойынша - 8 адам (Шөптікөл, Үшағаш,  Сулыкөл ауылдарына су құбырын өткізу),
АЙДОС басқа бағдарламалар – 12 адам (6 адам Қоскөл, Ақтай, Төлен ауылдарындағы әлеуметтік нысандарға газ өткізу, 6 адам «Сұңқар» ЖШС-не Қаратөбе орталығында тұрғын үй салу).
- 34 адам (жоспар – 67 адам) әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды;
- 31 адам (жоспар – 60 адам) жастар практикасына жолданды;
- 103 адам (жоспар – 232 адам) қоғамдық жұмыстарға тартылды;
- 33 адамға  несие беру жоспарлануда, 147 адамды Бастау-Бизнес жобасы аясында оқыту көзделіп, 27 адам жолданды;
- 31 адам (жоспар – 75 адам) кәсіптік оқуға жолданды;
- 222 адам (жоспар – 354 адам) бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
Аудан бойынша жыл басынан бері 120 жаңа жұмыс орындары ашылды оның ішінде 120 тұрақты жұмыс орындары.
АСП
Формализация

 

Жұмыспен қамту
орталығының директоры                                    Н.Жумагалеева