Қаратөбе ауданының әкімі - Асантаев Жанат Асылханұлы

 

Асантаев Жанат Асылханұлы 1970 жылы  18 қазанда Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Мерке ауылында дүниеге келген. 1988-1993 ж.ж. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі техникалық институтының Алматы филиалында инженер – технолог, 1998-2002 ж.ж. Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университетінде заңгер мамандығын тәмәмдаған.


29.07.1993-01.02.1994 жылдары Мерке тұтынушылар одағы нан зауытының технологы;
01.02.1994-07.08.1996 жылдары Мерке тұтынушылар одағы нан зауытының мастері;
08.08.1996-28.06.2002 жылдары «Дос» ЖШСтехнологы;
21.08.2002-05.01.2003 жылдары Астана қаласының соттар әкімшілігі сот орындаушысының міндетін атқарушы;
05.01.2003-06.10.2003 жылдары Астана қаласының соттар әкімшілігі сот орындаушысы;
06.10.2003-13.01.2005 жылдары Астана қаласының соттар әкімшілігі аға сот орындаушысы;
14.01.2005-21.04.2005 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі көліктік бақылау комитеті су көлігіне бақылау жүргізу басқармасы кемелер регистрі бөлімінің жетекші маманы;
21.04.2005-06.09.2005 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі көліктік бақылау комитеті су көлігіне бақылау жүргізу басқармасы кемелер регистрі бөлімінің бас маманы;
07.09.2005-13.01.2006 жылдары Астана қаласының соттар әкімшілігі аға сот орындаушысы;
13.01.2006-22.05.2006 жылдары Астана қаласының соттар әкімшілігі атқарушылық іс жүргізу және сот приставтарының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы;
22.05.2006-22.05.2007 жылдары Астана қаласының соттар әкімшілігі аға сот орындаушысы;
22.05.2007-18.06.2007 жылдары ҚР Білім және Ғылым министрлігі заң басқармасының  бас маманы;
18.06.2007-06,12,2007 жылдары ҚР Білім және Ғылым министрлігі әкімшілікті қамтамасыз ету департаменті ұйымдастыру, кадр және арнайы жұмыс басқармасының бас маманы;
06.12.2007-25.01.2010 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі заң департаментінің нормативтік – құқықтық актілерді сараптау басқармасының бастығы:
25.01.2010-31.03.2010 жылдары  ҚР Білім және ғылым министрлігі заң департаменті директорының орынбасары;
31.03.2010-19.09.2012 жылдары Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары;
19.09.2012-22.07.2013 жылдары Алматы облысы әкімі аппараты әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі;
22.07.2013-28.01.2014 жылдары Алматы облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі, облыс әкімінің бас инспекторы;
28.01.2014-29.07.2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты талдау және бақылау бөлімінің басшысы;
30.07.2014-05.07.2016 жылдары Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы;
05.07.2016-04.07.2017 жылдары Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;

05.07.2017 жылдан бастап Қаратөбе ауданының әкімі.